Рецензенттер: Қанапина С.Ғ



бет5/6
Дата31.01.2018
өлшемі1,03 Mb.
#37110
1   2   3   4   5   6

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: денсаулықтың маңызын айту;

Түсінеді: денсаулық болу үшін не істеу керек екенін біледі;

Қолданады: Спорт сарайында немен шұғылданатыны туралы; ойын ойнайды.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№25
Білім беру саласы: «Қатынас»

Кіші сала: Қоршаған ортамен танысу.

Тақырыбы: «Қорғалжын ұлттық паркі»

Мақсаты: Балаларға Ақмола облысында орналасқан қорықпен таныстыру. «Қорық» деген не? Қорғалжын паркінде өсетін өсімдіктер мен жануарлардың суреттерін пезентация арқылы көрсету. Қызығушылықтарын арттырып, сөздік қорларын молайту. Өсімдіктерді, жануарларды баптауға, қамқор болуға тәрбиелеу. Табиғатты сүйіп, қастерлеуге, мәпелеуге үйрету.

Сөздік жұмыс: қорық,

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

-Табиғат құбылыстарының дыбыстарын тыңдату.

-Балалар, не естіледі?

-Ненің дыбысы деп ойлайсыңдар?


Балалардың жауаптары.

-Күннің күркірегенің, жаңбырдың жауғанын, ағаш бұтақтарының сыбдырын, сылдырап аққан судың...



Ұйымдастырушы ізденісі

-Осы құбылыстардың барлығы табиғат құбылыстарына жатады.

-Табиғатта бізге не ортақ?

Табиғат дегеніміз не?

-Ол бізді қоршаған орта, туған елің, жерің, ауа, күн мен жер, су, өсімдіктер, орман мен андар.

Балалар, сендер қандай өсімдіктер түрлерін білесіңдер?

-Жәндіктердің атын атаңдаршы?

Біздің өлкенің құстарың атаңдаршы?

-Табиғат екі түрге бөлінеді.

Тірі табиғат және өлі табиғат. Тірі табиғатқа- адам, жан-жануарлар, өсімдіктер, жәндіктер, құстар. Себебі: олар көректенеді, ауамен тыныстанады, қозғалады.

Жансыз табиғатқа-тау-тастар, жер, күн, ай, жұлдыздар, су, т.б. жатады.



Зерттеу бөлімі:

-Балалар, барлығымыз мұрнымызды басайық, ауасыз дем аламыз ба?

Енді айнаны қолымызбен ұстап, ауызымызға жақындатайық.

-Біздің денемізде судың бар екенін білдік.

-Қазақ халқы табиғатқа қадір тұтқан. Халық ұғымында табиғат деген қасиетті сөз. Халық өзі қастерлеген жерлерді «Әулие бұлақ», «Әулие ағаш» деп атаған. Аққу, қарлығаш сияқты құстарды жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастамасы, игіліктің иесі деп қастерлеген.

Дидактикалық ойын: «Тірі және өлі табиғат».

«Қарлығаш әулие» аңызын рөлге бөліп ойнау. Көктемде Төле би үйін жықпапты, өйткені шаңырағыңда қарлығаш ұя салған екен.

Жоңғар сарбазы:

Қарлығаш би:



Логикалық ойлау:

Тапсырма №1

Табиғат суретін көрсет.



Тапсырма №2

Өлі табиғат пен тірі табиғаттың суретін анықта.



Тапсырма №3 Табиғаттағы ұқсастығын тап.

Сергіту сәті:

-Ән шырқайық.

«Әр қашан күн сөнбесін».


-Жер ортақ, барлығымыз жер бетінде жүреміз.
-Ауа ортақ, күн ортақ, ай, жұлдыздар.
Өсімдіктерді атайды

-Көбелектер, инелік, маса, қоныздар.

-Қарға, қарлығаш, торғай кептер, т.б.

Балалар қолдарымен мұрындарын басып, айнаны қолдарына алады.

-Оу, кім бар, ел көшкенде неге үйіңді жықпадын сен?

-Еее, шаңырағымабір бейкүнә қарлығаш ұя салды. Ол жер бетін топан су басқан Нұк пайғамбардың кемесін сақтап қалған адам баласын шақпақ болғанда Қызғыштай қоғау құс еді. Осындай киелі құстың ұясын бұзып, балаларын зырлатып тастап кете алмадым. Осыдан кейін «Қарлығаш әулие», «Қарлығаш би» аталған екен.

-Күн, су, жер.

-Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай балалар,

Үп-үлкен боп өседі.


Рефлексивті түзетіші

-Балалар, біз бүгін не туралы әңгімелестік?

Балалардың жауаптары.

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: -Қорғалжын қорығының орналасуы; Өлі және тірі табиғат;

Түсінеді: -Қорықта жануарлар мен өсімдіктер атауын;

Қолданады: Логикалық тапсырмаларды орындау;

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№26

Білім беру саласы: «Қатынас»

Кіші сала: Қоршаған ортамен танысу.

Тақырыбы: «Астана цирк»

Мақсаты: Астанадағы «Астана цирк» ғимаратына балалардың назарын аудару; цирк артистерінің жанрымен таныстыру; балалардың сүйікті клоуны-Мұрат Мутурғановтың өмір жолына таныстыру; өнер сүйетін, шығармашылық сезімдерін арттыру.

Сөздік жұмыс:

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Балалар, бүгін циркке барамыз.

Балалар қуанады.

Ұйымдастырушы ізденісі

Мынау әсем ғимарат – Астана цирк .Осында тамаша ойындар көрсетіледі.

Осы Астана циркте Мұрат Мутурғанов жұмыс істейді.

Ол артист – сүйікті балалардың клоуны.

Сурет жұмыс

Клоун баламен ойын ойнайды.

Ойын: «Теңге жинау»

Шарты: Жерге шашылған тиындарды ауызға салмай тиісті ыдысқа жинау.

Осы кезде балалардың құлақтарының, қалталарының картынан сиқыр жасап, шариктер шығарады.

-Домала шарик, домала,

Балшыққа тек жолама.

Жек көремін оныңды,

Бүлдіресің қолымды.

Секіріп өт жолдан да.

Қуса күшік жетпесін,

Машина басып кетпесін.

Ойын: «Үкі».

Шарты: Үкіні таңдап аламыз, ол ұйықтап отырады. Балалар жанында ойнап жүреді. «Түн» деген кезде үкі оянып, ұшады. Үкі ұшқан кезде балалар бір орында қимылсыз тұрып қалуы керек.

Цирк туралы презентация қосылады, балалар назарларан аударады.


Мурат Мұтырғановтың порттреті ілінеді.

Балалар қызығушылықпен

Ойнайды.
Балалар көрген сиқырларға таң қалады.

Ойынды шарты бойынша ойнайды.


Қызығушылықпен ойнайды.

Рефлекситі түзеуші

-Балалар бүгін біз сендермен қайда болдық?

-Циркте сендерге ұнады ма?


-Циркте болдық.


-Ия, өте қатты ұнады.

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады:-Астана циркінде әр түрлі жанр түрлерімен, артістермен таныстыру;

Түсінеді: -циркте балаларға арналған әр түрлі бағдарламалар болатынын

Қолданады: -ойын шартын орындайды;

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№27
Білім беру саласы: «Қатынас»

Кіші сала: Қоршаған ортамен танысу.

Тақырыбы: «Айдын Аймбетов- үшінші қазақ ғарышкері»

Мақсаты: Қазақстан Республикасының үшінші ғарышкерімен, оның өмір жолымен балаларды таныстыру; Қазақстанның алғашқы ғарышкерлерінің портреттерін көрсетіп айтып кету. Балалардың шығармашылығын дамыту үшін, олармен бірге «ракета» құрастыру. Қол маторикасын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.



Сөздік жұмыс: ғарыш, ғарышкер, зымыран, Байқоңыр.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

-Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, тыңдаңдар.

-Аспанда бір алып құс,

Ызғып ұшып барады.

Қарап тұрсаң ғажайып,

Соңында із қалады.

-Ол не?


Балалар жұмбақты мұқият тындайды.
-Зымыран.

Ұйымдастырушылық ізденісі

-Балалар, біздің тұратын жеріміз Жер планетасы деп аталады. Мынау -зымыран. Аспан-ғарыш әлемі. Зымыран – ғарышкерлер аспан әлеміне, ғарышқа ұшуға қажет. Зымыран ұшатын орынды «ғарыш айлағы» деп атайды.

Ғарыш айлағы біздің Қазақстанда Байқоңыр өңірінде орналасқан.12- сәуір дүниежүзілік ғарышкерлер күні. Ғарышқа бірінші ұшқан Ресей азаматы Юрий Гагарин. Ал, Қазақстанда ең алған ғарышқа ұшқан Тоқтар Әубакіров, екінші- Талғат Мұсабаев, ал үшінші ғарышкер-Айдын Айымбетов. 2 қыркүйек 2015 ж. құрамында қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов бар. Ғарышқа сапар алдында Айдын Айымбетовтың қызы Диананың шығарып салуы.

Үзінді:-

Шақырып қиырсыз шартарап,

Алдыңнан ұсынды төте сын,

Ел-жұрт тұр, әне, алқалап,

Құрметке лайықсын,әкешім!

Сергіту сәті:

«Байқоңыр өлеңін» жаттау.

Зымыран суретін салады.


Жер планетасының суретін көреді.
Балаларға ғарыш, зымыран суреттерін көрсету.

Юрий Гагарин, Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев портреттерін көреді.

«Ұшты, ұшты» ойынын ойнайды.

Көкпен жерді жалғаған,

Космодром Байқоңыр.

Корабльдер самғаған,

Космодром Байқоңыр.

Қанаттылар мекені.

Қазақ жері Байқоңыр.

Қай жер саған жетеді,

Ғажап жерім Байқоңыр.

Балалар өлеңді тыңдап, жаттайды.

Зымыранның суретін салады.


Рефлексивті түзеуші

-Ғарыш дегеніміз не?

-Ғарышқа немен ұшады?

-Қазақстанның ғарышкерлері кім?


Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтижесі:

Ұғынады: -ғарыш, ғарыш әлемі, ғарышкерлер, зымыран жайлы білімдерін

кеңейту;


Түсінеді:- үшінші ғарышкер туралы біледі;

Қолданады: -байланыстырып сөйлейді;

-өлеңді жаттайды.



Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№28
Білім беру саласы: «Қатынас»

Кіші сала: Қоршаған ортамен танысу.

Тақырыбы: «Астана айшықтары» - ең ұзын ғимараттар.

Мақсаты: Астана қаласында қазіргі заманға сай әдемі, әсем, көз тартарлық биік салынған ғимараттар көп екенін айта отырып, 15 ең биік ғимаратпен таныстыру. Әр ғимараттың өз аты бар екенін айту. Астана өте сұлу, жаңа, көрікті жерлері көп, қазіргі заманғы қала екенін айту. Балалармен бірге мнемотаблица арқылы Астана қаласы туралы шағын әңгіме құрастыру, балалардың сөздік қорын дамыту. туған жерімізді мақтан тұтуға, сүйюге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Презентация, мнемотаблица.

Сөздік жұмыс: айшықтар, ғимарат.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушы

Балаларға Астана туралы тақпақ оқу.

Ел ордам менің – Астанам,

Осында жаңа бастама

Сәулетті зәулім үйлер көп,

Көрікті сондай жас қала.

-Балалар бұл тақпақ не туралы?



Балалар назарларын тәрбиешіге аударады.
-Астана туралы.

Ұйымдастырушы -ізденіс

-Балалар бүгін біз сендермен Елордамыз Астана қаласының ішімен серуендейміз.

-Балалар, қараңдаршы Астанада әдемі, көзге түсетін нелер көп?

Астана жас және әсем, көрікті қала. Бұл қалада әдемі, биік, сәнді ғимараттар өте көп.

-Ал, Астанада 15 ең биік ғимараттар бар, қазір сол ғимараттарды көреміз.

Презентацияны қосып, қарау.

Балаларға әр ғимараттың атын атап, ұзындығын және ол ғимаратта не орналасқанын айтып түсіндіру.



Ойын: «Орнынды тап»

Шарты: өз орнын табу, шапшандылыққа баулу.

-Балалар сендерге ғимараттар ұнады ма?

-Ендеше, біз қазір сендермен мына құрастыру кубиктерінен осы Астанадағы сияқты биік ғимарат құрастырамыз.

Ұжыммен жұмыс: балалар 3 топқа топтасып құрастырады.

-Балалар сендердің алдарыңда мнемотаблица ілулі тұр, осы таблицаға қарап қазір маған Астана туралы әңгіме құрайсыңдар.

Мнемотаблица арқылы Астана туралы қысқаша әңгіме құрастыру.


Балалар өз қуаныштарын білдіреді.

-Үйлер, ғимараттар, дүкендер көп т.б.


Балалар назарларын презентацияға аударады.

Балалар қызығушылықпен ойнайды.


-Ия, қатты ұнады.

Балалар топтасып отырады.


Назарларын мнемотаблицаға аударып, тәрбиешінің көмегімен шағын әңгіме құрайды.



Рефлексивті - түзеуші

-Балалар біз сендермен не көрдік?

-Не құрастырдық?



-Биік ғимараттарды, зәулім үйлерді.

-Сондай биік үйлерді құрастырдық.



Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: -оқылған тақпақ мазмұнын; биік ғимараттарды елестетіп Астана қаласының ғимараттарын тамашалау;

Түсінеді: -презентацияны қарау арқылы өз ойларын айтып, түсіну; ойын шартын ;

Қолданады: - кубиктерінен биік ғимаратты құрастыру; мнемотаблицаға қарап әңгіме айту;

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№29
Білім саласы: «Қатынас»

Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу.

Тақырыбы: «Қазақ драма театры»

Мақсаты: Балаларды қазақ драма театрымен таныстыру. Онда әртістер қазақша қойлымдар, спектакілдер, концеттік бағдарламалар қойылытынын айту. Балаларға қазақша спектакіл үзіндісінен видио көрсету. Шығармашылықтарын дамыту. Өз тілімізді құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: театр суреті, қойылымнан үзінді видеосы, ертегі пазлы, ертегіні сахналауға кейіпкерлер атрибутикасы.

Сөздік жұмыс: театр, спектакль, өнер, мәдениет.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушы

-Балалар , бүгін бізде ерекше ұйымдастырылған оқу қызметі болады.

-Ең алдымен алақандарымызды бір-біріміздің алақандарымызға қойып, күлейік.

-Бір-бірінің алақандарыңның жылуы мен жақсылығын сездіңдер ме? Ол жылулық пен жақсылықты сендер бір-біріне сыйладыңдар.

Балалар бір-біріне жақындап алақандарын қойады.



Ұйымдастырушы -ізденіс

-Балалар бүгін біз топта қазақ ертегісін сахналаймыз.

Ол ертегінің атын атау үшін сендер ертегідегі кейіпкерлердің суретін құрастырасыңдар, сосын барып қана ертегіні сахналаймыз.

-Балалар, айтындаршы ертегілерді, әр түрлі қойылымдарды қайда қойып көрсетеді деп ойлайсыңдар? (балаларға суретті көрсету)

-Мына ненің суреті деп ойлайсыңдар?

-Дұрыс, балалар. Бұл-Астана қаласындағы қазақ драма театры. Бұндай театрлар барлық қалаларда болады.

Театрда ертегі, комедия, қысқа қойлымы бар, концерттер әр түрлі жанрдағы қойлымдар көрсетеді. Театр – ол өнер орталығы. Теартда – әртістер жұмыс жасайды.

-Мынау үстел үстінде жатқан құрастыру пазлылары, осы пазлыларды қазір сендер құрастырыңдар содан қандай суретті құрастырғанын көресіңдер.

Пазлы құрастыру.

-Бұл қай ертегі кейіпкерлері?

-Дұрыс, ендеше біз қазір сендермен «Мақта қыз бен мысық» ертегісін театр әртістері сияқты сахналаймыз.



Балалар тәрбиешінің айтқанын мұқият тындайды.

Балалар тақтада ілулі тұрған суреттерге назар аударады.
-Театрдың суреті.
Балаларға театр қойылымынан үзінді көрсету.

Мақта қыз бен мысық ертегісі.


Ертегіні сахналауға дайындалады.

Ертегіні сахналау.



Рефлексивті - түзеуші

-Біз сендермен бүгін қайда болдық?

-Театрда не көруге болады?


-Онда кімдер жұмыс істейді екен?

-Астана қазақ драма театрында.

-Ертегіні, комедияларды, концерттерді көруге болады.

-Артистер жұмыс істейді.


Күтілетін нәтиже:

Елестетеді: -театр деген не? Онда не көруге олады?

Түсінеді: -театр қазақ және орыс дарама театры болуын; онда қойылымдар көрсететінін;

Қолданады: -ертегіні әртістер сияқты өз беттерінше сахналау;

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№30
Білім беру саласы: «Қатынас»

Кіші сала: Қоршаған ортамен танысу.

Тақырыбы: «Орыс драма театры»

Мақсаты: Балаларды орыс драма театрымен таныстыру. Онда әртістер орысша қойылымдар, спектакільдер, концерттік бағдарламалар қойылатынын айту. Балаларға орысша спектакль үзіндісінен видео көрсету. Шығармашылықтарын, қызығушылықтарын дамыту. Өзге ұлт мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: өнер, мәдениет үйі, театр, спектакль.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушы

«Жақсылық шуағы»

-Балалар, бүгін бізде ерекше ұйымдастырылған оқу қызметі болады .

-Ең алдымен қонақтармен амандасайық.

-Енді қонақтарға жақындап алақандарымызды олардың қолдарына қойып, күлейік.

-Олардың алақандарының жылуы мен жақсылығын сездіңдер ме? Ол жылулық пен жақсылықты сендер бір-біріне сыйладыңдар.

Балалар қонақтармен амандасайық:

-«Сәлеметсіздер ме!»

Балалар қонақтарға жақындап алақандарын қояды.



Ұйымдастырушы -ізденіс

-Балалар біз сендермен бүгін орыс драма театрына «Мысық, түлкі, әтеш» орыс халық ертегісін сахналауға барамыз.

-Балалар неге біз театрға барып ертегіні онда сахналауға барамыз?

-Біз сендермен тағы қандай орыс халқының ертегілерін білеміз?

Ойын: «Саны бар ертегіні ата» компьютермен жұмыс.

Компьютердегі көрсетілген ертегілерге санды дұрыс қою.



«Мысық, түлкі, әтеш» орыс халық ертегісі.

-Балалар, бұл тапсырмада өте қиын, біз сендемен геовизормен жұмыс жасауымыз керек, ендеше орындықтарымызға отырамыз.

Тапсырма мынадай, алдарында берілген белгілер бойынша геовизорға нүктелерді қоясындар, сосын ол нүктелерді қосасыңдар, түсінікті ме?

-Ал, енді кімде не шықты?

-Балалар суреттегі шыққан кейіпкерлер, қандай ертегілерде кездеседі?

-Ендеше, біз сендермен қазір осы ертегіні сахналаймыз.


Балалар театрға баратынына қуанады.


-Себебі, театрда спектакльдарды, шағын ертегілерді, қойылымдарды театрда көрсетеді.
-Шалқан, Қызыл телпек, Алтын балық т.б.

Балалар компьютерге отырып берілген тапсырманы орындайды.

Сандарды дұрыс орналастырады.

3-4 балаладан сұрау.


Орындарына отырады.

-Ия. Жұмыстарын бастайды.

Алдарында тұрған геовизорды белгі арқылы нүкелерін қосып, шыққан суреттерін айтады.

Ертегілердің атын атайды.

Суреттегі ертегіні сахналайды.



Рефлексивті - түзеуші

-Балалар бүгін біз сендермен қандай ертегімен таныстық?

-Ол ертегі қай халықтың ертегісі?

-Ертегіні қайда барып сахналадық?

-Орыс драма театрынды тағы бақа не көруге болады?

-Жарайсыңдар, балалар.

-«Мысық, түлкі, әтеш» ертегісін.

-Орыс халқының ертегісі.

-Орыс драма театрына бардық.

-Спектакль, концерт, басқа да қойылымдарды.


Каталог: uploads -> doc -> 0d60
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0d60 -> Шағын жинақталған мектепте пәндерді біріктіре оқыту тәжірибесі
0d60 -> Мұғалімдердің кәсіби-тұлғалық құзіреттілігін қалыптастырудағы педогогикалық технологиялардың ролі. С. Б. Кенжегозина
0d60 -> Сабақ реті: 2 Сабақтың тақырыбы Әлемнің ақпараттық көрінісі Сабақтың мақсаты
0d60 -> «Сіздің мінезіңіз қандай?» «Оң ба, сол ма?» ойыны
0d60 -> Наурыз бақыттың бастамасы! Жүргізуші


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет