Рецензенттер


Қандауыр пышақтар мен пышақтардың сапасын анықтау әдістері



бет25/95
Дата21.12.2022
өлшемі0,94 Mb.
#163817
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   95
Байланысты:
МФТ книга
То санды жиынты ба алауды спецификациясы « аза дебиеті» (1)
Қандауыр пышақтар мен пышақтардың сапасын анықтау әдістері

Кесуші бөлігінің өткірлігіне аса назар аудару қажет, онда жұмсарған, жапсырылған жерлері мен кетік болмауы тиіс. Функционалды қасиетін 2 тәсілмен тексереміз:


а) қандауыр пышақ және ампутациялық пышақпен жұмсақ теріге тілік жасаңыз, ал резекциялық пышақпен орташа тығыздықты картон қағазға тілік жасаңыз. Екі жағдайда да өткір жүзі деформацияланбау, өтпес болып қалмау тиіс, ал тілік шеттері тегіс болуы тиіс.
б) қандауыр пышақ пен ампутациялық пышақтың өткірлігін тексеру үшін жұқа қағазды алып, оны пышақпен кесу керек, кескінді түзу, қағаз майыспауы тиіс.


Қайшының сапасын анықтау әдістері

1. Қарап тексеру арқылы, бұзылмағандығын, деформациясы, қабаттану, дақтану, коррозия кетік пен кесу бөлігінде жұмсарған жерлері жоқтығын тексеру.


2. Бекіткіштің дұрыстығын, саңылаудың кесірінен шайқалу болмауын, бұталарының берік бекітілгенін тексеріңіз. Шешілмелі бекіткіш болған жағдайда 900С бұрышта ғана бұталары бір-бірімен ажырауы тиіс. Кесу қасиетін 1-5 қабат дәкені кесу арқылы тексеріңіз. Бекіткіш пен бұтаның соңына дейінгі ара қашықтықта дәкені, жіптерін ілмей, таза кесуі тиіс. Сынақ жүргізгенде қайшы жүзі өтпей қалмау керек. Қайшының өткірлігін сулы папирос қағазын кесу арқылы тексеруге болады. Қағаз майыспау керек.


Араның сапасын анықтау әдістері

1. Қарап тексеру арқылы араның бүтіндігін тексеріңіз.


2. Шарнирлі бекітудің дұрыстығын тексеріңіз. Бекіту тұрақты және берік болу керек. Араның винтті қосындысын тексеріңіз;
3. Техникалық шарттарға сәйкестігін тексеріңіз, онда тістері өткір, бірдей ұзындықта, біркелкі бұрылыс болуы тиіс.
4. Функционалдық қасиетіне малдың түтікше тәрізді сүйегін немесе осы мөлшердегі қатты тінді (емен, шамшат) ағаш кесіндісін аралап тексереді тістері жұмсарып, опырылып, деформацияланбау тиіс;


Қашаудың сапасын анықтау әдістері

1. Деформация, коррозия жоқтығын, кесу бөлігінің бұрыстығын тексеріңіз. Кетіктер, жапсырылған және жұмсарған жерлері болмауы тиіс.


2. Кесу қасиетін 100мл қашықтықта сүйекті қашау арқылы тексеріңіз. Өткір жүзі өтпес болмауы, опырылып, деформацияланбау керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет