КӨРІНІС СЦЕНАРИІ
Тәрбиеші: Айнаш Атмаевна Найманова, Қызылеңбек бөлімшесі, Қазақстан ЖОББМ жанындағы шағын орталық
Тақырыбы: «Менің Отаным»
Мақсаты: бүлдіршіндерді Отанды сүюге, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне, атамекеніне, туған ауылына деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.
Көрнекі құраладар: 1. Ұран сөздері жазылған плакаттар.
2. Туған жердің көріністері.
3. ҚР рәміздері.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, балалар! Сіздерді көргенімізге қуаныштымыз, «Менің Отаным» атты ашық көріністі бастайық.
Әнұран орындалады.
Тақпақтар:
1. Отан,Отан!
Сен болмасаң, не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп етер ем.
2. Отан деген - атамекен,
Отан деген - туған жер.
Отан-ана, Отан-үлкен,
Қазақстан туған ел.
3. Отан-сенің ата-анаң,
Отан-досың, бауырың.
Отан-досың, астанаң,
Отан-аудан, ауылың.
4. Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбәт, әдемі.
Тұнығыңдай көңілдің,
Ортада аспан әлемі.
5. Желбірейді шарықтап,
Қазақстан жалауы.
Көкте қыран қалықтап,
Қанат қағып барады.
Ән: «Біз бақытты баламыз».
6. Еңсесі биік Қазақстан Отаны,
Бар әлемге жайылыпты атағы.
Би: «Қара жорға».
Би: «Қазақ биі».
Ән: «Менің Отаным».
Осымен бүгінгі көрінісіміз аяқталды.
ЕРТЕҢГІЛІК СЦЕНАРИІ
Тәрбиеші: Гүлжанат Ертайқызы Тулкина, Жұмыскер ауылы, Қазан ЖОББМ жанындағы шағын орталық
Тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
(Муз. әуенімен балалар залға кіреді)
Тәрбиеші: Елім менің, тәуелсіз жерім менің,
Күннен алған шуақты өмір дәмін.
Рухы ұлттың өсіпті өлместей боп,
Көк байрағын төбеме көтерген күн!
Құрметті балалар, қадірлі қонақтар! Сіздерді еліміздің Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз.
Сіздерге зор денсаулық, ашық аспан, Отанымызға тыныштық тілейміз.
Ержан: 16-шы желтоқсан -
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеге ел тосқан,
Атамменен барғанмын.
Мерей: Мерекеге шығады,
Бүкіл халық, біліп қой.
Отандастар ұғады,
Тәуелсіздік - ұлы той.
Сергей: Аралаймын алаңды,
Тәуелсіздік күнімен.
Батыр Қайрат ағамның,
Суретіне үңілем.
Аяжан: 16-шы желтоқсан -
Тәуелсіздік алған күн
Мерекені ел тосқан,
Шырқатып ән саламыз.
Ән “Туған ел”,“Желтоқсан желі”.
Тәрбиеші: 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі-мәңгі тақырып. Қазағымыздың өлмейтін, өшпейтін тарихы ол! «Желтоқсан желі» осы кезеңде інгәләп дүниеге келген ән. Балалар, айтыңдаршы, Қазақстан мемлекеті қай жылы құрылды? Мемлекетіміз қалай аталады?
Тәрбиеші: Дұрыс, Қазақстан. Ендеше Отан жайлы қандай тақпақтар білесіңдер?
Ералы: Бақытты боп жүргенім -
Сенің арқаң, Қазақстан!
Елім - менің тірегім,
Құшағында гүл атам.
Әлім: Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің, Қазақстан.
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің Қазақстан.
Балгүл: Отанның қасиетті тілін сүйем,
Отанның құдіретті үнін сүйем.
Отан, Отан бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем!
Әмірбек: Толтырған гүлге даланы,
Жайнатқан ауыл-қаланы.
Ардақты атамекенім,
Отаным-Қазақстаным.
Би “Қара жорға” –ұлдардың орындауында.
Тәрбиеші: Балалар, мемлекет рәміздері туралы кім тақпақ айтады?
Ержан: Аспан түстес көгілдір,
Тік бұрышты матаның.
Ортасында төгіп тұр,
Күн жаяды шапағын.
Астында оның қалқыған,
Қыран құстың бейнесі.
Азат елдің шалқыған,
Көңілі деп білерсің.
Аяжан: Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Қара шаңырақ ел күні,
Асқақтатып тұр мұңы.
Елтаңбасы елдігім,
Елдің тыныш тірлігі.
Рәбия: Тәуелсіздік жолында,
Талай-талай тер төккен.
Билігің өз қолыңда,
Еркіндігім, елдігім.
“Әнұран”
Тәрбиеші: Балалар, Қазақстан Республикасының Ел басшысы кім?
-Нұрсұлтан Назарбаев
-Елбасы туралы тақпақ кім біледі?
Ислам: Шықты тарап ой данадан,
Бері қарады жұлдыз беті.
Өзі қалап, сайлап алған,
Елімнің бар президенті.
Мәди: Ол да алмай жанын салды,
Жету үшін мұндай сыйға.
Нұрсұлтан ата - ел басшысы,
Көгіңдегі тудай сыйла.
Би: “Той”-барлық балалар орындауында.
Тәрбиеші: Балалар, астанамыз қандай қала?
Қандай тақпақ білесіңдер?
Мерей: Гүл жайнаған Астана,
Қазақстан отаны.
Бірін-бірі сыйлаған,
Туысқандар отаны.
Тәрбиеші: Балалар, Қазақстан қандай басқа елдермен шекарасып тұр?
-Дұрыс айтасыңдар өзбек, ресей, қытай т.б елдермен көршілес екенбіз.
Орыс биі “Калинка”.
Тәрбиеші: Отан дейміз от жаққан жерімізді.
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен,
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
-Отан туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
Туған жер - алтын бесік.
Отан - оттан да ыстық.
Өз елім - өлең төсегім.
Туған жердей жер болмас.
Туған елдей ел болмас.
Туған жерге туыңды тік.
-Жақсы біледі екенсіңдер, ендеше Отан туралы бір ән орындап берейік.
Ән “Күн дидарлы Қазақстан”
Ералы: Тарихы бар дастанындай ерліктің,
Дәстүрі бар үлгісіндей елдіктің.
Қазақстан-алтын бесік Отаным.
Ұлы ордасы татулық пен теңдіктің.
Сержан: Ата-бабам жанын қиып қорғаған,
Тәңірі қолдап, бақ-береке орнаған.
Қазақстан, азат елсің сен бүгін,
Ақ тілегін болашаққа арнаған.
Ән “ Қасқалдақ”
Аяжан: Отан-менің ата-анам.
Отан-досым, бауырым.
Отан-өлкем, астанам,
Отан-туған ауылым.
Отан-асыл анамыз,
Ана сүтін ақтаймыз
Есейгенде ел болып,
Елді жаудан сақтаймыз.
Ержан: Отан-атам,
Отан-әкем!
Осы сөзім қате неге екен?
Қате болса,
Неге біздер
Дейміз оны Атамекен.
Би -Ән шашу.
Тәрбиеші: Бақыт құсы қонды ғой,
Бүгін туған жеріме,
Тіліміз бен дініміз,
Қайта келді еліме.
Ән “Біз бақытты балалар”
Тәрбиеші: Осымен бүгінгі ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті, бүгінгі Тәуелсіздік мерекесімен барлықтарыңызды шын жүректен құтықтаймыз. Сіздерге отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, осы балапандарыңыз Қазақстанымыздың туын желбірететін, биік шыңынан көрінетін азамат пен азаматша болуға тілектеспіз.
МЕРЕКЕЛІК ЕРТЕҢГІЛІК СЦЕНАРИІ
Тәрбиешілер: Бақыт Сагдатовна Аубакирова, Шарипжанова Мейрамгуль Мырзабековна, Баскөл ауылы, Иманов ат. ЖОББМ жанындағы шағын орталық
Тақырыбы: «Тәуелсіз- Қазақстаным»
Құрметті Ұстаздар, ата-аналар, кішкентай бүлдіршіндер!
Бүгін біз Тәуелсіздіктің 21жылдығына арналған кішкентай бүлдіршіндердің дайындаған «Тәуелсіз- Қазақстаным» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.
Әнұран орындалады.
Тәуелсіздік текке бізге келмеген,
Талай бабам қанын төгіп терлеген.
Сонда-дағы қасиетті қазағым,
Төл байрағын дұшпанына бермеген.
Бабалардың ғасыр бойы арманы,
Өткенімен келешегін жалғады.
Желбіреп тұр төл байрағы қазақтың,
Егеменді – тәуелсіздік алғалы.
Азаттық, тәуелсіздік қазақтың ежелгі арманы еді. Түлкі бұлаң тарихтың қаншама бұрылысында ел азаттығы үшін талай тарланның тақымындағы тер кеппеді. Соңына мәңгі ұмытылмас мұң қалдырып, жыл өткен сайын тарих қойнауына сіңіп бара жатқан 1986 жылдың желтоқсаны қай қазақтың жүрегін сыздатпады, кімнің көңіліне жара салмады? 1991 жыл – Тәуелсіз ел атанып, аяғынан тәй- тәй басқан республикамызбен оның халқы үшін ерекше жыл. Сол күні республикамыздың аспанында қазақ елінің өз Жалауы желбіреді, елдігімізді танытар Елтаңбамыз қабылданды.
Еліміздің рәміздерін, соның ішінде қасиетті Көкбайрағымыз бен Елтаңбамызды, Әнұранымызды өз жанындай қастерлеу, оған зор құрметпен қарап, тұмардай сақтау – бәріміздің абыройлы міндетіміз.
Атты бүгін азаттықтың ақ таңы,
21 жыл Тәуелсіздіктің таңы атқалы.
Елі текті, киелі, қасиетті жерімнің,
Құтты болсын еркіндігі, ата- баба арманы.
Алтын дәнді даласы бар, Аружан
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.
Мен жас ұланмын, Диляра
Мемлекеттің қорғанымын ертеңгі.
Нұрға, гүлге толтырамын
Өзім туған өлкемді.
Тәуелсіз елім ұлы есім, Никита
Сен десе соғар жүрегім.
Өзіңдей елім барына
Шаттанып мәңгі жүремін.
Отан, отан, Айгерім
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем,
Қадамың бар баспаған. Әмина
Халқым жетсін мұратқа.
Ей, бас қалам Астанам,
Жас Астана, жас ғалам Нүрдина.
Тарихың бар ашпаған.
Ордасы бол ойшылдың,
Ей, бас қалам Астанам.
Шырқап көкке аспан ән. Нұрдина
Болашаққа бас қадам.
Қазақ рухын биіктет,
Ей, бас қалам Астанам.
Ардақталды Астанам. Даниял
Мәртебелі бас қалам.
Көркейе бер күн сайын,
Алға қарай бас қадам.
Өзіңдікі елім де. Ерасыл
Өзіңдікі жерім де.
Өзіңді-өзің еткен бақ
Тәуелсіздік төрінде.
Барым да сенсің, бағым да. Мөлдір
Жалында елім жалында.
Бақытымыз бар қазақ,
Тәуелсіз елім барына.
Әсем қалам Астанам, Ахмет
Әлемдегі жас қалам.
Әр күн сайын өзгеріп,
Бой көтерді бас қалам.
Би «Қара жорға» қыздардың орындауында.
Ән «Қуыршағым» хор.
Кішкентай бүлдіршін қыздардың орындауында «Құстар» биі.
«Балабақша» әні, орындайтындар - Нұрдина,Ақмерей, Диляра, Аружан.
Отан - әр адамның жүрегіне жақын, жылы, қасиетті сөз. Отан дегеніміз - адамның туып-өскен жері, туған-туысқандарымен бірге тұратын атамекені. Сондықтан әрбір адам үшін дүниедегі қасиетті, киелі ұғым –Отан.
Отан дейміз от жаққан жерімізді. Фарида
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер атамекен. Кирилл
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отан дейміз кең байтақ Астананы. Аңсат
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ.
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Отанымның төрінде, Малика
Сарыарқаның өрінде,
Ту ұстаған астанам,
Әсем қалам, бас қалам.
Отанды жас, кәріміз де Асылжан
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені онда бәрімізде
Туып өмір сүреміз.
Отан-жерім, отан-суым, Егор
Отан қуат нәр береді.
Отан-ұран, отан- туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
«Шалқан» ертегісінен көрініс.
Бүлдіршіндердің орындауында ән «Біз бақытты баламыз».
Бүгінгі Қазақстан –әлемнің іргелі мемлекеттерімен қатар халықаралық мәселелерді шешуде басты тұлға. Бүгінгі Қазақстан- әлем таныған егеменді, демократиялық және құқықтық мемлекет. Тәуелсіздік шаттығы, Тәуелсіздік қуанышы, Тәуелсіздік тойы баянды болсын. Осымен бүгінгі дайындаған шағын концерттік бағдарламамызды аяқтаймыз. Келгендеріңізге көп рахмет.
МЕРЕКЕЛІК ЕРТЕҢГІЛІК СЦЕНАРИІ
Тәрбиеші: Эрика Сергеевна Гросс, Карлығаш Кабиденовна Утеубаева, Көктөбе ауылы, «Ақбота» балабақшасы
Тақырыбы: Тәуелсіздік күні
Мақсаты: Балалардың тілдік қорларын байыту. Патриоттық сезімдерін ояту. Мерекеде өзін еркін ұстай білуге тәрбиелеу, ұжыммен бірге болуға дағдыландыру.
Білімділік: Тәуелсіздік мерекесі жайлы түсінік беру.
Тәрбиелік: Балалардың патриоттық сезімдерін ояту, ұжымдылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Түсініктерін дамыта түсу, қиял, ойлау, қабылдау қабілеттерін дамыту.
Қатысушылар: Мысық, Қуыршақ.
Жүргізуші: Қымбатты қонақтар, ата-аналар. «Құлпынай» тобының «Тәуелсіздік» мерекесіне қош келдіңіздер.
- Балалар, біз қандай мемлекетте тұрамыз?
- Қазақстан Республикасында.
- Қандай рәміздеріміз бар?
- Ту, елтаңба, әнұран.
- Елбасымыз кім?
- Н. Назарбаев.
Әнұран айтылады.
Тақпақтар:
Даниял: Құт-береке шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанаты қос арғымақ,
Екі жақтан көмерген.
Жанеля: Отан-ұран, отан-туым,
Отан мәңгі гүлденді.
Ералы: Елтаңбасы елімнің!
Неткен әйбат, әдемі!
Ортаға қуыршақ кіреді.
Қуыршақ:
Мен көңілді қуыршақ,
Қарақатпын әдемі.
Ойын ойнап, би билеп,
Көтерейік көңілді.
Алақанды соғайық,
Аяқты да қозғайық.
Барлық бала бірігіп,
Көтерейік көңілді.
Мерекемен құтықтап,
Би билейік көнілді.
«Қуыршақ» биі.
Қуыршақ: Балалар менің аяқтарым шаршады, дем алып алайын.
Жүргізуші: Қуыршақ, дем ал. Ал біздің балалар мерекеге арнап көңілді «Сылдырмақ» әнін айтсын.
Жүргізуші: Балалар, қуыршақ қатты ұйықтап қалыпты.
Музыка әуенімен мысық кіреді.
Мысық: Мен әдемі мысықпыпын, мяу-мяу-мяу. Тез жүгіре аламын, жылы жерде ұйқтағанды жақсы көремін. Меннен тышқандар қорқады, мяу-мяу-мяу.
Сәлеметсіндерме, балалар!
Жүргізуші: Мысық сен неге көңілсізсің? Бүгін мереке емес пе?
Мысық: Мен тәуелсіздік күнімен балаларды құтықтауға келдім. Балалар қуыршағымыз ұйықтап қалыпты ғой. Қолдарымызбен шапалақтап, оятайық.
Қуыршақ: Ой, мен сондай тәтті ұйқтап, біраз дем алдым. Сәлеметсіңбе, мысық!
Жүргізуші: Қуыршақ, Мысық, сендер отырып, біздің қыздарымыздың «Қамажай» биін қарсы алыңдар.
Жүргізуші: Көк байрағым желбіреп,
Көк аспанда қалқиды.
Егеменді елім деп,
Шаттық әні шалқиды - дей келе балалардың орындауында «Балақай» әнін қабыл алыңыздар.
Тақпақ:
Хаким: Отанымның төрінде,
Жарқыраған өрінде.
Балерке: Отан-жерім,
Отан-суым,
Отан-қуат, нәр берді.
Балаларымыздың орындауында «Қара жорға» биі.
Қуыршақ пен мысық: Біз енді қайтайық, сау болыңдар, сендермен уақытымыз өте көңілді өтті. Келесі кездескенше!
Жүргізуші: Отаны бар, елі бар жан әманда,
Бақытты ғой мына байтақ ғаламда.
«Отан» деген оттан ыстық жалғыз сөз.
Жалын берген маған-дағы, саған да.
Осымен ертенгілігіміз аяқталды, сау болыңдар!
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ЕРТЕҢГІЛІГІНІҢ СЦЕНАРИІ
Дайындағандар: Май ЖОББМ жанындағы шағын орталық
Тақырыбы: Тәуелсіздік күні
Мақсаты: Балаларға Тәуелсіздік күні туралы түсінік беру. Бұл күннің маңыздылығын баяндау. Тіл байлықтарын молайту, патриоттық сезімін қалыптастыру. Мерекелерге белсене қатысуға тәрбиелеу.
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар!
Отан- сенің ата-анаң,
Отан- досын, баурың.
Отан- өлкең, астанаң,
Отан- аудан, ауылың.
Отан- тарих, Отан- тіл,
Жасаған елің, ер халқың.
Тәуелсіздік, еркіндік – ежелден ел тілегі. Тәуелсіздік халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күресі, тарихтың нәтижесі. Бүгінгі Қазақстан - әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін жері бай, халқы бай ел.
Қазақстан Республикасының ән ұраны орындалсын.
Құттықтау сөзі мектеп директоры А. О. Нургожинаға беріледі.
Біздің Отан – байтақ,
Көп ұлттың мекені.
Біз құшақты кең жайсақ,
Әлем елміз табысқан-
Қазақстан, бақытстан!
16-желтоқсан еліміз үшін ерекше күн. Осыдан 21 жыл бұрын президентіміздің жарлығы бойынша еліміздің тәуелсіздігі жарияланды. Сол күннен бастап 16 – желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі болып тойланады.
1-жүгізуші: Құрметті балапандар, көрермендер және біздің қонақтар! Барлықтарыңызды Тәуелсіздіктің 21 жылдығымен құттықтаймыз. Бейбіт аспан астында гүл жайнаған бақытты өмір қызығына бөленіңіздер дегіміз келеді.
Әдеби монтаж
Бүгінгі тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жоқ. Ата – бабамыз өз жерін, Отанын, халқын қорғаймын деп талай тарихи оқиғаларды бастарынан кешірді.
Қазақстан – сан ғасырлық тарихы бар,
Қазақстан – бұл озат ел танысыңдар.
Көк байрағы, елтаңба, әнұраны,
Қазақ елі егеменді, сан ұлты бар.
Тәуелсіздік бабалардың ұраны,
Бейуақытта бойға таққан тұмары.
Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып,
Ызғар болып жанбай қалған шырағы-
Желтоқсан
Салт-дәстүр (тұсау кесер).
Тәуелсіздік – бұл менің Парасатым,
Күншілмен де тіл тауып жарасатын.
Қорғайтын Елдігіңді ерлігімен,
Қазақтың шығаратын Алаш атын.
Тәуелсіздік – Арымдай аңсар әнім,
Тау – тасындай аңсаған жан самалы.
Қазақтың жанына жат пиғылдарға,
Қамығып қара судай қарсы аламын.
Аяжанның орындауында «Атамекен» әні.
Тербеттiң менi төсiңде.
Жүредi сенiң есiмiң
Ер жеткен кезде есiмде.
Өзіңдікі - Елің де,
Өзіңдікі – Жерің де,
Өзіңдікін өзің еткен Бақ-
Тәуелсіздік – төрінде.
Папури
1991 жыл Тәуелсіздік алған жыл.
Өзіңдікі туың да, отпен ауа, суың да,
Жаса, Қазақстаным! Белді бекем буын да.
Ұраның да жасасын! Құраның да жасасын.
Қанатың қайрылып, қыр арқаңнан майрылып,
Егемен тәуелсіздіктен, қала көрме айрылып.
Жаса Қазақстан!
Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар, келгендеріңізге рахмет.
МЕРЕКЕЛІК ЕРТЕҢГІЛІГІНІҢ СЦЕНАРИІ
Тәрбиеші: Гүлсан Науановна Бостанбаева, Абай бөлімшесі, Абай БМ жанындағы шағын орталық
Тақырыбы: Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!
Мақсаты: Жас ұрпақты өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қаһармандарын құрметтеуге, адамгершілік сезімдерді қалыптастыру арқылы отаншылдыққа, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу.
(Күй әуені күмбірлеп тұр).
Көрініс
Сіздердің тамашалағандарыңыз, осыдан 23-жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бал алаңында болған, желтоқсан оқиғасы. Дүниені дүр сідкіндірген көтеріліске, қазақ ел ауызында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләзат Асанова және т. б. апаларымызбен ағаларымыз қатысты. Осындай батыр, ер жүрек ағаларымызбен апайларымыздың арқасында ата-бабаларымыз аңсаған, армандаған тәуелсіздігімізге 21 жыл толып отыр. Мерекелерініз құтты болсын, ағайын!
Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін,
Серпін таста мұңды жүрек түндігін
Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық
Тәуелсіздік күнін бүгін, халқым бірге тойлайық!
1-4 сынып Даярлық топ оқушыларының әдеби монтажы.
Ал, ендігі кезекті “Болашақ” шағын орталығының бүлдіршіндерінің өнерлерін тамашалайық.
Аспанымдай мөлдірмін,
Жайлауымдай жазықпын.
Өзенімдей өршілмін,
Гүлдерімдей нәзікпін.
Қуат алған өзіңнен,
Туған елдің ұлымын.
Бақытты етіп өсірген
Отанымның ұлымын!
2. Қазақтың елі – ең кең ел!
Басшысы жайсаң, кемелді ер!
Зейіні зерек, өзі алғыр,
Нұратасы кемеңгер!
3. Қазақтың туың ұстаған,
Болашақ жолын нұсқаған.
Нұрата аян ғаламға
Беделі биік, күшті адам!
Жүргізуші:
Өнерлі ғой балалар,
Көңілдері пәк, жайсаң.
Би де билеп береді,
“Қаражорғаны” қаласақ.
Ортаға “Қаражорға” биімен шағын орталық балаларын шақырамыз.
Жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй! – деп, Абай атамыз айтқандай, ортаға Мауленова Әсемгүлді “Бізбақытты балалар” әнімен қарсы алыныз.
Жүргізуші:
Бүгін біздер “Айгөлек” ән-би байқауынан ақтық сайысқа шыққан оқушыларымыздың өнерлерін тамашалаймыз.
Қара жорға болмаса,
Бидің сәні келер ме?
Қос етек көйлек кимесе,
Қыздың сәні келер ме?
Ал, қане-ки, жолдастар!
Біреуің шық тойбастар! – деп, ортаға “Қаражорға” биімен Белгибаев Рамазанды шақырамыз, қабыл алыңыздар!
Рахмет. Рамазанға ду қолшапалақтап қоялық.
Жүргізуші:
Талшыбықтай бұралған,
Қазағымның қыздары-ай!
Сүйсіндірген биімен,
Өнерлі ғой, қыздар-ай!
Келесі кезекті биге береміз. Ортаға шоқ қыздарымызды шақырамыз. Тәуелсізелімізге не тілейсіздер? Би “Шоққыздар”.
Рахмет.
Жүргізуші:
Кел, қосылып ән шырқайық, би билеп.
Алақай-ай, алақай!
Ән шырқайық, балақай!
Қызарғанша алақан,
Қол соғалық, балақан!
Қошеметпен Манатова Айжанды шақырамыз. Қарсы алыңыздар!
Жүргізуші:
Туған жерім, теңдесі жоқ мекенім!
Қазір де мен қадіріңе жетемін.
Қуанамын әр гүлденген гүліңе,
Сен тұрғанда керек емес өзге елдің.
“Туған жер” атты әнімен Айтпаева Аделияны қарсы алыңыздар.
Ду қолшапалақтап қояйық.
Рахмет, Аделия.
Жүргізуші:
Айгөлек-ау, айгөлек!
Айдың жүзі дөңгеолек.
Айдай толған кезімде,
Би билеймін дөңгелеп.
“Шейк-шейк” биімен Әлменова Алиманы шақырайық.
Жүргізуші:
Анашым менің, анашым.
Бойыңда сенің бар ма мін?
Балалық парыз өтеліп,
Бақытты қылу арманым! – деп Амангелді Назира барлық аналарға “Мама” әнін арнайды. Қарсы алыңыздар!
Жүргізуші:
Биле, жастық, биле, биле, биле сен.
Көрермендер көңіл-күйін көтер сен.
21 жылдық тойын тойлап баршамыз,
Дүр сілкіндір сахнамыздың төрін сен,
Келесі кезекті биге береміз. Мауленова Әсемгүл мен Манатова Айжанды “Ақ жайнақ” биімен ортаға шақырайық.
Жүргізуші:
Бүгінгі күн қандай керемет! Барлығымыздың көңілдеріміз көтеріліп, қуанышқа кенелдік. Әр қашан жүздеріңіз жарқын болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Тәуелсіз еліміз гүлдене, көркейе берсін. Ел Тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған концерттік бағдарламамыз осымен аяқталды. Келгендеріңізге көп рахмет! Сау болыңыздар!
МЕРЕКЕЛІК ЕРТЕҢГІЛІК СЦЕНАРИІ
Тәрбиеші: Эрика Сергеевна Гросс, Карлығаш Кабиденовна Утеубаева, Көктөбе ауылы, «Ақбота» балабақшасы
Тақырыбы: Жаңа жыл
Мақсаты: Балаларға жыл басы туралы түсінік беру. Балалардың тілдік қорын байыту. Мерекеде өзін еркін ұстай білуге тәрбиелеуге, ұжыммен бірге болуға дағдыландыру. Еңбексүйгіштікке, әсемділікке, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Білімділік: Жаңа жыл мерекесі жайлы түсінік беру.
Тәрбиелік: Балаларды табиғатты сүюге, аялауға, еңбек етуге үйрету, тәрбие беру. Жаңа жыл мерекесіндегі өзгерістер жайлы түсініктерін молайту.
Дамытушылық: Түсініктерін дамыта түсу, қиял, ойлау, қабылдау қабілеттерін дамыту.
Қатысушылар: Бауырсақ, Түлкі, Қоян.
Жүргізуші: Армысындар, ағайын!
Бармысыздар,ағайын!
Сіздерді жаңа 2013 жылымен құтықтаймыз, жаңа жыл тек қана жаңа табыс, береке бақыт әкелсін!
Ақ көңілмен айналды аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.
Қыс қызығы басылмай ұласады.
Сол кезде «Бауырсақ» жүгіріп кіріп, шыршаны айнала қашады. Артынан түлкі қуа жөнеледі.
Бауырсақ: Тимеші мені,
Жемеші мені.
Жаңа жылды тойлауға барамын.
Асыр салып, би билеп,
Қошаметке мен қаламын.
Түлкі: Жоқ, жоқ. Мен сені жеп қоямын, бауырсақ.
Жүргізуші: Қой, түлкі, тиме бауырсаққа. Оданда бізбен бірге шырша мерекесін тойлауға қал да, қызықты тамашала.
Түлкі: Ендеше мен орманға кетемін (шығып кетеді).
Артынан жүгіріп қоян кіреді, шыршаны айнала «Құтқарыңдар, құтқарыңдар!» деп жүгіреді.
Жүргізуші: Қоян-ау, саған не болды?
Қоян: Қасқыр қуып келді. Біз Аяз атаны қарсы алуға шығып едік. Жолда түлкі мен қасқыр бізді қуды. Әне қасқыр келді. Құтқарыңдар! (қасқыр кіре қоянға ұмтылады, жүргізуші оны тығады).
Жүргізуші: Батырым-ау, бұл қай басынғаның! Тоқтат енді. Көк жалды, айбарлы, қулағаның «қасқыр» деген даңқына сай емес қой. Ал айт жөніңді мына қоян саған неге қажет болды?
Қасқыр: Түлкі ғой, ұста деген.
Жүргізуші: Неге? Өзі қайда?
Қасқыр: Өзі Аяз атаны балабақшаға келтірмей адастыруға кетті. Ал мен қояндарды жегім кеп, осы жерге жеттім.
Жүргізуші: О, қу түлкі, жүрген жері айқай шу, түлкі! Бауырсақ бір қуып, қояндарды үркітіп, бір шатақты ұйымдастырмаса жүре алмайды-ау. Қасқыр сен қазір балаларға қонақ болып осында қаласың. Ал қоян мына жедел хатты ормандағы Аяз атаға жеткізсін. (Қояндар хатты алып шығып кетеді).
Би: «Балапандар».
Жүргізуші: Балалар, Аяз ата жоқ қой әлі. Мүмкін бір дауыспен Аяз атаны шақырамыз?
Есік ашылып Ақшақарын ертіп аяз ата кіреді.
Сәлеметсіндерме балалар! Жаңа жылдарың құтты болсын! Алыс жолдан келіп қалдым, Ақшақарымды ертіп алып, қандай өнерлерін бар екенін тамашалауға. Кімнің өлен тақпағы бар, мен соны тамашалауға келдім.
Жүргізуші: Әсем ән де, би де бар.
Отыр, Ата, сәл демал!
Ақшақар: Көрікті шыршамыз,
Шамдары самсаған.
Көңілді ұлпамыз.
Көп билеп бұралған.
Жүргізуші: Аяз ата, біздің балаларымыздың әнін қабыл ал.
Ән: «Тауда туып».
Жүргізуші: Аяз ата әнмен қатар біздің балалардын жаңа жылға, сізге, Ақшақарға арнап дайындаған тапақтар бар соларды қабыл алыңыздар.
Даниял: Безендіріп шыршаны,
Жыл қуантты баршаны.
Кімнің әні, күйі бар?
Кімнің әсем биі бар?
Кімде жақсы тақпақ бар?
Жаңа жылды мақтап қал!
Той-маскарад басталды,
Жанэлия: Қыс келді, қыс келді,
Ақтарып ақ қарды.
Аралап қайтайық,
Ақ күміс қарларды.
Жүргізуші: Өте жақсы балалар. Аяз ата осы неге біздің шыршамыздың шамдары неге жанбайды? Барлығымыз бірге аязатаға көмектесейікші.
Қуант бізді, таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат!
Жүргізуші: Біздің балалардың тапақтарын тамашалаңыз.
Балерке: О, алақай, Аяз ата!
Келе жатыр алыстан.
Кел,билейік, үйренейік.
Ол келгенше жаңа асыр!
Әділжан: Құтты болсын, құтты болсын.
Құтты болсын жаңа жыл!
Бәрекелді балалар. Барлығыңда мерекеге жақсы дайындалыпсыңдар: Ал, құрметті Аяз ата, осындай ақылды балаларға сіздің сыйлықтарыңыз бар ма?
Аяз ата: Әрине бар ғой. Бағана түлкі алып қалып еді көмектесемін деп. Түлкі, әй түлкі қайдасың өзің?
Ортаға қобдишамен түлкі келеді.
Ха,ха,ха! Алдап қойдым, алдап қойдым.
Аяз ата: Түлкі жылдам айт, сыйлықты қайда жібердің?
Осы кезде шананы сүретіп бауырсақ пен қоян кіреді.
Бауырсақ: Аяз ата, ренжеме, түлкі мен қасқырдан құтқардыңдар. Рахмет! Міне сендердің силықтарың! - дегенде, қасқыр кіріп келеді:
- Сендер менсіз балаларға силық таратып отырсындар ма? - деп, бірге Аяз атамен силықтарды таратады, соған қызыға қарап, барлығы достасып силық таратады.
Аяз ата: Рахмет сендерге балалар, біз енді қайтайық, басқа топтарды аралап, дос болуға тәрбиелейік.
Артынан Қоян, Қасқыр, Түлкі, Бауырсақ рахметтерін айтып қол ұстасып шығып кетеді.
Жүргізуші: Әкелді жыл тыныштық,
Жарқын өмір жаңаша!
Жаңа жыл тамаша!
Осымен біздің жаңа жыл мерекесіне арналған концертік бағдарламамыз аяқталды. Назарларынызға рахмет.
ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ МЕРЕКЕ ЕРТЕҢГІЛІГІНІҢ СЦЕНАРИІ
Тәрбиеші: Айнаш Атмаевна Найманова, Қызылеңбек бөлімшесі, Қазақстан ЖОББМ жанындағы шағын орталық
Тақырыбы: «Келді міне, Жаңа Жыл»
Мақсаты: Балаларды «Жаңа Жыл» мерекесімен таныстыру. Орман аңдарының және дүние жүзінің адамдары шырша тойын қалай түсінетіні және оны қалай тойлайтыны жайында түсінік беру; балалардың көңіл-күйін көтеру; балаларды ұғымды әңгімелерге қатыстыру, әдеби шығармалардың кейіпкерлерін танып білу; өлендерді, тақпақтарды еске сақтауға үйрету; балаларды достыққа үйрету.
Жүргізуші: Жаңа Жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа Жылмен құттықтаймын бәріңді,
Бақыт шаттық, молшылық әкелсін,
Бәрімізге мына жыл арайлы.
Аяз ата әні.
Жүргізуші: Жақсы, балалар. Ал, енді, айтындаршы, балалар. Жаңа Жылдың сәні не?
Балалар: Шырша!
Жүргізуші: Қараңдаршы, қандай әдемі біздің шышрамыз. Қанша ойыншықтар, әдемі жарқыраған шамдар ілінген. Бірақ шамдар жанбай тұр ғой деймін. Неге екен? Қанеки, балалар, шыршамызға арнап ән айтып берейікші. Сонда, мүмкін, ол жанатын болар.
Шырша әні.
Жүргізуші: Өте жақсы. Балалар, енді біз шыршамызға арнап тақпақтарымызды айтып берейік.
Қаңтарда жасыл шыршаны,
Айналып ән саламыз.
Емес тек ол қыр сәні,
Оған жай үй, қаламыз.
Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтар тізілген.
Қандай жақсы шыршамыз,
Ән шырқайық баршамыз.
Шыршамызда керемет,
Ойыншықтар тағылған.
Алыс жақтан келіп тұр,
Аяз ата сағынған.
Жүргізуші: Қанеки, балалар, дауыстап шақырайық Аяз-Атаны.
Балалар: Аяз-Ата! Аяз-Ата! Ау! Кел!
Жүргізуші: Қояндар, Аяз атаның алдынан шығып. қарсы алыңыздар. Біз күтіп отырмыз, деп айтындар.
Қояндар жүгіріп кетеді. Осы сәтте Ақшақар кіріп келеді.
Ақшақар: Сәлеметсіңдерме, балалар. Біз Аяз-Ата екеуміз ендердің шырша тойыңызға асығып келе жатқан едік. Аяз-Ата жай жүріп, қалып кетті. Сен барабер, мен жетіп аламын деген. Балалар күтіп қалды ғой деп. Ал, мейрамдарыңыз көңілді өтіп жатыр ма?
Жүргізуші: Біз ән айтып, би билейміз.
Би «Ақшақар».
Жүргізуші: Қояндар, ау, сендерге не болды?
Қояндар: Қасқыр қуып келеді. Аяз-атаны қарсы алуға шығып едік, жолда түлкі мен қасқыр кездесіп, бізді қуып, қасқыр соңымыздан қалмады, ал түлкі басқа жаққа кетті.
Осы кезде арсалаңдап қасқыр кіреді, ол келе қояндарға ұмытылады, қояндар жүргізушінің тасасына тығылады.
Жүргізуші: Тоқта енді. Бұл қай басынғаның. Жай ма? Мына қояндар саған неге қажет болды?
Қасқыр: Түлкі ғой ұста деген.
Жүргізуші: Өзі қайда?
Қасқыр: Өзі Аяз-Атаны балабақшаға келтірмей адастыруға кетті.
Жүргізуші: О, қу түлкі, жүрген жері шу түлкі. Ол бір шатақты ұйымдастырмаса, жүре алмайды-ау. Сен қазір балаларға қонақ болып осында қаласың, ал, қояндар, мына жеделхатты орман аңдарына жеткізесіңдер.
Қояндар кеткді.
Біз күтеміз қантарда,
Ақшақар, Аяз-Атаны.
Сыйлықпен олар ал сонда,
Береді бізге батаны.
Қояндар қуанып кіріп келеді. Жандарында орман аңдары.
Қояндар: Бізге түлкі шанаға салынған сыйлықтарды беріп жіберді, ал Аяз Ата қазір келеді деді.
Жүргізуші: Аяз Атамызді шақыріп көрейік!
Балалар: Аяз-Ата! Аяз-Ата! Ау! Кел!
Аяз-Ата: Амансыңдар ма, балаларым?
Амансыңдар ма, қыздарым.
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
Шаршап келдім алыстан,
Өздеріңе оралдым.
Бар сыйлығым жоралғым,
Керемет бір ән тыңдап,
Келіп тұр-ау демалғым.
Жүргізуші: Қанеки, балалар, шырша айналып «Аяз-Ата» әнін орындайық.
Аяз-Ата: Жарайсыңдар, балалар. Ал, енді, ойын ойнайық:
1. «Кім тез?»
2. «Гүл жинайық»
Аяз-Ата: Енді мен кішкене демаламын.
Жүргізуші: Ал, балалар, Аяз-Атамызға тақпақтарымызды айтып берейік.
Би «Бұлақтын жаңында»
Би «Көңілді аспасшылар»
Би «Джаз»
Аяз-Ата: Көп рахмат, балалар. Жарайсыңдар!
Аяз-Ата: Рахмет, балалар. Ризамын сендерге. Ал, менің сендерге сыйлықтарым бар.
Аяз-Ата сыйлықтарды таратады да, қоштасады.
Жүргізуші: Көңіл өсіп кеңейсін,
Ортақ ойы, арманы,
Жақсы дәстүр көбейсін!
МЕРЕКЕЛІК ЕРТЕҢГІЛІГІНІҢ СЦЕНАРИІ
Тәрбиеші: Гүлсан Науановна Бостанбаева, Абай бөлімшесі, Абай БМ жанындағы шағын орталық
Тақырыбы: Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!
Жүргізуші:
Жаңа жылың құтты болсын жас ұрпақ,
Келген жылға қарамаңдар тосырқап.
Жаңа жылың құтты болсын, аталар.
Сергек ұрпақ өздеріннен нәр алар.
Жаңа жылың құтты болсын, аналар,
Бүлдіршіндер өздеріңнен нәр алар.
(ортаға балалар шығады).
Жүргізуші:
-Балалар, қараңдаршы, бізге қонақтар келіпті, қане, алдымен амандасып алайық!
Қош келіпсіз, ұстаздар мен апайлар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарында жауқазындай құлпырған,
Біз - алаңсыз балғын шақты балалар!
(Қол ұстасып шыршаны айналып, өлең айтады.)
«Аппақ, аппақ жапалақтап».
Жүргізуші:
- Қане, балалар, осы Жаңа жыл мерекемізде кім жетіспейді?
- Аяз ата мен Ақшақар!
- Ендеше, ортаға Аяз атамен Ақшақарды шақырайық.
(Аяз ата сөздері)
(Балалардың тақпақтары)
1. Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап.
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап.
2. Келді Аяз-атамыз,
Қызыққа әбден батамыз.
Оянды әне, Ақшақар,
Қарсы аламыз баршамыз.
3. Жауды міне қар аппақ,
Айналаның бәрі аппақ,
Жасырыпты жолдарды,
Тегістепті оларды.
4. Қызыл алма шапаны,
Сағындым Аяз-атаны.
Жылдамырақ келсе екен,
Бізге ойыншық берсе екен.
5. Ойна, ойна, ойнайық.
Биле, биле, билейік.
Ән-шашуын мол шашып,
Қызығына тоймайық.
6. Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтар тізілген.
Қандай жақсы шыршамыз,
Ән шырқайық баршамыз.
Ен жарлықты тастайық,
Шырша тойын бастайық.
7. Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады, қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.
Аралайды бақшаны,
Үзілмейді жақсы әні.
Гүлденеді бақшалар,
Жауса, жаусын ақшақар.
8. Әлде қарлы боранды
Тау басына түсті ме?
Аяз-ата оралды,
Ақ тон киіп үстіне.
Ақ қырауға малынған,
Сақалы да, мұрты да.
Аяз-ата сағынған,
Сәлем берді жұртына.
Жүргізуші:
- Қандай әсем шырша, әдемі ойыншықтар, көрдіңдер ме?
- Ал, енді, балалар, Ертегіге баратын уақыт келді. «Шалқан» ертегісін сахналаймыз.
Шамиль - ата, Ерасыл - апа, Дамир - қыз, Айсұлтан - ит, Жеңіс -мысық, Рахат, Нұрболсын, Бақпер - тышқан.
Жүргізуші:
- Келесі кезекті шағын орталық балаларының тақпақтарын қабыл алыңыздар.
1. Жүзімізде күлкі ойнап,
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
2. Жаңа жыл, Жаңа жыл.
Жаңа жылда, жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр.
3. Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
4. Көрікті, бөрікті,
Аяз ата келіпті.
Беріп жатыр таратып,
Алма, анар, өрікті.
5. Қуант бізді таңырқап,
Шамдарыңды жарқырат.
Тастайық,
Жаңа жыл тойын бастайық.
6. Жаңадан тақпақ
Аламыз жаттап.
Жаңа жыл келді,
Жаңа жыл аппақ.
7. Шыршаға бардық,
Әсем ән салдық.
Аяз атадан
Сыйлықтар алдық.
8. Қуантып елді,
Жаңа жыл келді.
Өсетін болдым
Бір жасқа енді.
Жүргізуші:
Алдарынызда шағын орталық балаларынын «Қара жорға» биі. Ду қол шапалақ!!
Жүргізуші:
Келесі ойын-жұмбақ!
Қыста ғана болады,
Ұстасаң - қолың тонады.(қар)
Әсем ою ояды,
Көркем сурет салады.
Суға батпайды,
Отқа жанбайды. (мұз)
Қанттай ұсақ, сүттей ақ.
Не екенін ойлап тап. (қар)
Түнде әйнекке қонады,
Әсем ою ояды. (Аяз)
6. Ең айлакер жануар? (түлкі)
7. Ең қорқақ жануар? (қоян)
8. Балды жақсы көретін аң? (аю)
9. Ең ұзын мойыңды жануар? (керік)
10. Ең ұзақ өмір сүретін жануар? (тасбақа)
Жүргізуші:
Балалар, қараңдаршы, бізге қонақтар келіпті «Ертегі әлемінен» Қасқыр, жеті лақ, ешкі келіпті.
Жүргізуші:
Келесі кезекте шағын орталық балаларынын «Шоқ ұлдар» биі.
Жүргізуші:
Ертегі сахналап,
Ән айтып, би билеп,
Берді бізге балалар.
Қошеметпен қарсы алыңыздар.
«Болашақ» тобының бүлдіршіндерін!
Жүргізуші:
-Аяз ата, сізге сұрақ қоюға бола ма?
Аяз ата: Әрине, қойыңдар!
Балалар: Ал, сыйлық қайда?
(Ақшақар сыйлықтарды әкеледі.)
Жүргізуші:
Міне, біздің мереке де аяқталуға таяп қалды. Қане, балалар ортаға шығыңдар!
Балалар:
Жаңа жыл құтты болсын!
(Аяз ата қоштасады)
Жүргізуші:
Осымен Жаңа жылдық ертегіміз де аяқталды, Жаңа жыл құтты болсын. Бақыт, береке, молшылық әкелсін. Сау болыныздар!
ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕЛІК ЕРТЕҢГІЛІГІНІҢ СЦЕНАРИІ
Тәрбиешілер: Бақыт Сагдатовна Аубакирова, Шарипжанова Мейрамгуль Мырзабековна, Баскөл ауылы, Иманов ат. ЖОББМ жанындағы шағын орталық
Тақырыбы: Жаңа жыл мерекесі.
Жүргізуші: Міне, көптен күткен жаңа жыл босаған аттағалы тұр. Келе жатқан жаңа 2013 жылан жылы әрбір шаңыраққа шаттық пен береке әкелсін. Зор денсаулық, еліміздің жақсы азаматы мен азаматшасы болып өсіндер! Жаңа жыл көп куаныш әкелсін, бүгінгі шырша мерекесі сендерге жақсы әсер қалдырсын, деп тілейміз. Ал, енді, құттықтау сөз мектеп директоры Ш. Т. Қожахановаға беріледі. Құттықтау сөз ата аналарға беріледі.
Бүгінгі біздің мерекеміздің демеушілері - ата аналар.
Жүргізуші: Балалар, біз қандай мерекеге келдік?
Жүргізуші: Қанеки, шеңберге тұрып, шырша әнін орындайық.
Балалар шырша әнін орындайды.
Сахнаға Мыстан кемпір кіріп келеді.
Мыстан: Ой, қандай әдемі, қандай биік шырша. Мына шыршаны алып кетсем қайтеді. Мынау алынбайды ғой өзі, жарайды керек емес. Ой, мынау қандай әдемі қуыршақ, алып кетіп жесем бе? Жарайды керек емессің. Қойшы, жолдан шаршадым, біраз тынығып алайын. (Жерге отырып, сөмкесін ақтарады) Балалар, мынау сынған ойыншық керек пе? Жарайды, мен оны Аяз атаға сыйлаймын. Мен жаңа келе жатсам, мына етікті тауып алдым. Бұл сендердікі емес пе? (Сол кезде ол бала етігін танып қояды.) Өлең айт, сосын аласың. Мен жұмбақ жасырайын, кім шешеді соған сыйлықа кәмпит беремін.
Жұмбақтар:
Қолы жоқ, көзі жоқ, денесі жоқ - сурет салады. (Аяз)
Кеше ғана жерді жапты ақ мақта ,балалр жүр шаңғы теуіп сол жақта. (Қар)
Ой, сендер жаман балаларсындар! Көп білесіңдер! Ал, мен ештеңе де білмеймін. Бірақ мен бір ойын білемін, сендермен бірге ойын ойнасақ қайтеді. Маған үш-төрт ойыншы керек. Ойының шарты - кім шелекке көп кар толтырады, сол жеңді. Жеңілген бала ортаға өз өнерін салады. Жеңіске жеткен балаға сыйлығым бар.
Жүргізуші: Ой, балалар қараңдар, бізге көңілді жылын келді. Бәріміз жыланмен амандасайық.
Жылын: Сәлеметсіңдер ме, балалар! 2013 жылан жылы - менің жылым. Денсаулықтарың мықты болсын, қуаныш көп болсын, балабақшаны босатпандар, ата-аналарыңа қолғанат болындар! Апайларының тілдерін алыңдар, ақылды бала болып өсіндер! Жаңа жыл құтты болсын!
Жүргізуші: Балалар, міне жылан жылын қарсы алдық, енді Аяз ата мен Ақша қарды қарсы алайық! (Балалар Аяз ата мен Ақша қарды ортаға шақырады.)
Аяз ата: Сәлеметсіңдер, балалар! Жаңа жыл құтты болсын! Бүгінгі көңіл-күйлерің жақсы ма? Мен алыстан шаршап келдім, маған дайындаған қандай өнерлерің бар? Қане, ортаға салындар.
Балалар тақпақ, ән-би орындайды.
Ақша қар: Балалар, рахмет, сендер өте жақсы өнер көрсеттіңдер. Қуанатын шақ болсын, дастарханға ақ толсын! Бізге келген жаңа жылда құт-береке, бақ болсын! Аяз ата, енді сиқырлы сандығымызды ашатын уақыт жеткен сияқты, балалар өнерлерін көрсетті, енді сыйлықтарын таратайық. (Сыйлықтар таратылады.)
Аяз ата: Ал, енді, балалар, біз жолға шығайық. Бізді сендер сияқты басқа балалар тосып отыр. Рахмет сендерге! Жаңа жылдарың құтты болсын, сау болындар! (Балалар аяз атаны шығарып салады.)
Жүргізуші: Құрметті балалар, ата-аналар, осымен мерекеміз аяқталды, келгендеріңізге көп рахмет! Сау болыңыздар! Жаңа жыл құтты болсын!
ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕЛІК ЕРТЕҢГІЛІГІНІҢ СЦЕНАРИІ
Дайындағандар: Орынгазиева Дамира Орынгазиевна, Бекмухамбетова Салтанат Койшыбековна, Саты ауылы, «Әйгерім» бөбектер бақшасы
Тақырыбы: Қош келдің, Жаңа жыл!
Өткізілетін күні: 28 желтоқсан
Өткізілетін уақыты: Сағат 1100
Мақсаты: Жаңа жыл мерекесінің маңызын үйрету.
Қатысатындар: Жүргізуші, Аяз ата, Ақшақар, Мыстан кемпір, сиқыршы, аю, қоян, клоун, пират, көбелек, гномдар.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар, «Әйгерім» бақшасының ұжымы мен кішкентай бүлдіршіндеріміз, сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүрегімізден құттықтаймыз! Жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін дейміз.
Балалар әндетіп, қол ұстасып кіреді. Шеңберге тұрады.
Құттықтау сөз Ауыл әкімі Ербол Ғазизұлына беріледі.
Балабақша меңгерушісі Дамира Орынгазиевнаға беріледі.
Ата-ана Ләйла Ерсінқызына беріледі.
Жүргізуші: Балалар, біз барлығымыз жаңа жыл мерекесін тойлауға жиналдық. Бүгін біздің мерекемізге кім келеді?
Балалар : Аяз ата!
Жүргізуші: Дұрыс балалар, ал Аяз ата не әкеледі?
Балалар: Сыйлықтар.
Музыка. Қоян секіріп келеді.
Қоян:(Жанерке) Ой, балалар, мені құтқарыңдаршы. Ол мені жеп қоямын дейді.
Жүргізуші: Кім сені ренжітті, сен кімнен қорқып отырсың?
Қоян: Кім болушы еді – қасқыр! Мен естігенмін, ол жаңа жыл мерекесінде мені қуырып жеймін дейді.
Жүргізуші: Сен бізбен бірге жүр, ешкімнен қорықпа, біз барлығымыз қосылып қасқырдан сені құтқарамыз. Ал қазір бізге қыздар тамаша би дайындады. Бәріміз бірге билейік.
Қоян: Менің де билегім келіп тұр, билесек билейік,
Би «Қарша қыз биі».
Орындайтындар:
Бектұр Айым, Ескалиева Айым, Гросс Диляра, Бектұрлва Жанерке.
Би біткен соң қасқыр келеді. Барлық жерді иіскеп, тістеп.
Жүргізуші: Мынау кім екен?
Қасқыр:(Жарқын) Кім дегенің қалай? Ол ең әдемі, ең батыр, ең мықты, ең шапшаң, ол мен –қасқыр.
Жүргізуші: А.....солай ма? Осында қалай келіп қалдың?
Қасқыр: Мен жай жүрмін, сендердің мерекелеріне әдейлеп келдім. Ал сендер қоянды көрген жоқсыңдар ма?
Жүргізуші: Ал сен оны қайтейін деп едің?
Қасқыр: Жай, менің қарным ашты (қарнын сипайды), ой айтып қойдым ғой.
Жүргізуші: Қасқыр, саған ұят емес пе? Сен неге оны қуалайсың?
Қасқыр: Мен бәрібір оны жеймін.
Қоян: Қасеке, сен мені жеме, менің саған деген мерекеге арналған сыйм бар.
Енді сиқыршы шығады.
Қоян: Сиқыршы, сиқыршы, қане, сиқырыңды көрсет.
Сиқыршы сиқырлап гномдарды шығарады.
Гномдар биі.
Қасқыр: Ой, қоян, сыйлығыңа рахмет, менің көңілім көтеріліп қалды. Мен саған енді тиіспеймін.
Жүргізуші: Балалар, енді Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Сол кезде Айым жүгіріп ортаға таппағын айтады.
Сылдыр-сылдыр қоңырау,
Сыңғырла да, сыңғырла!
Ертегі енді басталсын,
Ақшақар келсін ортаға!
Барығы бірге: Аяз ата мен Ақшақар!
Музыка. Аяз ата мен Ақшақар кіреді.
Өмір гүлім шалғынын
Тілегенім жыл бойы -
Сендердің денсаулықтарың!
Аяз ата: Амансыңдар ма, балақайлар? Мен сендерге асыға келдім, ау! Қарасам бойдарың да өсіп қалыпты ғой.
Жүргізуші: Аяз ата, біздің сізге дайындаған өнеріміз бар.
Аяз ата: Ау, қызым Ақшақар, тыңдап көрейік пе?
Ақшақар: Иә.
Тақпақтар:
1. Жарқын:
Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап.
Жаңа жылда келеді,
Бізге қарай жылыстап.
2. Жанерке:
Өлең де әзір, ән әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір.
Кел, жаңа жыл, біздерге,
Кел, жаңа жыл, жаңа жыл.
3. Диляра:
Көрсін біздей балғынды,
Көңілденсін ол енді.
Шырқатайық ән жырды,
Шырқатайық өлеңді.
4. Санжар:
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады қатады,
Жып–жылтыр боп жатады.
5. Ақназар:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамықа бөлеп алды маңайды.
Барлық балалар:
Жаңа жылмен құттықтаймыз бәріңді,
Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық,
Бәрімізге әкелсін мына арай жыл.
Аяз ата: Балалар өнерлері жақсы екен.
Аяз атадан балалар кеп сыйлықтарын алады.
Жүргізуші: Ал енді, 2012 жылдың балабақша сән үйінің соңғы үлгілерін қарсы алыңыздар!
Қыс мезгілі: Жарқын, Санжар шығады.
Көктем: Айым Бектұр.
Жаз: Ескалиева Айыма.
Күз: Жанерке.
Ақшақар: Аяз ата, балалардың өнерлері қандай тамаша, тағы қандай өнерлерің бар, балалар, біздің көргіміз келіп тұр.
Аяз ата. Иә, Ақшақар, дұрыс айтасың.
Шырша әні.
Жүргізуші: Балалар, бізге қонаққа Маша мен аю келді. Олар да өз өнерлерін көрсеткілері келеді. Қане, көреміз бе?
Балалар: Иә!
Маша мен аюдың өнері – би.
Жүргізуші: Балалар, бізге кімдер келді?
Балалар: Сайқымазақтар!
Өнерлерін көрсетеді.
Жүргізуші: Балалар, бүгінгі мереке сендерге ұнады ма?
Аяз ата: Бізді басқа жақта балалар тосып қалды. Бізге кету керек.
Жүргізуші: Ендеше Аяз ата мен Ақшақарға сау бол айтайық.
Бәрі бірге: Сау бол Аяз ата, Ақшақар! Рахмет!
Жүргізуші: Осымен біздің жаңа жылғы мерекеміз аяқталды.
Бәріне сыйлықтар таратылады.
ЕРТЕҢГІЛІК СЦЕНАРИІ
Тәрбиеші: Ахметова Сандуғаш Боранбаевна, Малайсары ауылы, Малайсары ЖОББМ жанындағы шағын орталық
Тақырыбы: «Күміс қыс»
Ертеңгілік жиын:
-Балалар, бір сәт өзімізді – сыртта, таза ауада тұрғандай елестетейік.
-Айнала қандай?
-Қар қандай?
-Ал мынау мұз ше?
-Ауа қандай?
-Терезелерде не бар?
-Яғни, мұның барлығы қай кезде болады?
(балалардың жауабы)
-Дұрыс айтасыңдар балалар. Міне, қазір қыстың нағыз қақ ортасы. Бұл мезгілді сықырлауық қыс немесе жалтыр қыс деп те атайды. Айнала ақ көрпеге оранып, тап-таза күйге енген.
Ал біз болсақ, қыстан, аяздан қорықпаймыз. Жылы киініп, шанамен сырғанап, шаңғы тебеміз. Бір сәт сабақ оқуға да көңіл бөлеміз. Есептер шығарып, әдемі суреттер де саламыз. Ал енді осы әсерімізді топқа кіріп, орталықтарда жалғастыралық.
Бүгін біздерде үш топ жұмыс жасайды. Ол үшін мына белгілерге назар аударыңыздар: шырша қойылған жер, бұл математика орталығы, ал біздің шырша белгісін таққан балаларымыз осы топқа, аққала орналасқан жер бұл өнер орталығы біздің аққалалар осы орталыққа барып, қысқы көріністі бейнелейді, ал ғылым орталығында бүгін дәрігер апай валеология сабағын өткізіп, біздерге қыс кезінде көп ауырмаудың жолдарын көрсетеді, ертегідегі өзінің ақылсыздығынан жарақат алған қасқырға алғашқы жәрдем жасайды.
Олай болса іске сәт, балалар!
I Ғылым орталығы
Білім беру саласы- Денсаулық.
Бөлімі- Валеология
Тақырыбы: «Аурудың алдын алу»
Мақсаты: Балаларды аурулардың түрлерімен және олардың пайда болу себептерімен таныстыру. Суық тиіп ауратын аурулардың алдын алу жұмыстарының маңыздылығын түсіндіру.
Барысы:
Дәрігер кіреді.
Сәлеметсіздерме, балалар!
Мен бүгін сіздердің деңсаулықтарынды қалай күтетіндеріңізді сұрап, білгелі келдім және өзіммен бірге дәрігердің құрал- жабдықтарын ала келдім. Балалар, кім маған айтады, осы қыста ауырғандарыңыз бар ма?
- Сенің қай жерің аурады?
- Ал сенің ше?
- Менің басым ауырып, жөтелдім және қызуым көтерілді.
- Осы аурулардың бәрі балалар қыс мезгілінде орын алады. Себебі күн суық, аяз, ал біз жеңіл киініп, бас киімсіз немесе қолқапсыз жүрсек, не жалаң қол қар ұстап, мұз жесек міндетті түрде суық тиеді. Қыста сондай-ақ вирусты аурулар да көп болады, соның ең көп тарағаны - тұмау ауруы, ол бізге ауадан немесе ауырған адам түшкіріп, жөтелгенде жұғады.
Тақтадағы суретпен жұмыс.
- Мына суреттен не көріп тұрсыңдар ?
-Яғни бұл балалардың істері дұрыс па? (балалардың жауабы)
- Мұнан қорытынды: егер біз үнемі жуынып, шомылып, тісімізді тазалап жүрсек, деніміз сау болып, ауырмаймыз.
Көп микробтар сумен шайылады, сабыннан қорқады. Ағзамыз шынығу арқылы қауіпті вирус, микробтар мен бактерияларға қарсы тұрады.
Осыған байланысты мен қазір сіздермен доп арқылы бір ойын ойнағалы тұрмын, ойынның аты - «Жақсы- жаман».
Тәрбиеші допты балаға қарай лақтырады да:«тісті тазалау», «алманы жумай жеу», «денені шынықтыру», «көкөніс, жеміс жидектерді көп жеу» т.б сондай сияқты сөздер айтады. Бала оларға «жақсы» немесе «жаман» деп жауап береді.
Енді, балалар, қазір қыс мезгілі болғандықтан жарақат та көп болуы мүмкін, себебі жер тайғақ, мұз, құлап, денемізді жарақаттап алған жағдайларымызда біз не істейміз? (балалардың жауабы)
- Ал қасымызда үлкен адамдар болмаған жағдайда, үй жағдайында біз жарақатты қалай емдер едік. Білгілерің келе ме?
- Олай болса менің ойыма өздерің сүйіп тыңдайтын «Қу түлкі» ертегісі түсіп отыр.
-Түлкі алдымен кімді алдады?
- Не істеді?
- Сонан соң ше?
- Құйрығыңды ойыққа батырып отырсаң балықтар өздері келіп жармасады деді.
(Ертегі желісі бойынша суреттеп көрсету).
Сергіту сәтін орындау.
- Балалар сол қу түлкіге алданған сорлы қасқыр бүгін бізге көмек сұрай келіпті, міне манадан бері бізді тыңдап, тасада отыр, жағдайы тым ауыр, ойыққа қатқан құйрығын әзер жұлып алғанмен, қатты жарақаттаныпты, сол жарақатын мен қазір емдеп, таңайын, ал сендар мұқият қараңдар.
- Алдымен жарақаттанған жерді таза сумен және су оттегісімен жуу керек, жараны йодпен немесе жасыл ерітіндісімен тазалау қажет. Жараға микробтар түсіп, іріндемеу үшін жараны таза дәкемен ораймыз (көрсетеді).
Соңынан 1-2 балаға қайталатып жасатуға болады.
- Ал, енді, балалар, сендердің алдарыңда түрлі тапсырмалар берілген, онда қысқы киімдерді тауып қоршау, дәрігер құралдарын, тазалық құралдарын басқа заттардың арасынан тауып қоршау және жолда жүру ережелерін қаншалықты білетіндеріңді тексеруге тапсырма т. б. берілген. Қане, іске сәт, балалар. Тапсырманы дұрыс орындайды деп сенемін.
Үстел үсті тапсырмалар.
Тапсырма орындалып болғаннан кейін тексеріледі. Мадақтау жүргізіледі.
- Енді, балалар, сабағымыздың соңында өзіміз бұрыннан үйреніп жүрген денсаулық ережелерін тағы да бір қайталайық.
-Тамақты, суды ластама!
- Мезгілінде егіл!
- Ағзаңды шынықтыр!
- Әжетханаға барғаннан соң және тамақтанғаннан кейін қолды жу!
- Жөтелген кезде ауызыңды бет орамалмен бүрке!
- Тырнағыңды тістеме!
- Жеміс- жидекті көп пайдалан!
Жарайсыңдар, балалар! Бүгін сендер өте көп нәрсе үйрендіңдер, үйренгендеріңді көрсете білдіңдер. Сондықтан да мен барлықтарына мына дәуірмендерді беремін! Дендеріңіз сау болсын!
II Математика орталығы
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Тақырыбы: «Геометриялық пішіндер қаласына саяхат»
Алдын-ала жүргізілген жұмыстар: Балаларды техникалық құралдармен - ұялы телефонмен, компьютермен таныстыру. Оларға «компьютерлік бағдарлама», «вирус», «антивирус», «дискге бағдарламаны лақтыру», «хабарларды дискіде сақтау», «электронды пошта» деген ұғымдар жайында түсіндіру.
Мақсаты: 10 сан көлемінде санап, есептер шығара білуге жаттықтыру, сызба бойынша өздіктерінен көріністі құрастыра білу, көзбен шамалау арқылы ұзындықты салыстыра білу, сан құрамын меңгеруді жалғастыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Дидактикалық ойын арқылы заттың кеңістікте орналасу тәртібін білу. Ұлттық валютамыз теңгеге деген құрмет.
Көрнекіліктер: Әдемі түстермен (геометриялық пішіндермен) үй мен жүк машинасының суреті. Кеменің сызбасы, әр түрлі көлемдегі ағаш құрастырмасы (кеме құрастыруға). Ойыншық компьютер, қалта телефоны, жарық шамы.
Үлестірмелі: Түрлі-түсті қағаздан қиылған поезд вагондары, әр түрлі геометриялық пішіндер, көк, және қызыл түсті қағаздар жапсырылған дисклер (әр балаға 2-еу, қызыл, көк) 1, 2 және 5 теңгелердің макеті, жолаушы билеті (қағаздан қиылған) 8-ге дейінгі цифрлар.
Барысы:
Ұялы телефон шырылдайды.
Тәрбиеші телефонмен сөйлеседі.
- Алло! Сәлеметсіз бе! Ия, бұл шағын орталық. Жарайды. Тырысайық (балаларға қарайды).
- Балалар математика Патшайымы хабарласты. Геометриялық Пішіндер қаласында қиын жағдай болыпты – сол қаладағы компьютерлік желіге вирус түсіпті дейді. Компьютерлердің бәрі тұрып қалған, керекті ақпараттарды көрсетпейтін көрінеді. Патшайым соны емдеуімізді сұрайды. Қалай көмектесеміз бе? Оған поезбен баруды ұсынамын. Тезірек олай болса асығайық. Поезд жұргелі тұр. Міне жеттік, ал тез вагондарға орналасайық. Сақ болыңыздар, есік жабылды, поезд жолға шықты.
- Балалар жолда ішіміз пыспас үшін сендермен «Сұрақ-жауап» ойыныны ойналық.
Дидактикалық ойын: «Сұрақ-жауап»
Мақсаты: Балалардың сан, заттың түсі, көрші сандар, оң жақ, сол жақ, ұзын-қысқа т.б. ұғымдармен танысуларын одан әрі жалғастыру.
Көрнекіліктер: Әр баланың алдында әр түрлі ұзындықтағы (ең қысқадан-ең ұзынға дейін) түрлі түсті вагондардың суреті, 1-ден 8-ге дейінгі цифрлар.
-Камила, сен нешінші вагонда келесің? Түсі қандай?
-Арсен, сенің вагоныңның көршілерінің саны нешінші?
-Балалар, Айдана нешінші вагонда келе жатыр?
-Гүлім, Адияның вагонының түсі қандай?
-Наргиза сенің оң жағындағы вагон кімдікі?
-Азамат, ең қысқа вагонда кім отыр? Ол нешінші?
-Мерлан, ең ұзын вагонның түсі қандай? (балалардың жауабы)
Кондуктор кіреді.
-Балалар кондуктор келді, жол ақыларыңды әзірлеңдер. Билет құны – 5 теңге.
Сюжетті-дидактикалық ойын: «Кондуктор»
Мақсаты: Санау, әр түрлі сандардың қосындысынан бір сан құрау, ұлттық валютамыз теңгемен танысуды одан әрі жалғастыру.
Көрнекілік: Әр баланың алдында ұсақ, 1, 2, 5 теңгелік (қағаздан қиылған) салынған әмиян.
Балалар 1, 2 теңгелерден 5 теңге құрап кондукторға береді, кондуктор әр баланың вагонының түсіне сай келетін билет береді.
- Балалар, міне біз соңғы аялдамаға келдік. Бұл көңілді шеберлер қаласы деп аталады. (Тақтаға әр түрлі түсті пішіндерден салынған үй, жүк машинасы ілінген). Олар әр түрлі пішіндерден бір нәрселер құрастырғанды ұнатады. Мұнда көңілді болғанымен біздің уақытымыз жоқ, кетуіміз керек, ал кету үшін кеме керек, себебі енді теңізбен жүземіз. Сондықтан ол кемені құрастыру үшін бізге шебердің көмегі қажет. Шебер бізге кеменің сызбасын қалдырған осы сызбаға қарап, біз кемемізді құрастырамыз.
Балалар сызба бойынша кеме құрастырады.
-Ал енді кемеге міну үшін оған көтерілетін баспалдақ керек.
Логикалық ойын: «Баспалдақ»
Мақсаты: Ұзын-қысқа, 1-ден 8-ге дейін тура санау ұғымдарын бекіту. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Көрнекіліктер: Әр балаға әр түрлі ұзындығы (қысқадан ұзынға дейін), түрлі-түсті құрастыру ағаштары.
Құрастырады.
- Міне, біз кемеге міндік. Енді кемеміз батпаққа батып қалмау үшін қарап отырмай тезірек таяқшалардың көмегімен есептер шығаралық.
Есептер шығару.
- Наргизада 5 ойыншық бар, Адияда да сонша. Барлығы қанша? (10)
- Сырғанақта 5 бала сырғанақ теуіп жүр еді, екеуі кетіп қалды. Нешеуі қалды? (3)
- Қобдишада 6 карандаш жатты, оған Азамат тағы 3 карандаш қосты, барлығы нешеу болды? (9)
- Ол карандаштардың 4-ін Гүлім алды, нешеуі қалды? (5)
Дұрыс! Енді демалуға болады.
Сергіту сәті. (Ортаға барлық орталықтардың балалары жиналады).
«Қыс қызығы» әнінің мәтініне сай қимылдар жасау.
Орнымызға отыралық. Енді, балалар, мен бір ойын ұйымдастырамын. Осы ойынның нәтижесі дұрыс болған жағдайда біз вирусқа қарсы бағдарламаны ойлап табамыз. Сондықтан да мұқият болыңыздар. Алдымызда ілінген сызбаны қараңыздар. Мұнда түрлі-түсті пішіндер салынған және қызыл, көк дискілер бар, яғни ақпараттарды дұрыс орналастыру қажет.
Дидактикалық ойын: «Қызыл, көк дискілер»
Көрнекілік: Әр баланың алдында 2 дискіден (қызыл, көк) тарелкаларда түрлі-түсті геометриялық пішіндер. Сызбаның көмегімен балалар сұраған пішіндерді дискілерге лақтырады.
- Міне біздің геометриялық пішіндер туралы барлық ақпараттарымыз дискеталарда сақталады деп ойлаймыз.
- Балалар, енді сендермен компьютерлік «Лото» ойынын ойнайық, мұның да нәтижесі сәтті болса, вирусты жоюға көп көмегі бар.
Дидактикалық ойын: «Лото»
Мақсаты: Кеңістіктегі бағдарлай ілу шеберліктерін шыңдау.
Көрнекіліктер: Ақ қағаз беті (монитор), көк түсті шеңбер.
- Мониторларыңды алдарыңа жақындатыңдар.
- Шеңберді экранның қақ ортасына қой.
- Енді жоғарғы оң жақ бұрышқа апар, төменгі сол жақ бұрышқа түсір, төменгі оң жақ бұрышқа жеткіз, жоғарғы сол жақ бұрышқа көтер.
- Балалар, жарайсыңдар! Енді мен осы нәтиженің бәрін электрондық пошта арқылы Математика Патшайымына жіберемін. Егер ол біздің жауаптарымызға риза болса, мына шам жану керек, яғни вирус жоғалды деген сөз. Тәрбиеші ойыншық компьютердің көмегімен ақпараттарды жөнелтеді. Шам жанады.(телефон шырылдайды).
-Алло! Ия, рахмет! Бәрі де өте жақсы болды. Мен міндетті түрде жеткізем (балаларға қарап). Математика Патшайымы бәріңізге рахмет айтып жатыр. Мен де сендерге ризамын, қай уақытта да қиналғандарға қол ұшын беретіндеріңізге сенімдімін. Енді үйімізге ұшақпен қайталық. Қане, орнымыздан тұрып қолымызды жоғары көтерелік, енді алдымызға, енді жанымызға, міне біз ұшып келеміз, ал енді қоналық. Міне қондық.
Осы кезде қайтадан кондуктор келеді.
- Балалар! Мен сендердің іс-әрекеттеріңді манадан сырттай бақыладым. Сендердің білімділіктеріңе, тапқырлықтарыңа сүйсіндім. Сондықтан да сендер тегін серуендеуге лайықты деп есептеп, жол ақыларыңды қайтарғым келіп тұр. Оқу құралдарын сатып алыңыздар. Көп рахмет сендерге, алдағы уақытта да көп оқып, үйреніңіздер.
IIІ Өнер орталығы.
Білім беру саласы- Шығармашылық.
Бөлімі: Бейнелеу (Айдардың анасы)
Тақырыбы: «Қысқы пейзаж». (Бейнелеудің дәстүрлі емес түрлерін қолдану)
Мақсаты:
1. Балалардың жыл мезгілдерінің өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуін, түстердің үйлесімділігін сезіну, көркемдік талғамын, ой-қиялын дамыту.
2. Табиғатты аялай, сүйе білуге тәрбиелеу.
3. Суретте дәстүрлі емес әдіспен сала білу шеберліктерін шыңдау.
Қажетті құралдар: әр балаға жеке майшам, альбом беті, поролон қиындысы, ақ және көк түсті майлы бояу (акварель), қол сүртетін шүберек.
Көрнекіліктер: әдемі салынған қысқы көрініс суреті.
Әдіс-тәсілдер: Қыс туралы өлең оқу, суретке қарап отырып әңгімелесу, сурет салу техникасын түсіндіру, өз беттерінше жұмыстану, жеке көмек, талдау, мадақтау.
Оқылатын өлең:
«Суретші қыс». К. Нүсіпов.
Қонақтайды бақтарға
Ақ көбелек, ақ мамық,
Аунап таза ақ қарға
Балалар жүр мақтанып.
Тазартып бар кір шаңын
Қыс өнерін бастады,
Терезеге қыраудан
Сурет салып тастады.
Тәрбиеші қыс туралы өлең оқығаннан кейін оған талдау жасайды.
Енді қысқы орманға саяхатқа баратындарын айтады. Балаларға қыс мезгілінің көрінісі бейнеленген суретті көрсетеді. Балалар сурет желісі бойынша әңгімелейді. Осындай қысқы орманның суретін салуды ұсынады. Орманның ішіндегі үлкен және кіші ағаштардың дұрыс орналасуына көбірек мән береді.
Тәрбиеші балалардың кеңістікті бағдарлау ережесін естеріне түсіреді: алыстағы орналасқан ағаштар бізге кіші, жақындағы ағаштар үлкен болып көрінетіні туралы түсіндіреді. Жұмыстың орындалу ретін көрсетеді.
Алдымен балауыз шамның көмегімен ағаштардың суретін салу (жауып тұрған қарды салуға болады), сонан соң ашық көк түсті бояумен, поролонды жеңіл сүйкей жағу тәсілімен суреттің негізгі фонын береді.
Ең соңымен саусақтарының ұшымен өздері қалған түспен суреттеріне рама: қоршау жасайды.
Жұмыс барысында тәрбиеші қиналған балаларға жеке көмек көрсетеді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің соңында жұмыстарын талдап, ең әдемі салынған суреттерден көрме ұйымдастырады. Белсенді балаларға әдемі қиылған қар ұшқындарын сыйға тартады.
Қорытынды. Барлық орталықтың балалары ортаға жиналып, әр орталықта жасаған жұмыстарының ортаға жинап, орындалған жұмыс нәтижесі туралы әңгімелейді. Тәрбиеші балаларға рахмет айтып, мадақтайды.
Балалар белсенділік орталықтарымен ауысады.
СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕ СЦЕНАРИІ
Тәрбиеші: Ахметова Сандуғаш Боранбаевна, Малайсары ауылы, Малайсары ЖОББМ жанындағы шағын орталық
Тақырыбы: Әкем, шешем және мен
(Отбасылық спорттық мереке)
Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбилеу.
Қажетті құралдар: Ат, доға, су, тырна бейнесі, шығыршық, қаптар, жіптер, жіпке ілінген балықтар, себеттер, бас киім, шәркей, доптар.
Жүргізуші: Қадірменді ата-аналар, балалар, балабақша қызметкерлері! Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай, «Салауатты өмір салтын ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр». Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, парасатты, мәдениетті, дені сау азамат өсіру отбасының, балабақшаның жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян. Балабақшамыздың да негізі мақсаты болашақта жас ұрпақты халқына қалаулы, ата-ананың мақтанышы, дені сау, сымбатты, шыныққан адамгершілігі мол азамат етіп өсіріп тәрбиелеу. Соның бір шарасы “Денсаулық-басты байлық” атты отбасылық сауықтыру сайысына кош келдініздер. Бүгінгі сайысқа “Балбөбек”, ”Айгөлек” топтарының ата-аналары қатысқалы отыр. Сайысқа қатысушы сайыскерлерімізді қол шапалақтап, ортаға шақыралық.
“Балбөбек” тобы :
Ұраны: Біріміз бәріміз үшін,
Бәріміз біріміз үшін,
“Айгөлек” тобы:
Ұраны: Намысты қолдан бермейміз, бермейміз.
Жүргізуші:
Бала өсірген ата-ана,
Бала болып ойнайды,
Бала тәрбиелеген тәрбиеші,
Бала болып ойлайды- деп сайысмызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші:
Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай.
Ер өнері білінбес,
Қоян-қолтық алыспай.
“Ат жарысқа” кезек берелік.
Шарты:
Әр топтан әкесі «атқа» мініп шауып «өзеннен» жүзіп өтіп, «тау» басында тұрған ананы «үңгір» астынан өткізіп, алып шығып, «өзеннен» бірге жүзіп кері мінгесіп келеді.
Жүргізуші:
Қалма жүрттың соңында,
Қажет болса мың атта.
Аздық етер оныңда,
Жету үшін мұратқа.
“Тез адымда” сайысы.
Шарты:
Қолдан тігілген бас пен аяқ киім киіп, (ыңғайсыз) себеттен - себеттке доптар тасу.
Жүргізуші:
Кімдер жүйрік, өнерпаз білеиікші.
Ептісі деп сайыстың жүрейікші.
“Кім епті” сайысы .
Шарты:
А) «Үңгір» астынан өту.
Ә) Жіппен секіру.
Б) Қап киіп, қос аяқпен секіру.
Жүргізуші:
Топ болып біз жүрейік,
Ойнайық та күлейік.
Достық деген тамаша,
Міне тұрмыз жараса!
“Балық аулау” сайысы.
Шарты:
Бастарына тырна бейнесі бар бас киім киіп, шығыршыққа ілінген балықтарды жылдам себетке тасып салу.
Жүргізуші:
Жарқын, шаттық заман болсын,
Отбасымыз аман болсын.
Сыйластық пен бірлік болып,
Әрқашан орта толсын.
(Қортындылау, мадақтау).
«ТОЛАҒАЙ» ОТБАСЫЛЫҚ САЙЫСЫНЫҢ СЦЕНАРИІ
Тәрбиеші: Гүлжанат Ертайқызы Тулкина, Жұмыскер ауылы, Қазан ЖОББМ жанындағы шағын орталық
Мақсаты: 1. Салауатты өмір салтын, спорттық бейімділіктерін балаларға үйрету.
2. Балаларды отбасылық ұйымшылдыққа, ұжымдыққа тәрбиелеу.
3. Спорттық ойындарымен таныстырып, салауаттылыққа тәрбиелеу.
Спорттық эстафеталар қазақ күйімен сайысқа қатысушылар ортаға шақырылып қошеметке ие болып орындарына тұрады.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, балалар және қонақтар. Тәуелсіздігіміздің 21 жылдығына арналған, салауатты өмір салтын дәріптей отырып, ата-аналардың қатысуымен ұйымдастырылып отырған «Толағай» отбасылық сайысына хош келдіңіздер!
Сайысты бастамас бұрын әділқазы алқасымен таныстырып өтейін. Команда екіге бөлінеді, эмблемалары, аттары, болады.Сайыстың мазмұны алты бөлімнен тұрады:
1-бөлім: «Менің жанұям»
2-бөлім: «Кенгуру»
3-бөлім: «Туристар»
4-бөлім: «Маймылдар»
5-бөлім: «Қояндар»
6-бөлім: «Арқан тарту»
Әр команда капитаны ортаға шығып әділқазы алқасына эмблемаларын табыстайды. Әр ойын сайын ойын шарты түсіндіріліп отырады.
1-бөлім: «Менің жанұям»
Командалар өз ұрандарын айтып қарсылас командамен сәлемдесіп, өздерін таныстырады.
2-бөлім: «Кенгуру»
Ойын шарты: Әкесі баласын үлкен доптың үстіне секірте отырып, белгілі жерде тұрған анасының қасына жетіп допты анасына табыстайды. Анасы доптың үстіне секіріп командаға оралып, ойын сол бетімен жалғасады.
3-бөлім: «Туристер»
Ойын шарты: Команда әртүрлі бөгеттерден өту керек. Балалар бір жақта, ата-аналар бір жақта. Ойын ата-аналар балаларын бір жаққа жиыстыру керек, тек бөгеттерден аман-есен өту керек.
Бірінші бөгет: Тау тастың арасынан өту керек, яғни бес рет гиглидің арасынан өту.
Екінші бөгет: Көпірдің астынан өту, жирафтардың астынан өту.
Үшінші бөгет: Жайлау кең дала - матраста домалап екі рет айналу. Баланы алып командаға жүгіріп келу.
4-бөлім: «Маймылдар»
Ойын шарты: Анасы скакалкамен баласы тұрған белгілі жерге дейін секіріп барып, әкесі баласын арқалап командаға келеді. Ойын жалғасады.
5-бөлім: «Қояндар»
Ойын шарты: Анасы себеттен жүгіріп барып сәбізді әкесіне береді, әкесі қаппен секіріп отырып баласына яғни көжегіне табыстап, баласы сәбізді команда қоржынына салады. Ойын жалғасады:
6-бөлім: «Арқан тартыс»
Ойын шарты: Екі команда ата-аналары бөлек, балалар бөлек арқан тартысып күш сынасады.
Жүргізуші: Құрметті сайысқа қатысушы ата-аналар, балалар, сіздер бүгін өз күш-жігерлеріңізді, шымыр шыныққан екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Сіздерге алғысымыз шексіз екенін айта отырып, сөзді әділ қазы алқасына береміз. Әділ қазы алқасы қорытындысын жариялап, жеңімпаздарды атайды. Ата-аналарды алғыс хаттармен марапаттап, командаларға балаларға сыйлықтар табыс етіп тапсыру.
СЦЕНАРИЙ УТРЕННИКА «ПРАЗДНИК УРОЖАЯ»
Воспитатель: Сулейманова Наталья Васильевна, Майтюбекская СОШ, Мини-центр «Балапан» (Средняя группа)
ВЕД: Праздник осени у нас,
И светло и весело!
Вот какие украшенья
Осень здесь развесила!
ВЕД.: Листочки все осенним днем
Красивые такие,
Давайте песенку споем
Про листья золотые…
ПЕСНЯ: «ЛИСТОПАД»
СЦЕНКА «ПРАЗДНИК УРОЖАЯ»
ХЛЕБОРОБЫ: А что, выросло у нас. Вы увидите сейчас.
ДЕТИ: Поглядим, поглядим праздник пригласим.
КОЛОСОК: Я пшеничный колосок,
Тонкой ножкою высок.
На Иртыше рос, золотом.
Посмотрите я какой.
ДЕТИ: Колосок наш дружок,
Становись скорей в кружок.
ОГОРОДНИКИ: А что, выросло у нас. Вы увидите сейчас.
ДЕТИ: Поглядим, поглядим,
И на праздник пригласим.
КАРТОШКА: Я картошка, тошка, тошка,
Я корявая немножко.
Вся испачкана в земле ,
А какая на столе!
ДЕТИ: Ты, картошка, наш дружок,
Становись скорей в кружок.
САДОВОДЫ: А что, в нынешнем году
В нашем выросло в саду?
ДЕТИ: Поглядим, поглядим,
И на праздник пригласим.
ЯБЛОКО: Я круглое, румяное,
Большое, наливное.
Хвалить себя не стану «Я»,
Смотрите «Я» какое.
ДЕТИ: Это – яблоко, дружок,
Становись скорей в кружок.
ВСЕ:Урожай у нас хорош,
В гости всех не позовешь.
Но мы встретимся потом,
Здесь, за праздничным столом.
ПЕСНЯ: «УРОЖАЙНАЯ».
ДЕТИ ЧИТАЮТ СТИХИ:
1. Утром мы во двор идем,
Листья сыплются дождем.
Под ногами шелестят
И летят, летят, летят…
2. Полюбуйтесь, маскарад!
Лес меняет свой наряд,
Снял зеленый, мерит новый-
Желтый, красный и лиловый!
3. Осень золото роняет,
Осень птичек угоняет.
До свиданья, лес и луг,
Мы летим на теплый юг!
4. По полям, садам и селам,
По стране из края в край.
Загорелый и веселый,
Ходит новый урожай.
5. Осень славная пора,
Любит осень детвора.
Сливы, груши, виноград,
Все поспело для ребят.
6. Есть морковка и салат,
Лук на грядке,
Перец сладкий,
И капусты целый ряд.
ВЕД.: Игра –конкурс для родителей и детей: «Перебрать горох и фасоль».
Цель: Учить перебирать горох от фасоли; развивать внимательность, мелкую моторику рук.
7. Убран хлеб и тише стало,
Жарко дышат закрома.
Поле спит - оно устало,
Приближается зима.
Над селом дымки плывут,
Пироги в домах пекут.
Заходите, не стесняйтесь!
Добрым хлебом угощайтесь!
ПЕСНЯ: «К нам в гости пришли».
К нам гости пришли,
Дорогие пришли.
Мы не зря кисель варили,
Пироги пекли.
С капустой пирог,
И с малинкой пирог.
А который без начинки,
Самый вкусный пирог.
А сейчас вдвоем,
Мы с тобой споем.
Вы захлопайте в ладоши,
Мы плясать пойдем.
Ты топни ногой,
Да притопни другой.
Я волчком кружится стану,
А ты так постой.
Наш детский сад,
Дружбой славится.
Приходите в гости чаще,
Если нравится.
ВЕД.: Драматизация сказки «Репка».
ВЕД.: Ой, ребята, это чудо!
Эти яблоки откуда?
Дети: Из репки!
ВЕД.: Вот какая наша репка,
Дарит яблоки всем деткам!
СЦЕНАРИЙ УТРЕННИКА «НОВОГОДНИЕ ЧУДЕСА»
Воспитатель: Сулейманова Наталья Васильевна, Майтюбекская СОШ, Мини-центр «Балапан», средняя группа.
Вед: Внимание! Внимание!
Курносый наш народ!
На праздник наш веселый,
Нас Новый год зовёт!
Снег и лёд, мороз и санки
Дед Мороз с собой принес.
А Снегурочка- краса
Совершает чудеса.
Кто засомневался,
За дверью остался.
Кто не дошел,
Ничего не нашел!
Наш Новогодний утренник начинается.
- Смотрите, сам Дед Мороз со Снегурочкой появляются.
( Звон колокольчиков.Выходят Дед Мороз и Снегурочка.)
Дед Мороз: Э-ге-гей!
Сквозь бураны и метели
Мы на праздник к вам летели.
Дед Мороз я настоящий,
Из густой, дремучей чащи.
Здравствуйте, ребятишки,
Девчонки и мальчишки!
Снегурочка: Здравствуй, ёлка!
Здравствуй, праздник!
Здравствуй, здравствуй, Новый год!
Всё кругом пускай кружится,
Всё кругом пускай поет!
Все скорей сюда спешите,
Собирайтесь в хоровод!
Песня: «Хороводная»
Вед: Что за гостья к нам пришла?
Так нарядна и стройна.
На верху звезда горит,
А на ветках снег блестит.
И до самой до макушки
Вся в игрушках и хлопушках.
Кто же это?
Дети: Ёлка!
Вед: Давайте послушаем стихи про ёлочку.
Миша: Пригласили ёлочку мы на Новый год!
И она сказала, что вечером придёт.
И пришла нарядная,
В блёстках серебра.
Мы плясать под ёлочкой рады до утра.
Жансая: Навестила ёлка, детский сад сегодня,
И проводит с нами
Праздник новогодний.
Хочется ребятам разглядеть игрушки,
Разглядеть всю ёлку, снизу до макушки.
Зульфия : Наша ёлка велика,
Наша ёлка высока,
Выше мамы, выше папы,
Достаёт до потолка.
Руслана: Здравствуй, наша ёлочка!
Здравствуй, Новый год!
Каждый пусть у ёлочки
Спляшет и споёт.
Будем весело плясать,
Будем песни распевать,
Чтобы ёлка захотела
В гости к нам прийти опять.
Песня: «В лесу родилась Елочка»
Вед: Дед Мороз, а наши дети мороза не боятся, попробуй заморозь им руки.
Игра: «Спрячь руки»
(Дети протягивают руки, но как только Дед Мороз подходит, дети прячут руки за спину).
Вед: Стихи про Деда Мороза
Миша: Вот на праздник радостный,
Пришёл к нам Дед Мороз.
Много разных сладостей
Детишкам он принёс.
Мерхат: Все деревья в серебре,
Зайцы пляшут на горе.
На реке, сверкает лёд -
Наступает Новый год!
Песня: «Дед Мороз»
Дед Мороз: Есть ещё игра для вас
Я начну а вы кончайте ,
Хором дружно отвечайте!
Загадки: 1. На дворе снежок идёт,
Скоро праздник … Новый год!
2. Мягко светятся иголки
Хвойный дух идёт от … Ёлки.
3. Ветви слабо шелестят
Бусы яркие … Блестят.
4. И качаются игрушки,
Флаги, звёздочки,… Хлопушки.
5. Белоус и краснонос,
Под ветвями … Дед Мороз.
6. И верхушку украшая,
Там сияет как всегда
Очень яркая большая,
Пятикрылая … Звезда.
Дед Мороз: Ай-да детки, молодцы! Порадовали от души.
Игра: «Кто самый ловкий» (Танцуют вокруг бумажных снежинок, музыка останавливается, собирают снежинки).
Песня: «К нам приходит Новый год».
Хорошо, что каждый год,
К нам приходит Новый год!
Зажигает нашу ёлку и заводит хоровод.
Припев: Если танца будет мало,
Есть у танца поворот,
Мы танцуем все сначала, а потом наоборот.
2. Ну-ка шире, шире круг.
Выходи смелее, друг!
Веселей в ладоши хлопай,
Не жалей сегодня рук.
Припев: тот же.
3. Мы под ёлочкой плясать,
Можем целых три часа.
И нисколько не устанем -
Вот такие чудеса!
Припев: тот же.
Сюрпризный момент: Снеговик привозит снежный ком, на санках (подарки).
Снегурочка: Пусть этот Новый год
Всем людям счастье принесет!
Пусть в каждом доме солнце светит
И будет мир на всей планете!
Ну, а нам уже пора,
До свиданья, детвора!
Дети прощаются с Дедом Морозом и Снегурочкой
НОВОГОДНЯЯ ЛОТОРЕЯ.
Зухра Димяновна Мухамедова,
методист районного
методического кабинета
Новогодняя сказка
Новый год прилетает
На двенадцати оленях,
В золотой колеснице.
И об этом Ветер знает –
Дед Морозу помогает
И летит быстрее птицы.
Новый год вот наступает,
Всех он вместе собирает.
Новогодняя елка нам снится.
Мы будем веселиться до утра,
И заражать весельем всех.
И не забыть нам никогда,
Эту радость, этот смех.
Дед Мороз нас угощает,
Детей сердца покаряет,
И для нас он, как родной.
И нету праздника краше,
Нету празника ярче
На этой земле большой.
ІІ. ОЙЫНДАР, СЕРГІТУЛЕР
Ойын бала үшін – нағыз өмірдің өзі. Егер тәрбиеші ойынды дұрыс ұйымдастырса, балаға ықпал етуге мүмкіндік алады. Балалар ойнай отырып адамдардың белгілі бір әрекеттерін, жеке қасиеттерін, ара-қатынастарын қайталайды. Солайша іс-әрекеттердің жағымдыларына үйренеді.
Ойын түрін дұрыс таңдау маңызы зор. Ойын түрі арқылы тәрбиеші әр баланы зерттеп, балалар бірлестіктерін, құрылып келе жатқан ойын ұжымдарын айқындайды. Белгілі бір топтардың пайдалылығы мен зияндығын көреді, қай бала қай баламен жақсы ойнады, қай балалар бір-бірімен ойнай алмауын ажыратады. Оларды дұрыс ойнауға үйретіп, тәрбиелі, тәртітпі болуларына ықпал жасай алады.
Берілген бөлімде түрлі ойындар жинақталған. Олар тәрбиеленушілердің логикалық ойлауларын, қимыл-қозғалыс координациясын, шапшаңдықтарын, өзара қарым-қатынастарын, ұйымдастырушылық, ұйымшылдық қасиеттерін дамытуға, қазақ халқының салт-дәстүрлерімен, өмір қауіпсіздігінің ережелерімен таныстыруға бағытталған. Сонымен қатар тәрбиешілеріміз күнделікті сабақтарында қолданатын сергітулер ұсынылған.
Ахметова Сандуғаш Боранбаевна
Малайсары ЖОББМ жанындағы
шағын орталық
Малайсары ауылы
4-5 жастағы балаларға арналған қимыл қозғалыс ойындары.
Дене тәрбиесіне арналған эстафеталық ойын
«Өртті сөндіру»
Мақсаты: Икемділіктерін дамытып, кеңістікті бағдарлай білуге үйретіп, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: Су құйылған шелек, қызыл түсті кішкентай кемелер, майонездің бос шелегі, тазик.
Ойын барысы:
Белгілі бір ара қашықтықта балалар сапқа тұрады
Шелекке су толтырады
Су толтырылған шелекті бір-біріне береді
Өрттерді сөндіреді
Өшіріп су құйған бала бөгеттерден өтіп саптың басына барып тұрады.
«Секіртпелі жолдар»
Мақсаты: Балаларды белгі бойынша алға жылжуға, тізені бүгіп аяқ ұшын көтеріп секіруге үйрету, нақтылық пен шыдамдылық танытуға дағдыландыру.
Барысы: Балалар бір дөңнен екінші дөңге секіреді. Іздерді басып, қолдары белде болады
«Торайды тамақтандыр»
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа үйретіп, дәл тигізуге дағдыландыру.
Ойын барысы:
Белгілі бір кедергілерден өтіп
Тунельден тізерлеп өту.
Секіртпеден секіріп өту.
Шелектен доп алып торайдың аузына көздеп лақтыру .
«Кім жылдам?»
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа үйретіп, түстерді ажыратуға, шапшаңдықтарын қалыптастыру.
Ойын барысы: Түрлі-түсті бөтелке қақпақтарын шашып араластыру, «1-2-3, Баста!!!» деген кезде балалар өздеріне керек түсті жинайды, болған бала сапқа тұрады.
«Обручьтермен эстафеталық ойын»
Балалар екі қатарға тұрады. Әр қатардың алдында 2 м жерде обручь жатады.
«Алға» дегенде әр қатардағы бірінші ойыншы алға жүгіріп, обручьті жоғары көтеріп онын ішінен өтіп орнына қойып.
Өз тобына жүгіріп келеді.
Қай топ бірінші келсе сол жеңіске жеткен болып есептелінеді.
Жұптық эстафета «допты беру»
Мақсаты: Жылдам қозғалып, допты дәл қолға беруді, шапшаңдыққа үйрету.
Кұрал-жабдықтар: Доптар, топтардың санына байланысты.
Ойын барысы:
Ойыншылар бір-біріне қарама қарсы жұп жұбымен тұрады. Бір ойыншыда доп. Ойыншылар жүгіріп келе жатып бір біріне допты беріп отыруы тиіс. Эстафеталық ойынды бірінші аяқтаған топ жеңімпаз атанады.
«Балапандар мен мысық»
Бастапқы қозғалыс: Жай жүріс, жүгіру.
Ойынға түсініктеме:
Балалар тәрбиешімен бірге мысыққа жақындап:
Мыс-мыс-мысығым,
Қандай күшті пысығым.
Пеш үстінде ұйықтайды,
Көзін қатты қыспайды.
Балапанды ұстайды?
Мысық: Мяу! деп балаларды қуа жөнеледі.
«Ұшқыштар»
Ойын алаңын төрт бөлікке бөліп, жалаушалар мен белгі қойылады. Жалаушалардың артына балалар қатарға төрт топқпа бөлініп тұрады.
Балалар тік ұшақ жүргізушісі болады «Ұшуға дайындал» деген кезде, балалар қолдарын майыстырып ұшуға дайындалып «бж,бж,бж» ете бастайды. Енді «Ұш!» деген бұйрық берілгенде, қолдарын түзу ұстап ойын алаңын айналып ұшады.
Біраз ұшқаннан кейін «Қонамыз!» деген бұйрық беріледі. Сол кезде ұшқыштар өз орындарына келіп қонады. Қай топ бірінші болып қонғанын тәрбиеші байқайды.
Достарыңызбен бөлісу: |