Түсіндірме жазба
Кіріспе
Дене шынықтыру – қозғалыс белсенділігін саналы дамыту нәтижесінде денсаулықты сақтауға, нығайтуға, адамның психофизикалық қабілетін дамытуға бағытталған әлеуметтік іс-әрекеттер саласы.
Дене шынықтыру – дене шынығуын, дене дайындығын жүргізу арқылы адамның қозғалыс белсенділігін жетілдіріп, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, әлеуметті бейімдеуге,адамның физикалық және саналы дамуына әсер ететін, білім мен біліктілік жиынтығы болып табылатын қоғам мәдениетінің бір саласы.
Бұл бағдарламада денешынықтыру сабағынан бөлімдермен тақырыптар белгіленген екі бөлім: негізгі (базалық) және өзгермелі (вариативті) бөлімдер берілген.
Негізгі бөлім дене шынықтырунен жалпы дайындық туралы бөлім. Ол білім алушының физикалық дамуын қамтамасыз ететін барлық оқу кешенін қамтиды. Негізгі бөлімнің оқу материалы міндетті түрде орындалуы керек.
Өзгермелі бөлімнің материалы білім алушының жеке мүмкіндігін, аймақтың климатын, ұлттың және жергілікті халық дәстүрлерін ескере отырып орындалуы керек.
Білім алушылар денсаулығының жағдайына, физикалық дене дамуының дайындығына қарай дене шынықтыру сабағында бірнеше топқа бөлінеді:
негізгі топ (денсаулығында және дене дамуында ешқандай ауытқуы жоқ, жеткілікті дене дайындығы бар оқушылар)
даярлық тобы (денсаулығында және дене дамуында шамалы ауытқуы бар, жеткілікті дене дайындығы жоқ оқушылар)
арнайы топ (денсаулығында уақытша немесе тұрақты ауытқуы бар,пән бойынша жүктемені шектеуді талап ететін топ)
Пәннің мақсаты:
Адамның физикалық дамуынрухани, адамгершілік қасиеттерімен бірге дамытып, қоғамның белсенді тұлғасы ретінде тәрбиелеу.
Пәннің міндеттері:
дене шынықтыру және салауатты өмір салты туралы білімін қалыптастыру;
қозғалыс біліктілігі мен ептілігін үнемі дамыта отырып, денсаулықты нығайту;
жаттығу техникасын жетілдіру арқылы дене қабілетін дамыту;
дене шынықтыру мен қозғалыс ептілігінің негізі болатын қозғалыс біліктілігі мен дағдыны меңгеру;
|
ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК
Гигиена 1, дене шынықтыру және валеология кафедрасы
|
044 -59 к/15
9 беттің 5-беті
|
«Дене шынықтыру » пәні бойынша жұмыс оқу бағдарламасы
|
болашақ мамандығына дайындығын, соның ішінде дене шынығуын, жаттығуын, еңбекке қабілеті мен кәсіптік маңызы бар физикалық және психомоторлық қабілеттерінің болуын қамтамасыз ету.
өзін-өзі бақылауды, өз ағзасының функциональды жәй-күйін бағалауды меңгеру.
2. Оқу пәнінің жоспарланған нәтижелері:
Стандарт бойынша білім нәтижесі
|
Үлгілік оқу бағдарламасында жоспарланған нәтижелер
|
Білім алушылар
- дене тәрбиесінің адамның жалпы мәдени, кәсіби және әлеуметтік дамуында алатын орны туралы мағлұматтар;
- дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтының негіздерін;
- денсаулықты сақтап және нығайту, психофизикалық қабілеттерді дамытып жетілдіру, дене тәрбиесінде өзін-өзі тануды қамтамасыз ететін біліктер мен дағдылардың жүйесін меңгеру қажет
|
Білім алушылар
- дене тәрбиесінің теориялық негіздерін;
- сабақ үстінде қауіпсіздік техникасы бойынша ережелерді;
- қозғалыс әрекеттерін үйрету мен физикалық қасиеттерді тәрбиелеудің педагогикалық, физиологиялық және психологиялық негіздерін;
- дербес ағзаның психофункционалдық ерекшеліктерін;
-салауатты өмір салтының ағза денсаулығы жағыдайына әсері туралы;
-түрлі функционалдық бағдарланған дене жаттығуларымен өз бетімен айналысуды ұйымдастыру тәсілдерін;
-спорттық құрал жабдықтар мен спорттық жабдықтарды пайдалану ережелерін;
-жеке гигиена, жарақаттанудың алдын алу және дене тәрбиесі сабақтарында дәрігер келгенге дейінгі алғашқы көмек көрсету ережелерін;
-Олимпиада ойындарының тарихы мен Қазақстан спортшыларының
|
|
ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК
Гигиена 1, дене шынықтыру және валеология кафедрасы
|
044 -59 к/15
9 беттің 6-беті
|
«Дене шынықтыру » пәні бойынша жұмыс оқу бағдарламасы
|
|
спорттық жетістіктерін ;
-ұлттық спорт түрлері және халық ойындарын; негізгі дене қабілеттерін дамыту, дене бітімі мен мүсінін түзету бойынша өз бетімен жаттығулар жасауды, жаттығулар кешенін құрастыруды;
-дене жаттығулары мен айналысу барысында қауіпсіздік және жарақаттанудың алдын алу бойынша ережелерді сақтау, жарақаттану мен жазатайым жағыдайларда алғашқы көмек көрсетуді;
- жеке гигиенасын сақтауды;
- спорттық шараларда жігерлік қасиеттерді көрсете білуді;
- сайыстарда төрелік етуді;
-дене тәрбиесі жаттығуларының жеке түрлерінінң тиімділігін арттыру мақсатында, қазіргі спорттық құрал жабдықтармен, арнайы техникалық құралдарды пайдалануды біледі.
|
Пәннің пререквизит және постреквизиті
Осы пәнмен қатарлас жүретін пәндер:
Қазақстан тарихы, мәдениеттану, қазақ әдебиеті
Постреквизиттер: валеология, денсаулықты нығайту, ауруды алдын-алу, емдік дене шынықтыру, массаж
|
ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК
Гигиена 1, дене шынықтыру және валеология кафедрасы
|
044 -59 к/15
9 беттің 7-беті
|
«Дене шынықтыру » пәні бойынша жұмыс оқу бағдарламас
|
2. Пәнге бөлінген сағат
Жалпы сағат саны
|
Теория
|
Факультативтік сабақ
|
36
|
-
|
36
|
Достарыңызбен бөлісу: |