Студент үйреніп алуы қажет:
дайын байлап-таңу заттардың және байлап-таңу материалдарының функционалдық қасиеттерінің тауартанулық талдауын жүргізуді;
байлап-таңу материалдарының функционалдық қасиеттерін анықтауды (химиялық тазалығын, өткізгіштігін, сорып алу қасиетін, жұмсарту тездігін);
байлап-таңу материалдарын сақтауын ұйымдастыру;
байлап-таңу материалдарының тұтынушылығын анықтауды;
медициналық гипстің сапасын анықтауды.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Байлап-таңу заттарының жіктелуі.
2. Байлап-таңу материалдары, сипаттамасы.
3. Мақта, оның түрлері. Мақтаның тауартанулық талдануы.
4.Алигнин байлап-таңу материалы ретінде, түрлері. Сапасына қойылатын материалдар?
5. Медициналық дәке. Дәкенің тауартанулық талдауы?
6. Дәкеден жасалған дайын заттар, олардың сипаттамасы.
7. Бинттердің түрлері. Орау-бууы, таңбалануы, өлшемдері және сақталуы?
8. Таңғыш таңуға арналған материалдар
9. Гипс алынуы мен қасиеті.
АҚПАРАТТЫ-ДИДАКТИКАЛЫҚ БЛОК.
Медициналық мақта гигроскопиялық және компрестік болып бөлінеді. Гигроскопиялық мақта қолдануына байланысты 3 түрге бөлінеді:
көзге арналған;
гигиеналық;
хирургиялық.
Медициналық гигроскопиялық мақта мақсары қағазды жұмсақ талшықтардан тұрады, иіссіз және ақ түсті. Гигроскопиялық қасиеттері үшін шикізатты алдымен майсыздандырады (дайын мақтада май және воск заттарының үлесі 0,3-0,5% жоғары болмау керек, себебі бұл қасиетін білдіреді) .
Медициналық гигроскопиялық мақтаға қойылатын талаптар:
мақта жақсы таралған болу керек, таралмаған тығыз талшықтар үлесі 1,5-5%, мақта шаңының үлесі 0,1-0,2% жоғары болмау керек.
Мақтаның сулы сығындысының бейтараптылығы (Рн – 7,0-7,5). Оны қызыл және көк лакмус қағазымен анықтауға болады.
Мақтаның ылғалдығы – 8,0%, ал вискозды мақтаның 9,2% жоғары болмау керек;
Мақта құрамында хлорлы, күкіртқышқылды, кальций тұздарының қосылыстары болмауы керек. Оны анықтауды ерітінділердің опалесценцияларын салыстыру арқылы анықтайды.
Өндірісте залалсыздандырылған және залалсыздандырылмаған мақта шығарылады. Залалсыздандырылған мақтаны сақтау мерзімі бес жылдан кем болмау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |