«Апа! Жіптер байланып қалды!»
Балалардың ішінен апаны таңдап алу. Қалған балалар оралған жіп болады. Апа дүкенге барып келгенше оралған жіп шатасып, байланып оратылады.
Балалар бір бірінің қолдарын босатпай аттап, астынан өтеді, бірақ ойын шартын бұзбай қолдарын үзбейді. Апа дүкеннен келе жатқанда: «Апа! Жіптер байланып қалды!» - деп айтады. Апа жіпті үзіп алмай шешіп, шеңбер жасап шығуы тиіс. Қолды әдейі босатуға болмайды.
Ахметова Сандуғаш Боранбаевна
Малайсары ЖОББМ жанындағы
шағын орталық
Малайсары ауылы
Ізденіс тақырыбы:
«Ойын арқылы балалардың ойлау жүйесі мен тілін дамыту».
Тақырыбы: «Жұлдызды сәт» интеллектуалды ойыны
Мақсаты: балалардың тіл дамыту, айналамен танысу, математика, көркем әдебиет сабақтарынан өткен тақырыптардан сұрақтар беріп, білімдерін тиянақтау.
Құралдар: Интербелсенді тақта, суреттер, жұлдыздыр.
Барысы:
Ұйымдастыру. Жарысқа алты бала қатысады.
Интеллектуалды ойын.
- Балалар, жарысты бастамас бұрын, ойынның шартымен таныстырамын. Ойын 4 турдан тұрады.
1 тур. Тіл дамыту, айналамен танысу, математика сабағынан болады. Барлығы 12 сұрақ берілген. Алты балаға екі сұрақтан келеді.
2 тур. Көркем әдебиет сабағы. Тақтадағы суреттің қай ертегі екенін айтамыз. 2 турдан кейін ұпайы аз екі бала ойыннан шығады.
3 тур. Топтастырылып берілген «Нелер?» деген сұраққа жауап береміз. 3 турдан кейін ұпайы аз екі бала ойыннан шығады.
4 тур. Бұл турда қалған екі балаға логикалық тапсырма беріледі. Қай бала дұрыс жауап берсе, сол бала жеңіске жетеді.
Ескертетін жайт: Сұрақтарға қол көтеріп жауап береміз. (Слайдта барлық сұрақтар жазылып, суреттер көрсетіледі.)
І тур
|
Тіл дамыту
|
Айналамен танысу
|
Математика
|
Бұл қай құс?
(Қарлығаш)
Бұл қай аң? (Аю)
Суреттен нені көріп тұрсың? Түсі қандай?
(Шар. Түсі көк)
|
Суретте адамның қай мүшесі бейнеленген?
(Көз)
Суретте кімді көріп тұрсың?
(Дәрігер)
Мынау қандай ыдыс?
(Шәйнек)
Мынау не? (Ұя)
|
Тақтада неше алмұрт тұр?
(Екі)
Тақтада 4 балапан тұр. Тауық келіп бір балапанды алып кетті. Неше балапан қалды?
(Үш балапан қалды)
Мынау қандай фигура?
(Төртбұрыш)
Мынау не және түсі қандай?
(Жапырақ, түсі жасыл)
Мынау қандай фигура?
(Үшбұрыш)
|
ІІ тур
|
ІІІ тур
|
Барлық суреттер тақтада көрсетіледі
|
Көркем әдебиет
Қай ертегі?
Мақта қыз
Шалқан
Дәуіт пен қарлығаш
Бауырсақ ертегісі
Алтын балық
Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
|
Топтастырып айту. Нелер?
Ыдыстар
Құстар
Аңдар
Жемістер
|
IV тур. Ұпайы көп екі балаға арналған логикалық тапсырмалар.
1. Қайсысы алма? 2. Орамалдың өзіне келетін жамауды қой
Міне, балалар, қазір қолдарыңдағы жұлдыздарыңды санаймыз. Кімнің жұлдызы көп болса, сол бала «Көш басшы» болады. Көш басшы анықталды. Осымен ойынымыз аяқталды.
Ахметова Сандуғаш Боранбаевна
Малайсары ЖОББМ жанындағы
шағын орталық
Малайсары ауылы
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ
Мақсаты:
Балаларға қуаныш әкелу. Ұлттық,тұрмыс, салт –дәстүрі туралы әсерлерін толықтыру. Ептілікті, шапшаңдықты, төзімділікті дамыту. Ұжым мақсат-әрекетіне баулу, назар ықыласын дамыту. Бір-біріне деген құрмен, жеңуге деген ұмтылысты дамыту. Ой-өрісін, жадыңдамытып, әрекет үйлесінін жетілдіру.
Ойын барысы:
Алдаркөсе балаларды жайлауға шақырып, онда жігіттер жарысын өткізіп, ойындар ойнауға шақырады.
"Киіз үй" қимыл – қозғалыс ойыны, 6-7 жастағы мектепалды тобының балалары.
Балалар төрт командаға бөлінеді де, ойыншығы бар орындықтар айналасында шеңбер құрады, орындықта орамал ілулі тұр. Орындық айна қасында музыка ырғағымен айналады да, өлең айтады:
"Күннің көзі жарқырайды, көктем елі шақырады".
Басқа музыка шырқалады, балалар шашылып, әр түрлі би қимылдарын орындайды. Осы кезде ойыншықтар орнын ауыстырады. Музыка үзіледі, балалар өз ойыншықтарына жүгіріп келіп, киіз үй тігеді.
"Нысанаға түс"- "Таяқ-тастау", "Балапандар", "Арқан тарту" ойын-аттаркционы.
Мақсаты: Төзімшілікті, күшті, белсенділікті дамыту, өз әрекетін әріптесінің әрекетімен келістіру дағдысын меңгерту.
Эстафеталар:
"Күміс алу". "Сөре сызығын белгілеу. Алаңға көп күмістер тасталады. Белгі бойынша жігіттер шабысты бастайды. Жігіттер шабысты тоқтатпай, иіліп, күмісті көтереді де әрі қарай шабады. Кегліді айналып, кейін қайтады да эстафетаны береді. Барлық жастағы балалар қатысады.
"Бәйге" (атжарысы). Балалар жұппен сөре сызына тұрады. Бірінші - ат – қолдарын артқа – төмен созады да, екіншісі - салтатшы - оны қолынан ұстайды, осы қалыпта екуі тірек тағанға дейін жүгіреді, оны айналып, кейін қайтады.
Алдаркөсе балаларға бауырсақ әкеледі, балалар шай ішу үшін топтарға кетеді.
Ахметова Сандуғаш Боранбаевна
Малайсары ЖОББМ жанындағы
шағын орталық
Малайсары ауылы
Тақырыбы: Жол тәртібін білейік, аман есен жүрейік
Бастаушы: Балалар бүгін бізде ерекше күн. Біз қазір орманға саяхатқа барамыз. Жол алыс сондықтан, көлікпен баруымыз керек. Мен жұмбақ айтам, соның шешуін тапсаңдар, біз сол көлікпен саяхатқа шығамыз.
Бұл тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Киіп ап төрт дөңгелек дөңгелейді.
Бастаушы: Енді жол ережелерін есімізге түсірейік. Өйткені, жолда түрлі жол белгілері кездеседі.
(кеуделеріне белгі ілген 5 бала ортаға шығады: бағдаршам, ескерту, тыйым, анықтама, көрсеткіш белгілері)
Бағдаршам: Менің атым – Бағдаршам!
Бар әдемі үш көзім,
Алдамаймын, аңғарсаң,
Ақылдымын тіпті өзім.
Ескерту белгісі: Қызыл шеңбер ішінде
Үшбұрыш боп тұрамын
Қателеспес үшін де,
Көз сал маған, шырағым!
Құрар үйде сауықты,
Жолдан аман келсе адам-
Жолда күткен қауіпті
Ескертемін мен оған.
Тыйым салу Болмау үшін қиын күн,
белгісі: Қажеті бар тыйымның.
Қызыл шеңбер ішінен
«Болмайды!» деп бұйырдым.
Тұрады әркез сапта аман-
Сол тыйымды сақтаған.
Тыйым көрсең, тұра қал-
Әрі қарай аттама!
Анықтама Түнде, күндіз, кеште де
белгісі: Жөн сілтеймін жолға сай-
Аңғармайсың ештеңе
Анықтама болмаса.
Ой-шұңқырды алдағы,
Қалай өту керегін,
Жылдамдықты, ал, кәне,
Анық айтып берейін!
Көрсеткіш Жол созылмақ қаншаға,
белгісі: Қайда асхана, монша бар,
Қонақүй бар қай жерде,
Қайда музей, қай көрме...-
Көрсетемін саған дәл,
Не көрсетсем, соған бар!
Арнұр: Шофер біткен бүгінде
Жол тәртібін біледі.
Бағдаршамның түбінде
Ережемен жүреді.
Бастаушы: Ал балалар, қане атобусқа жайғасайық. Ал қозғалдық. Сәт сапар! Біз казір қаланың көшесімен келе жатырмыз. Көше қиылыстарының бәрінде бағдаршам тұр екен. Бағдаршамның қай түсі жанғанда біздің автобусымыз жүру керек?
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ, үш сөзін:
-Тоқта!
-Сақтан!
-Жол ашық!
Жүрме жолға таласып.
Бастаушы: Балалар, жүргізүші неге жүрісін баяулатты?
Асемгуль: Бұл жерде «Абайла» деген белгісі тұр.
Бастаушы: Ол белгінің ішінде неге жануардың суреті тұр?
Мухамбетжан: Бұл «Абайла! Жануарлар!» деген белгі. Жүргізуші байқап жүрмесе, жануарды басып мүмкін.
Бастаушы: Ондай белгіні қалада қай жерлереде көруге болады.
Аида: Мектептердің жанындағы көшеде балалардың суреті салынған белгі тұрады. Көзі көрмейтін зағип адамдар өтетін жерде көзілдіріктің суреті салынған белгі тұрады.
Бастаушы: Ендеше «Жануарлар» деген ескерту белгісі тұрса, біз орманға да келіп қалған болдық қой. Әне, қараңдар, Аю мен Қонжық кетіп бара жатыр.
Көрініс «Аю мен Қонжық»
Аю: Көшеден өтереде әуелі сол жаққа, содан соң оң жағына қарау керек. Әйтпесе, машина басып кетеді.
Қонжық: Жоқ, мен оңға да, солға қараймын. Апай бізге көшеден өткенде тура бағдаршамға қараңдар деген.
Аю: Ақымағым-ау, ормандағы жолда қандай бағдаршам болуы мүмкін? Бағдаршам тек қала көшелерінде болады.
Бастаушы: Біз тоқтап, Қонжыққа бағдаршам жоқ жерде жолдан қалай өту керек екенін түсіндірейік. Қонжық сен бері кел. Бағдаршам жоқ кезде мынадай белгі салынған жерден өту керек. Бұны «Зебра» - яғни, жолақты белгі салынған жер дейді.
Дінмұхаммед: Әуелі жолдан өтерде сол жағыңа қарайсың. Жолдың ортасын келгесін, оң жаққа қараймыз. Бұндай белгі бар жерде машиналар жаяуға жол береді.
Қонжық: Рахмет, енді түсіндім.
Аю: Балалар, қонжығыма көмектескендерің үшін сендерге рахмет! Жолдарың болсын!
Бастаушы: Ал біз әрі қарай кеттік, жол қысқару үшін біз орман ішінде дыбыстарды тыңдап, айналамызға назар аударайық. Қараңдаршы, орман іші қандай әдемі, түрлі гүлдер өскен, құстар сайрап, қөбелектер гүлден гүлге қонады. (Жаралы түлкі мен қоянды көріп қалады.)
Түлкі: Мына қыли қоянның кесірі. Мені велигіне отырғызып, алдымыздан машина шыға келгенде, рульді бура алмай, құлатып тастады.
Қоян: Ой! Суайт! Қалай өтірік
айтасын. Өзің емес пе, «мен күшті-і тебем, мен күшті тебем» деп мақтанып, рульге отырған. Неге маған бале жабасың?
Бастаушы: Жарайды, дауласпаңдар. Кел, автобусқа отыра қойыңдар. Жолда сендерді Айболитке апарамыз. Балалар байқадыңдар ма, мына жерде қандай белгі тұр?
Балалар: «Велосипед тебуге болмайды!»-деген белгі.
Бастаушы: Мына қасқырға не болған, бұл неге жылап келе жатыр? Ау, Қасеке, саған не болған, бетің көгеріп, аяқ-қолың жара болыпты. Біреу ренжітті ме?
Қасқыр: Жоқ, мені кім ренжітуші еді. Бір машина үстіне қой мен ешкі тиеп кетіп бара жатыр екен. Соның біреуін алып қалайыншы деп, машинаның артына жабысып едім, құлап түсіп, аяқ-қолымды жаралап алдым.
Бастаушы: Балалар, жүріп бара жатқан машинаға жабысу дұрыс па? Жарайды, Қасеке, автобусқа кіріп, ана түлкі мен қояның жанына отыр, Айболитке барасың.
Балалар сендер Айболиттің кім екенін білесіңдер ғой?
Айдана: Айболит атамыз, бәрін де емдейді.
Ауырса адамды, аңды да емдейді.
Қадірлі, мейрімді, Айболит атамыз.
Айтыңдар, қанекей, оған кім келмейді.
Бастаушы: Балалар, Айболит атаны қалай табуға болады?
Айболит: Мына қасқырға не болған, бұл неге жылап отыр?
Қасқыр: Айтайын мен сізге шынымды жасырмай,
Жармасып малы бар машина артына
Домалап түстім де,
Шыңғырдым құлындай.
Айболит: Бір сәтке тойып жер мал үшін
Тәртіпті бұзыпсың.
Қарынның қамы үшін міне, енді
Еңіреп тұрғаның ұят-ай,
Аяқты сындырып, басынды жарыпсың.
Аңдар:- Айболит ата, енді «жолда жүру ережесін» үйренеміз.
- Машинаға жабыспайтын боламын.
- Рахмет, Айболит ата.
Дастан: Апай, ана жерде кафе бар екен, міне, белгі тұр.
Бастаушы: Балалар, онда кафеде тамақ ішу үшін бірнеше жұмбақты тамақтар туралы жасырайын:
Үсті тас,асты тас,
Ортасында піскен ас. (нан)
Алыстан қарасам аппақ
Татып қарасам тәтті-ақ (қант)
Айдалада ақ отау,
Аузы,мұрны жоқ отау,
Отыз күнде сол отау,
Айдалада жоқ отау. (жұмыртқа)
Сылдыр сүйық,су емес,
Ішсең сусын қанады,
Ақ болса да қар емес,
Шешуін кім табады? (сүт)
Бастаушы: Балалар, енді бақшаға ораламыз. Қане автобусқа отырайық.
Ән: «Бағдаршам»
(«Байқа! Балалар!» белгісі көрінеді). Мынау қандай белгі, балалар?
Балалар: Бұл «байқа, бұл жермен балалар жүреді» деген белгі.
Бастаушы: міне, біздер бақшаға да келіп қалдық. Саяхат ұнады ма сендерге? Бүкіл саяхат барысында біз сендермен қанша жол ережесін есімізге түсірдік, білімімізді толықтырдық.
Шуақты өміріміз күндей куліп,
Жүректе бүршік атып, гүлдейді үміт,
Арманға сапар тарту мүмкін емес,
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
Ахметова Сандуғаш Боранбаевна
Малайсары ЖОББМ жанындағы
шағын орталық
Малайсары ауылы
Тақырыбы: От - тілсіз жау!
Қатысушылар: 2 бала, 1 бала – сіріңке рөлінде, 1 бала от рөлінде.
Мақсаты: оқушыларға өрт қауіпсіздігі ережесін жетік білудің маңызын ұғындыру. Өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтау арқасында түрлі жазатайым апаттың алдын алуға болатыны туралы түсінік беру.
Ұқыптылыққа, зеріктікке және адамгершілікке тәрбиелеу.
Керекті заттар: Сіріңке қорапшасы, жалын суреті салынған от бейнесі, өрт сөндіруші машинасының макеті, нөл және бір саны жазылған бас киім, от бейнеленген бас киім.
Тәрбиеші:
Өткен аптада, саябакта келе жатып, мен бір сұмдық жағдай болғанын көрдім. Кәдімгі сіріңке, бірақ өте зұлым от жағып, балаларды алдады.
Тәрбиеші:
Саябақта балалар серуендеп жүріп,
Сіріңкені жолықтырды.
Ол балалардан онымен достасуын сұрады.
Сіріңке: Үйім жоқ, тұратын жерім жоқ! (Балалар сіріңкені қолынан ұстап алды)
Сіріңке: Ой, зеріккеннен жынданатын болдым! Менің қалай жынданатынымды көргілерің келе ме? (Балалар кідіріп қалды. Бірақ олар таң қалды)
1-бала: Жағуға болады ма?
2-бала: Жамандықтан құтыла алмайсың?
Сіріңке:
Сендер не, сендер не! Бәрі орнында!
Мен тек жарық болып жарқыраймын!
Ештеңе жоқ, маған сеніңдерші!
Маған жарық жағыңдар!
Тәрбиеші: Балалар – чирк! Міне, мұнда жалын, жамандыққа шалынды.
Маңайдың бәріне жайылды, содан соң айналаның бәріне! Құдай-ау!
Тәрбиеші: 1-бала айқайлап жіберді.
1-бала: Қайтеміз, біз не істеуіміз керек? Жалын қазір бәріне жайылады! Үйге қарай қашайық!
2-бала: Жоқ, біздің қашуымызға болмайды, қаланы қорғауымыз керек! Біз не істедік?
Тәрбиеші: От лаулап жанып барады. Сіріңке болса билеп жүр! Бірақ, балалар саябағындағы, балаларға арналған үйшік жанып кетті!
Тәрбиеші: От қызыл-жасыл-көк, былай қарағанда өте әдемі! Бірақ одан ыстық тарайды, бар болғаны 5 минут жанды.
Тәрбиеші: 1-бала жылап жүр, 2-бала болса үрлеп жүр. Ал от болса маздап жанды. Ол ауаны жақсы көреді. Ол өмір бойы жанып тұруға дайын.
От: Мен аяусызбын және қатігезбін, мені жеңе алмайсыңдар. Балалар, сендер, зеріккен жоқсыңдар ма? Мен сендерге өрт шығарып берейін!
1-бала:Міне, түтін мен жалын қаптады. Не істеу керек? Біз білмейміз?
Тәрбиеші: Қорқынышты?! Оларға кім көмектеседі?
Әрине, бұл – 101 қызмет көрсету!
Нөл: Не айқай? Не жалын?
Қане, бір, тезірек көмекке!
Біз қазір оны жабамыз,
Ол жануын тоқтатады!
(матамен отты жабу)
Тәрбиеші: Бәрі басылды, кенет от қайта жана бастады. Қане, құтқарушылар, асығыңдар! Тезірек отты өшіріңдер!
Бір: Біз саған су шашамыз, сен жануды ойламау үшін сені қазір тез жуып тастаймыз. Жер бетінен алып тастаймыз.
1-бала: От сөнді, бәрі артта қалды, енді бұдан былай сіріңкені алмаймыз!
2-бала: Сен, сіріңкені алмаймыз дейсің-ау. Саябақтағы балалардың үйін құрттың ғой!
1-бала: Сені бұдан былай іске араластырмаймыз, бірақ сен, бұдан былай балаларға жолама!
2-бала: Адамға қызмет ет, Бұдан былай өрт шығарма!
Нөл:
Біз – 101 көмекке асығамыз –
Отты өшіріп,адамдарды құтқарамыз!
Бірақ, іштеріңде тағы кім түсінбей қалды.
Сіріңке – балалар үшін ойыншық емес?!
Бір:
Біз сендерден жауапкершілікті сұраймыз,
Зеріккеннен отпен ойнамаңдар!
Көршілерің біздерді
Тағы шақырып жүрмесін!
1-бала: Ұшқын машинаның моторын от алдырады.
2-бала: Отты тамақ пісіру үшін жағамыз!
Нөл: От пайдалы, бірақ оны бақылау керек.
Бір: Дер кезінде жалынды тоқтату керек!
Урюмова Сайраш Рахадыловна
Малайсары ЖОББМ жанындағы
шағын орталық
Малайсары ауылы
«Қазақ тілін білемін»
(мектепалды даярлық тобында ата-аналармен бірігіп өткізілген сайыс)
Мақсаты: Балалардың қазақ тілі сабағынан игерген білімдерін бекіту. Өзі туралы, өз Отаны туралы әңгімелей білуге баулу. Отансүйгіштік қасиетін қалыптастыру, мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттыру. Эмоционалдық көңіл – күйлерін көтеру. Ата - аналарды бала тәрбиесі мен оқыту мәселесіне тарту және оларға балаларының жетістіктерін көріп, өздерінің бала тәрбиелеудегі тәжірибесін байыту.
Қатысушылар: Балалар және ата - аналар
Жүргізуші: Армысыздар, қадірлі қонақтар, балалар! Сіздерді еліміздің Тәуелсіздік күні - мерекесімен құттықтаймыз. Қазақстанымыздың аспаны ашық, халқымыздың еңсесі жоғары болсын деп тілейміз.
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік,
Ғасырдың тойы болшы, кенеле бер!
Әнұран айтылады
Жүргізуші: - БүгінТәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Қазақ тілін білемін» тақырыбымен өткізілгелі отырған отбасылар сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. Біздің балаларымыз өздерінің ата - аналарымен сайысқа қатысып, өз өнерлерін көрсетпек. Ал, енді сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.
Залға «Елім менің» әнінің әуенімен сайыскерлер кіреді.
Жүргізуші:Ал, қазір қоржының ішінен асықтар таңдап алу арқылы (асықтың түсіне сәйкес, сайыскерлердің қызыл түсті асық - (1 нөмір), көк түсті - (2 нөмір ), сары түсті асық – (3 нөмір), жасыл түсті асық – (4- нөмір), сайыскерлеріміздің реттік нөмірін белгілейміз.
№1 Шувакиндер отбасы
№2 Юренковтар отбасы
№3 Воробьевтар отбасы
№4 Өмірғалиевтер отбасы
Жүргізуші:Біздің сайысымызды бағалап отыратын әділқазылар алқасымен танысайық. (әділқазылар алқасын таныстыру). Енді бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін:
1- кезең «Өзім туралы» (өзін - өзі таныстыру сайысы)
2-кезең «Сен білесің бе?» (анасының баласымен сұхбаты)
3- кезең «Көркем сөз үлгілері» (мәнерлеп оқу, тақпақ )
4- кезең «Ұлттық тағам»
1- кезең «Өзім туралы»
Бала:
Менің аты - жөнім ....
Мен (бес, алты) жастамын.
Менің (ағам, апам, қарындасым,сіңлім, інім) бар.
Ол .... жаста.
Мен «Жігер» балабақшасына барамын.
Мен (сурет салғанды, ән айтқанды, би билегенді) жақсы көремін.
Ата - ана:
Менің аты - жөнім...
Менің отбасым бар.
Отбасында ... адам бар.
Менің мамандығым ....
Менің (ұлым, қызым) .... (билегенді, сурет салғанды, ән айтқанды) ұнатады.
Жүргізуші: әділқазылар алқасы сайыстың 1- кезеңін бағалағанша, «Қазақстан жалауы» әнін орындайық.
(Әділқазылар алқасына сөз кезегі)
Жүргізуші: Балалар, сендер Қазақстан республикасының рәміздерін білесіңдер ме? (Балалардың жауабы) Өте дұрыс балалар, Әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздер - Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл халық бірлігінің белгілері. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті қазір біздің сайыскерлеріміз де мемлекеттік рәміздер туралы толығырақ айтады.
2- кезең «Сен білесің бе?» сұхбат.
Шувакиндер отбасы:
Анасы: Туымыздың түсі қандай?
Бала: Туымыздың түсі – көгілдір.
Анасы: Тудың ортасында не орналасқан?
Бала: Күн.
Анасы: Күннің астында не бар?
Бала: Күннің астында қыран бейнеленген.
Юренковтар отбасы:
Анасы: Туда қандай бейнелер бар.
Бала: Туда ұлттық ою- өрнек бейнеленген.
Анасы: Тудағы бейнелердің түсі қандай?
Бала: Күн, шұғыла, қыран және өрнек алтын түсті.
Анасы: Тудың авторы кім?
Бала: Шәкен Ниязбеков.
Воробьевтар отбасы:
Анасы: Елтаңбамыздың басты белгісі не?
Бала: Елтаңбамыздың басты белгісі - шаңырақ.
Анасы: Шаңырақтың айналасында не бар?
Бала: Уықтар бар.
Анасы: Уықтарды не қоршап тұр.
Бала: Оны пырақтар қоршап тұр
Өмірғалиевтер отбасы:
Анасы: Балам, бүгін не үйреніп келдің?
Бала: Бүгін рәміздер туралы үйрендім.
Анасы: Онда еліміздің рәміздерін айтып берші.
Бала: Олар: ту, елтаңба және әнұран.
Анасы: Ой, жарайсың, балам! Мынаны есте сақта: әрқашан еліміздің рәміздерін құрметтеп жүр.
Анасы: Балам, сен әнұранды жатқа айта аласың ба?
Бала: Ия, бәріміз әнұранды жаттап алдық.
Анасы: Жарайсың балам! Үлкен азамат бол.
Жүргізуші: Балалар, әділ қазылар алқасы сайыстың 2- кезеңін бағалағанша, біз «Зеректер» тобының балаларының «Рәміздер айтысын»тыңдайық.
«Рәміздер айтысы»
Жүргізуші: Бір күні үш дос кім мемлекеттік рәміздерді жақсы біледі деп жарысады. Біреуі елтаңба болып, біреуі елтаңба болып, ал үшіншісі әнұран болып ойнайды.
Ту айтты:
- Мен ең мықтымын. Еліміздің барлық ұйымында желбіреп тұратын менмін. Барлық үлкен жиналыстарда, салтанатты кештерде, мереке - тойларда төрден орын алатын менмін.
Елтаңба болса, былай дейді:
Әрине, ең мықты менмін. Еліміздің барлық мекемелерінің маңдайшасында тұратын менмін. Мен ақша тиындарда, бағалы қағаздарда боламын. Адамдардың төлқұжаттарында мен бармын.Тіпті, шекарадағы бағаналарда тұрып елді қорғаймын.
Сонда әнұран сөзге араласты:
Босқа таласпаңдар. Ең мықты менмін.Барлық үлкен жиындар мен мерекелік кештерді мен бастап беремін мен аяқтаймын.Мен, сөйлеген кезде барлық адам тік тұрып тыңдайды.
Жүргізуші: Үшеуің де дұрыс айтасыңдар. Үшеуің де мықтысыңдар. Үшеуің болмасаңдар, ешбір елдің, ешқандай халықтың қадір - қасиеті болмайды. Ешкім ол елді құрметтемейді.
Жүргізуші: Ал, енді балалар сәл тынығып, сергіп алайық.
Әуенді – қимылды ойын «Қызыл орамал»
(Әділқазылар алқасына сөз кезегі)
Жүргізуші: Балалар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай тіл? Қазақстанда тұратын халықтардың ұлтаралық тілі қандай? (балалардың жауабы) Олай, болса қазір, біздің сайыскерлеріміз мемлекеттік тіл, Отан туралы айтады.
3- кезең: «Көркем сөз үлгілері»
Шувакиндер отбасы: 1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Өйткені қазақ тілі - ең бай, ең сұлу, ең керекті тіл. Осындай елде туып, азамат болғаныма мен өте қуанамын.
2. Қазақ тілім – саялаған нұр бағым,
Қазақ тілім - ана тілім, ардағым.
Сен арқылы жетіп жатыр өмірге,
Жан сырларым, тілегім, бар арманым.
Юренковтар отбасы: 1.Біздің Отанымыз - ең үлкен. Елімізде тоғай, өзен, көл, бау - бақша, қала, ауыл көп. Қазақстан Республикасында көп халық тұрады. Олар - тату. Біз Отанымызды сүйеміз, ардақтаймыз.
2. Қазақ тілі - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім!
Воробьевтар отбасы:
Отан туралы
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен , асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған.
Жаным менің, кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған.
Отан, Отан,
Бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем...
2.Ана тілін бағаласақ қалай біз,
Өзіміздің сондай болмақ бағымыз
Ана тілін кім аялай білмесе,
Анасынан безген ұл!- деп қараңыз.
Өмірғалиевтер отбасы:
1.Ұлттық бейнең тіл болар, 2. Қазақ тілі - өз тілім, ана тілім,
Ұлттық байлық тіл болар. Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Тілін ұмыт қалдырған, Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Басқа тілге құл болар Болашағым, бақытым, дара тілім!
Ана тілің біліп қой,
Бостандығың, теңдігің,
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің
Жүргізуші: Балалар, әділ қазылар алқасы сайыстың 3- кезеңін бағалағанша, біз ойын ойнаймыз.
Ойын «Айгөлек».
Жүргізуші: Ал, қазір «Ақбұлақ» тобының балаларының орындауындағы ән - шашуды қарсы алыңыздар келіпті.
Ән «Ана тілін сүйеміз».
(Әділқазылар алқасына сөз кезегін беру)
4- кезең «Ою ойғанның – ойы ұшқыр»
Жүргізуші: Ал, енді сайыскерлеріміз өздерінің үй тапсырмаларын көрсетеді. Олар ұлттық киім, тұрмыстық заттардағы ою - өрнек туралы айтады.
(Сәукеле, дорба, камзол, сырмақты – қошқар мүйіз, түйе табан, тышқанның ізі, мүйіз оюларымен өрнектеу)
Жүргізуші: Балалар, сайыскерлер дайындалғанша «Ұландар» тобының бүлдіршіндерінің билерін тамашалаңыздар.
«Бүркіт» биі
«Сыр сандық» Жанкүйерлерге сұрақ. (Балалар ою - өрнектердің қазақша атауларын атайды. Ұпай саны қалаған сайыскер тобына қосылады)
Жүргізуші: Сайысымыздың соңғы кезеңі ұлттық тағамдар туралы әңгімелеу.
5- кезең: «Ұлттық тағам» (Үйден жасап, әкелген ұлттық тағамдардың құрамы, дайындау тәсілі туралы әңгімелейді)
Шувакиндер отбасы: Айран.
Юренковалар отбасы: Бауырсақ.
Воробьевтар отбасы: Құрт.
Өмірғалиевтер отбасы: Қазақша жасалған ет.
Жүргізуші: Балалар, әділқазылар алқасы 4- кезеңді бағалағанша, мен сендерді ойын ойнап, сергіп алуға шақырамын.
Ойын: «Күміс алу».
(Әділқазылар алқасына сөз кезегі)
«Алтын бала» кіреді.
«Алтын бала»: Құрметті достар! Сіздерге бақытты балалық шақ тілеймін.
“Мен – қазақпын”Жұбан Молдағалиев
Мен - қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім,күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн тірілген.
Мен - қазақпын, бір биік белеспін мен,
Европа да, Азия да емеспін мен.
Аралықпын, жетінші материктей,
Бірақ барша адаммен тең өстім мен.
Мен - қазақпын, мен баймын,байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске -
Айта бергім келеді, айта бергім!
Жүргізуші: Ал, енді қазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарғанша әнге кезек берейік.
Ән: «Туған жер».
(Әділқазылар алқасына сөз кезегі) Сайыскерлерді марапаттау.
Жүргізуші: Балалар, бізге «Алтын баланың» әкелген сыйлығы бар екен. Сыйлықтарды тарату.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, балалар сайысқа келіп, тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет! Бүгінгі сайысымызға қатысқан ата-аналарымызға, балаларымызға деген алғысымыз шексіз.
Келесі кездескенше сау болыңыздар!
Сара Қапанқызы Естаева
«Балдаурен» балабақшасы
Көктөбе ауылы
Тақырыбы: «Мерекелік ойындар»
Мақсаты: Балалардың бойында қазақ халқының өміріне деген ызығушылықты қалыптастыру, қазақ хылқының ұлттық салт-дәстүрлерін білуге және құрметтеуге үйрету, қазақ билерінің қимылын бекіту, қазақтың ұлттық ойындарын ойнау барысында өздерінің шапшандығы мен батылдығын көрсете білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Көрпеше 10, тақия 10, орамал 10, 2 сандық, асықтар арқан.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар! Бүгін бізде денешынықтыру мерекесі. Бұл мерекені үлкендер де балаларда тойлайды. Әділқазылар біздің ойнымызды бағаласа, қонақтар біз үшін алаңдап, қол соғу арқылы бізді көтеріп отырады. Бүгін бізде жәй ғана жарыс емес үлкен сайыс болады. Балалар ойын қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерімен танысады.
Жаттығу: Күбі пісу, алтыбақан көріністерін көрсету. Балалар екі топқа бөлініп тұрады:
Сәлемдесу
Келіңіздер, келіңіздер,
Тамашаны көріңіздер.
Бізден мықты, бізден күшті,
Кім бар екен білдіңіздер ме?.
«Қайрат» тобынан «Қайсар» тобына жалынды сәлем.
«Қайсар» тобы әрқашан алда.
Ұшақтан да ұшқырмыз,
Желден озған жүйрікпіз.
Жарысуға сендермен,
Келіп тұрған мықтымыз.
Балалар орындарына отырады.
Тәрбиеші жұмбақ жасырады.
Оның түсі қызыл, жасыл, сары,
Кигіз үйдің сәні,
Айналдыра төсеп, отырсаң,
Жанның рахаты (көрпе).
Қимылды ойын: «Көрпе»
Балалар залдың ортасында шығып, әр топтан 5-6 баладан бірінің артына бірі тұрады. Сигнал бойынша олар өз сандықтарының үстінде жиналып тұрған көрпеден бір-бірден алып, шеңбер жасайды. Содан кейін сандықты ашып, қыздар бір-бір орамал, ұлдар тақияны алып бастарына киіп, көрпеге отырады. Екінші сигнал бойынша бәрін керісіше орнына қойып, жинайды. Қай топ бірінші болып аяқтаса солар жеңіске жетеді.
Тәрбиеші: Аулада көктем күлемдеп тұр,
Гүлдер бүршік ата бастады.
Би: «Көктемгі гүлдер»
Тәрбиеші: Біз би тамашалап, демалып қалдық, енді ойнымызды жалғастырайық.
Қимылды ойын: «Ат үйретеміз»
Бірінші топтың екі баласы ат болады. Атты жүгендеген жіптің бір ұшы бос болады. Екінші топтың 2-4 баласы сол аттарды ұстап үйрету керек. Сигнал бойынша балалар атпен оны үйретушілермен ролін ойнап, жіптің ұшынан ұстап алу керек. Қай топ бұл тапсырманы жылдам орындаса, сол жеңіске жетеді.
Қандай ойын ханнан басталады? (Асық)
Қимылды ойын: «Асық»
Тәрбиеші: Келесі ойынымызды біздің күшімізді, алғырлығымызды, батылдығымызды, батырлығымызды көрсетеді.
Қимылды ойын: «Арқан тарту»
(Балалар 3-4 рет күш сынысады). Тәрбиеші бізді тағы бір жаңа ойын күтіп тұр екен.
Қимылды ойын: «Көкпар»
Екі топтан бірдей көлемде балалар шығады. Олар салт атты адамды бейнелейді. Ортада лақтың муляжы. Сигнал бойынша ойыншылар ортадағы лақты жерден іліп алып жөнеледі. Қалғандары оны тартып алуға әрекеттенеді. Қай топтың ойыншысы көкпарды тартып алса сол топ жеңіске жетеді.
Тәрбиеші: Балалар мына үнге құлақ салындаршы, бұлақтың сылдыры сияқты. Қандай тамаша!
Қимылды ойын: «Жылға»
Ойыншылар шыңбер жасап тұрады. Жүргізуші сайланады. Музыка әуенімен жүргізуші шеңбердің ішімен аралап кез келген бір ойыншының жанына келіп, оны ертіп алады. Солай еку, сосын үшеуі, сосын бәрі бірінің артынан бірі тіркеліп, музыка әуенімен жылғаны бейнелейды.
Қорындынды: Жеңген команданы анықтау.
Балалардың бәрін марапаттау!
Жинақтаған Сара Қапанқызы Естаева
«Балдаурен» балабақшасы
Көктөбе ауылы
Сергітулер
Алма баққа барайық
Алма тері алайық
Ен үлкенің, жақсысын
Әжемізге сыйлайық.
Доп домалақ доп ұстап
Домалатып көрейік
Диірмен болып ұн тартып
Дым қалдырмай елейік.
Орнымыздан тұрамыз
Мойнымызды бурамыз
Қолымызды көтеріп
Саусақты ашып жұмамыз.
Біз кішкентай баламыз
Өсіп-өсіп толамыз
Күнге қарап, табынып
Көккке қолды созамыз.
Қанат қағып ұшамыз
Қарлығаштай самғаймыз
Бір отырып, бір тұрып
Жаттығулар жасаймыз.
Астанада бар жаңа үй
Жаңа үйде тұрамыз
Баспалдақтан жүгіріп
Қабаттарды санаймыз
Бір қабат,екі қабат
3,4,-біз пәтердеміз.
Көтеріліп шанырақ
Уықтары шаншылар
Керегелер керіліп
Өрімдей боп өрілер
Бәріміз жүрсек айналып
Кигіз үй боп көрінер.
Асыл сөздің атасы
Ақын болар ұрпақпыз
Өнер-білім еңбеккке
Жақын болар ұрпақпыз
Саусағы майысқан
Шебер болар ұрпақпыз.
Тұла бойы толған күш
Батыр болар ұрпақпыз.
Алтын сары қызыл көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлім деп
Көз тартады атырап
Ой, алақай тамаша!
Шашу шашты жапырақ.
Жайқалады ағаштар,
Бетімізге желеседі
Кіп кішкентай балалар
Үп-үлкен болып өседі.
Біз гүлдерші өсеміз
Жапырағы жайқалған
Сабақтары салалы
Шелмен бірге жайқалған.
Нан қоқымын шашпандар
Жерде жатса баспандар
Теріп алып қастерліп
Торғайларға тастандар.
Алып ата күрегін
Аула қарын күреймін
Апама мен құдықтан
Су әкеліп беремін
Еденді де жуамын
Шан тозанды қуамын.
Бойды сергек тік ұста
Емін-еркін тыныста
Он қолынды соз алға
Қол ұшына қара да
Үшбіріш сыз алада
Сол қол босқа тұрмасын
Шенбер жасап түн басын.
Дөнгелектеп тұрамыз
Керегені құрамыз
Уық болып иіліп
Шаныраққа киіліп
Кигіз үйді құрамыз.
Бас бармақ-әкем
Балаң үйрек-шешем
Ортан терек-ағам
Шылдыр шүмек-әпекем
Кішкене бөбек-мен
Бір үйде нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
Орнымыздан тұрамыз
Мойнымызды бұрамыз
Қолымызды көтеріп
Саусақты ашып жұмамыз
Содан сон қолды түсіріп
Иықты кері жіберіп
Алақанды соғамыз
1,2,3,4.
Жел өрлейді у-у-у
Құйың келіп билейді-зу-зу-зу
Қатты-қатты жел соқты гу-гу-гу,
Жапырақтар қол соқты ду-ду-ду.
Оң қолында бес саусақ
Сол қолында бес саусақ
Беске-беске қосқанда
Болып қалды оң саусақ
Оң аяқта бес башпай
Сол аяқта бес башпай
Беске-беске қосқанда
Болад екен оң башпай.
Апам үшін күнде мен
Отын ағаш жарамың
Су құямын гүлге де
Дүкенге де барамын
Сыпырамын үй ішін
Жуам ыдыс-табақты
Жылай қалса бөбемді
Жұбатамын ойнатып.
Оңға, оңға түзу тұр
Солға,солға түзу тұр
Алға қарай бір адым
Арқа қарай бір адым
Жоғары-төмен қарайық
Орнымызды табайық.
Кане, қайсы алақан
Біз-кішкентай балапан
Аралардын нәрі
Бау-бақшаның сәні
Тік,тік,тік пісте
Қысы-жазы бір түсте
Менің тұрақты мекенің
Сәнді етіп жүремін.
Санаяқ жанаша
Бір, екі, үш!
Желбіре жалауша
Достықта біздің күш.
1 деген де тұрайық,
2,3,4-алақанды соғайық
Оң жаққа бұрылып
Сол жаққа бұрылып
Бір отырып, бір тұрып,
Біз жүгіріп алайық
5 деген де асықпай
Орымызды табайық.
Күзде аспанға қараймын
Қайтқан құсты санаймын
Үш бұрыш боп тұрналар
Көк жүзінде сырғалар
Құстар, құстар келеді
Жерді шуға бөлейді
Көктем келді, деп бізге
Жақсы хабар береді.
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп аламыз
Қалтамызға саламыз.
Ал балалар тұрайық
Бойымызды жазайық
Ағаштарша тербеіп
Кәне, сергіп алайық
Қолымызды созайық
Орнымызды табайық.
Мұз айдында сырғыймыз
Тауда шанғы тебеміз
Қар лақтырып ойнаймыз
Шелекпен су құямыз
Дене осылай орамалмен
Ысқылап сөртеміз.
Жалғыс саусақ тіптті де
Ұстай алмас жіпті де
Екі саусақ бірікті
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды
Жүгіртеді қалымды
Өнерлі екен оң саусақ
Қала салсақ, жол салсақ.
Қане, қанат жазайық
Қарлығашқа ұқсайық
Қарлығаш боп ұшайық
Ұшып-ұшып алайық.
Қазым-қазым қаңқылда
Көлге түсіп саңқылда
Жем берейін жейсің бе?
Кәмпит берсем жейсін бе?
Жоқ-жоқ, жоқ-жоқ
Кәмпит тәтті ас болмас
Арпа менен бидай шаш.
Қанат жаям жалма-жан
Талпынғандай ұшуға
Иіліп кеп қол созам,
Аяғымның ұшына.
Ра-ра –ра Айжан шашынды тара
Жан жағына қараша
У-У-У желбірейді ту
Сен қолынды жу
Ші-ші-ші Менің ағам әнші
Менің апам биші
Ар-ар-ар балам атана бар
Үйге жылдам бар.
Аз-аз-аз қанқылдайды қаз
Келіп қалды жаз
Ыс-ыс-ыс болсын мол ырыс
Ыдысстарды жуыс
Ша-ша-ша жерде жатыр алаша
Алашамда тамаша.
ІІІ. БАЯНДАМАЛАР
Тәрбиешілер мен әдіскерлер білімін толықтыру, тәжірибесін молайту тәсілдерінің бірі – семинарлар өткізу болып табылады. Май ауданы бойынша 2012 жылы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қызмет атқарып жүрген педагогтарымызбен «Мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбие – білім беру үдерісін жоспарлау», «Мектепке дейінгі жастағы балаларға жан-жақты мәдениеттілік тәрбие беру», «Балалардың шығармашылық және көркем эстетикалық қабілеттерін жан-жақты дамыту», «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында этномәдениеттік бағыт бойынша білім беру», «Жас маман – ертегі білікті ұстаз» тақырыптар аясында, 6 семинар өткізілді. Осы семинарларда ұсынылған кей бір баяндамалар берілген бөлімде жинақталған.
Қазіргі кездегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қолданылатын технологиялар
Май ауданының білім бөлімінің
әдістемелік кабинетінің әдіскері
З. Мухамедова
Адам өлшемінің тек екі бағыты ғана бар – даму немесе деградация. Сондықтан, егер білім беру дамуға бағыттамаса, ол деградацияға қызмет етеді.
Г. Драйден
12 жылдық білім беруге көшу үрдісі мектепке дейінгі тәрбие және білім беруді ұйымдастыруға жоғары талап қоюда. Ол өз кезегінде неғұрлым тиімді педагогика-психологиялық әдістер арқылы бұл мәселені шешуге итермелейді. Мектепке дейінгі оқыту, жаңа сапалық деңгейге шығу инновациялық технологияларды әзірлемей мүмкін емес. Педагогикалық инновация, бұл – дамуы, тәрбие мен оқытуды жақсартуға бағытталған, сонымен қоса мақсаттар мен мазмұнды, формалар мен әдістерді жетілдіруге негізделген өзгерістер. Олар ғылыми ізденіс ретіндегі педагогтың келешектегі өздік дамуын талап ететін санасын қалыптастырады. Педагогикалық әрекетті жаңа технологиялырды қолдану негізінде ұйымдастырғанда барлық күш педагогикалық шешімдердің ең тиімдісіне бағытталады (1, 2 - қосымшалар).
Педагогикалық технология ұғымына төмендегілер кіреді:
Концептуалдық негіз.
Оқытудың мазмұндық бөлігі (оқыту материалының мазмұны мен білім берудің міндеттері).
Технологиялық бөлігі (оқу үрдісінің ұйымдастырылуы, оқу әрекетінің формалары мен әдістері, педагог жұмысының формалары мен әдістері, диагностика.
Қазіргі кездегі мектепке дейінгі білім беру жүйесінде қолданылатын технологияларды келесідей бөліп көрсетуге болады:
Дамыта оқыту технологиялары;
Мәселелелік оқыту технологиялары;
Ойын технологиялары;
Альтернативтік технологиялар.
Дамыта оқыту технологиясында балаға қоршаған ортамен қарым-қатынаста болатын жеке-дара субъект ретіндегі рөл беріледі. Бұл қарым-қатынасқа әрекет етудің барлық кезеңдері енеді: мақсат қою, жоспарлау және ұйымдастыру, мақсаттарды іске асыру, әрекет нәтижелерін анализдеу. Дамыта оқыту тұлғаның қасиеттері жиынтығының тұтастығын дамытуға бағытталған. Бұл технология тәрбиешіге өзбетінділікті дамытуға, психикалық жаңа құрылымдардың ішкі үрдістерін қозғалысқа келтіруге мүмкіндік береді.
Генрих Саулович Альшуллер – өнертапқыш, жазушы-фантаст, ТРИЗ технологиясының авторы.
Берілген технологияның бағыттары: шығармашылық әрекетке үйрету, шығармашылық қиялдың әдіс-айлаларымен таныстыру, өнертапқыштық есептерді шығаруға үйрету. Концептуалды жағдайлары: білім – шығармашылық көкейкөзділіктің негізі, құралы; шығармашылық қасиеттер баршаға тән; кез-келген әрекетке үйренуге болатындай, шығармашылыққа да баршаға үйренуге болады.
Мәселелік оқыту мотивацияның ерекше түрі – мәселе қоюды қалыптастырумен негізделген. Сондықтан дидактикалық материалдың мазмұнын дұрыс құрастыруды талап етеді. Ол өз кезегінде мәселелік ситуациялардың тізбегі ретінде берілуі керек.
Қазіргі кезед мәселелік ситуациялардың екі түрін ажыратады: психологиялық және педагогикалық. Біріншісі балалар әрекетіне тиесілі, екіншісі - оқу үрдісін ұйымдастыру болып табылады (4-қосымша).
Ойын технологиялары. Мақсатты бағыттары: дидактикалық: өренің (кругозор) кеңеюі, танымдық қызмет, практикалық қызметте қажетті керекті білім және дағдының қалыптасуы. Тәрбиелеушілік: өзбетінділікке, еркіндікке тәрбиелеу, ынтымақтастыққа, ұжымшылдыққа, коммуникативтілікке тәрбиелеу. Дамытушылық: көңіл бөлуді, есте сақтауды, сөз қорын, ойлауды, салыстыру дағдыларын, сәйкестендіруді, аналогияны таьуды, қиялды, шығармашылық зейіндерді, оқу қызметтің мотивациясын дамыту. Қоғамдандыратын: қоғам құндылықтары мен нормаларына үйрету, қоршаған орта жағдайларына бейімдеу, қарым-қатынасқа үйрету. Концептуалдық жағдайлары: ойын – қиялдағы тұлғаның еркіндігі, бала ойындарының мазмұны ойындардан дамиды, мектепке дейінгі жастың негізгі әрекеті – ойын (3-қосымша).
Денсаулықты сақтау технологиясы – бұл бала мен педагог, бала мен ата-ана, бала мен дәрігер қарым-қатынасының үрдісі кезінде жүзеге асырылатын тәрбиелеу-шынықтырудың, коррекциялық, профилактикалық әрекеттердің тұтас жүйесі. Денсаулықты сақтау технологиясының мақсаты – мектепке дейінгі жастағы балаға денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, салауатты өмір салты бойынша керекті білімділік, біліктіліктерді қалыптастыру, алған білімдерін күнделікті өмірде қолдануға үйрету.
Инновациялық технологиялардың бірі – «Тәй-тәй» технологиясы. Ол дұрыс тамақтану денсаулығының нығаюына, танымдық, қоғамдық және эмоционалдық құзыреттіліктердің қалыптасуына бағытталған. Ол баланың бірегей мүмкіндіктерін ашып, жанұяның балабақша қызметіне араласуына мүмкіндік береді, мәдени құндылықтарды көрсетуге және дамытуға бағытталады. Мемлекетті демократияландыру бағытында берілген технология тиімді технологиялардың бірі болып табылады.
Белсенділік орталықтарындағы тәрбиешінің рөлі. Материалдар мен құралдар арнайы ұйымдастырылған жерлерде қойылады. Олар балалардың оқу мен ойнауға қызығушылығын оятады. Группада келесі орталықтар орналастырылады: сюжетті-рөлдік, құрылыс, әдебиет, өнер, манипуляциялық (әрекет ету), құм мен су, ғылым. Орталықтарда балалар қолдана алатын көптеген материалдар орналасады. Баланың танымдылық әрекетін оятатындай материалдар тәрбиешімен өте ұқыпты таңдалуы керек. Бірнеше бала қолдана алатындай материал болуы шарт және де олар үнемі ауыстырылып отырырылуы қажет. Орталық жұмысын ұйымдастыруда тәрбиеші негізгі рөл атқарады.
Сюжетті-рөлдік орталықтағы тәрбиешінің әрекеті. Бұл орталықта тәрбиеші негізгі рөл ойнайды. Ол балалардың қиялын оятады. Орталыққа келесідей орталықтар енгізілуі мүмкін: үй жануарларын бағу, моделдеу. Ойын кезінде тәрбиеші балаларды бағыттауы керек, бірақ ойынға өзі араласпауы шарт.
Құрылыс орталығы. Бұл орталық балардың назарын өзіне қарататындай ұйымдастырылғаны жөн. Материал көлемі бала жасына байланысты. Оны қосу, азайту, ауыстыру керек. Тәрбиеші балалар әрекетін бақылап, оларды мақтауы керек, мәселелерін шешуге итермелейтін сұрақтар қойып, керекті материалдарды қосуы керек. Ойыншық құрылыстарға жазбалар дайындап, келесі күнге дейін құрастырғандарын бұзбай сақтауға рұқсат беруі қажет.
Көркем әдебиет орталығы. Тәрбиеші балалардың қызығушылықтарын, ұнайтын әрекеттерін, сүйікті ертегілерін айқындап, көрнекі ұйымдастырылған, жастарына сай келетін әдебиеттерді дайындау керек. Тәрбиеші әдебиетьке деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуі қажет. Балалар әңгімелерін тыңдап, лайықты кітаптарды таңдауға көмектеседі. Сонымен қоса бала дамуы жөніндегі жазбалар жасайды.
Өнер орталығы. Тәрбиеші бұл орталықта түрлі материалдарды қолдану арқылы сурет салудың алуан әдістерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Шығармашылық машықтарын, түсті, формаларды сезінулерін дамытады. Түрлі материалдарды араластыруға мүмкіндік береді.
Ғылым орталығы. Балалар зерттеу жұмыстарын жүргізетін орталығы. Тәрбиеші түрлі материалдармен қамтамасыз етеді. Мысалға, буклеттер, энциклопедиялар, суреттер және т. б. Олармен тәжірибелер жүргізуге рұқсат етеді.
Әр орталықта тәрбиеші балаларға өздік жұмыс жасауға мүмкіндік беріп, әрекетіне араласпайды, тек бағыт беріп, бақылау күнделіктерінде жазба жасайды, бала дамуының деңгейін айқыпдап, оның алға қарай жылжуын қадағалайды.
Қорытынды. Педагогикалық технологияларды зерттей келе келесідей тұжырым жасауға болады. Оқу үрдісі өзінің барлық мазмұнымен, ұйымдастырылуымен, педагогтың қызметтік мінездемесімен тек қана баланы біліммен қаруландыруға ғана бағытталмай, сонымен қоса олардың жан-жақты дамуына бағытталған. Көп жылдар бойы мектепке дейінгі білім беру жүйесі балалардың танымдық дамуын қамтамасыз етті. Алайда мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту негізінен бала тұлғасы қасиеттерінің дамуына бағытталған. Бүгінгі таңда негізгі басымдық – бала мен тәрбиешінің тұлғалы-бағытталған әрекеті болып табылады. Баланың жеке-даралығын түсіну, қабылдау, қызығушылықтарын ескеру, шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, эмоционалдық игіліктерін сақтау – міне, осылардың барлығы қазіргі кездегі тәрбиешінің басты міндеттері.
Осылайша, жаңа технологиялларды қодану - тәрбиеші қазіргі заманға сай өзгеріп отыратын әлемде өмір сүруге дайын, денісаулығын сақтай алатын, білімі мен машықтарын көрсете алатын, шығармашылығы кең, ақыл-ой өрісі дамыған, өз ойын сауатты жеткізе алатын, бәсекеге жарамды тұлғаны өсіруге жетелейді.
БАЯНДАМА
Дайындаған: Гульзат Бекмухамбтовна Баянбаева, Көктөбе ауылы, «Балдаурен» балабақшасы
Тақырыбы: Өзіндік ұстанымдағы әдептілік
"Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды". Мұстафа Шоқай
Бүгінгі таңда ХХI ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап, ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу, ұлттық сананы қалыптастыру көкейкесті мәселелердің бірі болып отырғаны анық.Олай болса, ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін
- тәрбиеленушілердің ұлттық сана-сезімін қалыптастыру;
- жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;
- ана тілі мен дінін, тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларын қастерлеу;
- жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру.
"Тәрбие төрт түрлі: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі, һәм құлық тәрбиесі. Егер адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны...
Бала бала болсын дейтін ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын" деген екен. Қай кезде де, қай халықта да ұрпақ тәрбиесіне үлкен мән беріліп, жеткіншек қамын ойламаған жерде ел, халық болашағы туралы айту артық. Жастарға адамшылықтың негізін беру - әр халықтың ғасырлар бойы жасаған ұлттық дәстүр салттары мен халықтың педагогикасына негізделген.
Халық педагогикасы - ұлттық тәрбиеге негізделген.
Отбасындағы дене тәрбиесіндегі мақсаты бала денесін дамыту, денсаулығын нығайту, ағзасын шынықтыру және күнтәртібін дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болды. Сондай-ақ, адам зиялылығының негізі - ақыл ой тәрбиесі деп есептелінеді. Қазақ халқында ерекше құрметтелетін адамшылдық қасиеттің бірі - ар болып есептеледі. Ары бар адамда намыста, әділдікте, адамгершілік пен имандылықта болары сөзсіз.
Әйгілі жазушымыз Мұхтар Әуезовтің "Ел болам десең - бесігіңді түзе" деген сөзінде сан алуан астар бар. Кемеңгеріміздің бұл жерде "бесігіңді түзе" деген сөзді "Ұрпағыңды түзе" деген сөздің баламасы ретінде қолданып отырғанын біреуіміз білсек, екіншіміз аңғара бермеуіміз әбден мүмкін. Ал сол ұрпақты түзу жолға салуға атсалысарлық алғышарттардың бірі - балабақша.
Қазақ халқының салт-дәстүрінің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі аса зор, мәні үлкен. "Баланы жастан" демекші, бүлдіршіндердің санасына халқымыздың тәрбие негізі, асыл қазынасы - салт-дәстүрлерін дұрыс жеткізе білсек, ертеңгі күні олардан зор ұлтжанды қазақ азаматы шығатынына кәміл сенуге болады.
Қазіргі кезде халықтың педагогика элементтерін балабақшаларда тіл дамыту, математика, айналаны қоршаған орта, бейнелеу өнері, дене шынықтыру оқу іс-әрекеттерінде кеңінен қолданудың маңызы артып келеді. Мысалы: математика оқу іс - әрекетінде ақыл-ой қабілетін дамытатын ойындармен, ән-күй сабақтарында түрлі әуендермен, экология оқу іс - әрекетінде табиғи денелерді қолдануды және хайуанаттар дүниесін елестететін ойындармен танысады. Оқушыларды жоғары мәдениетті адам етіп тәрбиелеу сіздер мен- біздің басты міндетіміз.
Ұлттық тәлім тәрбиенің ірге тасын дұрыс қалай білу педагогтар мен ата-аналармен қосылып жүргізген шараларына байланысты болмақ. Өйткені, бірінші ұлттық тәрбиенің ошағы-отбасында, екінші-білім мекемесінде болғандықтан, ата-аналармен бірлесіп жұмыстар өткізіп тұру қажет.
"Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың" демекші, ата дәстүріміздің қалыптаса беруіне отбасы тәрбиесінің ықпалы зор.
Халқымыздың ұлттық құндылықтарын, асыл мұраларымызды өздеріңіздің талмай, қажымай еткен еңбектеріңіздің арқасында дарынды да тәрбиелі балалардың бойына сіңіріп, ұлттық мәдениетімізді әлемдік деңгейдегі мәдениетке жеткізіп сақтауға деген патриоттық сезімді қалыптастыруға бір кісідей ат салысайық.
БАЯНДАМА
Дайындаған: Гульмира Калидоллаевна Жагипарова, Көктөбе ауылы, «Балдаурен» балабақшасы
Тақырыбы: Қазақ отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері
Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері оның халықтық педагогика мұраларының мазмұны мен түрлерінде бейнеленген. Көне заманнан-ақ қазақ халқында жазбаша педагогикалық еңбек жазып қалдырмаса да білгір педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған. Олар өз көзқарастары мен әрекеттерінде белгілі бір дәстүрлі дүниетанымды ұстанып, халықтың мұраттары мен арман тілектеріне сүйеніп отырған.
Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Қазақ отбасында аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу болды. Отбасындағы дене тәрбиесінің мақсаты бала денесін дамыту, денсаулығын нығайту, ағзасын шынықтыру және күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болды.
Қазақ халқы еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күретамыры деп қарастырды. Еңбекке асыл мұрат деңгейінде қарады. Еңбек тәрбиесі деп баланы еңбекке сүйіспеншілікпен, еңбек адамдарына құрметпен қарауға, халық шаруашылығының салаларындағы еңбек түрлеріне баулу, еңбек іс – әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру, болашаққа мамандық таңдауға дайындауды түсінді. Отбасында еңбекке тәрбиелеу, баулу мен кәсіптік бағдар беру баланың қоғамға пайдалы, өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген сапалы көзқарасты тәрбиелеудің, жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады.
Қазақ отбасы баланы қоғамның моральдық нормасын орындауға қатыстыру, олардың тәртіп және мінез құлық тәжірибесін қалыптастыру, Отанға, халқына, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке жауапкершілік сезімін тәрбиелеу арқылы адамгершілікке тәрбиелей білді. Сондай-ақ, қазақ отбасында адам зиялылығының негізі – ақыл-ой тәрбиесі деп есептелінді. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы баланы ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорымен қаруландыру, негізі ойлау операцияларын меңгерту, зиялылық біліктері мен дүниетанымын қалыптастыру міндеттері шешілді.
Тәрбиенің басқа да салаларымен тығыз байланысты тәрбиенің түрі экономикалық тәрбиеге де қазақ халқы ерекше мән берген. Қазақ халқы бала тәрбиелеуде экономикалық тәрбие деген ұғымды пайдалабағанымен, тәрбиенің бұл түрі отбасында мақал, өсиет айту, өнеге көрсету арқылы жүзеге асқан. Мысалы, «Еңбегі қаттының ембегі тәтті», «Еңбек - өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі», «Еңбек – түбі береке», «Үнемшілдік-сараңдық емес», «Ескі киімді баптағаның, жаңа киімді сақтағаның», «Сараң дүниенің малын жыйса да тоймайды» деген мақалдары дәлел бола алады. Бұл ата-бабамыздың экономикалық тәрбиенің негіздері еңбек тәрбиесінде екенін жақсы түсінгенін байқатады. Қазақ отбасында экономикалық тәрбие арқылы айырбас, бөлісу және табыс табу сияқты негізгі экономикалық қатынастарды тәжірибеде меңгеру жүзеге асты.
Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін бөліп қараған. Ұлды мал бағуға, отын шабуға, қолөнер шеберлігіне, мал табуға, отбасын асырауға, ал қыз баланы ас пісіруге, кесте тігуге, өрмек тоқу сияқты үй ішінің ішкі жұмыстарына үйрету арқылы экономикалық тәрбиенің көзі болып табылатын үнемшілдікке, тәуекелшілдікке үндеп, сараңдыққа салынып кетуден жирендіріп отырған.
Қазақ халқының күнделікті кәсібінде, тұрмыс-тіршілігінде төрт-түлік мал бағу, аң аулап кәсіп етуді ұйымдастыруында да экономикалық тәрбиенің нышандары айқын аңғарылады. Мәселен, «Мал өсірсең – қой өсір, өнімі оның көл-көсір» деп қой малының пайдасының зор екенін ұғындырса, ешкінің өсімталдығымен оның да пайдасы көп екендігін: «Есің кетсе ешкі жи, ешкі жи да, есіңді жи» деп нақты ұғымды кеңестер береді. Тіпті, қазақ отбасы балаға ертегі арқылы да экономикалық тәрбие бере білген. Оған: «Мақта қыз бен мысық”, «Ақылды қыз бен тазша», т.с.с. ертегілер мен халық арасында кең тараған Қожанасыр туралы әзіл әңгімелерден де экономикалық құбылыстар мен оларды шешудің тиімді жолдарын аңғарамыз.
«Жеті Жарғы» заңының бір бабы «құн төлеуге арналуы және «судың да сұрауы бар» деген ата-бабаларымызды кім экономикадан хабарсыз болды дер екен. Сол кезеңдегі қазақ теңгелерінің дүниеге келуі оның тек қана сауда айналымы үшін ғана емес, өзінің экономикасын жүргізу жолдарын ерте меңгергендігін де дәлелдейді.
Қазақ халқы экономиканың жана –табыс табу мәнін балаға түсіндіре отырып, оның таза жолмен келгені дұрыс екендігін де ескертіп отырған. Табысқа қабілеттілер, еңбекқорлар ғана жететінін, табыс табу, пайда табудан да үлкен өнер екенін жақсы түсінген. Мәселен, «Артық олжа - басқа еңбек», «Оңай олжа – тұрмас қолға», «Шығын шықпай , кіріс кірмейді», - дейді халық.
Қорыта келгенде, қазақ отбасында экономикалық тәрбие берудің мәні баланы жасынан еңбекті бағалауға, уақытты, ұтымды пайдалануға, үнемшілікке, сараңдыққа салынбауға, ұқыптылыққа, ақша, қаражатқа дұрыс көзқарас қалыптастыру, олардың қалай келетінін немесе табысты да таза еңбекпен жасауға үйрету, тәрбиелеу деуге толық негіз бар. Ал, ата-бабаларымыздың қоршаған ортаны аялауы мен оған деген, ізгі, мейірбан қарым-қатынасын мақтанышпен айтуға тұрады. Себебі олар көшпенді өмір сүргендіктен әркез өздерін табиғаттың бір бөлігіміз деп есептеген. Жер Анаға деген құрмет пен ізет олардың санасында ғасырлар бойы қалыптасқан. Сондықтан, экологиалық нормалардың, ережелердің қажеттілігін жастардың мінез-құлқында тәрбиелеу және экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру әрекеттері қазақ отбасында бала аяғы шығып, апыл-тапыл жүре бастаған кезден-ақ қолға алынған. Мысалы, баланың тұсауын көк шөппен кесудің терең тәрбиелік мәнімен бірге тірі табиғатқа деген көзқарасын білдірген. Қазақ отбасындағы тәрбие құралдарының бірі болып есептелетін тыйым сөздердің мазмұны ата-бабаларымыздың экологиялық тәрбиеге зор мән бергенінің дәлелі болып табылады. Мәселен «суға дәрет сындырма», «көк шөпті жұлма», «отқа түкірме» және т.с.с.
Қазақ халқы адамның сұлулық сезімдерінің тұлға өмірінде зор рөл атқаратынын жете түсінген. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады және өнер деп білген.Қазақ отбасындағы сұлулық тәрбиесінің мақсаты баланы көркемдік пен сұлулықты тануға, оған баға беруге, күнделікті өмірдегі адамның жеке басының, қатынас, үй-жағдай және киім-кешек мәдениетін,сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасуының қалыптастыру және талғампаздыққа тәрбиелеуді көздеді.
Қазақ отбасы тәрбиесінің құралдары дегенде халық ауыз әдебиетін, ұлттық ойындар, айтыс, және шешендік сөздерді, ойын-сауықтарды т.б. айтамыз. Қазақ отбасында жоғарыда аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудағы ежелден қолданып келе жатқан өзіндік әдіс-тәсілдері бар. Олар: балаларға қайрымды, ізгі қатынас жасау, сыйлау адамгершілік сезімдеріне әсер ету, жанама ықпал жасау, құлықтық қолдау, өзіне деген сенімін нығайту, сенім арту, реңіш, наразылық білдіру, тыю, айыптау, бұйыру, еркелікте кінәсін мойындату, түсіндіру, мысал келтіру, үлгі-өнеге, ғибрат айтуды есептейміз.
Қазақ отбасында баланың ерте есеюіне көп көңіл бөлген. Оны жүзеге асыруда олар үлгі-өнеге көрсету, жауапкершілікке арту әдістерін шебер пайдаланған. Баланы ерте жастан-ақ жауапты іс-әрекетке тартып отырған. Мысалы, бес жасында атқа мінгізіп, бәйгеге қосу, қозы баққызу, үлкендердің арасындағы дауды шешу, келіссөз жүргізу т.с.с. істерге бірге ертіп жүрген.
Қазақ отбасы тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктер қатарына жататын әдіс-тәсілдердің бірі бұл-тұспалдап айту арқылы шешендікке баулу. Сонымен қатар тұспалдап сөйлеуді – сыйластықтың керемет бір үлгісі деуге болады, өйткені ол белгілі біреуге қадап, айыбын бетіне басып айтылмайды .
Бала алғаш өзіне еркелетіп, тұспалдап айтылған мазақтамалар арқылы зеректікке, тапқырлыққа жаттықса, өсе келе өзіндік шығармашылық танытатын болған. Ол үшін қазақ отбасында даярлық ерте жастан жүргізілген. Мәселен, үйге қонақ келгенде алдымен қонаққа арнап балаларға өлең, тақпақ, жұмбақ, жаңылтпаш айтқызатын болған.
Сондай-ақ қазақ отбасы тәрбиесінде ғасырлар бойы қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан отбасы мүшелерінің қатынасының маңызы зор. Қазақ халқының отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән жарасымдылықтын бір ұшы олардың жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде деп есептемейміз. Және қазақ отбасындағы бала тәрбиесін ұл тәрбиесі, қыз тәрбиесі деп жеке- жеке мән беріп қарастыруда оның өзіндік ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздысының бірі.
Үлкенді құрметтеу отбасы мүшелерінің бір-бірінің тәрбиесіне жауапкершілік, борыштылық, адамгершілік сезімдерін туғызған.
Қазақ отбасында балаға тілі шығып, анық сөйлей бастаған кезден-ақ, ағайын туысты, нағашы жұртын, ата тегін, руын , ел жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлген. «Жеті атасын білу» заң болған. Ата-бабаларымыз өз тегінің шығу тарихан білуді әр азаматқа парыз деп ұққан. «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» деген аталы сөз содан қалса керек. Баланың өзі шыққан тегін білуі оның азаматтық, елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады деп есептеген. Отбасы мүшелері балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қанақоймаған. Олардың қандай адам болғанын, өнегелерін үлгі етіп отырған. Әрі сол арқылы отбасы шежіресін жалғастыруға баулуды мақсат еткен.
Қазақ отбасының осындай өнегелері жеке бастың мінез-құлқы мен рухани мәдени құндылықтарын қалыптастырудың баспалдақтары болады.
Сонымен қорыта келгенде, отбасы тәрбиесіндегі этникалық мәдени құндылықтары деп төмендегілерді айтуға болады:
Жетілген адам, яғни «Сегіз қырлы, бір сырлы адам» тәрбиелеу.
Отанды, халқын, жерін, елін сүю «Атаның ұлы емес, халықтың ұлын» тәрбиелеу.
Адал, арлы азамат тәрбиелеу, яғни «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы».
Жеті атасын білуге тәрбиелеу. «Жеті атасын білмеген жетесіз».
Отбасы шежіресі мен мұрагерлік (туыстық қарым-қатынас, үш жұрт, отбасындағы кенже ұлдың рөлі). Ата-баба дәстүрін жалғастыру.
БАЯНДАМА
Дайындаған: Гульмира Калидоллаевна Жагипарова, Көктөбе ауылы, «Балдаурен» балабақшасы
Тақырыбы: Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Табиғат – біздің ортақ үйіміз.Табиғатқа деген сыйды жоғалту адамзаттың адамгершілік құндылықтарын жоғалтуға әкеліп соқтырады. Қазіргі уақыттағы әлемдегі экологиялық жағдай адам көзқарасының өзгеруін талап етеді. Өсіп келе жатқан ұрпақта жаңа экологиялық сезім қарастырылуы керек деп санаймыз. Келешекте балалар кім болса да, олар қоршаған ортада рөлдерін бөліп, табиғат заңдылықтары бойынша өз түсініктері болуы керек. Экологиялық тәрбие мен білім беру – қазіргі таңдағы айқын бағыттардың бірі. Экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу неғұрлым ерте басталса, соғұрлым оның болашағы зор болмақ. Баланың сәби кезінен экологиялық мәдениеттілік санасын тәрбиелеу – осы мәселелердің шешілу жолдарының бірі болып табылады. Мектепке дейінгі ұйымдардағы экологиялық тәрбие берудің маңызды міндеті - балаларды табиғаттың әсемдігін көріп түсіне білуге ,тірі табиғатқа қамқор бола білуге үйрету және экология саласы бойынша нақты білім беріп, аймақта қолданылатын ресурстары шектеулі екенін түсіндіру керек. Біз баланы табиғатты пайдаланып қана қоймай, оған қамқор болуға, оны күтіп аялауға үйретуіміз керек.
Экологиялық білім берудің басты міндеттері:
-өсімдіктермен жануарларды күте білу дағдыларын қалыптастыру.
-қоршаған ортада алған әсерлерін жеткізе білу, эмоциялық көңіл-күйлерін басқара білу дағдыларын жетілдіру.
-қоршаған ортаны сүйе, табиғатты қорғай білуді жүйелі түрде жүзеге асыру.
-табиғат пен бала арасындағы оңтайлы қарым-қатынас орнату.
-адамның табиғаттағы тіршілік әрекеті және жеке гигиена жайындағы білімдерді тиімді жолдарымен жеткізу.
Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін мынандай жұмыс түрлерін орындауға болады:
-балалардың экологиялық білімдерін қамтамасыз ететін пәндік-дамытушы ортаны құру.
-«Экологиялық соқпақ», «Қызыл кітап», «Жасыл аймақ», «Дәрілік өсімдіктер» орталығын құру,тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру.
-үлестірмелі материалдар жинақтау (гербарий,суреттер жинағы, табиғат туралы мақал-мәтелдер т.б)
-экологиялық тақырып аясындағы бағдарламаны жүзеге асыра білу жолдарын таба білу,басқа ұйымдастырылған іс-әрекеттерімен сабақтастыру.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері кезінде балаларға табиғат туралы жұмбақтар, мақал-мәтелдер, тыйым сөздер, табиғат туралы ертегілер де оқуға болады.
Жұмбақ.
Қарасаң келбетіне -
Тұмсығы найзағайдай.
Шығарып су бетіне,
Қанатын жайса жай,
Көрінер кемедей
Мұхитта телегей.
-бұл жұмбақтың шешуі не?
-балық
-дұрыс , балықтар қайда тіршілік етеді?
-суда
-иә, олар сусыз тіршілік ете алмайды. Суда өседі. Судан шықса, ауа жетпей қалады. Сол үшін балықтың өсіп-өнуіне жағдай жасау керек.
Біз бүгін «Алтын балықпен» танысамыз.
Балық желбезекпен тыныс алады. Өкпесі жоқ. Құйрығы бұрылу қызметін атқарады. Балық сопақша болады. Олар ұсақ балдырлар, яғни су өсімдіктері мен қоректенеді.
Сергіту сәті: Қане, балалар, тұрамыз,
Бойымызды жазамыз.
Балықтарға ұқсап біз,
Жүзіп-жүзіп аламыз.
Балалар тәрбиешінің жасаған іс-қимылдарын қайталайды.
Тосын сый. ( Есік қағылады. Балықшы атай кіреді. Сәлемдеседі. Өзі балық аулап келе жатқанын айтады.)
-Ата, балалар сізге тақпақ айтып берсек дейді.
Дәмді ететін сорпаңды
Білем таяз ортаңды,
Денесінен басы үлкен,
Ұстап алдым шортанды.
Ең ірісін алыппын,
Өзім соған қарықпын
Атам айтқан осыны,
Қасқыры деп балықтың
Балықшы атай: Бәрекелді, қарақтарым, рахмет! Мен сендерге жұмбақтар жасырайын.
Аузы бар, тілі жоқ.
Терісі бар, жүні жоқ.
Жүрегі бар, ізі жоқ,
Қанаты бар, ұшпайды.
Су астында қыстайды.
(Балық)
Балықшы атай:-Жарайсыңдар, шешуін дұрыс таптыңдар. Мен бүгін сендерге алтын балық ауладым.
Ойын: Кім алтын балықты құрастырады?»
Тәрбиеші: - балалар, мына алтын балықты қалай күтеміз? Ол үшін аквариумды жақсылап жуып, тасын тазалап, балдырын салады. Содан соң бір күн тұрған суды аквариумге құяды, балықты суға жібереді. Аквариумды жарық жерге қойып, тағамын арнайы ЗОО дүкенінен алуы керек.
(Барлық іс-әрекеттерді балалардың қатысуымен жүзеге асыру. Тамақтандыру.)
Осы атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы балаларға қоршаған ортаға саналы, мейірімді көзбен қарауға, табиғат аясында ережелерді сақтауға, дұрыс қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу, туған өлкесінің сұлулығына, табиғат тіршіліктеріне деген сүйіспеншілігін, махаббатын ояту. Мүмкін сонда ғана бүлдіршіндеріміз құмырсқа илеуін бұзбауға, тірі жәндіктерді сақтап, оларды әлсіз тіршілік иесі ретінде аяушылықпен қарап, оларға қамқорлық жасап қол ұшын беруге даяр болар.
БАЯНДАМА
Дайындаған: Оразгуль Болатовна Жумадилова, Көктөбе ауылы, «Балдаурен» балабақшасы
Тақырыбы: Қазақ халқының этномәдениеттік құндылықтарының бірі – ұлттық ойындар
Этномәденидің дамуының бір түрі ол ұлттық ойындар. Қазақтың ұлттық ойындарының қалыптасу кезеңі сонау адамзат баласының жаратылған, демек Қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. Содан бері біздерге жетіп, ойналып жүрген ұлттық ойындарының ішіндегі «Бес тас»,»Асық», «Садақ ату», «Қарашие» сияқтылары шамамен 5000 жылдар бұрын пайда болған. Ұлттық ойындардың қалыптасуы тек балаларға ғана керектігімен дамып қойған жоқ,ересектердің күнделікті тіршіліктегі қозғалысы мен көңіл көтеріп, демалыс уақытын өткізудегі қолданылған еңбектің бір түрі ретінде дамыды.
Қазіргі кезде елімізде болып жатқан өзгерістер мектепке дейінгі мекемелерде біршама жаңалықтар енгізіп отыр. Балабақшада тәрбиелік жұмыстар көптеп жүргізілуде. «Халық айтса қалт айтпайды» демекші тәрбие басын тал бесіктен бастағанның өзі де еліміздің ертеңін ойлаған, яғни атадан балаға жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптарымызды, салт-дәстүрімізді, тілімізді, дінімізді қадірлеу, балаға сәби кезінен қалыптастырған жөн. Ұлттық ойын баланың дамып жетілуіне ,адамгершілік қасиеттерінің артуына, психикасына да тигізетін әсері мол.Ұлттық ойындар арқылы өз халқының тарихын, даму сатысын, әдет-ғұрпын айқындап көруге болады. Балаларға ұлттық ойындарын үйрету арқылы әділдікке, достыққа, сыйластыққа, кішіпейілдікке, яғни адамгершілік қасиеттері де дамиды. Басқа да ойындар сияқты қазақтың ұлттық ойындарындағы бұлжытпай орындауға тиісті тәртібін баланың ойын барысында сақтауы, баланы осы кезден бастап тәртіпке, әдептілікке, әділдікке, жинақылыққа баулиды.
Фольклортанушы Ә. Диваев «Қазақ балаларының ойындары» деген еңбегінде адамның жас ерекшелігін үш топқа бөледі:
1. Өмірге келгеннен бастап жеті жасқа дейінгі бала.
2. Жеті жастан он бес жасқа дейінгі бала.
3. Он бес пен жиырма жас аралығындағы жастар.
Осының негізінде қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырып,бірінші топқа сол жастағыларға лайықты «Санамақ», «Тәй-тәй», «Айгөлек», «Соқыр теке», «Қуырмаш», «Ақ терек- көк терек» т. б. ойындарын, ал одан кейінгі топқа «Тақия тастамақ», «Бәйге», «Көкпар», «Теңге алу», «Қыз қуу» т. б. ойындарын жатқызуға болады.
Мысалы: Мектеп жасына дейінгі балалармен түрлі оқу іс- әрекеті үстінде қолданылатын қазақтың ұлттық ойындарының түрлері. Мектеп жасына дейінгі балалардың этномәдени түсініктерін қалыптастыру үшін әр ұлттың ертегілерімен таныстырудан бастау алады. Әр ұлттың өзіндік бір қалыптасқан түрі ретінде дамиды. Мысалы, көрші ұлт қауымы орыс, өзбек, татар халқының өмір тіршілігімен олардың халық ертегілерімен, ұлттық ойындарымен таныстыруға болады. Мысалы, орыс халық ертегісі «Бауырсақ», «Шұбар тауық», «Жеті лақ» ертегілерімен танысу арқылы сол халықтың өмір тіршілігімен танысады. Сөз қорлары молаяды. Салыстырады,мәселелік ойлар туындайды.
Тіл дамыту сабағында қолданылатын ойын
«Қасқыр қақпан» ойыны.
Ойын барысы: балалар екі топқа бөлініп, үлкен топ «қақпан», екіншісі «қасқырлар» болады.Үлкен топтағы балалар қол ұстасып шеңбер құра жүріп өлең айтады.
Қане, қане, халайық.
Қасқыр қақпан құрайық.
Қане, қақпан берік бол,
Қасқыр, қасқыр, келіп көр, - дегеннен кейін, ұстасқан қолдарын жоғары көтереді. Осы сәтте шетте тұрған қасқырлар шеңбер тасасындағы қой қораға лап қояды. Егер ойын басқарушының «жат» деген сөзінен кейін барлығы қолдарын төмен түсіріп отырып қалса, ортада қалған қасқырлар қақпан тобына қосылады. Ал, өтіп кеткендері ойынды жалғастырады. Сөйтіп, ойын ең соңғы қасқыр қалғанша жалғасады. Ойында қолданылатын өлең жолдары балалардың тілін жаттықтырады, әрі сөзді бірлесіп анық айтуға тәрбиелейді.
Басқа ұлттың мәдениетін, тілін меңгеру үлкен адамға қарағанда балаларға оңай түседі - бұл ақиқат. Балалар есте сақтауға аса көп күш жұмсамайды,олардың қызығушылықтары жоғары, ойына және мінез-құлықтарында әртүрлі стереотиптермен салмақ салынбаған. Сондықтан «жаңа ойынның» шартын оңай қабылдайды. Сауатты және қисынды түрде ұйымдастырылған ойын, үлкен нәтижеге және мақсатқа жеткізеді.
ІҮ. ҚОРЫТЫНДЫ
Республикамыздың жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайы үздіксіз кәсіби білім беру жүйесін жаңарту негізінде мамандардың әлеуетін көтеруді талап етеді. Бұл жағдайда қоғам мен мемлекеттің алдына қойылған міндеттерді шешу үшін кәсіби білігін жетілдіретін, мақсатқа бағытталған, белсенді, басты тұлға – педагог болып табылады.
Барлық нәрсе мектепке дейінгі білім беру ұйымынан басталады. Егер бала балабақшада, шағын орталықта сапалы білім мен дұрыс тәрбие алса, болашақта үлгілі оқушы, үздік студент, қажырлы, еңбекқор маман болуы даусыз. Сондықтан, ең алдымен, тәрбиеші өз жұмысын дұрыс ұйымдастырып, оқыту үрдісінде жаңа технологияларды, қызықты сценарийлерді, ойындарды, мағыналы тәрбие сағаттарын және т. с. с. қолданса, қазіргі заманға сай, өзгеріп отыратын әлемде өмір сүруге дайын, денсаулығын сақтай алатын, білімі мен машықтарын көрсете алатын, шығармашылығы кең, ақыл-ой өрісі дамыған, ойын сауатты жеткізе алатын, бәсекеге жарамды тұлғаны өсіре алатыны сөзсіз.
Ү. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2012 жыл, 27 ақпан. «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»// Казахстанская правда. – 2012 жыл, 28 ақпан. №32 ж.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы. 2010 жыл, 7 желтоқсан. № 1118.
РҚ МЖЖБС 1.001-2009. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы міндетті бңлңм беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Негізгі ережелер.
Жаратылыстану-математика бағыты бойынша оқытылатын пәндердің әдістемелік құралдарын рәсімдеу талаптары / Мұқанова С. Д. «Оқулық» РҒПО, 2012 ж.
Селевко Г. К. Современные образовательные технологии.- Москва. «Народное образование», 1998.
Бабинский Ю. К. Оптимизация учебно-воспитательного процесса. – М.: Просвещение, 1982.
Беспалько В. П. Слагаемые педагогические технологии. – М.: Педагогика, 1989.
Волков И. П. Цель одна – дорог много. Проектирование процессов обучения. – М.: Просвещение, 1990.
Селевко Г. К., Басов А.В. Новое педагогическое мышление: педагогический поиск и экспериментирование. – Ярославль, 1991.
Байкова Л. А., Гребенкина Л.К. Педагогическое мастерство и педагогические технологии. – М.: «Педагогическое общество России», 2000.
Бершадский М. Е., Гузеев. В. В. Дидактические и психологические основания образовательной технологии. – М.: Центр «Педагогический поиск», 2003.
Журнал «Педагогическая техника». №2. Типография НИИ школьных технологий, 2006.
Из опыта работы. Рецензенты: Дмитриенко Е.А., Тасжурекова Ж. Соросовский образовательный центр “Step by Step”. – Алматы, 2002.
1-қосымша
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Мазмұн мен құрылым бойынша
Үйретуші
Тәрбиелеуші
|
Зайырлы
Діни
|
Жалпы білім беретін
Кәсіби
|
Гуманистік
|
Ұйымдастыру формалары бойынша
Жекелей
Топтық
|
Ұжымдық оқыту тәсілі
|
Дифференцияланған оқыту
|
Баламен тіл табысу бойынша
Авторитарлық
|
Тұлғалық-бағытталған
|
Гуманитарлық-тұлғалық
|
Бірігу технологиялары
|
Еркін тәрбиелеу
|
Доминанттық әдісі бойынша
Репродуктивті
Ойын тех-ры
|
Түсіндірмелі-суреттік
Мәселелі-ізденушілік
|
Дамыта оқыту
Шығармашылық
|
Оқушылардың деңгейі бойынша
Жалпылама технологиясы
|
Компенсациялаушы
|
Қиын балалармен жұмыс жасау технологиялары
|
Дарынды балалармен жұмыс жасау технологиялары
|
ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ
ТЕХНОЛОГИИ
По характеру содержания и структуры
Обучающие
Воспитательные
|
Светские
Религиозные
|
Общеобразовательные
Профессиональные
|
Гуманистические
|
По организационным формам
Индивидуальные
Групповые
|
Коллективный способ обучения
|
Дифференцированное обучение
|
По подходу к ребёнку
Авторитарные
|
Личностно-ориентированные
|
Гуманно-личностные
|
Технологии сотрудничества
|
Свободного воспитания
|
По преобладающему (доминирующему) методу
Репродуктивные
Игровые
|
Объяснительно-иллюстративные
Проблемно-поисковые
|
Развивающее обучение
Творческие
|
По категории обучающихся
Массовая технология
|
Компенсирующие
|
Технологии работы с трудными детьми
|
Технологии работы с одарёнными детьми
|
2-қосымша
КЛАССИФИКАЦИЯ ПЕДАГОГИЧЕСКИХ ТЕХНОЛОГИЙ
По уровню применения
Локальные,
модульные,
узкометодические
Общепедагогические
Частнопредметные,
отраслевые
По концепции усвоения
Нейролинг-вистические
Гештальт-технологии
Интериоризаторские
Ассоциативно-рефлекторные
Суггестивные
Бихевиористские
Развивающие
По организационным формам
Дифференцированное обучение
Коллективный способ обучения
Индивидуальные
Групповые
Академические
Клубные
Классно-урочные
Альтернативные
По типу управления познавательной деятельностью
Система
«репетитор»
Система малых групп
Система
«консультант»
Классическое лекционное
Программное
управление
Компьютерное обучение
Обучение по книге
Обучение с помощью ТСО
Эзотерические
Свободного воспитания
Гуманно-
личностные
Дидакто-,
социо-, антропо-, педоцентрические
Технологии сотрудничества
Авторитарные
Личностно-ориентированные
По подходу к ребенку
По категории обучающихся
Технологии работы с одаренными
Виктимологические
Компенсирующие
Продвинутого образования
Массовая
технология
Технологии работы с трудными
3-қосымша
ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ИГРЫ
Педагогические игры
По области деятельности
Психологические
Социальные
Трудовые
Интеллектуальные
Физические
По характеру педагогического процесса
Обучающие;
Тренинговые;
Контролирующие; Обобщающие.
Коммуникативные;
Диагностические;
Профориентационные; Психотехнические.
Репродуктивные
Продуктивные
Творческие
Познавательные
Воспитательные
Развивающие
По игровой методике
Драматизация
Имитационные
Деловые
Ролевые
Сюжетные
Предметные
По предметной области
Физкультурные,
Спортивные,
Военно-прикладные,
Туристические,
Народные
Математические.
Химические, Биологические,
Физические, Экологические
Обществоведческие,
Управленческие,
Экономические, Коммерческие
Трудовые,
Технические,
Производственные
Музыкальные,
Театральные,
Литературные
По игровой среде
Технические,
Со средствами передвижения
Компьютерные,
Телевизионные,
ТСО
Настольные,
Комнатные,
Уличные,
На местности
Без предметов
С Предметами
4-қосымша
ТЕХНОЛОГИЧЕСКАЯ СХЕМА ПРОБЛЕМНОГО ОБУЧЕНИЯ
Решение проблемы
Информация
Новые ЗУН, развитые СУД
Поиск
Проблема
(осознание неизвестного)
В
Помощь
ОСПИТАТЕЛЬ
Анализ
Психологическая
проблемная ситуация
Педагогическая проблемная
ситуация
РЕБЕНОК
5-қосымша
1-сурет. Балабақшада қолданылатын негізгі құжаттар.
6-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |