Рецензенттер



бет23/24
Дата07.02.2022
өлшемі277 Kb.
#95850
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
И.Л.Копобаева ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРДЕГІ ГИПЕРТЕНЗИВТІ ЖАҒДАЙ

Тесттік тапсырмалар


1. Артериялық қысым деңгейі АГ критерийі болып табылады:
А) 120/85
В) 130/85
С) 135/80
D) 140/90
E) 160/90


2. Гестациялық АГ критерийі болып табылады:
А) АГ жүктіліктің 20 аптасына дейін пайда болған
В) АГ жүктіліктің 20 аптасынан кейін пайда болған
С) АГ жүктілікке дейін болған
D) АГ босанғаннан кейінгі 6 аптаға дейін сақталады
E) АГ босанғаннан кейін де ұзақ уақыт сақталады


3. Созылмалы АГ критерийі болып табылады:
А) АГ жүктіліктің 20 аптасына дейін пайда болып, босанғаннан кейінгі 6 аптадан аса сақталады
В) АГ жүктіліктің 20 аптасынан кейін пайда болған
С) АГ босанғаннан кейін бірден қалыпқа келеді
D) АГ босанғаннан кейінгі 6 аптада қалыпқа келеді
E) АГ босанғаннан кейінгі 6 айда қалыпқа келеді


4. Жүктілік кезіндегі АГ дәрежесін атаңыз:
А) жеңіл, ауыр
В) екіншілік
С) орташа, жеңіл
D) қатерлі
E) біріншілік


5. Артериялық қысым деңгейі жеңіл АГ критерийі болып табылады:
А) СҚ ≥ 130 мм сын.бағ, ДҚ ≥ 80 мм сын.бағ
В) СҚ ≥ 135 мм сын.бағ, ДҚ ≥ 85 мм сын.бағ
С) СҚ ≥ 140 мм сын.бағ, ДҚ≥ 90 мм сын.бағ
D) СҚ ≥ 155 мм сын.бағ, ДҚ ≥ 95 мм сын.бағ
E) СҚ ≥ 160 мм сын.бағ, ДҚ ≥110 мм сын.бағ


6. Артериялық қысым деңгейі ауыр АГ критерийі болып табылады:
А) СҚ ≥ 130 мм сын.бағ, ДҚ ≥ 80 мм сын.бағ
В) СҚ ≥ 135 мм сын.бағ, ДҚ ≥ 85 мм сын.бағ
С) СҚ ≥ 140 мм сын.бағ, ДҚ≥ 90 мм сын.бағ
D) СҚ ≥ 155 мм сын.бағ, ДҚ ≥ 95 мм сын.бағ
E) СҚ ≥ 160 мм сын.бағ, ДҚ ≥110 мм сын.бағ


7. Преэклампсия критерийі болып табылады:
А) АГ, протеинурия (≥0,3 г/л ), ± ісіну
В) АГ + ісіну
С) Протеинурия (0,3г/л) + ісіну
D) АГ кез келген дәрежесі
E) Протеинурия ≥0,3 г/л


8. Ауыр преэклампсия критерийі болып табылады:
А) ауыр АГ + ісіну
В) АГ кез келген дәрежесі, протеинурия (≥0,3г/л) және мүшелердің қызметінің бұзылуының бір симптомы (ОЖЖ, көз, бауыр, бүйрек ж.т.б)
С) АГ кез келген дәрежесі
D) АГ 140/90 мм сын.бағ + протеинурия <0,3г/л
E) АГ 140/90 мм сын.бағ + протеинурия (≥0,3 г/л ), ± ісіну



  1. ПЭ алдын алу үшін жасалған шаралардың нәтижелілігі дәлелденген:

А) сұйық пен тұзды шектеу
В) қосымша Fe, Mg, фолий қышқылы, вит. Е және С дәрмектерін қабылдау
С) Аспиринді аз дозада және Са ПЭ және Экл қауіп факторларымен
D) тамақта ақуыз және көмір қышқылын шектеу
E) жеңіл тамақтану күндері



  1. Тырыспаның алдын алу үшін MgSO4 стартты дозасы құрайды:

А) Mg 25% 10 мл б/е әр жамбасқа
В) Mg 25% 10 мл т/і бір рет
С) Mg 25% 20 мл т/і баяу 10-15мин
D) Mg 25% 10 мл б/е Бровкин бойынша
E) Mg 20% 10 мл т/і баяу 10-15мин


11. Татьяна, 30 жаста, бірінші жүктілік. Жүктіліктің гестациялық мерзімі 36 апта. Артериалді қан қысымы 130/85 мм сын бағ. Алғаш келген кезінде қан қысымы 100/70 мм сын.бағ. болған. Аяқтарында сусіңділену байқалады, жүктілік кезінде 18 кг.салмақ қосқан. Зәріндегі белоктың құрамы 0,15 г/л. Жатыр түбінің биіктігі 34 см. Болжам диагноз:
А) Преэклампсияның жеңіл дәрежесі
В) Жүктілікпен шақырылған сусіңділену протеинуриямен бірге
С) Преэклампсияның ауыр дәрежесі
D) Жүктілікпен шақырылған гипертензия
E) Жүктілікпен шақырылған гипертензия протеинуриямен бірге


12. Рита, 22 жаста. Жүктіліктің гестациялық мерзімі 36 апта. Денсаулығы жағынан шағымы жоқ. Аяқтарында мардымсыз сусіңділену бар. Артериялық қан қысымы 150/100 мм сын.бағ. Зәріндегі белоктың құрамы – 0,1 г/л. Рита ұрықтың қозғалысын жақсы сезінеді. Жатыр түбінің биіктігі 34 см. Болжам диагноз
А) Преэклампсияның жеңіл дәрежесі
В) Жүктілікпен шақырылған сусіңділену протеинуриямен бірге
С) Преэклампсияның ауыр дәрежесі
D) Жүктілікпен шақырылған гипертензия
E) Жүктілікпен шақырылған гипертензия протеинуриямен бірге


13. Светлана, 31 жаста. Жүктіліктің гестациялық мерзімі 31 апта. Денсаулығы жағынан шағымы жоқ. Артериялық қан қысымы 150/100 мм сын.бағ. Зәріндегі белоктың құрамы 0,5 г/л. Жатыр түбінің биіктігі 29 см Болжам диагноз:
А) Преэклампсияның жеңіл дәрежесі
В) Жүктілікпен шақырылған сусіңділену протеинуриямен бірге
С) Преэклампсияның ауыр дәрежесі
D) Жүктілікпен шақырылған гипертензия
E) Жүктілікпен шақырылған гипертензия протеинуриямен бірге


14. Алёна, 20 жаста. Жүктіліктің гестациялық мерзімі 34 апта. Алёна басының ауыруына, лоқсуға, эпигастрий аймағының ауырсынуына шағымданады. Артериялық қан қысымы 180/110 мм сын.бағ. Зәріндегі белоктың құрамы 1,0 г/л. Ұрық қозғалысын әлсіз сезінеді.
А) Преэклампсияның жеңіл дәрежесі
В) Жүктілікпен шақырылған сусіңділену протеинуриямен бірге
С) Преэклампсияның ауыр дәрежесі
D) Жүктілікпен шақырылған гипертензия
E) Жүктілікпен шақырылған гипертензия протеинуриямен бірге


15. Жүктілік 35 апта. Жеңіл дәрежелі преэклампсиясы. Ұрықтың болжам салмағы - 2350 г. Жатыр мойының жетілуі Бишоп бойынша – 7 ұпай. Допплерометрия бойынша диастолалық қан айналасуы жоқтығы анықталған. КТГ бойынша 1 сағаттың арасында екі рет – ұрық жағдайының айқын бұзылысы. Емдеу жалғасу кезінде осындай әрекеттерді жасау керек:
A) Ұрық дамуы үшін жүктілікті 1 аптадай созуға болады
B) Амниотомия, окситоцинмен босандыруды қоздыру
C) Жатыр мойынын дайындайтын шараларды бастау
D) Кесар тілігі жедел түрде жасаумен босандыру
E) Допплерометрия және КТГ қайталап жасау, динамикалық бақылау.


16. Қайталап жүкті перинатальдық орталыққа 37 апта мерзімінде түскен. АҚҚ-150/90 мм, протеинурия 2,64 г/л, алдыңғы іш пердесінде, қолдарында, аяқтарында, бетінде орташа ісіктер бар. Ұрық УДЗ фетометрия бойынша – 32 апта. Сіздің диагнозыңыз:
A) Преэклампсия ауыр дәрежелі, ҰҚДК III дәр.
B) Преэклампсия жеңіл дәрежелі, ҰҚДК III дәр.
C) Преэклампсия жеңіл дәрежелі, ҰҚДК I-II дәр.
D) Преэклампсия ауыр дәрежелі, ҰҚДК II дәр.
E) Жүктілікпен шақырылған артериалдық гипертензиясы қосылған протеинуриямен, ҰҚДК II дәр.


17. Преэклампсияны/эклампсияны реттеу үшін, ең танылған, эффективті және қауіпсіз, таңдаулы емдеу әдісіне жататын терапия қайсысы?
A) магнезиалді терапия
B) простогландиндермен емдеу
C) B блокаторлармен емдеу
D) допегит 10 мг* тәулігіне 2 рет
E) миотропты әсер беретін вазодилятатор бастапқы дозасы 0,25 мкг/кг/мин

18. Гестациялық гипертензия дегеніміз не?


A) Артериялық қысымның жоғарылауы және протеинуриямен көрінетін көпжүйелі синдром
B) Жүктіліктің бірінші триместрінде кездесетін гипертензия
C) Жүктіліктің 20 аптасынан кейін пайда болатын, АҚ босанғаннан кейін 6 апта ішінде қайта қалыпқа келетін гипертензия
D) Бір рет өлшегенде диастолалық қысымы 110 мм сын.бағ. асатын немесе тең болатын жағдай
E) Жүктілік пен босануды асқындыратын, бұрын пайда болған гипертензия

19. Магнезиалді терапияны жүргізудегі жүктеме доза қандай болады?


A) 320 мл физ. сұйыққа 80 мл 25% MgSO4
B) 5 грамм құрғақ зат немесе 20 мл 25% MgSO4
C) 2 грамм құрғақ зат немесе 10 мл 20% MgSO4
D) 250 мл 25% MgSO4
E) 40 мг + 500 мл физиологиялық сұйық


20. ЖДА дәрігер акушер-гинеколог қабылдауына жүктіліктің 32 аптасындағы әйел келді. Шағымдары басының ауыруына, жүрек айнуына, бір рет құсу болған. АҚҚ 160/110 мм рт ст. Ұрық жүрек соғуы ырғақты, 136 рет минутына. Зәрінде – белок 0,66 г/л. ҚР ДСМ № 239 бұйрығы бойынша жүкті әйелді жүргізу тактикасы:
А) емді қажет етпейді, тек қана мұқият бақылау
В) амбулаторлы бақылау, егер жүкті әйел өз жағдайын бағалай алса және дәрігер ұсынысын орындаса
С) сульфат магний мен гипотензивті емді бастау
D) III деңгейлі мекемеге бағыттау
Е) жедел жәрдем көлігімен III деңгейлі мекемеге бағыттау жағдайын қалпына келтіргеннен кейін


21. Перзентханаға жедел жәрдем көлігімен жүктіліктің 38 аптасындағы әйел келіп түсті, шағымдары басының ауыруына. АҚҚ 145/90 мм рт. ст. Аяғында - ісінулер. Зәр анализінде белок табылды – 0, 66 г/л. Сіздің болжам диагнозыңыз:
А) Жүктілік 32 апта. Созылмалы артериалді гипертензия
В) Жүктілік 32 апта. Гестациялық гипертензия
С) Жүктілік 32 апта. Преэкламспияның жеңіл дәрежесі
D) Жүктілік 32 апта. Преэкламспияның ауыр дәрежесі
Е) Жүктілік 32 апта. Эклампсия


22. 29 жастағы әйелде, жүктілігінің 30-31 аптасында, 3 апта бойына АҚҚ 160\100 мм сын бағ дейін жоғарылауы аясында басының ауыруы және мұрнымен тыныс алуының қиындауы, диурезінің азаюы пайда болды. УДЗ-да анықталды: ұрықтың фотометриялық көрсеткіштері 2 аптаға артта қалған және суыаздық, доплерометрияда – екі жақты жатыр артериялары қанағымының резистенттілігінің жоғарылауы және ұрық-плацента қанағымының «критикалық» жағдайы анықталды. Дәрігер тактикасы?
А) Кешенді қарқынды терапия, оң нәтиже берген жағдайда – жүктілікті жалғастыру
B) Кешенді қарқынды терапия босануды қоздырумен және босануды консервативті жолмен шешу
C) Қарқынды терапия аясында босануды шұғыл түрде кесар тілігі операциясымен шешу
D) Кешенді қарқынды терапия кейіннен босанудың уақыты мен тәсілі туралы сұрақты шешу
E) Допплерометриямен бақылау арқылы қарқынды терапия аясында жүктілікті


23. 33 жастағы алғаш жүкті әйел, жүктіліктің 32 апта мерзімінде ес түссіз жағдайда жедел жәрдем бригадасымен перзентханаға жеткізілді. Күйеуінің айтуына қарағанда жүкті әйелде үйінде құрысулар болған, жағдайы ауыр. Тері жабындылары бозғылт, аяқтарында айқын ісік, АҚ 180/120 мм сын. бағ., анурия. Ұрықтың жүрек соғысы тұйық, 130 рет мин. Жатыр мойны артқа қарай ығысқан, тығыз, жатыр мойны өзегі жабық, қағанақ қуығы бүтін. Диагнозыңыз қандай?
А) Жүктілік 32 апта. Эклампсия. Жедел бүйрек жетіспеушілігі. Ұрықтың құрсақішілік гипоксиясы.
В) Жүктілік 32 апта. Преэклампсияның ауыр дәрежесі. Жедел бүйрек жетіспеушілігі. Ұрықтың құрсақішілік гипоксиясы.
С) Жүктілік 32 апта. Гипертониялық криз. Жедел бүйрек жетіспеушілігі. Ұрықтың құрсақішілік гипоксиясы.
Д) Жүктілік 32 апта. Гипертониялық криз. Жедел бүйрек жетіспеушілігі.
Е) Жүктілік 32 апта. Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын сылынуы. Ұрықтың құрсақішілік гипоксиясы.

24. Жүктіліктің 37-38 аптасы, АҚҚ – 160/100 мм сын. бағ., аяқтарында және іш аймағында ісінулер бар. Зәріндегі белок - 0,3 г/л. Анамнезінен: 5 жыл бойына созылмалы пиелонефрит. Стационарда 5 күн бойына ем жүргізілді, бірақ нәтиже жоқ. Диагноз? Тактикасы?


А) созылмалы пиелонефрит өршу сатысында, терапия стационарында емдеу
В) гипертониялық ауру
С) біріккен гестоз, организмді босануға дайындағаннан кейін, тез арада босануды шешу
D) гломерулонефрит
E) пиелонефрит

25. Әйел, жүктілігінің 38-39 аптасында коматозды жағдайда жеткізілді. Туысқандарының айтуы бойынша, үйінде 2 рет талма болған. Анамнезінен: бұрын тырысулар байқалмаған, жарақаттар болмаған. Объективті: аяқтарында ісіну, АҚҚ – 150/100 мм сын. бағ. Диагноз? Тактикасы:


А) эпилепсия, тырысуларға қарсы препараттарды енгізу, босануды табиғи жолмен шешу
В) эклампсия, босануды кесар тілігімен шешу
С) қант диабеті, гипергликемиялық кома, қант диабетін емдеу, босануды табиғи жолмен шешу
D) бас миінің посттравматикалық ауруы, тырыспа синдромы
E) эклампсия, консервативті ем
26. Жүктіліктің 34-35 аптасы. Аяқтарының балтырларында және табандарында ісінулер бар. АҚҚ - В области голени и стоп обеих ног отеки. АД –150/90 мм сын.бағ.. Зәріндегі белок – 0,66 г/л. Жүкті әйелдің жағдайы қанағаттанарлық. Диурезі адекватты. Диагнозы? Тактикасы:
А) гипертониялық ауру, гипотензивті ем, жүктілікті жалғастыру
В) жүктілер пиелонефриті, емдеу, жүктілікті жалғастыру
С) преэклампсияның жеңіл дәрежесі, бақылау, нәтиже болмағанда босануды шешу
D) гломерулонефрит, босануды тез арада шешу
E) гестоз ауыр түрі, 3 апта бойына емдеу, нәтиже болмағанда босануды шешу

27. Кеш гестоздар кезінде ұрықта жиі дамитын асқынулар:


А) ұрық гипоксиясы, ұрықтың гипотрофиясы
В) қан кету
С) ұрықтың даму ауытқулары
D) ұрықтың даму ақаулары
E) иығының сынуы

28. 23 жастағы алғаш босанушы әйел, жедел жәрдем машинасымен үйінде болған эклампсия ұстамасынан кейін перзентханаға жеткізілді. Жүктіліктің 37-38 аптасы, жағдайы ауыр, есі тежелген. Тері жабыны бозғылт, аяқтарында айқын сусіңділену байқалады. АҚҚ – 150/100 мм сын.бағ., тамыр соғысы – минутына 98 соққы. Жүргізу тактикасы


А) жағдайын тұрақтандырғаннан кейін кесар тілігі арқылы босануды шешу
В) гестозды кешенді емдеп, жүктілікті жалғастыру
С) босануды қоздыру, соңынан акушерлік қысқыштар салу
D) бақылау
E) шұғыл түрде кесар тілігі

29. Жүкті әйел, бас ауыруы мен эпигастр аймағының ауырсынуымен перзентханаға жеткізілді. Тамыр соғысы – минутына 100 соққы, АҚҚ – 170/100 мм сын.бағ.. Беті мен аяқтарында ісіну бар. Жүктілігі мерзіміне жеткен. Жатыры кернелген, пальпациялау кезінде ауырсынады, ұрықтың жүрек қағысы тұйық, жыныс жолдарынан бөліністері қанды. Не істеу керек?


А) ұрықтың жедел гипоксиясын емдеу
В) гестозды кешенді емдеуді бастау
С) ұрық қапшығын жарып, босануды табиғи жолмен шешуді бастау
D) жағдайын тұрақтандырғаннан кейін кесар тілігі
E) 12 сағат бойына бақылау

30. Преэклампсияның жеңіл дәрежесімен босанатын әйелде, жатыр мойны ашылуының 3-4 см кезінде қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен алдын сыдырылуы пайда болды. АҚҚ – 150/100 мм сын.бағ., Ps – минутына 110 соққы, ырғақты. Ұрықтың жүрек қағысы минутына 160 соққы. Дәрігер тактикасы:


А) ұрық қапшығын жарып, босануды окситоцинмен күшейту
В) простогландиндермен босануды күшейту
С) спазмолитиктер мен токолитиктерді қолдану
D) кесар тілігі
E) бақылау




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет