НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА» «С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ Дипломдық жоба жетекшісі: фарм.ғ.к. Қожанова Қ.Қ.
Дербіс Ақтолқын Асанқызы
5B074800 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы»
Тақырыптың өзектілігі
Денсаулық сақтаудың маңызды міндеттерінің бірі – халықты қауіпсіз, тиімді, сапалы және қолжетімді дәрілік заттармен қамтамасыз ету болып табылады. Елбасы Қазақстан Республикасының Н.Ә. Назарбаев Үкіметке Ұлттық фармацевтикалық өндірушілер есебінен ішкі нарықты дәрілік препараттармен қамтамасыз етуді 50% дейін жеткізуді мақсат етіп қойды.
Отандық өндірістегі медикаменттермен қамтамасыз ету мәселелері, дәрілік заттардың қолжетімділігі, сапасы мен қауіпсіздігі, тиімді қолданылуын қамтамасыз ету сияқты негізгі міндеттерді жүзеге асыру үшін іс-шаралар кешенінің тиімділігін әзірлеу, орындау және мониторинг жасау дәрілік заттармен қамтамасыз етудің Ұлттық саясатын айқындайды.
Аталған мәселе шешіміне үлес қосу мақсатында қазіргі кезде жиі қолданылатын дәрілік түр – супозиторийлер өндірісінің тұжырымдамалық жобасын әзірлеу тақырыбы зерттеуге алынды.
Фармацевтикалық кәсіпорын бірнеше аймақты қамтитын өнеркәсіптік ғимараттарға жатады: негізгі өндіріс, көмекші, энергетикалық, транспорттық және қойма;
Осы аймақтардың әрқайсысы бөлек ғимарат ретінде ұсынылуы мүмкін;
Өнеркәсіптік өндіріс аумағында ғимараттар мен құрылыстарды орналастыру, аумақты жоспарлау және абаттандыру, инженерлік желілер, шаруашылық және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету жүйелерін ұйымдастыру мәселелерін кешенді шешу фармацевтикалық өндіріс ғимараттарына арналған орынды таңдау;
Таңдалған жердің техникалық-экономикалық көрсеткіштері;
Кәсіпорынның шикізат көзіне жақын орналасуы;
Дайын өнімді шығару жолдарын қысқарту мүмкіндігі;
Санитариялық-гигиеналық жағдайлар мен экология мәселелері;
Қоршаған ортаға әсерді азайту үшін өнеркәсіптік кәсіпорындардың тұрғын үй массивтеріне, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарға, рекреациялық аймақтарға қатысты желдің басым бағытын ескеру (желдің басым бағытына қатысты бойлай немесе 45 ° бұрышта орнасуы;
Фармацевтикалық өндіріс объектісінің неғұрлым жұмсақ беткейде орналасуы аумақтың жақсы тазалануына ықпал етеді;
Фармацевтикалық өндірістің өзіндік ерекшеліктері негізгі өндірістік аймақтарды анықтау, материалдар мен персонал ағындарын ұйымдастыру, инженерлік-техникалық жабдықтар сәулет-жоспарлау шешімінің негізін құрайды;