5.3 Бала тәрбиесінемен үйленуге қатысты салттар
Улаган ауданының православиелік алтайлықтарда балаларға
қатысты
салттар келесідей жүргізіледі. Жүктілік кезінде әйелдер
қандай
да бір қатаң түрде тыйым салынған тәптіпті ұстанбайды.
Бірақ айта кету керек, бала туылған уақытта оның кіндігі
тасталмайды. Оны кейіннен тері дорбашаға тігіп, ол дорбашаны
жібек шашақтармен, бисермен безендіреді. Белгілі бір уақытқа
дейін ол баланың анасында баланың денсаулығын, бақытын
қорғайтын
тұмар ретінде сақталады. Бала үйленіп немесе
тұрмысқа
шыққан уақытта кіндік баланың өзіне беріліп, ендігі
өзінде
сақталады. Бала туылған соң қырық күн анасы храмға
бармайды, ал қырық күн өткенде, арнайы дұғаларды оқығаннан
соң шіркеу қызметшісі (священнослужитель) шіркеуде тазалау
ғұрпын
өткізеді, ана
«дұға оқу» ғұрпын жасайды. Сонымен қатар,
40 күн бойы баланы бөтендерге көрсетпейтін қорғау салты
орындалады.
Шоқындыру кезінде балаға ат қояды. Бұрындары көбінің
шоқынған кезде қойылған аттары өмірде де қолданылатын:
Мирон, Агафья және т.б. ХХ ғ. 90
-
жылдарынан бастап алтайлық
222
есімдер белең алып келеді, шоқындыру кезінде христиандық есім
берілсе, тіркелгенде басқа есіммен тіркейтін.
Хакастардың христиандалу себебінен жалқы есімдердің
дәстүрлі қоры орыс есімдерімен кеңейтіле түсті. Балаға туылған
кезде берілген хакастық есімі шоқындыру кезінде
орыстандырылатын. Мысалы, балаға берілген хакастық Конка
есімі болса, оған ұқсас есім таңдалып, Конка Канон болып
аталатын [16, с. 216 б.].
Шоқындыру үлкен отбасылық мейрам саналады. Шіркеуде
салттарды өткізіп болған соң, үйде мерекелік дастархан
жайылып, туыстар мен достар қонаққа шақырылады.
Шоқындырғандар тубаларда үлкен рөл ойнайды. Олар
шоқындырған балаларға жауапты болып, оларға көмектесіп
жүреді. Ал алтай
-
кижиларды мұндай үрдіс байқалмады, оларда
шоқындырғандардың тек шоқындыру кезінде ғана болуларымен
олардың балаға деген әсерлері аяқталады, себебі оларда әлі де
«
таай
» (анасы жағынан нағашы ағасы) ұғымы сақталған.
Бала жасқа толғанда, ол ата
-
анасымен храмға барады. Ата
-
анасы өздерімен ас
-
шай (печенье, кәмпит) алып келіп, балаларға
таратады. Үйде дастархан жайып, қонақтар шақырылады.
«Таайлар» (анасы жағынан нағашы ағалары) шаш алу ғұрпын
өткізеді
–
ол жиенінің алғашқы шашын қиып, баланың басқа
статусқа өту салтын жасайды. Ағасы балаға тілектерін айтып,
денсаулық,
бақыт сәттілік тілейді және атаулы сыйлық
–
сиыр
немесе бұқа, кейде жылқы сыйлайды.
Куманидтерде кіндік
-
әжелер (өздерінің және шақырылған
орыс әжелері) босандыратын болған. Баланың туылуы отбасында
мерекелік түрде атап өтіледі, тұшпара, бәліш, курник
дайындалады. Ірі қараның немесе қойдың төлі арнайы сойылады.
Жақын туыстарды шақырылып, олар жаңа туылған бала мен
оның отбасына сыйлық сыйлайтын [17, 213 б.].
Алтай миссияның күшті әсері болған кейбір алтайлық
ауылдарда бүгінгі таңда дәстүрлі салттардың біршама
жеңілдетілген түрлері қолданылады, «таайдың» рөлі мен
мағынасы жоғалуда.
Кейбір жағдайларда дәстүрлі ғұрыптар қарапайым бола түсті,
мысалы, жүкті әйелді тіл
-
көзден қорғайтын, жеңіл босануы үшін
жасалатын ғұрыптар. Бұлар дін қызметшілерінің: шамандардың,
«
неме билер кижилердің
» (бірдеңе білетін адам) қатысуынсыз
223
жүргізілді. Кейбір Алтай халқында жас сәбиді қорғау, оған ат
қою, 1 жасында шашын қию (баланың «
таайы
» қатыспайды)
секілді рәсімдер өзгерген күйінде әлі күнге дейін жүргізіледі.
Соңғы кезде Алтайда баланың 12 жасқа толуымен
байланысты салттар кең таралуда, бірақ олар дәстүрлілік
белгілерінен айрылуда. Дегенмен де, кей отбасыларда баланың
анасы немесе әжесі оны «
Достарыңызбен бөлісу: |