Рецензенттер: Қанапина С.Ғ



бет6/6
Дата31.01.2018
өлшемі1,03 Mb.
#37110
1   2   3   4   5   6

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: -Орыс драма театры мәдениет үйі екенін;

Түсінеді: -Театрда қойылымдар, спектакльдер болатынын біледі;

Қолданады: -геовизорды, компьютерді біледі.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№31
Білім беру саласы: «Қатынас»

Кіші сала: Қоршаған ортамен танысу.

Тақырыбы: «Әуенді фонтандар бағы»

Мақсаты: Астананың ең көрікті де, көз тартарлық жерлердің бірі – «әуенді фантандар» бағымен таныстыру. Түрлі-түсті су бұрқақтары әр түрлі классикалық әуенін орындауында қосылады. Балаларға «әуенді фонтондар» видиосын ұсыну. Сұлулыққа, әсемдікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: су бұрқақ, әуенді.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушы

-Балалар әуенді фонтандарға барғыларың келеді ме?


Қуана-қуана барғымыз келеді.

Ұйымдастырушы -ізденіс

Фонтан туралы әңгімелеу.

Бәйтерекке жақын және Министерства үйі мен «Нұр-сая» үйлерінің арасында жасыл-су бульварында «Әуенді фонтан бағы» орналасқан.

Түрлі-түсті су бұрқақтары әр түрлі классикалық әуеннің орындауында қосылады. Күн батқаннан кейін түрлі бояулар мен әуенді ғажайып көріністі бақылауға болады. Балаларға әуенді фонтанның видеосын ұсыну.
-Фонтан деген не?

Балалар, кім бізге су туралы тақпақ айтып береді?


-Енді, бәріміз бірге жаңылтпаш жаттайық.

Балалар, бізге ойын ойнау үшін, оригами фольга қағаздан қайық істейміз.

Ойын: «Қайық суда жүзеді».

-Балалар, қазір біз ауладағы гүлдерді су жіберіп, суарамыз.

Балалар «Әуенді фонтандар бағы» туралы мағлұмат тындайды.

Видео көрінісін көреді.

-Ол- су бұрқақтары.

-Су-тіршілік, сусыз өмір болмайды,

Ауаны құм, жерді түнек торлайды.

Бағалай біл байлығыңды, ел-жұртым,

Сонда гүлің жайнап мәңгі солмайды.

-Күн ыстық деп, жүгіріп кеп,

Суға түстім шомылып.

Салқын денем, жүземде мен,

Суда жатам көміліп.

-Жаз келді деп жар салып,

Сумен ойнап мәз болдық.

Көлге барып, шомылып,

Сыйлық алып, мәз болдық.

-Қашан су тасысасың,

Қашып су шашысасың?

Балалар оригами қайық істейді.

Балалар қайықтарың суға жіберіп, ойнайды.

Ауладағы гүлдерді суарады.


Рефлексивті - түзеуші

-Фонтандар сендерге ұнады ма?

-Өте ұнады.

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: -Әуенді фонтандар бағын;

Түсінеді: -Әуенді су бұрқақ классикалық әуен ойнағанды қосылатынын;

Қолданады: тақпақтар айтады; жаңылтпаш жаттайды; қайық оригами жасайды; гүлдерді суарады.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№32

Білім беру саласы: «Қатынас»

Кіші сала: Қоршаған ортамен танысу.

Тақырыбы: «Астана Арена стадионы »

Мақсаты: Астана Арена стадионы туралы балалардың білімдерін кеңейту; еліміздің даңқын шығарған спортшылармен таныстыру- Илья Ильин-екі мәрте Олимпиада чимпионы, Серік Сапиев-Олимпиада чимпионы;

стадионда өтетін шаралар туралы түсіндіру; балалардың денсаулыққа, спортқа деген құштарлығын дамыту.



Сөздік жұмыс: спорт, стадион.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

-Балалар, сендер спорттың қандай түрлерін білесіңдер?


-Бокс, Гимнастика, футбол, хоккей, күрес, валебол.



Ұйымдастырушы ізденісі

-Футбол, хоккей, бокс, күрес баскетбол т.б.

Әңгімелеу:

Астанада үлкен «Астана Арена стадионы» бар.

Осы стадионда спорттық халықаралық жарыстар өтеді.

Еліміздің олимпиада чимпиондары –Илья Ильин-ауыр атлетикадан, Серік Сапиев-боксшы.

Суретпен жұмыс:

Сергіту сәті:

Ойын: «Кімге не керек?»


 

Балаларға суреттерді көрсете отырып, тәрбиешімен әңгімені тындау.


Илья Ильин, Серік Сапиевтің суретін көреді.

Сағаттың тіліндей,

Иіліп оңға бір,

Сағаттың тіліндей

Иіліп солға бір.

Оң аяқ, сол аяқ,

Жаттығу оңай-ақ.


Рефлексивті түзетуші

-Балалар, спортпен не үшін айналасу керек?

-Қазақстанның қандай спортшыларын білесіңдер?



Балалардың жауаптары.
Илья Ильин, Серік Сапиев.

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: -Астана Арена стадионы спортшылардын жаттығатын жерлері;

Түсінеді: -Спорт денсаулыққа пайдалы екенін;

Қолданады: -Спорттың түрлерін біледі;

Ұйымдастырылған оқу қызметітехнологиялық картасы№33
Білім беру саласы: «Қатынас»

Кіші сала: Қоршаған ортамен танысу.

Тақырыбы: «Дені сау бала-болашақ жемісі»

Мақсаты: Балаларға медицина туралы ғылыми түрде түсінік беру; денcаулық туралы мақал-мәтелдер айту, оның мазмұнын талдау. Денсаулықты сақтау дағдыларын дамыту, тазазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Дидактикалық ойын: «Дәрігер емдейді».

Сөздік жұмыс: медицина, педиатр, денсаулық.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

-Балалар, бізге қонаққа Салауат атай келді, ол дәрігер.

Салауат атай алдына келген науқастарды рет-ретімен, кезегімен емдеп жібереді.



Келген қонақпен амандасады.



Ұйымдастырушық ізденісі

Салауат атай,балалар, сендерге «Медикер» компаниясы туралы айтқысы келеді. Балаларды жаңа туғаннан 18-ге дейін

Емдейтін орталық. Педиатрлық орталық жаңа медициналық құралдармен өндірілген Ресейдің, Онтүстік Кореяның, Германияның, Ұлыбританияның, Италияның, Швейцарияның жабдықталған.

-Сендер қандай мақал-мәтелдер денсаулық туралы білеміңдер?

-Айтыңдар.

-Балалар, денсаулықты сақтау үшін не істеу керек?

Сергіту сәті:
Сюжетно-ролдік ойын: «Дәрігер емдейді».

Салауат атайды шығарып салайық.


Слайдтарды көреді.

-Бас аманда мал тәтті,

Бас ауырса жан тәтті.

-Жасырғанның жарасы асқынады.

-Дені саудың жаны сау.

-Қотырды қаси берсең қаны шығар,

Киізді қаға берсең шаңы шығар.

Сурет бойынша жұмыс жасау.

-Айнаға қараймын

Шашымды тараймын.

Бақытты боламын,

Сымбатты боламын.

Әрқаша тазамын,

Бәрiнен озамын.
Балалар ойын ойнайды.

Балалар қоштасады.



Рефлексивті түзетуші

-Балалар, бүгін қонаққа бізге кім келді?

-Денсаулық не үшін керек?



Балалар өз ой-пікірлерін ортаға салады.

Күтілетін нәтижесі:

Ұғынады: Медицина туралы білімдерін кеңейту;

Түсінеді: Денсаулықты сақтау дағдыларын дамыту,

Қолданады: Мақал-мәтелдер айтады, сұрақтарға жауап береді, ойын ойнайды.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы№34
Білім беру саласы: «Қатынас»

Кіші сала: Қоршаған ортамен танысу.

Тақырыбы: «Астанадағы қазақ өнері»

Мақсаты: Балаларға қазақ өнерінің түрлерімен таныстыру. Жаңа заманға сай «сәулет өнерімен» танысып, білу. Балаларды суретші Мансұровтың өмір жолымен, атақты еңбектерімен таныстыру, сурет салу мен сәулет өнеріне қызығушылық, сүйіспеншілік сезімдерін ояту, шығармашылық ой-қиялын дамытып, дұрыс бейнелей білуге дағдыландыру.

Сөздік жұмыс: өнер, сәулет өнері.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Балалар бүгін қазақ өнеріне, тақтадағы суреттерге назар аударамыз.

Балалар тақтаға ілінген суреттерге қарайды.

Ұйымдастырушы ізденісі

Балаларға ұлттық бұйымдарды көрсете отырып, мынау не деп сұрау?

Олардың атың айтқызу.

Бұл қолөнер бүгінгі күнге дейін қолданып, келеді.

Бұған дәлел мұражайдағы заттар.

-Теріні илеп, өндеу арқылы киіз үй жиһазын, жіп, бау, арқан, ат әбзелдері, жүген, ноқта, шылбыр т.б. Аяқ киім, бас киім, тон тіккен.

-Ал сүйектен пышақтың сабы, еңбек құралдарын, үй жиһаздарын әшекейлеген, түймелер, кілем, алаша, сырмақ, текемет, көрпешелер түскиіздер, ою-өрнекпен жасаған.

Сонымен бірге, өрмек тоқу, кесте тігу, тоқыма тоқу. Жүн түтү, жіп иіру, киіз басу, ши тоқу қазақ әйелдерінің сүйікті істері болған.Ою-өрнектің ішінде аспан әлеміне жан-жануарға, өсімдіктерге ұқсас өрнектер бар. Мысалы, «Құсқанаты» оюы еркіндікті, өміріңде кедергі

Болмай құстай самға,- деген

Мағынаны білдіреді. Ал,ағаш шеберлері киелі ағаштарды таңдап, оларданкиіз үйдің керегесін, уығын, шаңырағын, сандық, домбыра,түрлі ұлттық аспаптар, қымыз пісетін күбі жасаған. Темір ұсталар тұрмысқа керекті заттарды жасады: Балта, күрек, айыр, топсы, құлпы тағы сол сияқты бұйым. Ұлттық бұйымдар не екенін түсіңдіңдер ме?

Дидактикалық ойын: «Шебердің бұйымдары»

Ойын шарты: Бұйымдардың суреті столға қойылады, әр маман ортаға шығып, өз заттарын алып тақтаға қыстырады.

Сұрақ-жауап:

Балалар, күнделікті қолданып жүрген қандай

бұйымдары білесіңдер?

-Олар неден жасалған?

-Сандықты не үшін қолданамыз?

-Зергердің бұйымы не үшін керек?
Сергіту сәті: «Киіз үй».

Балаларға шеберлердің әс-әрекетін сомдату. Ағаш шебері қалай жұмыс істейді? Іс шеберінің ісі қандай?


Жұмбақ шешу:

Әжемнің қалпақты таяғы,

Қолыны алса жүгіріп,

Қампиып қарны толады.

-Аяғы жер тіреп тұр,

Таяғы көк тіреп тұр.



-Сақина, сырға, білезік, киіз үй жиһазы, т.б.


-Қолөнері деп қайталайды.

Балалар тәрбиешімен бірге қайталап айтып отырады.

Топта бар қолөнер заттарын балаларға көрсету.

Суреттегі заттарға қарап әр қайсысын орындарына қояды.

-Ажелер сақина, сырға киеді. Сандық, ыдыстар бар.

-Сандық пен ыдыстар ағаштан жасалған, ал әшекейлер бағалы металдардан жасалады.

-Сәнді, әдемі, сұлу болу үшін.

Балалар сергіту сәтінің қимылдарын жасайды.

-Кереге жайып,

Уық шаншып,

Белбеу байлап,

Жүк жинап.

Балалардың жауабы.

Ұршық иірген әже, киім тіккен тігінші.

Сандық жасап жатқанағаш шеберін бейнеледі.

-Ұршық.

-Киіз үй.


Рефлексивті түзеуші

-Балалар біз бүгін сендермен немен таныстық?
-Қазақ халқының қандай қолөнері бар?

-Қазақ өнерімен таныстық.

-Түрлі әшекейлерді соғады, теріден, ағаштан, сүйектен т.б түрлі заттартар жасайды.

-Сәулет өнері бар.



Күтілетін нәтиже:

Ұғынады:-Қазақ халқының қолөнерін, сәулет өнерін білу;

Түсінеді: -қазақ халқы барлық әшекей бұйымдарды, әр түрлі заттарды өздері қолдарынан жасаған;

Қолданады:-суреттегі заттарды ажыратып, ойын барысымен ойнайды, әр зат неден жасалғанын айтады.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№35

Білім беру саласы: «Қатынас»

Кіші сала: Қоршаған ортамен танысу.

Тақырыбы: «Хазірет Сұлтан» мешіті.

Мақсаты: Балаларды Астанадағы ең үлкен мешітімен таныстыру; мұсылман діні туралы білімдерін кеңейте отырып, адами қасиеттерін қалыптастыру, ана тілін сүюге, бабалардан қалған ұлағатты, ғибадат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі-өнеге алуға баулу. Рухани тазалыққа, имандылыққа, адамгершілікке, достыққа. Жылы қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс:

Іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

-Балалар, сендер қандай салт-дәстүр білесіңдер?

Балалардың жауаптары.

-Бата беру, ат қою, неке қию т.б.



Ұйымдастырушы ізденісі

-Балалар, біз бүгін Хазірет Сұлтан мешітіне барып үлкен адамдардан бата аламыз.

-Балалар, мешітке баратын адамдар өтірік айтпайды, ешкімді ренжітпейді.

-Мешітте адамдар не істейді?

Дидактикалық ойын: «Жақсы-жаман».
Сергіту сәті:

Би «Қара жорға».


Балалар өте қуанышты бата алатынына.
-Мешітте намаз, құран оқиды, бата алады, ат қойғызады, жас жұбайлардың некесін қияды.

Балалар дидактикалық ойын ойнайды.

Сергіту сәтін орындайды.

-Дөңгелене тұрайық,

Керегені құрайық,

Уық болып иіліп,

Шаңырақ болып киіліп.

Достық үйін құрап біз,

Ұлттық биін билейік.

«Қара жорға» биін білейді.



Рефлексивті түзетуші

-Балалар, біз бүгін немен айналастық?

Балалар өз ой-пікірлерін ортаға салады.

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: -«Хазірет Сұлтан» мешітің;

Түсінеді: -Адами қасиеттерін;

Қолданады: -Үлгі-өнеге алады; ойын ойнайды.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы№36


Білім беру саласы: «Қатынас»

Кіші сала: Қоршаған ортамен танысу.

Тақырыбы: «Еліміздің болашағы қыран құстай болсын»

Мақсаты: Бір жыл бойы Астанамен танысу туралы білімдерін бекіту. Өткен тақырыптарды естерімізге түсіріп, қайталау. Балаларға олар өз елдерінің болашағы екенін және болашақта өз елдірін көркейтуге бірге ат салысыуға шақыру. Ел рәмiздерiн ,тарихын бiлу.

Отанын сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдiкке, жауапкершiлiкке тәрбиелеу. Өнерге деген қабiлеттерiн дамытып, елге, жерге деген патриоттық сезiмдерін ояту.



Сөздік жұмыс: егемен, тәуелсіз,Отан, көпұлтты.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Балалар орнынан тұруды ұсыну.

Үнтаспадан Е.Хасанғалиевтің орындауындағы «Атамекен» әнін тыңдайды.

Ұйымдастырушы ізденісі

-Атамекен - ата-бабадан ұрпаққа мұра қалған ежелгі құтты қоңыс, мекен.

-Біздің Отанымыз қалай аталады?

«Отан-отбасынан басталады» дегенді қалай түсінесіңдер?
-Әлемде өте көп елдер бар. Мына картада әр елдің жер аумағы бөліп көрсетілген. (Бірнеше елдің жер аумағын көрсетіп, салыстыру).

-Енді картадан жер аумағы үлкен елдерді табыңдар.

-Біздің еліміздің рәміздерін атаңдар?

Сергіту сәті:

Ойын: «Достық көпірі».

Ойын шарты:балалар екі қатар тұрып, бірақ бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Тәрбиеші сол «көпірмен» допты дөңгелетеді. Балалардың достықтарының, ауызбіршіліктерінің арқасында допты «көпірдің» басынан аяғына дейін жерге түсірмей домалатады.

Ойын: Бәйтерек, Ақорда –пазлы жинау.

Біздің Отанымыз-Қазақстан. Біздің еліміз көпұлтты ел.

Мақалдың мағынасын ашу.

«Отан-біздің отбасымыз, үйіміз, балабақшамыз, туған жеріміздің табиғаты, өз қаламыз».

Балаларкартадан әр елдің қандай жерді алып жатқанын көріп, Қазақстан жерінің де үлкен аумақты алып тұрғанын байқайды.

-Ту, әнұран, елтаңба.


-Бұл шақта, бұл шақта

Кішкентаймыз қазір біз.

Кішкентай болсақ та

Ел қорғауға әзірміз.

Балалар алақандарын түйістіре ұстап, «көпір» жасайды.

Пазлы жинайды.



Рефлексивті түзеуші

-Біздің Қазақстан қандай ел?

-Егеменді, тәуелсіз.



Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: Астана туралы біледі;

Түсінеді: ел рәміздерін атайды;

Қолданады: сұрақтарға жауап береді; ойын ойнайды; өз елің сүйеді.
Каталог: uploads -> doc -> 0d60
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0d60 -> Шағын жинақталған мектепте пәндерді біріктіре оқыту тәжірибесі
0d60 -> Мұғалімдердің кәсіби-тұлғалық құзіреттілігін қалыптастырудағы педогогикалық технологиялардың ролі. С. Б. Кенжегозина
0d60 -> Сабақ реті: 2 Сабақтың тақырыбы Әлемнің ақпараттық көрінісі Сабақтың мақсаты
0d60 -> «Сіздің мінезіңіз қандай?» «Оң ба, сол ма?» ойыны
0d60 -> Наурыз бақыттың бастамасы! Жүргізуші


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет