Шығыс Қазақстан облысының қызыл кітапқа енген құстары Аңдатпа



Дата25.12.2023
өлшемі175,98 Kb.
#199285
Байланысты:
мақала Құстар (копия)


Шығыс Қазақстан облысының қызыл кітапқа енген құстары

Аңдатпа
Бұл мақалада Шығыс Қазақстан облысындағы қызыл кітапқа енген құстар туралы баяндалады. Құстардың түрлері мен санының азаюына себеп болған факторлар көрсетіледі. Қазақ халқы кез келген құсты киелі санағаны және әр құстың өзіндік ерекшелігі, құстардың емдік қасиеттері айтылды.
Аннотация
В данной статье описаны птицы, занесенные в Красную книгу Восточно-Казахстанской области. Указаны факторы, приведшие к сокращению видов и численности птиц. Было отмечено, что казахский народ считает любую птицу священной и уникальность каждой птицы, целебные свойства пернатых.
Кілт сөздер: құс, қызыл кітап, киелі, ерекше, Шығыс Қазақстан.
Ключевые слова: птица, красная книга, священный, особенный, Восточный Казахстан.

Қазақстанда құстардың алуан түрі бар және олардың көбі Қызыл кітапқа енген, жойылып кету қаупінде тұр. Шығыс Қазақстан облысында құстардың 388 түрі мекендейді. Олардың 40-ы Қызыл кітапқа енген құстар болып саналады.


Бірқазан – саны жағынан азайып бара жатқан ірі қанатты құс. Қызыл кітапқа енген. Ол Шығыс Қазақстан облысының Балқаш-Алакөл жерінде мекен етеді. Елімізде бірқазанның бірнеше түрі кездеседі. Соның екеуі-қызғылт бірқазан мен бұйрабас бірқазан. Бұлар тез жойылып бара жатқан құстардың қатарында тұр. Бірқазанның жылдан-жылға азаюына ормандағы өрттер мен ондағы қамыстардың оталуы себеп болып тұр. Бірқазандар-табиғаттың тазалығы мен тыныштығын ұнататын құстар. Өздері мекен еткен жерде балық мол болуы қажет болып саналады. Қазіргі таңда заңсыз балық аулау көбейіп жатқандықтан, бұл құстар да мекен ететін жерін жиі ауыстырады. Бірқазанның елімізде көбеюі үшін адамдар табиғатқа жақсы күтім жасап, заңсыз балық аулаудың алдын алу қажет.
Сары құтан – саны жағынан кеміп бара жатқан сирек кездесетін құтандар тұқымдасына жататын құс. Қызыл кітапқа енген. Шығыс Қазақстан облысы аумағында мекендейді. Сары құтандар санының кеміп бара жатуына – ұяларын жыртқыш құстардың бұзуы, өзгермелі су жүйесі, адамдардың аңшылық әрекеттері жатады.
Қоқиқаз – дүние жүзі бойынша ұзын, ең биік құс болып саналады. Саны жылдан-жылға азайып бара жатқандықтан қызыл кітапқа енген. Қоқиқаздарды атуға мүлдем тыйым салынған. Елімізде санының азайып бара жатуына әсер ететін факторлар-ұя салып, жұмыртқа басып жатқан кезде мазалау, өзен-көлдердегі су деңгейінің өзгеруі, қаскөйлік әрекеттер. Қазіргі кезде қатаң қорғалудың нәтижесінде қоқиқаздардың саны 25-30мыңнан асады. Қазақстанда қызғылт қоқиқаздарды қорғау үшін арнайы Қорғалжын қорығы ұйымдастырылған.
Дана халқымыз «Лашын құсқа ауа қадірлі, жүйрік атқа дала қадірлі, ата-анаға бала қадірлі» деген аталы сөзді бекер айтпаған. Қызыл кітапқа енген лашын құсты құсбегілер жоғары бағалаған. Құсбегілер лашынға қырандық алғырлығы үшін қызығады. Сұңқар тұқымдастарының бір түрі болып есептелетін лашын - мейлінше сиреген құс. Екі көзі қарақаттай мөлдір, көк сұр түсті, өткір ілмек тұмсықты, қос жанарының алдында көлеңкедей тартылған қос жолағы бар, салалы саусақты, ту сырты көк сұр тартқан, балақ жүні қою, топшысы шығыңқы, төбесі басыңқы, қияғы айқаса бітіп құйрығы- мен теңесіп тұрады. Осынау бітімі оның көз ілеспес ұшқырлығына себепші. Махамбет жырға қосқа лашын құс үйрек, қаз, дуадақ сияқты құстарды да жемтік етеді.
Қазақ халқы тез самғайтын тұйғынды ерекше қадірлеп «тұйғындай шүйілген» деген теңеу айтқан. «Күніне сан мың үйрек ілсе дағы,Тұйғынның бағасы артық қаршығадан»,- деп халқымыз тұйғын құстың бағасын өсірген. Алайда, бағасы басқа құстардан артық тұйғында қазіргі уақытта азайған. Шығыс аймағында тұйғын құсты кездестіру тіпті де мүмкін емес деуге болады, саны жыл сайын азайып барады.
Қайсыбір қанаттыны алсақ та, сол құстарды қазақ халқы өзінше бір ерекшелігін жоғары бағалап, құс қасиетін білген. Халқымыздың ұғымында ұлар құс әрі қасиетті, әрі киелі деп саналған. «Оның киесі ұрады» деп айтуға, мазасын кетіріп шулатуға рұқсат етілмейді. Қызыл кітапқа енген ұлардың қауырсынын халқымыз төрге немесе есіктің кіреберісі маңдайшасына керіп іліп қоятын болған. Ол үйді жын-шайтаннан сақтайды деп есептеген. Ұлардың етін дертке шипа болады деп, қажеттеріне жаратқан. Ұлардың қауіп төнгенде ысқарғандай үн шығарып шулайтынын, әдеби шығармаларда «ұлардай шулайды» деген теңеулерден білеміз. Ұлардың сүйіп қоректенетін өсімдіктерінің бірі – ұларпияз деп аталғандығын Е.Раушановтың ұлар туралы жазған кітабынан да кездестіруге болады. Халқымыздың перзенттерін Ұларбек, Ұларгүл деп ат қоюы да ұлар құсқа деген сүйіспеншілігін білдіреді. Ұлар биік шың-құздардағы дәрілік өсімдіктердің тамырымен, тұқымымен, жемісімен қоректенеді. Сондықтан да оның етінің шипалық қасиеті мол. Ұлар көбіне тұзды жерлерде жайлайтынын білген бабаларымыз ұлар жүретін орындарға тұз шашып, тұзақ құрып аулаған. Бірақ ұларды бей-берекет атуға болмайтынын да ескерткен. Дәл осылай ерекше кие тұтқан ұлардың азайып кетуі көңілімізді қынжылтады. Таулы аймақтарда мекен ететін ұлар Шығыс тауларында бүгінгі таңда сиреген.
Бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп есептеген әрі киелі құс төресі санаған аққуға ешуақытта оқ атпайды. Сәкен Сейфуллиннің «Аққудың айырылысуы», Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда», Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйлері, Болат Аюхановтың «Аққу биі» халқымыздың аққуға деген сүйіспеншілігінің белгісі болып есептелінеді. Дәл осылай қадірлеген құстың төресі кіші аққуда таулы Шығыс елінде азайған.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтар болсам, халқымыз әр құсты киелі санайтын, шың-құздарды мекен ететін құстарға деген аса зор сүйіспеншілігін оларға қатысты ұлттық дүниетанымдық ұғымдарынан, сөз тіркестерінен және теңеу сөздерінен айқын байқауға болады. «Құстар – табиғат сақшысы» деуімізге де болады. Құстар арқылы түрлі індеттер азаятыны да белгілі. Дегенмен, қазіргі таңда қанатты атаулының көбісі жойылып кеткен немесе жойылуға шақ қалған. Әсіресе, Шығыс Қазақстан облысында құстардың он тоғыз түрі жойылып кеткен. Қосылып келіп жатқан құстар болғанымен, олардың саны аз. Сол себептенде қанаттылар саны азайып кетті деп айтуға толықтай негіз бар. Өлкеде шымшық, қарғалар көбейгенімен, торғайлар, тоқылдақтар, жапалақ түрлері жоқтың қасы. Шығыс өлкесіне тән бозторғайлар тіптен көрінбейді. Қызыл кітапқа кіріп жойылуға аз қалған Шығыс Қазақстан облысында қызғылт бірқазан, жездуадақ, бұйра бірқазан, тарғақ, ақсұңқар, жалбағай, қалбағай, кіші шалшықшы құс , ителгі, қара дегелек, сүйір тұмсықты шалшықшы құс, лашын, қоқиқаз, қарабас өгіз шағал, тұрымтай, сұңқылдақ аққу, қарамойнақ шағала, үкі, кіші аққу, қарабауыр бұлдырық, қутұмсық қаз, ұбақ, қолаңтөс, қызыл жемсаулы қарашақа, балықшы тұйғын, қара тұрпан, жыланшы қыран, бүркіт, дөңтұмсық тұрпан, бақалтақ қыран, ақбас үйрек, дала қыраны, алтай ұлары, қарақұс, ақ тырна,бүркіт, ақбас тырна, сақалтай, қозықұмай сынды құстар саны сиреген. Қызыл кітапқа енген қанаттылар санын көбейтуіміз үшін қорықшылар құстарды ерекше қорғауы қажет деп білемін. Бет алды кез келген құсты аттырмай, құстын киесі мен жойылып кету қаупін ескерген абзал.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1 Ө. Орынбаев. Қазақстан ормандары.-Алматы.-1972.-142 б.
2 Қазақстан Қызыл кітабы беттерінен. А.Ф.Ковшарь.-Алматы 2004ж
3 Дәуренбеков Ж. Аскаров Ә. Жасыл әлемге саяхат.-Алматы: Қайнар.-1985.-160 б.
4 Құстар-біздің досымыз Е.Раушанов Алматы «Жазушы» баспасы 2009жыл 3-21 беттер

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет