Білім берудің және оқытудың әдістері: семинар, түймедақ.
Бақылау (сұрақтар, тесттер, тапсырмалар)
Сұрақтар:
№1 тақырып бойынша сұрақтар:
Аускультация және перкуссия дегеніміз не?
Аускультация және перкуссияда қолданылатын аспаптардың тауартанулық талдауын, сипаттамасын, тауарлық аттарын көрсетіп, атаңыз?
Электрокардиографияда қолданылатын аспаптарға сипаттама беріңіз?
Динамометрия, спирометрия, антропометрияда қолданылатын құралдар мен аспаптардың тауарлық аттары, қолданылуы мен сапасын тексеру әдістерін атаңыз?
Қандай эндоскопияялық құралдар қолданылады?
Эндоскопияялық құралдардың қолданылуы мен жіктелуі, сапасына қойылатын талаптарын атаңыз?
Интоскопияда қандай аппараттар қолданылады?
Ультрадыбысты және радиоизотопты диагностика аппараттары дегенді қалай түсінесіз?
№2 тақырып бойынша сұрақтар:
Ингаляциялық наркоз үшін қандай заттар қолданылады және дәріханалық ұйымдардан босатылуы?
Наркозға және өкпені жасанды желдету үшін қандай аппараттар қолданылады?
Оттегі баллонының жабдықталуын көрсетіңіз?
Оттегі баллондарының сапасына қандай талаптар қойылады?
Редуктор дегеніміз не?
Оттегі баллондарын тасымалдау мен сақталуына қандай талаптар қойылады?
Дәріхана ұйымдарынан оттегіні босату мен залалсыздандыру, сапасын бағалау, қолданылуын көрсетіңіз?
Өз бетімен атқаратын жұмыс:
№1 Тапсырма: Ұсынылған құралдар мен аспаптарға тауартанулық талдау жүргізу. Тауарлық сараптамалық акт толтыру.
№2 Тапсырма: Сөйлемді толықтырыңыз.
Тек тексеруге арналған эндоскоп ... деп аталады.
Визуалды бақылау мен гистологиялық талдау жасау үшін белгілі тіннен сынақ алуға арналған эндоскоп ... деп аталады.
Плевральді жабысуларды күйдіруге, плевральді қуысты тексеру мен ауа енгізуге арналған аспап - ... .
... асқазан қуысын тексеруге арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |