Реабилитология және спорттық медицина кафедрасы


Сумен жабдықтауға, кәріздеуге және жарықтандыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар



бет4/7
Дата07.02.2022
өлшемі331,54 Kb.
#82280
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Лаура Сағидоллақызы

3. Сумен жабдықтауға, кәріздеуге және жарықтандыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
8. Шаруашылық-ауыз су қажеттілігі үшін пайдаланылатын су органолептикалық, микробиологиялық және химиялық нормативтерге сәйкес болуы тиіс. 9. Орталықтандырылған сумен жабдықтау болмаған жағдайда сумен жабдықтау көзін таңдау, сумен жабдықтау көзінің және су жинау құрылысы көздерінің санитариялық-қорғаныш аймағын ұйымдастыру санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болғанда жүргізіледі. 10. Су құбыры жүйесі шаруашылық-ауыз су және өндірістік қажеттілік үшін жалпы және бөлек болуына жол беріліеді. Сумен жабдықтаудың бөлек жүйелері кезінде судың бір жүйеден екінші жүйеге ауысуы болмауы тиіс. 11. Су құбыры желісі айналмалы жүйе түрі бойынша жоспарланады және бұл ретте ұстатқышпен (сөндіру және жөндеу жұмысын жүргізу үшін) қосылатын негізгі екі магистралдан кем болмауы қарастырылады. Тұйық желілерді құбырлардың диаметрі кемінде 100 милиметр болғанда шаруашылық-ауыз су құбырларында орнатуға жол беріледі. Су құбырларын кәрізден жоғары тігінен құбыр қабырғалары араларының арақашықтығы кемінде 0,4 м етіп салынады. 12. Сумен жабдықтау жүйесін тексеру жазғы және қысқы мерзім алдында және қажеттілігіне қарай жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет