Разработка сборника задач по подготовке учащихся к



бет7/65
Дата02.11.2022
өлшемі3,13 Mb.
#156210
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   65
Байланысты:
Timss ж не pisa халы аралы зерттеулерге о ушыларды дайындау а а

тапсырма. Зат алмасуы


Заттың және энергияның алмасуы – өзара байланысты үдерістер, бұл үдерістің бір де біреуі өз алдына жеке болмайды. Нәрлі заттардың құрамындағы химиялық байланыстар энергиясының қышқылдануы барысында, организмнен бөлініп шығады және қолданылады. Ағзаның өмір сүру қызметтерінің бәрі энергияның бір түрінің екінші түрге өтуі есебінен қамтамасыз етіледі. Алайда энергияның жалпы саны өзгермейді.
1-сұрақ. Зат алмасуы
Әр түрлі мамандық иелерінің мамандығына байланысты іс-әрекеттерінде жұмсайтын энергия мөлшері де әр түрлі болады. Мысалы, интеллектуалдық еңбекпен айналысатын адам, күніне 3000 килокалория жұмсайды. Ауыр дене еңбегімен айналысатын адам, күніне 2 есе кем энергия жұмсайды.
Дене күшін талап ететін еңбекпен айналысу барысында жұмсалатын энергия мөлшері пайдалы әрекет коэффициенті (ПӘК) деп анықталады. Оның орташа мөлшері – 20-25%, спортшыларда ПӘК жоғары болады. Қышқылдану барысында 1 г ақуыз – 4,1 ккал, 1 г май – 9,3 ккал, 1 г көмірсу – 4,1 ккал бөлетіні анықталған. Тағамдық азық-түліктердегі ақуыздардың, майлардың және көмірсулардың мөлшерін білген жағдайда, олардың құнарлылығын немесе энергиялық құнын анықтауға болады.
Тәулігіне 3000 ккал жұмсайтын адам, өз ағзасының энергиялық қажеттілігін толығымен қанағаттандыруы үшін тәулігіне қайсы мөлшерді қабылдауы керек?
А. 732 грамм көмірсу. В. 732 грамм май.
С. 150 грамм ақуыз.
D. 732 грамм ақуыз және 732 грамм көмірсу. 2-сұрақ. Зат алмасуы
Бұлшық ет қызметі, белсенді қозғалыс, дене шынықтыру жаттығулары және спорт энергияны көп жұмсауды талап етеді. Нәрлі заттардың құндылығын ескере отырып, оларды ауыстыруға болады.
6-кестедегі пайымдаулар дұрыс па?



  1. кесте – Зат алмасуы




Р/с

Пайымдаулар

Ия/жоқ

1

Энергиялық құндылық тұрғысынан 1 г көмірсу 1 г ақуызға тең




2

Егер тағамға ақуызды көп пайдаланатын болса, онда артық салмақ
болмайды




3

Ағза үшін тағамның жалпы құндылығы ғана маңызды




4

Тағам мөлшерін құрастыру барысында қарқынды және ауқымды жаттығу
күндері спортшылардың энергия жұмсауының ұлғаюын есепке алу қажет




Жүйке жүйесі, жүрек, тыныс алу бұлшықеттері, бүйрек, бауыр және басқа да ағзалар үздіксіз қызмет жасайды және энергияның белгілі мөлшерін тұтынады. Мысалы, жүрек үлкен жұмыс атқарады. Ол әр сағат сайын қолқаға
300 л шамасында қан лақтырып отырады. Бұл жұмыс қышқылдану үдерісі қарқынды жүріп жатқан жүрек бұлшықеттерінің жиырылуы есебінен жүзеге асырылады. Босаған энергияның нәтижесінде бұлшықеттердің механикалық жиырылуы қамтамасыз етіледі де соңында барлық энергия жылу энергиясына ауысады, ол ағзаға тарайды және қоршаған кеңістікке беріледі. Ұқсас үдерістер адам денесінің әр органда жүреді. Әр жағдайда ең соңында химиялық, электрлік, механикалық және басқа да энергия түрлері жылу энергиясына ауысады және сыртқы ортаға шашырайды.
3-сұрақ. Зат алмасуы
Энергия сыйымды, яғни жұмыс істеуіне көп энергия жұмсалатын органдарға жүрек пен бүйрек жатады. Сонымен бірге бұл органдардың салмағы онша үлкен емес.
А. Энергияны көп жұмсайтын органдардың тізімін жазыңыздар.
В. Энергия жұмсамайтын орган деп санауға болатын органдарды көрсетіңіздер. Неліктен?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет