Сабақтың тақырыбы: Жорғалаушылар класы. Қазақстанда мекендейтін жорғалаушыларды қорғау. Сабақтың мақсаты



Дата04.07.2018
өлшемі20,52 Kb.
#46997
түріСабақ
Сабақ жоспары

Саяхат сабақ

Сабақтың тақырыбы: Жорғалаушылар класы. Қазақстанда мекендейтін жорғалаушыларды қорғау.

Сабақтың мақсаты:

Танымдық: оқушыларға елімізде, ауылымызда кездесетін жорғалаушылар түрлерін оқып үйрету;

Дамытушылық: оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында қосымша материалды пайдалануға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту;

Тәрбиелік: табиғатты қорғау, қоршаған ортаны сүйе білуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

Экология –Қазақстан жорғалаушыларын қорғау, Қызыл кітап туралы мәліметтеер.

География–жорғалаушылардың кездесетін жері туралы мәлііметтер.

Әдебиет–жорғалаушылар туралы жұмбақтар, нақыл сөздердің пайдалануы.

Сабақтың көрнекілігі:

  1. Қазақстанның картасы

  2. Сөзжұмбақтар «Тасбақа», «Жорғалаушылар»

  3. Тест сұрақтары

  4. Ғалам ғажайыптары «Қызыл зоология» кітабы, авторы Қайымов. «Пілтасбақасы» –голопогос аралының тұрғыны», «Екі басты жылан» Тәмсақ жасы (крокодил)

  5. Шағын кітапхана «Ақсу–Жабағлы», «Жизнь животных» 5 том, «Орта Азия және Қазақстан Қорықтары», «В мире редких животных»

  6. «Тасбақа», «Гадюка жыланы», «Кесіртке» суреттері

Сабақтың әдісі: Саяхатқа шығу, сұрақ–жауап, тест, сөзжұмбақ шешу

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару



ІІ. Саяхатқа дайындық кезеңі

ІІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі

ІV. Сараптама бөлімі

V. Танымдық ойындар бөлімі

VІ. Оқушылардың білімін бағалау

VІІ. Үйге тапсырма

І. Саяхатқа шықпастан бұрын оқушыларға мынандай сұрақтар қойылады.



  1. Клас неліктен жорғалаушылар деп аталады?

  2. Жорғалаушылардың қосмекенділерден айырмашылығы неде?

  3. Жорғалаушылардың адам өміріндегі маңызы?

  4. Осы заманға жорғалаушылардың қандай отрядтарын білесіңдер?

  5. Жыландар қалай қоректенеді?

  6. Қазақстанда жорғалаушылардың қанша түрі бар?

Жорғалаушылардың молдығы жағынан Қазақстан алдыңғы қатарлы мемлекеттердің бірі.

Бұл сабақтан оқушылар Қазақстан жерінде және өзге өлкелерде мекендейтін кейбір жорғалаушылардың тіршілігімен және ерекшеліктерімен танысамыз.

Оқушылар екі қалаға «Қабыршақтылар» мен «Тасбақалар» қаласына бес аялдамамен саяхатқа шығады.

Оқушылар бірінші «Қабыршақтылар» қаласынан «Тасбақалар» қаласына дейінгі аялдамаларда тоқтап, құлақты батбат, келес, далалық тасбақа, батбақшыл тасбақалар туралы жеке тіршіліктеріне тоқталады. Сонымен қатар Қазақстанда кездесетін қаражылан, сұржылан, қалқантұмсық, оқ жыландарға жеке тоқталады.

Бес аялдамадан өткен соң, сараптама аялдамасына оқушылар алған білімдерін тест түрінде тексеріледі. (ауызша орындалады)

ІІ. Тест


  1. Кемірушілермен қоректенетін қабыршақтылар отрядының өкілі

А) құрбақа

Ә) кесіртке

Б) тәмсақ (крокодил)

В) тасбақа



  1. Біздің ауылымызда кездесетін жорғалаушылар класының өкілі

А) қаражылан

Ә) қолтырауын (аллигатор)

Б) дала тасбақасы

В) гаттерия



  1. Қазақстан қызыл кітабына тіркелген улы жыланды ата

А) қаражылан

Ә) құбылғы

Б) сарлан

В) төртжолақты жылан



  1. Аяғы жоқ кесірткені ата

А) халлмон (құбылғы)

Ә) сарлан

Б) кесірке

В) тасбақа



  1. Қандай тасбақа Орта Азиялық тасбақасы болып саналады?

А) Пілтасбақасы

Ә) Дала тасбақасы

Б) гаттерия

В) сорпалық жасыл тасбақа



  1. Тірілей туылатын қандай жыланды білесің?

А) қаражылан (Гюрза)

Ә) қалқантұмсық (Щитоморник)

Б) сұржылан (гадюка)


  1. Жұмыртқасы мен еті жеуге жарамды деп есептелінетін қай тасбақа?

А) гаттерия

Ә) басбақшыл тасбақа

Б) далалық тасбақа

ІІІ. Танымдық ойындар білімі

Сөзжұмбақ шешу.



«Тасбақа»

Бұл сөзжұмбақты жұрыс шешкенде өз ауылымызда мекендейтін немесе тіршілік ететін жорғалаушылар класына жататын жануардың атын оқисыз.



  1. Жыланның сипап сезу мүшесі (тіл)

  2. Қазақта баласына ақ құйып шығарып салатын қай жануар (жылан)

  3. Республикамызда мекендейтін улы жылан (қалқантұмсық)

  4. Зәр шығару мүшесі (бүйрек)

  5. Аяқсыз кесіртке (сарлан)

  6. Терісінің түсін де өзгерте алатын кесіртке (құбылғы)

  7. Құстұмсық бастылар отрядының өкілі (гаттерия), негізгі жолдағы сөз ТАСБАҚА.

ІV. Жұмбақтар шешу

  1. Ши түбінде шұбр кездік (кесіртке)

  2. Асты тас,

Үсті тас,

Ортасында шандыр бас (тасбақа)



  1. Жап-жалаңаш мақұлық

Адам көрер түрі жоқ

Тиіп кетке қақсатар

Қабырғада міні жоқ (жылан)


  1. Жер астында

Жездем қамшысы жатыр (жылан)

V. Сабақты пысықтау

Қызыл кітапқа енген тасбақа, кесіртке, жылан түрлеріне тоқталып, толық түсіндіру.

Қызыл кітап жайлы түсініктеме беру

Қазақстанда 1996 жылы Қызыл кітап қайта құрылды, жойылып бара жатқан жан-жагуарлар енгізілді.

«Қызыл зоология» кітабынан қызықты әңгімелер айтып беру, «Екі басты жылан», «Тәмсақ (крокодил) көзінен жас алып жылайтынын шведғалымдары зерттеген. Денесіндегі тұздардың артық мөлшері осы көз жасы арқылы шығарады екен»

Галлопогос аралында тіршілік ететін оқжылан, өте улы.



Буклет, кітапханаға қысқаша тоқталып, оқушылардың ойын, білімін толықтыру.

Оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма: 57

Сөзжұмбақ шешу «Жорғалаушылар»

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет