Сурет салу
Біліктерін қалыптастыру:
Балаларды ересектермен біргеәрекет етуге (ересектердің салған суреттерін толықтыру) қызығушылықтарын тудыру.
Бейнелеу өнері әрекетінің нәтижесіне қызығушылық танытуын қалыптастыру: балалардың жұмысын қарау және талдау, таныс заттар мен кейіпкерлерді табу, кеңістікте бағдарлай білуі.
Белгілі бір ережелерді орындау дағдыларын қалыптастыру: түзу отыру, тек қағаз бетіне сурет салу, қағазды жұмарламау, қарындашты тықылдатпау, ұйымдастырылған оқу қызметі аяқталғаннан кейін материалдарды жинастыру.
Күтілетін нәтижелер:
- ересектердің салған суреттерін толықтыра алады;
- түрлі түсті қарындаштар, фломастерлер, төрт түсті гуашьпен сурет салады;
- қағаз бетінде кеңістікте бағдарды меңгерген.
Мүсіндеу
Жұмыс дағдыларын қалыптастыру:қуыршаққа арналған әшекейлерді мүсіндеу: білезік, жүзік, қол сағаттар. Мүсіндеуге арналған материалдарды қолдану ережелерін бекіту (арнайы тақтайша үстінде мүсіндеу,қолды дымқыл шүберекпен сүрту, дайын болған бұйымды тұғырға орналастыру, жұмыстан кейін материалдарды жинастыру).
Күтілетін нәтижелер:
-алақан арасында дөңгелекті басады, заттың үстінде саусақтармен тереңдіктер жасайды (қуыршақ үшін печенье);
- түрлі пішіндерді қосу арқылы заттарды мүсіндейді;
- өзіне таныс заттарды мүсінделген формалармен салыстырады;
- мүсіндеу кезінде техникалық дағдыларды біледі және қолданады;
- ұлттық ойыншықтарды қарау кезінде қуанады, орындалған жұмыс туралы әсерлерімен бөліседі.
Аппликация
Аппликация мен сурет салуды кіріктіру білігін қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
- түрлі пішіндерді қосу арқылы заттарды орналастырады (жіптегі дөңгелек, үйшік);
- дайын силуэтке бөлшектерді жапсырады (мысыққа құйрығын салу);
- техникалық дағдыларды біледі және қолданады;
- қағаз бетінде симметриялық пішіндерді жапсырады.
Музыка
Музыка тыңдау
Музыкалық иллюстрациялармен сүйемелденген әңгімелерді қызығушылықпен тыңдауға баулу. Музыканы есте сақтау, кейіпкерлерді иллюстрация және әңгіме бойынша тану дағдыларын қалыптастыру.
Ән айту
Ән айту дағдыларын қалыптастыру: әнді уақытында бастау және аяқтау; озып кетпеу немесе қалып қоймау, кідірісті сақтау; әннің кіріспесін және соңын тыңдау.
Музыкалық - ырғақтық қозғалыстар
Дағдыларын қалыптастыру:
-дербес ойындар мен әрекеттер кезінде ойнаған аспаптардан дыбыстар шығаруға талпыну (ересектердің қатысуымен);
- әндерді үйреніп айту және ересектердің қимылдарына еліктеп, қиялдағы аспапта сүйемелдеу;
- ойындар мен хороводтарға, күрделі емес қойылымдарға қатысу. Күтілетін нәтижелер:
- ырғақты және әуеннің жеке екпінін дұрыс жеткізіп, әндегі музыкалық фразаларды (тәрбиешімен бірге) топпен қосылып айтады,әннің сөзін есінде сақтайды;
- музыка сипатына сәйкес қозғалады,қимылдарды музыканың басталу сәтінен бастап орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |