Жақсы иммунитет адамның көтеріңкі көңіл-күйін білдіреді, вирусты немесе бактериялы инфекциялық аурулар жұқтыру ықтималдығын азайтады. Егер адамды өз организмінің қорғаныс күштерінің жағдайы мазалайтын болса, иммунолог дәрігерге баруы және иммунограмма тапсыруы тиіс, ішектерінің микрофлорасының құрамын зерттеуі қажет. Иммунитеттің әлсіреген жағын анықтап, оны қалыпқа келтіруі тиіс.
Тез шаршағыштық, әлсіздік, ұйқысыздық, сонымен қатар ерінде ұшықтың, көзде теріскеннің, арқа терісінде шиқанның шығуы – адам организмі қорғаныс күштерінің әлсіреуін көрсетеді. Ангина, тонзиллит, құлақтың қабынуы, гайморит тәрізді инфекциялық аурулармен ауруға бейімділігі артады. Сонымен бірге организмнің жасалып жатқан емді қабылдауы бәсеңдейді, сауығу үдерісі созылып кетеді.
сұрақ.
Иммунитетті қалпына келтіру – адамның өз организміне қамқорлықпен қарауды талап ететін кешенді үдеріс. Иммунитетті нығайтудың тәсілдері (өз ойларыңызды жазыңыздар):
Ұйқы –
Дұрыс тамақтану –
Белсенді дене шынықтыру әрекеті –
Күйзеліс әсеріне шектеу қою –
сұрақ. 7-кестеде келтірілген мысалдардың қайсысы иммунитетті қалпына келтіруге көмектеседі? (Ия/жоқ).
кесте – Иммунитетті қалпына келтіру жолдары