ЭКЛАМПСИЯ
Тырысулар кезінде көмек көрсету
Жабдықтарды дайындап (ауа жібергіш, сорғыш, бет перде және қапшық, оттегі), минутына 4-6 л жылдамдықпен оттегі береді. Әйелді жарақаттан сақтаңыз, бірақ белсенді ұстаудың қажеті жоқ. Асқазан құрамы, құсық және қанды бөліністермен аспирациялану қаупін төмендету үшін әйелді сол жақ бүйіріне жатқызыңыз. Тырысудан кейін қажет болған жағдайда ауыз қуысы мен көмейді тазарту керек.
Ұстамадан кейін тез арада магнезиалді терапияны бастау керек:
- бастаушы дозасы – магний сульфатының 5г құрғақ затын (20 мл 25% сұйық) т/і 10 -15 минуттың ішінде баяу енгізу.
- ұстап тұрушы дозасы - физиологиялық сұйық 320 мл-ге 80 мл 25% магний сульфаты енгізу жылдамдығын есепке ала отырып енгізеді:
11 тамшы/мин – 1г құрғақ зат/сағ.
22 тамшы/мин – 2 г құрғақ зат/сағ.
Үзіліссіз тамырішілік енгізу ұзақтығы 12-24 сағаттың ішінде жүреді (сағатына 1-2г.).
Седативті дәрілерді (диазепам) жанама әсерлеріне байланысты (неонаталді тыныс алуды төмендетеді) тағайындаудың қажеті жоқ.
Егер 15 минуттан кейін тырысулар қайталанса, онда магний сульфатының 2г. (8 мл – 25% сұйықты тамыр ішіне 20 минут ішінде) енгізеді. Егер тырысулар жалғаса берсе диазепам енгізіңіз. Жүктемелеу дозасы 10 мг тамыр ішіне 2 минутта енгізіледі, тырысулар қайтадан басталғанда 10 мг диазепамды қайтадан енгізеді. Ұстап тұрушы доза – 40 мг диазепамды 500 мл физиологиялық сұйықта 6-8 сағат ішінде, әйелді оята алатындай седация жағдайында болуы үшін енгізеді. Егер тыныс алу жиілігі минутына 16 төмен болса, онда диазепамның ұстап тұрушы дозасын енгізуді тоқтату керек. 20 мг (4мл) щприцте инесіз (немесе қуық катетері арқылы) ректалді енгізуге болады. Магний сульфатымен емдеуді босанғаннан немесе соңғы тырысулардан кейін 24 сағат бойына жалғастыру керек.
Эклампсия тез арада босануды шешуге абсолютты көрсеткіш болмайды. Алдыменен науқастың жағдайын тұрақтандыру қажет.
Қан айналымының көлемін (ҚАК) толықтыру. Әйелдерде преэклампсия ағымының ауырлауында плазманың орташа көлемі қалыптыға қарағанда 30-40% төмен болады. Плазма көлемінің жеткіліксіздігін жою және гемодилюция құру үшін қарқынды терапияны қолданады, содан кейін гемодилюция құрылады, қанның микроциркуляциясы жақсарады және клеткалардың агрегаттары бұзылады. Заманауи талаптарға сай «плазманың орнын идеалді басушы» адекватты дәрі ретінде 6 және 10% гидроксиэтилирленген крахмалды (ГЭК) айтуға болады, оның негізі болып жүгері немесе картоп дәнінен алынатын гидролизденген амилопектин саналады. ГЭК гемодилюцияның жоғары деңгейін құрай отырып, дезагрегирлеуші әсер көрсетеді, плазманың коллоидты-осмотикалық қысымын қалыптастырады, жүйелі гемодинамика мен микроциркуляцияның қайта қалпына келу салдарынан органды перфузия мен оттегіні тасымалдауды жақсартады. ГЭК айналу уақыты – 4 сағат, бүйрек арқылы шығарылады. ГЭК құрылымы адам гликогенінің құрылысына ұқсас келеді, ол оның төмен реактогендігімен байланысты.
Протеинурияның салдарынан плазмадағы белоктың құрамы альбумин фракциясы есебінен 50-45г/л дейін төмендейді, сондықтан белоктың жеткіліксіздігін толтыру міндетті деп саналады. Осы мақсатта 10 - 20% альбумин сұйығын немесе протеинді енгізуді ұсынады, соңғысы 83% альбумин және 17% глобулиннен тұрады. Альбуминнің нативті молекуласы екі функцияны орындайды – эффективті онкотикалық қысымды ұстап тұрады және ағза бойынша қоректік заттарды, фармакологиялық агенттерді, гормондарды, ферментер мен микроэлементтерді тасымалдайды. Онкотикалық белсенді молекулалардың функциясы тамыр русласында суды ұстап қалудан тұрады, сондықтан альбумин ҚАК ұстап тұруға қабілетті көптеген факторлардың бірі болып табылады. Дегенмен, тамыр қабырғаларының өткізгіштігі жоғарылаған кезде альбумин интерстициалді жазықтыққа еркін өтуі мүмкін, бірақ тамыр руслосына қайтуы мүмкін. Сондай-ақ, ҚАК жоғарылататын жаңа мұздатылған плазманы құю көрсетілген, ол гемодилюцияны құрайды және қанның реологиялық қасиетін жақсартады. Орталық венозды қысымды (ОВҚ) бақылай отырып, инфузионды-трансфузионды терапияның көлемін реттеп, оның жоғарғы шыңын 60-80 мм. су. бағ. шамасында ұстау қажет.
Гестоздың ауыр түрін инфузионды емдеу үшін төмен концентрациялы сұйықтарды (5% глюкоза, физиологиялық сұйық NaCI, глюкозо-новокаинді аралас сұйық және т.б.) қолданбайды, өйткені олар тамырлық руслода тұрақталмайды және интерстициалді жазықтыққа өтіп кетеді. Тамырлық руслодан сұйықтың шығып кетуі плазманың осмотикалық қысымының төмендеуімен, натрийдің интерстициалді жазықтықта ұсталынып қалуымен байланыстырылады. Сонымен қатар атап айту керек, ҚАК қалпына келтірілгеннен кейін негізінде, магний сульфаты үшін тасымалдаушы орта ретінде инфузионды терапияны минималді көлемде жүргізіп, сағатына 80 мл асырмау керек.
Гестоздың ауыр түрі, жиі жағдайда эритроциттер мен тромбоциттердің агрегациясының жоғарылауымен, гиперкоагуляциямен қосарланады және қанның тамырішілік шашыраңқы ұюы синдромының созылмалы түрін көрсетеді. Бұл диагноз зертханалық жағдайда дәлелденгенде, егер бастапқы ұю уақыты 2-3 есеге ұзартылса немесе жеңіл және біркелкі гипокоагуляция жағдайына жеткізілсе, яғни Сухарев бойынша 5-6 минутқа дейін, онда көрсетілген антиагрегантты терапия жеткілікті деп саналады. Осы мақсатта, эффективті тромба түзілуіне қарсы дәрі ретінде фраксипаринді қолдануға болады. Дәрінің антитромботикалық белсенділігі ІІ фактордың (тромбин) аздаған тежелуінің және Х фактордың (қатынасы 1:1 құрайтын стандартты гепаринге қарағанда айырмашылығы шамамен 1:4 қатынасты құрайды) айқын ингибирленуінің арқасында көрінеді, оның артықшылығы да осымен қорытындалады. Фраксипариннің артықшылығы: қарапайым теріастылық енгізгенде жоғары биологиялық тиімділігі (95%), антитромботикалық эффектісіне және тамырішілік енгізусіз шығуға кепілдеме береді; антитромботикалық әсері жылдам және ұзақ, сондықтан дәріні тәулігіне 1 рет енгізумен шектелуге болады.
Гестоздың ауыр түрінде диурездің сағатына 30 мл және одан да төмендейтіндігі бізге белгілі. Диурездің жылдамдығын сағатына 50 мл және одан да жоғары қалыпқа келтіру қажет. Диурезді күшейту бүйрек қызметін жақсарту, өкпенің интерстициалді жазықтығынан артық сұйықты алып тастау, яғни өкпенің кардиалді емес себептен болған интерстициалді ісініуін төмендету үшін қажет.
Преэклампсияны емдеудегі оң нәтиже:
1. Тырысуға дайындықтың болмауы
2. Ошақтық және жалпымилық неврологиялық симптоматикалардың болмауы
3. АҚҚ тұрақтануы
4. Тері жабынының кәдімгі түске енуі.
5. Диурезі сағатына 50 мл асуы.
6. Жалпы белок 50 г\л асуы
7. Тромбоцит санының 100 х 109 асуы
Достарыңызбен бөлісу: |