215
басы барысындағы дәстүрлі мәдениеттің айтарлықтай
трансформациялануы көп жағдайда ХХ ғ. тарихи жағдайларымен
түсіндіріледі. Ол кезде дәстүрлі түсініктерді айтарлықтай бұзған
атейстік үгіт
-
насихат жүргізілген еді. БірақАлтай рухани
миссиясының XIX
–
ХХ ғ.ғ. аралығында алтайлық ортаға
православиені енгізуі, аймақтың орыс тұрғындарымен
тұрмыстық байланыстардың күшеюімен қатар, православиенің
жекелеген бөліктерінің ХХ ғ. сақталып қалуына және ХХІ ғ.
басында жандануына әкеліп соқтырды.
Жинақталған
дала материалдарын талдай келе, бүгінде
алтайлықтар ортасында мынадай жас топтары шоқынуда деген
қорытынды
жасауға болады: бөбек және балалық кезде (туғаннан
6 жасқа дейін), сонымен қатар орта жаста (20
-
дан 40 жасқа дейін).
Дегенмен, айрықша жағдайлар да орын алып тұрады.
Жас бала жиі немесе ауыр науқастанса, немесе ол туғанға
дейін басқа балалар шетіней берсе,
егде тартқан жақын
туыстарының кеңесімен ата
-
аналары оны шоқындыру туралы
шешім қабылдайды. Дәстүрлі мәдениетте бүлдіршіннің дүниеге
келуіне байланысты бірқатар әдет
-
ғұрыптар бар. Олардың мәні
негізінен зұлым
әруақтарды алдаудан тұрады. Нәрестеге жаман,
сұрықсыз есім беру арқылы оны зұлым әруақтардан қорғап
қалуға
болады деген алтайлықтардың түсінігі жөнінде
этнографиялық әдебиеттен белгілі.«Балаларға сұрықсыз ат қою
арқылы оның өмірін ұзартуға тырысады
…» –
деп атап өтеді В.И.
Вербицкий [5, 85
-
86 бб.]. Осыған орай Л.Э. Каруновская былай
деп жазған: «…кейде жаңа туған нәрестеге жексұрын атты ата
-
аналарының өздері қояды
–
ол бұдан бұрынғы балалар шетінесе
орын алған» [12, 29 б.]. Сондықтан ертеректе мынадай есімдер
берген: Ийт
–
Кулак (Ит құлағы), Бийту (Битті), Карта (Тік ішек),
Тенек (Ақымақ), Jаманул (Жаман жігіт) және т.б.
Бүгінде бұл дәстүр сәл өзгерген:
балаға отбасында өзгелер
айтпайтын (үй ішілік) ат қойған, яғни оның шын атын анықтау
мүмкін болмаған. Осы арқылы ата
-
анасы, туысқандары оны
«дүлей күштерден» сақтап қалуға тырысқан. Егде адамдар бүгінгі
күні де нәрестеге денсаулық, бақыт пен ұзақ ғұмыр тілей отырып
«сұрықсыз» есім бере алады. Әрине, мұны баланың туысқандары
ренжіместен, қаяусыз көңілмен қабыл алады, себебі ата
-
аналарының оны осы атпен атауы міндетті емес.
216
Усть
-
Коксинский ауданындағы Сугаш с. информант NN.
хабарлағандай, оның үлкен ұлын
шоқындыруына бала кезінде
жиі науқастануы және оған дейін туған бірнеше баласының
шетінеуі себеп болған. Оның өзі шоқынбаған, христиандықтың
жөн
-
жоралғыларын ұстанбайды, үйінде алтайлық әдет
-
ғұрыптар
жасайды:
Достарыңызбен бөлісу: