Оқушылардың жалпы әрекетін басқару. Оған: нақтамалық, мақсат қоюшылық, жоспарлау, болжам жасау, немесе жобалау, бақылау және түзету, енгізіп отыру қызметін жатқызуға болады
3. Оқушылардың жалпы әрекетін басқару. Оған: нақтамалық, мақсат қоюшылық, жоспарлау, болжам жасау, немесе жобалау, бақылау және түзету, енгізіп отыру қызметін жатқызуға болады.
Тәрбие жұмысының мақсаты баланың жеке тұлғасының даму процесін басқару міндеттерін анықтайды. Сондықтан, сынып жетекшісінің мақсат қоюшылық қызметі тәрбие жұмысын жоспарлауда көрініс табады.
Жоспарлау- бұл сынып жетекшісінің педагогикалық және сынып ұжымының оқу-тәрбие процессінднгі әрекеттерін нәтижелі ұйымдастырудағы маңызды буын.
Жоспарлау- бұл сынып жетекшісінің педагогикалық және сынып ұжымының оқу-тәрбие процессінднгі әрекеттерін нәтижелі ұйымдастырудағы маңызды буын.
Жоспардың қызметі- педагогикалық ықпалды жүйеге келтіру, педагогикалық талаптарды орындауды қамтамасыз ету, ондағы белгіленген тәрбие шараларының бірізділігі мен басқару тиімділігін қамтамасыз етуді көздейді. Жоспарлау – мақсатқа жетудің бірден-бір негізгі жолы.
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы бірыңғай ұйымдастырушылық және педагогикалық міндеттерді шешуді қарастырады. Ол оқушының жан-жақты нәтижелі дамуын, соған сәйкес тәрбие міндеттерін шешудің формалары мен тәсілдерін таңдап және жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Ол негізінен 3 бағытта жүзеге асады.
Оқушыға тікелей ықпал жасау:
Оқушыға тікелей ықпал жасау:
Оның дара даму ерекшелігін, қызығушылығын,қоршаған ортасын танып білу;
Тәрбие ықпалын алдын ала болжау, жобалау;
Жеке дара және ұжымдық жұмыста тәрбие формалары мен тәсілдерін жүзеге асыру;