Қазіргі әлемдік тәжірибеде фармацевтикалық зауыттарды жобалаудың негізгі міндеті GMP (Good Manufacturing Practice – Дәрілік заттарды өндірудің тиісті ережелері) талаптары мен регламенттеріне сәйкес келетін өндіріс тұжырымдамасын жасау болып табылады.
GMP - дәрілік заттарды өндіруге және сапасын бақылауға қойылатын талаптарды анықтайтын маңызды құжаттардың бірі. Фармацевтикалық кәсіпорын GMP-дің мына стандарттары сәйкес келу керек:
Кәсіпорын туралы ақпарат, тіркеу деректері, өндіріс және сату лицензиясы;
Спецификация (материалдарға немесе өнімге қойылатын талаптарды қамтитын құжат)
Өнеркәсіптік регламент, технологиялық нұсқаулық, буып-түю жөніндегі нұсқаулық (нақты өнімді өндіру процестеріне қойылатын талаптарды белгілейтін құжаттар)
Нұсқаулық(өнімнің әртүрлі түрлерін өндіруге ортақ талаптарды белгілейтін құжат)
Серияға хаттама (өнімнің нақты сериясын өндіру туралы нақты деректерді көрсететін құжат)
Өндірісішілік затбелгі;
Технологиялық құжаттама кәсіпорын сапасын бақылау жүйесі құжаттамасының құрамдас бөлігі болуы тиіс. Сапаны бақылау жөніндегі құжаттамаға мыналар жатады: