Рецензенттер: Коржова Г. М


ЕРЕКЕШЕ БІЛІМ БЕРУГЕ ҚАЖЕТТТІЛІГІ БАР ОҚУШЫЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДІҢ МАЗМҰНЫН АНЫҚТАУ (КОМАНДАЛЫҚ ТӘСІЛ)



бет15/45
Дата08.02.2022
өлшемі321,65 Kb.
#120768
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45
Байланысты:
Каз Методич. реком. по инклюзиву (1)

5.ЕРЕКЕШЕ БІЛІМ БЕРУГЕ ҚАЖЕТТТІЛІГІ БАР ОҚУШЫЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДІҢ МАЗМҰНЫН АНЫҚТАУ (КОМАНДАЛЫҚ ТӘСІЛ)

    1. ПМПК ҚОРЫТЫНДЫСЫ НЕГІЗІНДЕ ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ МЕКТЕПТЕГІ


ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ БАҒЫТТАРЫН АНЫҚТАУЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕЗЕҢДЕРІ


    1. ЕРЕКШЕ БІЛІМ АЛУ ҚАЖЕТТІЛІГІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ МЕКТЕПТЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ


КӨРСЕТУ БАҒЫТТАРЫН АНЫҚТАУ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕЗЕҢДЕРІ

1 - кезең: оқушыны оқыту мен оқытудағы қиындықтардың сипаты тура- лы ақпарат жинау.


пмпк жолдамасы бойынша психикалық және дене дамуы бұзылған бала сыныпта оқыған жағдайда мұғалім мен мамандар сыныптағы сабақтарда мұндай оқушының оқуы мен мінез-құлқындағы қиындықтарын зерделей отырып, бірден бақылауға кіріседі. әр маман бір апта ішінде ба- ланы қадағалайды (алдын ала қадағалап, қандай маман және қандай ба- ланы алу керектігін жүзеге асырады). бақылау нәтижелерін белгілеу үшін мұғалімдер мен мамандар үшін бірыңғай бақылау хаттамасы қолданылады (1-қосымша. 2 а формасы). бақылау бір апта ішінде жүзеге асырылады. күнделікті бақылау нәтижелері тіркеледі (баға қиындықтар баллында), со- дан кейін қорытылады (1-қосымша. 2 б формасы). сабақта бірінші бақылау әдісін қолдану маңызды болып табылады, өйткені мамандар баланың сынып- та табысты оқуға мүмкіндік бермейтін ерекшеліктерін (өз ерекшеліктері: күшті және әлсіз жақтар барлық адамдарда болады) анықтауы керек.
бала туралы қосымша, бірақ маңызды ақпарат алу үшін мұғалім ата- аналарға сауалнаманы және коммуникативтік төлқұжатты толтыруды ұсынады (1-қосымша. 1а, 1в-формасы). Осы кезеңде мамандар бала туралы ақпаратты ата - анасымен әңгімелесу және сауалнама жүргізу әдістерін пай- далана отырып жинайды (1-қосымша, 16-форма).
сабақтардағы баланы бақылау, ата-аналармен сауалнама жүргізу және әңгімелесу нәтижесі - алынған деректерді талдау және қорыту, олардың негізінде оқытудың басты (бастапқы) қиындықтары туралы болжамдар (ги- потезалар) қалыптастыру және тереңдетілген тексерудің тиісті бағыттары мен әдістерін таңдау болуы тиіс.
2-кезең. Оқушыны тереңдетіп және бағытты зерттеу (тексеру). әрбір маман қажетті әдістерді, әдістемелерді, тесттер мен тәсілдерді пайдала- на отырып психологиялық, логопедтік, арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді, оның нәтижелерін тексеру хаттамаларына енгізеді (логопед сөйлеу картасын толтырады). психолог психологиялық тексеру хаттамасы. арнайы педагог - оқу қызметі компоненттерінің жағдайын бақылау хатта- масын толтырады.
тексерудің барлық түрлеріне қойылатын басты талабы - сыныптағы ба- ланы оқыту қиындықтарының сипаты мен себептерін анықтауға бағытталуы болып табылады. Осының негізінде бірінші кезеңде қалыптасқан оқу қиындықтарының сипаты мен себептері туралы болжамға сүйене оты- рып, маман тексеру пәні ретінде баланың даму аймақтарын, оның ішінде баланың оқу үлгеріміне әсер ететін психикалық функцияларын немесе сөйлеу тілінің даму жақтарын ғана таңдайды. мысалы, егер психолог пен логопед сабақ кезіндегі бақылау және ата-аналармен әңгіме, сауалнама жүргізу барысында балада есту-сөйлеу ақпаратын өңдеу қиындықтарын және көру арқылы есте сақтау мен жазу мәселелерінің жоқтығын анықтаса, онда олардың тереңдетілген тексеру фокусына баланың есту-сөйлеу на- зары мен жадының (психолог), фонематикалық есту қабілеті мен сөйлеу тілін түсінуінің (логопед) ерекшеліктері кіреді.
Осылайша, кез келген маманның тексеру мақсатының соңы – бұл баланың барлық психикалық функцияларының, білімдерінің, іскерліктері мен дағдыларының, мінез-құлықтары мен эмоционалдық ерекшеліктерінің формальды сипаттамасы ғана емес, олардың жағымсызсипаты мендәрежесін анықтау, сондай-ақ оқудағы табыстылыққа оң әсер етуін айқындау.
мұғалім білім мен іскерлікті нақты меңгеру деңгейін, сондай-ақ оқу бағдарламасын меңгерудегі проблемалар дәрежесі мен сипатын анықтау мақсатында барлық пәндер бойынша оқу жетістіктерін критериалды бағалауды жүргізеді. Осы жұмыстың нәтижелері бойынша оқушының қиындықтары анықталған оқу пәндері бойынша жетістіктер карталары тол- тырылады. мұғалім сондай-ақ оқу жұмысында оқушының қалауын белгілуі тиіс (қандай ақпаратпен жұмыс істеуді қалайды, қандай оқыту әдістері мен жұмыс түрлері білім мен дағдыларды барынша толық меңгеруге ықпал етеді, ал күтілетін нәтижеге қол жеткізуге не ықпал етпейді және т.б.).
әрбір тексеру барысында маман мен мұғалім баланың әлсіз және мықты даму жақтарын ғана емес, сонымен қатар баланың оқуда табысты болу үшін бала бойындағы бар ресурстарын анықтайды.
тексеру нәтижесінде әр маман мен мұғалім балаға мінездеме жасайды, барлығына бірдей форма толтырады (1-қосымша, 3-форма). мамандар мен мұғалім балаға бір параметр бойынша мінездеме береді, бірақ өзінің кәсіби көзқарасы тұрғысынан. Оқу пәндері бойынша бағдарламаны меңгеру дәрежесінің сипаттамасын тек мұғалім мен арнайы педагог береді.

      1. кезең. бірлесіп (мамандар, мұғалім және ата-аналар) оқушының ерек- ше білім беру қажеттілігін және психологиялық-педагогикалық қолдау мазмұнын анықтау, оқыту қиындықтарын талқылау.

Қолдау көрсету қызметінің бірлескен отырысында мұғалім және әрбір маман балаға өзінің ұстанымы бойынша мінездеме береді: оқытудың қиындықтарын сипаттайды, олардың пайда болу себептері мен механизмдері туралы өз пікірін білдіреді, баланың мүмкіндіктері мен күшті жақтарын ашады (ата-аналар жеке отырысқа шақырылады).
бұл кезеңде оқыту қиындықтарының сипаты мен себептері тура- лы болжам оқу қиындықтарының түрін (себептерін) анықтау түріндегі соңғы қорытындысы болады (Қосымша-В). Қосымшада оқытудың негізгі қиындықтарының қысқаша сипаттамасы беріледі:

  • жұмысқа қабілеттілігінің төмендігі;

  • іс-әрекетін еркін реттеу, жоспарлау және бақылау жеткіліксіздігі;

  • есту-сөйлеу ақпаратының өңделуі;

  • көру және көру-кеңістіктік ақпараттың өңделуі.

Оқыту қиындықтарының сипатын (түрін) анықтағаннан кейін баланың жалпы мінездесі ұжымда талқыланып жасалады, онда бастапқы және екіншілік қиындықтардың жалпы көрінісі, олардың себептері мен туындау механизмі баяндалады. табысты оқытудың ресурстары ретінде баланың күшті жақтары, ерекшеліктері мен мүдделері сипатталады (қосымша-,а 4-форма).
бірлескен талқылау барысында ерекше білім беру қажеттілігі, мұғалімге, мамандарға, ата-аналарға, оқушыға қолдау көрсетудің негізгі бағыттары анықталады, мұғалім мен ата-аналарға ұсыныстар жасалады.

      1. кезең. анықталған білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтитын психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жеке бағдарламасы құрастырылады: қысқартылған немесе жеке оқу бағдарламалары, арнайы оқыту әдістері, психологпен, логопедпен, арнайы педагогпен жеке-дамыту бағдарламалары, мұғалімге, ата-аналарға берілетін ұсыныстар (қосымша-,а 4-форма).

В-қосымшасында үлгі ретінде ебҚ бар 1 сынып оқушысына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жеке бағдарламасы тол- тырылып ұсынылған. г-қосымшасында математика пәнінен қысқартылған және жеке оқу бағдарламаларының үлгісі мен арнайы педагогпен жеке сабақтар бағдарламасының үлгісі көрсетілген.

      1. кезең. мониторингпен қолдауды іске асыру.

мамандар мен мұғалім тарапынан оқушының ерекше білім беру қажеттілігін бағалау және қанағаттандыру алгоритмі 12 қадаммен жүзеге асырылады, олардың сипаттамасы 4-кестеде келтірілген. Оқушы туралы алынған ақпаратты тіркеу формалары және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жеке бағдарламасының формасы а-қосымшада берілген.
4-кесте. ппҚк мамандарының, мұғалімдерінің, ебҚ бар оқушылар ата- аналарының өзараәрекеттесу алгоритмі.



мұғалім, ата-ананың әрекеті

ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мамандарының, ата- аналардың әрекеті

1. мұғалім ебҚ бар оқушылармен таныса- ды. баланың пмпк қойған қорытындысы мен ұсыныстарын зерттейді. (қыркүйектің бірінші аптасында)

1.мамандар мектептегі ебҚ балалардың тізімін құрады. пмпк қойған қорытындысы мен ұсыныстарын зерттейді. (қыркүйектің бірінші аптасында) 1-Форма.

2. ата-аналармен әңгіме өткізеді, олардан бала туралы мәліметтер жинайды, оларға са- уалнама (1а-формасы) және коммуникативтік паспорт (1в-формасы) толтыруды ұсынады. (қыркүйектің 1-2 аптасы)

2. ата-аналармен әңгіме өткізеді, олар- дан бала туралы мәлімет жинайды, 1б- формасындағы сауалнаманы толтыруды ұсынады(қыркүйектің 1-2аптасы)

3. бірнеше күн бойы ебҚ бар оқушыны бақылайды, "сабақта оқушыны бақылау хаттамасы" ағымдағы нысанын толтырады (2а-форма).
(қыркүйектің 1-3 аптасы)

3. бірнеше күн бойы ебҚ бар оқушының сабаққа қатысуын қадағалайды, «оқушының сабаққа бақылау хаттамасы» ағымдағы ны- санын толтырады (2а-нысан).
(қыркүйектің 1-3 аптасы)

4. бақылау нәтижесін «сабақа барысында оқушыны бақылау хаттамасы» қорытынды формаға енгізеді (Форма 2б).
(қыркүйектің 2-3 аптасы)

4. бақылау нәтижесін «сабақа барысында оқушыны бақылау хаттамасы» қорытынды формаға енгізеді (Форма 2б).
(қыркүйектің 2-3 аптасы)

2 б – формасы жылдың басында, бірінші жарты жылдықтан кейін және жылдың аяғында толтырылады, яғни баланы оқытудың даму қарқыны мен табыстылығының мониторингі құралы болып табылады.

5. Оқушының оқу жетістіктерін критери- алды бағалауды жүргізеді. бағдарламаны меңгерудегі проблемаларды анықтайды.

5. Оқушының нақты мәселелерін (психологиялық, педагогикалық, логопедтік, әлеуметтік) зерттеуге бағытталған жеке тек- серу жүргізеді.

6. ата-аналарға бақылау, әңгімелесу және сауалнама жүргізуді қортындылайды және оқушының оқу жетістіктерін "оқушының сипаттамасы" (3-форма) формасында зерттейді.

6. бақылау, әңгімелесу, ата-аналарға сау- алнама нәтижелерін қорытындылайды, тереңдетілген зерттеуді "оқушының сипат- тамасы" формасында және мамандардың хаттамаларында тіркейді (3-форма))

3-форма жыл басында, бірінші жартыжылдықтан кейін және жыл соңында баланың даму серпіні мен оқытудың табыстылығы мониторингінің нәтижелерін тіркеу ретінде толтыры- лады.

7. Оқушының ерекше білім алу қажеттіліктерін ұжымда (мамандармен және ата-аналармен) талқыланады және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің мазмұнын анықтауға қатысады.

7. Оқушының ерекше білім алу қажеттіліктерін ұжымда (мұғаліммен және ата-аналармен) талқылауды және оқушының психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мазмұнын анықтауды ұйымдастырады және өткізеді..

Оқушылар туралы барлық мәліметтерді талқылау нәтижесінде оқушыны оқытуда қиындықтар, олардың пайда болу себептері мен механизмі белгіленеді. «Оқушының жиынтық сипаттамасы» құрастырылады. (4-форма)
бұл форма маманның жеке жұмыс тиімділігінің мониторингі ретінде жылдың басында, бірінші жартыжылдықтан кейін және жылдың аяғында толтырылады

8. психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жеке бағдарламасын жасауға және толтыруға қатысады. (5-форма)

8. психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жеке бағдарламасын жасауға және толтыруға қатысады. (5-форма)

10. баланы жеке тәсілдеумен және оқытудың арнайы әдістері мен бағалау тәсілдерін қолдана отырып, сыныпта оқытады және бағалайды.

10. маманның оқушыға тән оқу бағдарламасына сәйкес жеке (топтық) түзете-дамыту жұмыстарын жүргізеді.

11. Оқушының оқу жетістіктеріне монито- ринг жүргізеді және нәтижелерін қорытады.

11. Оқушының дамуы мен жетістіктеріне мо- ниторинг жүргізеді және оның нәтижелерін қорытындылайды.

12.кОнсилиумға ҚаЙта ҚатысаДы. ҚОл жеткізілген нәтижелеРДі тал- ДаЙДы. екінШі жаРтыжылДыҚҚа беЙімДелген немесе жеке бағДаРламалаРДың мазмҰнын талҚылаЙДы.

12. ҚаЙта кОнсилиум ӨткізеДі. ҚОл жеткізілген нәтижелеРДі талДаЙДы. ҚОлДау кӨРсетуДің жеке бағДаРламасына ӨзгеРістеР енгізеДі, екінШі жаРтыжылДыҚҚа беЙімДелген немесе жеке ОҚу бағДаРламалаРын жасауға ҚатысаДы.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет