Разработка сборника задач по подготовке учащихся к



бет25/65
Дата02.11.2022
өлшемі3,13 Mb.
#156210
түріСборник
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   65
Байланысты:
Timss ж не pisa халы аралы зерттеулерге о ушыларды дайындау а а
Отчет бланк 2022-2023, Заголовок Lorem Ipsum, «Фундаменталды математикалық ой-пікірлер», «математикалық құзыреттілік» - оқушылардың математикалық сауаттылығын арттырудың негізігі факторы ұстанымдарын ескере отырып тесттік тапсырмаларды құрастыру және пайд, Timss ж не pisa халы аралы зерттеулерге о ушыларды дайындау а а, инф тест
5-есеп. Билет бағасы.
Астана стансасынан Бурабай курорты стансасына дейін ересектер билетінің бағасы 1300 тг, ал балалар билетінің бағасы 600 тг тұрады.

  1. сұрақ: Астана стансасынан Бурабай курорты стансасына дейін бір ересек және бір балалар билетінің бағасы қандай?

Жауабы: .

  1. сұрақ: Астана стансасынан Бурабай курорты стансасына дейін баруға және кері қайтуға үш ересек және бес балалар билетін алу үшін 13000 тг жеткілікті ме?

Жауабы: .

  1. сұрақ: Астана стансасынан Бурабай курорты стансасына дейін баруға және кері қайтуға екі ересек және төрт балалар билетін алу үшін қанша теңге қажет?

Жауабы: .


6-есеп. Билет бағасы.
Үш ересек және төрт баладан тұратын отбасы Астана қаласынан Алматы қаласына баруға жиналды. Барлығына баруға және кері қайтуға билеттер сатып алу қажет.
10-кестеде Астана – Алматы қатынасындағы пойыздардың плацкарт вагонының билет бағасы көрсетілген.



  1. кесте – Плацкарт вагонға билеттің бағасы






Жол бағыты

Жолдағы уақыт

Билеттің бағасы

Ересектер

Балалар

002

Астана – Алматы 2

12 сағ 38 мин

13471 тг

6736 тг

004

Астана – Алматы 2

19 сағ 09 мин

3776 тг

1888 тг

016

Петропавл – Алматы 2

22 сағ 39 мин

3376 тг

1688 тг

010

Астана – Алматы 1

18 сағ 58 мин

3776 тг

1888 тг

043

Костанай – Алматы 1

20 сағ 15 мин

4986 тг

2493 тг




    1. сұрақ. Пойыздардың жолына кететін уақыттарын және билеттерінің бағаларын салыстырыңыздар. Қорытынды жасаңдар.

Жауабы: .

    1. сұрақ. Дұрысы қай пойызға билет сатып алу керек? Жауабын түсіндіріңіздер.

Жауабы: .

    1. сұрақ. Пойызбен баруға және кері қайтуға жұмсалатын ақшаның ең аз сомасы қандай?

Жауабы: .

    1. сұрақ. Баруға және кері қайтуға жұмсалатын ақшаның ең арзан және ең қымбат бағаның арасындағы айырмашылығы қандай?

Жауабы: .
7-есеп. Астана қаласы тұрғындарының саны.
Қазақстанның астанасы Астана қаласы бүгінгі күнде тез өркендеуде.
Халқының саны да жылдан жылға өсуде.
11-кестеде Астана қаласының 1989 ж., 2000 ж., 2005 ж., 2010 ж., 2014 ж., 2015 ж. тұрғындарының саны берілген.

  1. кесте – Астана қаласы тұрғындарының саны




Жыл

1989 ж

2000 ж

2005 ж

2010 ж

2014 ж

2015 ж

Тұрғындар саны

281252

381000

529335

649139

814401

852985




  1. сұрақ. 1989 жылмен салыстырғанда 2015 жылы тұрғындардың саны қанша пайызға артты?

Жауабы: .

  1. сұрақ. Пайызбен есептегендегі тұрғындардың орташа өсуі қандай?

Жауабы: .

  1. сұрақ. Астана халқы өсуінің осындай пайызы сақталатын болса, онда Астана тұрғындары неше жылдан кейін миллионнан асады?

Жауабы: .


8-есеп. Көлдер.
Әлемдегі аса ірі көлдер қатарында бірінші орында Каспий теңізі, оның бетінің ауданы 371 мың км2 құрайды, жетінші орында Байкал көлі, оның ауданы Каспий теңізінің ауданынан 339278 км2-ге кем, ал Қазақстанның шығыс бөлігінде орналасқан Балқаш көлінің ауданы Каспий теңізінің ауданынан 356400 км²-ге кем және ол он үшінші орында тұр.

  1. сұрақ. Байкал көлінің және Балхаш көлінің ауданы қанша шаршы километрді алып жатыр?

  2. сұрақ. Әрбір көлдің ауданы қанша гектарды алып жатыр? (1 га = 10000 м2, 1км 2 = 1 000 000 м2).

Жауабы: .

  1. сұрақ. Жуық шамамен Каспий теңізінің ауданы Байкал көлі мен Балқаш көлінің ауданынан қанша есе артық (жеке алғанда)?

Жауабы: .

  1. сұрақ. Барлық көлдердің ауданы неге тең? Жауабын гектармен жазыңдар.

Жауабы: .


9-есеп. Омыртқалы жануарлар.
12-кестеде біздің республикамыздың аумағында мекендейтін омыртқалы жануарлар саны туралы кейбір деректер көрсетілген.

  1. кесте – Қазақстандағы омыртқалы жануарлар саны




Кластары

Саны

Ескерту

Бауырымен жорғалаушылар




(0,33332 + 1,66668) : 200 + 48,99 өрнегінің мәні еліміздегі бауырымен жорғалаушылар санын
береді.

Қос мекенділер




Еліміздегі қос мекенділер саны
бауырымен жорғалаушылар санының -іне тең

Құстар




93 түрлі құстар қыстап шығуға ұшып келеді немесе көктем және күзде ұшып келеді (бұл біздің еліміздегі мекендейтін құстардың саны)

Балықтар




балықтардың 3 түрі – дөңгелек ауыздылар (бұл біздің еліміздегі мекендейтін балықтар санының 2,9%)

Сүт қоректілер




Сүт қоректілерге қарағанда құстың түрлері 308-ге артық




  1. сұрақ: Елімізде мекендейтін бауырымен жорғалаушылар саны қанша?

Жауабы:

  1. сұрақ: Елімізде мекендейтін қос мекенділер саны қанша?

Жауабы:

  1. сұрақ: Елімізде мекендейтін құстардың түрлері қанша?

Жауабы:

  1. сұрақ. Еліміздің аумағында балықтың қанша түрі мекендейді?

Жауабы:

  1. сұрақ: Елімізде мекендейтін сүт қоректілер саны қанша?

Жауабы:

  1. сұрақ: Еліміздің аумағында омыртқалы жануарлардың қанша түрі бар?

Жауабы:


10-есеп. Киіз үй.
Киіз үй – киізбен жабылған қаңқалы көшпелі үй. Киіз үйдің негізгі бөлігі – ағаш қаңқа мен киіз жапқышы. Киіз үйдің сүйегін: жылжымалы керегекөз негізі

  • кереге, күмбез сырғауыл – уық, жартылай сфералы төбесі – шаңырақ, есік құрайды. Киіз үйдің керегесі бірнеше бөлек бөліктерден – қанаттардан құралады. Қанаттар санына байланысты киіз үйлер төрт қанатты, алты қанатты және т.б. болып бөлінеді.

13-кестеде алты қанатты киіз үйдің өлшемдері дұрыс көрсетілген, ал төрт және он қанатты киіз үйлердің өлшемдері ауыстырып берілген.

  1. кесте – Киіз үйдің мөлшерлері



Атауы

Қанатының саны

4

6

10

1

Ауданы (кв. м.)

2,05

32

3,8

2

Диаметрі (м)

20

6,75

3,75

3

Уықтың биіктігі (м)

66

2,7

10,1

4

Уықтар саны (дана)

2,28

96

77

5

Ортасының биіктігі (м)

5,1

2,95

158




  1. сұрақ: Алты қанатты киіз үйдің өлшемдерін пайдаланып, төрт қанатты киіз үйдің өлшемдерін анықтаңдар.

Жауабы:

  1. сұрақ: Алты қанатты киіз үйдің өлшемдерін пайдаланып, он қанатты киіз үйдің өлшемдерін анықтаңдар.

Жауабы:


Одан әрі қарай түрлер мен деңгейлерге бөлінбеген тапсырмалар келтірілген.


11-есеп. Бояу.
Бөлменің төбесі 35-суретте бейнеленгендей ортасы ақ эмульсиямен, шеттері жасыл эмульсиямен боялған.

  1. сұрақ. Шеттерінің ені қандай болады?

Жауабы: .

  1. сұрақ. Ақ эмульсиямен боялған бетінің ауданы қанша?

Жауабы: .

  1. сұрақ. Жасыл эмульсиямен боялған бетінің ауданы қанша?


Жауабы: .
35-сурет


12-есеп. Өнімділік.
Ені 0,45 км, ал ұзындығы енінен 0,5 есе артық болатын тіктөртбұрышты жер теліміне күріш өсірілді.

  1. сұрақ. Егістік ені қанша километр?

Жауабы: .

  1. сұрақ. Егістік ауданы қанша гектар? (1 км2 = 100 га)

Жауабы: .

  1. сұрақ. Әр гектардан х ц күріш жиналған болса, онда егістіктен барлығы қанша центнер күріш жиналды?

Жауабы: .


13-есеп. Шаруа қожалығы.
Шаруа қожалығында 300 бас қой бар. Әрбір қойдан 5,1 кг жүн қырқылды. Жүнді жуғаннан кейін ол 1,2 кг-ға жеңілдеді. 1 кг таза жүннен 0,7 м мата тоқуға болады.

  1. сұрақ. Шаруа қожалығының барлық қойларының жүнінен қанша метр мата тоқуға болады?

Жауабы: .

  1. сұрақ. Жүннен тоқылған матадан көйлек тігу үшін орташа есеппен ересек адамға 2,5 м, ал жасөспірім қыз балаға 0,9 м мата кетеді. Ересек адамның көйлегі 10500 тг, ал жасөспірімнің көлегі 6700 тг тұрады.

Егер фабрика шаруа қожалығынан жуылмаған жүнді 1 кг-на 170 тг-ден сатып алса, өңдеуге кететін шығын сатып алған бағаның 30%-ын құраса әрбір бұйымды тігудегі экономикалық пайданы есетеңдер.
Жауабы: .


14-есеп. Ойыншықтар дүкенінде.
Ойыншықтар дүкеніндегі әр түрлі үстел үстіндегі ойын түрлерінің бағалары келесі 14-кестесінде көрсетілген.



  1. кесте




Ойыншық түрлері

А

В

С

D

E

F

G

Бағалары (теңге)

1130

1500

1030

920

850

4100

3250




  1. сұрақ. Бағасы 1500 теңгеден аспайтын ойыншық түрлері санын табыңдар.

Жауабы: .

  1. сұрақ. Әкесі кішкентай қызына екі әр түрлі ойындар сатып алды, оған ол 2500 теңгеден кем ақша жұмсады. Мұнда сауданың нұсқалары санын табыңдар.

Жауабы: .

  1. сұрақ. Егер үш ойыншық сатып алса, дүкенде барлық саудаға 20% жеңілдік беріледі. Әкесі қызына қандай үш ойыншықты сатып алуына болатынын жазыңдар.

Жауабы: .




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет