АҚПАРАТТЫ – ДИДАКТИКАЛЫҚ БЛОК Дәрігердің көзілдірік тағайындауын дұрыс орындау үшін рецептте көрсетілу керек:
Көзілдірікті тағайындауы –тұрақты киюге, жұмысқа немесе алыстан көруге. Әйнектің түрі мен оптикалық күші (рефракция) әрбір көз үшін астигматикалық әйнектерді тағайындауда – әйнек осінің жағдайы.
Призматикалық әйнектерді тағайындауда – ұшы – негізгі сызықтарының орналасуы.
Көзілдіріктік әйнектердің оптикалық орталықтарының арақашықтығы, көз қарашықтарының арақашықтығына тең.
Мұрынның екі көз аралығындағы пішіні – жоғары, төмен, төмендетілген астигматикалық әйнектердің осьтерінің орналасуы стандартты сұлба арқылы бейнеленген:
Табо: градуспен есептеу, сағат тіліне қарсы жоғары жартылай дөңестікпен жүргізіледі, көзілдірік оправасының оң және сол жақтарының горизонтальді меридианына 0 қойылады.
Көзілдірікке рецепт жазғанда латын тілінде белгілеу көп қолданылады:
1. OD – оң жақтағы көз
2. OS – сол жақтағы көз
3. ON – екі көз
4. CONVEX – оң (шығыңқы)
5. Concare – теріс (бастапқы)
6. Sphaere – сфералық, астигматикалық емес
7. Cylndres – цилиндрлік немесе астигматикалық
8. Axis – астигматикалық әйнектегі ось
9. Planum – афокальді әйнек (тегіс)
10. O.p – қарашық орталықтарының арасындағы қашықтық
Көзілдірікке арналған рецептер үлгісі
1.Миопия кезінде:
Алысқа арналған көзілдірік
OD: – 4,0 Д
OS – 3,5 Д
Р.Ц. = 60 мм.
Азамат И.К. Сидоровқа
Дәрігер: А.С. Иванов
2. Гиперметропия кезінде: Жұмыс істеуге арналған көзілдірік.
OD: + 3,0 Д
OS + 2,5 Д
Р.Ц. = 60 мм.
Азаматша К.Р. Аширбаеваға
Дәрігер: Г.Ш. Жолшиева
Көздегі параллельді сәулелер фокусы аккомодацияланбай, торлы қабатқа сәйкес келетін көз рефракциясы. Эмметропия «мінез рефракциясы» болып есептеледі
2. Миопия
Аметропия (жақсы емес рефракция) көздегі параллельді сәулелер фокусы тыныш аккомодация кезінде торлы қабаттың алдында тұрады. Миопияның себебі: көз алмасының алға артқа бағытқа созылуы немесе көз күшінің тым сынғыштығы. Күнделікті жағдайда «алыстан көрмеушілік» деп аталады.
3. Гиперметропия
Аметропия аккомодацияланбаған көздегі параллельді сәулелер фокусы торлы қабақтың артында жатады. Гиперметорпия себебі көз алмасының оптикалық ось бойымен немесе көздің сыну күші жеткіліксіз. Күнделікті жағдайда «алыстан көргіштік» деп аталады
4. Астигматизм
Аметропия, әр түрлі меридианда көздің сыну күші әркелкі. Астигматизм себебі туа немесе жүре пайда болған мөлдір қабаттың сфералы еместігі. Көзде сыну күші төмен меридиан, сыну күші максималды бірінші меридианға перпендикулярлы болады. Олар басты меридиандар деп аталады, ал минималды сыну күші бар, көздің сыну жүйесінің астигматикалық осі деп аталады.