Рецензенттер


РЕЗЕҢКЕДЕН ЖАСАЛҒАН БҰЙЫМДАРДЫҢ РЕГЕНЕРАЦИЯСЫ



бет56/95
Дата21.12.2022
өлшемі0,94 Mb.
#163817
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   95
Байланысты:
МФТ книга
То санды жиынты ба алауды спецификациясы « аза дебиеті» (1)

РЕЗЕҢКЕДЕН ЖАСАЛҒАН БҰЙЫМДАРДЫҢ РЕГЕНЕРАЦИЯСЫ


  1. Резеңке қолғаптары немесе жұқа резеңке бұйымдар бұзылғанда 15 минутқа 5 % нашатыр спиртінің жылы ертіндісіне салады, одан алып 10-15 минут глицеринді жылы суға салады.

  2. Қалың қабатты бұйымдарды (жылытқыштар, мұз салғыштар) ыстық вазелин майына салып, шығарған соң ұмаждай отырып қалпына келтіруге болады.



Резеңкенің сапасының көрсеткіштері


Зауытта резеңке бұйымдарын физикалық-механикалық көрсеткіштерін яғни тауартанулық талдауын жүргізеді. Ол үшін сапасын анықтайды: беріктігін, созылуын, үзілу беріктігін.

  1. Созылу көрсеткішін анықтау – ол үшін резеңке лентаны созып тұрып, ұзындығын өлшейміз және созылу нәтижесінде үзіліп кетеді, сол үзілген кездегі резеңке лентаның ұзындығын өлшейміз. Одан соң үзілгенге дейінгі және үзіліп кеткеннен кейінгі ұзындығын өлшеп пайыздық қатынасын шығарып, көрсеткіш бойынша анықтаймыз.

  2. Үзілу беріктігі – 1 см аралығындағы салмақты анықтаймыз. Ол үшін жүк іледі де, қанша кг жүк көтереді, яғни лента үзіліп кеткенше саламыз, лента үзілгенде салмақты анықтаймыз.

  3. Резеңкенің созылуының қалдық көрсеткіші – ол алғашқы кездегі ұзындықпен үзілген кездегі ұзындықтың ара-қатынасы.



Резеңке жасалған бұйымдардың сақталуы


Резеңкеден жасалған бұйымдарды жақсы, тығыз жабылған шкафта, түтікше бұйымдарды ілінген күйінде талькпен опаланып сақталынады. Резеңке бұйымдарды тіке түсетін күн сәулесінен, ыстық, жылы температурадан қорғап, қалыпты температурада сақтау керек және жылытушы құралдардан алыс жерде сақтау керек. Резиналы бұйымдарды сақтау мерзімі алғашқы материалдық сапасына, бұйым конструкциясына, вулканизациялау әдісіне, сақталу әдісіне және эксплуатация тәртібіне байланысты.


Таңбалануы (маркировкасы)
Зауытта өндірілген резеңке бұйымдардың маркировкасы болу керек, штампы жуғанда кетпейтін бояумен боялу керек және онда зауыт нөмірі, резеңкенің сорты, шығарылған күні, жылы көрсетілуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет