Рецензия-рейтинг



бет3/5
Дата18.06.2020
өлшемі1,85 Mb.
#73810
1   2   3   4   5
Байланысты:
10-12 жастағы волейболшылардың арнайы физикалық сапаларын дамыту әдістемесі
Сөз сазы орфоэпия бн, Сөз сазы орфоэпия бн, 2 дәріс, 2 дәріс, РАДОСТНЕЙ СДЕЛАТЬ ЖИЗНЬ, РАДОСТНЕЙ СДЕЛАТЬ ЖИЗНЬ, 596, тест пн-30, Әліппеден кейінгі кезең, Әліппеден кейінгі кезең, ЖАзу, ЖАзу, Сөз сазы орфоэпия бн, Сөзжасамдық мағына түрлері мен лексикалық мағынаның арақатынасы
4. ҚОРЫТЫНДЫ.
Дене тәрбиесі пәнінен «Денешынықтыру сабағында «Волейбол» ойынның тәрбиелік мәні.«тақырыбында өткен ашық сабағының өзіндік талдауы.

Сабақта алдыма мынандай мақсаттар қойдым:

Оқушыларды волейбол ойынына қызықтыру.

Оқушыларды топтық, жолдастық және ұжымдық сезімдерге тәрбиелеу.

Көрнекіліктерден волейбол доптары, сетка, ысқырықты, кадаскоп пайдаландым.

Ашық сабақ спорт залда өтті. Спорт залдың санитарлық жағдайы жақсы, талапқа сай безендірілген, қажетті құрал-жабдықтар дер кезінде әзірленіп қойылды. Сабақ үш бөлімнен тұрды.

І бөлім. Дайындық бөлімі 10–15 мин.

ІІ бөлім. Негізгі бөлім 25–30 мин.

ІІІ бөлім. Қорытынды бөлім 4–5 мин

Дайындық бөлімінде оқушылар сапқа тұрғызылып, кезекшінің рапорты тыңдалды. Сынып оқушыларының барлығы сабаққа дайындалып келген, спорттық киімдері бар. Оқушыларға сабақтың мақсаттары баяндалып, қозғалыс қасиеттерін дамыту мақсатында дайындық жаттығуларын орындаттым. Олар жүру жаттығулары: денені түзу ұстап, басты көтере белді түзу ұстап жүру; жүгіру жаттығулары: еркін демалып, бірқалыпты жүгіру, тек сол иықпен қарап алға жүгіру, әрбір жаттығуды талапқа сай әдемілеп орындау; қозғалыстағы жаттығулар: денені түзу ұстап, қолды иықтың деңгейінде ұстау; орында орындалатын жаттығулар: басты жоғары көтеріп денені түзу ұстау. Дайындық жаттығулары бірнеше рет орындалды.

Негізгі бөлімінде, волейбол ойнын ойнау кезеңінде допты жоғарыдан және төменнен екі қолмен қабылдауды, допты төменнен қабылдауды үйреттім. Допты жоғарыдан және төменнен екі қолмен қабылдауды үйрету үшін, оқушыларды бір-біріне арақашықтығы 6–7 метрден бетпе-бет қаратып, допты жоғарылақтырып, қайтадан қабылдатып, арықарай қарсыласына көтеріп бергіздім. Арақашықтығы 7–8 метрден оқушы допты жоғары көтеріп құрбысына берді, құрбысы допты қолын көтеріп қабылдап, қайта берді. Келесі кезеңде оқушыларға допты еденге ұрып құрбысына беруді, құрбысы допты жоғарыдан қабылдап, ұстап қайта еденмен беру жаттығуларын орындаттым. Жаттығулар слайдтармен көрсетіледі.

Допты төменнен қабылдауды үйрету үшін, оқушының екі қолмен төменнен допты қабылдау тұрысын көрсетіп, келесі жаттығуларды орындаттым. Оқушы құрбысының қолына допты беріп екі қолмен қабылдап, қайта берді. Оқушылар арақашықтығы 8–10 м жерден қарама-қарсы тұрып, бірінші номерлі оқушы допты жоғарыдан қабылдап, екінші номерлі оқушы допты төменнен қабылдауды үйренді.Жаттығулар слайдтармен көрсетіледі.

Сабақ соңына қарай оқушылар ережемен волейбол ойнады.

Сабақта түсіндірмелі-иллюстративті әдісті қолдандым, оқушыларға жаттығуларды көрсетіп тұрып, орындатып отырдым. Бұл тиімді әдіс болды деп айта аламын, себебі жаңа сабақты түсінбеген оқушылар болған жоқ. Оқушылар сабаққа қызығушылықпен белсенді қатысты. Жаттығулар дұрыс іріктеліп алынды, оқушылардың жүктемесі өзмүмкіндіктерінен асқан жоқ. Тапсырманы орындау саны мен ұзақтығынормаға сай өткізілді. Сабақ процесінде қауіпсіздік шаралары сақталды. Сыныпта арнайы дәрігерлік топқа жататын оқушылар жоқ. Сабақ биология, физика, АӘД пәндерімен тығызбайланыста өтті. Жаттығуларды орындау барысында, қауіпсіздік ережелерін сақтау, денсаулыққа, яғни адамфизиологиясына қауіптөндіретіндігі жөнінде мағлұмат бере отырып биология пәнімен байланыстырып кеттім. АӘД пәнімен саптық жүріскезінде байланыс болса, допты қабылдау кезіндегі доптың траекториясы физика пәніне байланысты екендігі айтылды. Сабақ процесінде волейбол добын, ысқырық, сетканы, кадаскоп пайдаландым.

Қорытынды бөлімде оқушыларды спорт залда жай жүгіртіп, демдерін алғызып, сапқа тұрғызып, сабақты қорытындыладым. Үйге тапсырма ретінде доппен жаттығулар жасау және ұлдарға 8–10 рет тартылу, қыздарға 25–30 рет дене көтеру жаттығуларын бердім. Сабақта уақытты тиімді пайдалана алдым, қоңырауға дейін жоспарлаған жаттығуларымды толық өткіздім. Сабақта алдыма қойған мақсаттарыма толық жете алдым деп ойлаймын.

Спорттың денсаулықты жақсартып, адам жасын ұзартумен қатар көңілін өсіріп, сымбатты, шыдамды да жігерлі боп өзін сергек сезінуіне тигізер септігі мол. Күн сайын бой көтеріп келе жатқан елімізде спорттың дамуына барлық жағдай жасалып жатқаны белгілі. Соңғы жылдарда қазақ спортшылары көптеген жетістіктерге қол жеткізуде. Оған дәлел өз елімізде өткен қысқы Азиадада қазақ елінің спортшылары 32 алтын, 21 күміс, 17 қола медаль жеңіп алған болатын. Сөйтіп, алтын медаль саны жағынан қысқы Азиаданың рекордын жаңарттық. Сонымен қатар күні кеше аяқталған «Лондон - 2012» жазғы олимпиада ойындарындағы жетістіктердің де шоқтығы биік. 7 алтын мен 1 күміс және 5 қоланы жеңіп алған спортшыларымыздың жеңісі, әрине біз үшін бір төбе. Алдағы күндерде де сүйінші сұрар жетістіктеріміз көп болуын әрі ол спортшылардың Байғанин өңірінен болуын қалауменен әңгіме ауанын спорт күні қарсаңында ауыл спортына бұрсақ. Тамыздың үшінші жексенбісі - Спорт және туризм күні болып бекітілгелі мереке кеңінен аталып өтілгелі отыр. Осы мереке қарсаңында аудандық балалар спорт мектебінің волейбол бөлімінің жаттықтырушысы Ақан Смағұлмен әңгімелескен болатынбыз.

— Спорт пен дене тәрбиесінің адамның денсаулығын сақтауда, қоғамда саламатты өмір салтын қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын білеміз. Дегенмен спорттың қоғамға деген пайдасы жөнінде өзіндік пікіріңізді айтып өтсеңіз?

— Қай кезеңде болмасын салауатты өмір салтын ұстанған халықтың ұрпағымыз және Елбасымыз да жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында бұқаралық спортты дамытуға баса назар аударып келеді. Әрине спорттың қай түрінің болмасын адамның денсаулығына тигізер маңызы өте зор. Ал, ауылда бүгінгі таңда спорт саласы бірте- бірте еңсесін көтеріп келеді дей аламын. Аудандық балалар спорт мектебіндегі спорттық үйірмелердің саны артып, оған келуші балалардың саны көбейіп келе жатқаны сөзіме дәлел. Бұдан балалардың спортқа деген қызығушылығының бар екенін, оны дамыту ғана маңызды екенін байқауға болады.

— Өзіңіздің мамандығыңыз жөнінде айтсаңыз...

— Мен, бала кезімнен волейбол ойынын жақсы көрдім. Волейбол – мен үшін спорттық ойындардың арасындағы сүйікті ойындардың бірі. Оны кіші де, үлкен де және ерлер мен қыздар да ойнай береді. Өмірден өткен Аяған Можабаев, Рахметолла Ершуақов деген мықты волейболшы ағайларды атап кетпеу мүмкін емес. Ол кісілердің менің өмір жолыма, яғни мамандық таңдауыма септігі тиді. Олардың спорт саласына сіңірген еңбектері зор боп, әсіресе волейбол спортынан ауданда алғашқы қатарлардан көрінді. Волейбол спортының ардагерлері өзіміздің Қарағұл Нәсір, Бөрібай Сисен және Аязбай Можабаев ағайлардан ойынның қыр – сырын үйренген едік. Мектеп бітірген соң Ақтөбе педогогика институтының дене тәрбиесі және спорт факультетіне оқуға түсіп, мамандығым бойынша бітіріп шықтым. 1990 жылы осы аудандық балалар спорт мектебіне волейболдан жаттықтырушы болып жұмысқа орналасқаннан бері 20 жылдан астам уақыт өтіпті. Спорт мектебінде қыз балалар жаттықтырушысы Қарағұл Нәсір және Индира Ершуақова, ал ер балалармен Әсет Жалғасұлы екеуміз жұмыс жасаймыз. Біздің басты мақсатымыз облысқа мықты-мықты волейбол спортшыларын шығару. Шүкір, жүлделі орындарды иемденіп жүрген балаларымыз жоқ емес.

— Волейбол үйірмесіне оқушыларды таңдап аласыздар ма, әлде...

— Үйірмеге оқушылар таңдалып алынбайды. Қатысамын деп келген баланың бетін қақпаймыз. Себебі балаларды спортқа баулу, ол біздің басты мақсатымыз. Яғни, дені сау ұрпақ тәрбиелеуге атсалысуға тиіспіз. Мысалы, волейбол үйірмесіне 5 -11 класс оқушылары қабылданады. Қабылданғаннан кейін оларды кіші топ, ортаңғы және жоғарғы топ деп бөлеміз. Үйірмеде балаларға волейбол ойынын үйретіп, ережелерімен таныстырамыз. Үш жетінің көлемінде баланың волейболға деген бейімділігі байқала бастайды да икемді балаларды жарыстарға қатыстыра бастаймыз. Ойын арқылы баланың ептілігін, икемділігін, күш, жылдамдық, шапшаңдық және тағы да басқа дене қасиеттерін дамытамыз. Оқушыларды достыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелейміз. Балаларды бірінші топаралық, содан кейін мектепаралық, бұдан кейін облыстық біріншілікке дайындаймыз. Кейін облыстық, республикалық дәрежедегі жарыстарға жіберіледі. Мысалы, облыс біздің ауданнан екі адам алса, өзге аудандардан да ойыншылар алып құрама командасын құрады. Сөйтіп республикалық дәрежедегі жарыстарға қатысады. Біздің жұмысымыз облысқа мықты деген ойыншы дайындап беру.

— Волейбол ойынының түрлері және ережелері қандай?

— Волейбол классикалық және жағажайлық болып екіге бөлінеді. Біздің ойнап жүргеніміз классикалық волейбол. Жағажайлық волейбол құмда болып, онда екі адам кездеседі. Волейбол ойыны ұлттық, жоғарғы және балалар лигасы болып бөлінеді. Волейбол спортшылар командасы 6 ойыншыдан тұрады. Қазір «либеро» деген жаңадан шыққан, яғни жетінші адам қорғаушы болады. Бұрынғы кезде волейболда уақыт шектемей, ойынның 3-4 сағатқа дейін созылып кететін жағдайлары кездесіп жататын. Қазіргі таңда уақыт шектеулі, 5 партиядан болады, яғни 25 ұпайға дейін. Өзіңізге белгілі қай спортта болмасын ойында қатаң тәртіп және мықты талап қажет. Әрине еңбекқорлық та жеңіске жеткізетіні сөзсіз. Ойынды тамашалап тұрған адамға волейбол оңай ойын сияқты болып көрінеді. Допты екі жаққа ұрып, ұпай алса болды. Жоқ ол оңай ойын емес. Волейбол өзіндік ережелері бар намысты ойындардың бірі.

Сондықтан жаттықтырушының негізгі мақсаты көрерменнің ойынға деген мүддесін және волейболшылардың жеке шеберлігін арттыра отырып, командалардың ойын сыныбын сапалы түрде жақсарту екені даусыз. Сонымен қатар Қазақстанның құрама командалары үшін кандидаттар мен резервтер әзірлеуге, яғни чемпиондарды дайындап шығаруға бар күшімізді жұмсаймыз.

— Жаттықтырушы ретінде спортшыларға қояр ең басты талабыңыз?

— Ең басты талабым – тәртіп. Спортшылар жаттығуға айтқан уақытында келсе, шын көңілмен дайындалса ғана жеңіске жетеді. Шәкірттерім бұл талабымды дұрыс түсінеді. Айтқанымды бұлжытпай орындап, жаттығудан кешіккен емес. Командада қатаң тәртіп болғанының арқасында жетістікке жеткенімізді жасырмаймын. Волейболшы болуды армандайтын адамның бойында ең алдымен осы спортқа деген үлкен қызығушылық пен құлшыныс болуы керек. Әр жаттығуда шын ниетімен еңбектеніп, тер төксе ғана шеберлігі шыңдалады.

— Қазіргі таңда ауыл жастарының спортқа деген көзқарастары қандай дәрежеде және ауылдағы волейбол спортының дамуына қандай үлес қосып жатырсыздар?

—Балалардың спортқа қатысымын өте жақсы деп бағалауға болады. Спорт мектебінде күрес, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, волейбол және басқа да спорт түрлерінен үйірмелерге қатысушылардың саны мен ынталары жылдан – жылға артып келеді. Айта кететін жақсы жаңалық аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінде Нұржан Жанғалиев деген жас маман аталып отырған спорттың дамуына өзіндік үлесін қосып келеді. Оның өзі волейболшы. Жыл сайын селолық округтерде спартакиада өткізуге ұсыныс жасап, өткен жылы Қызылбұлақ ауылында волейбол спартакиадасы болды. Сонда семинар да өткізіліп, волейбол спортын дамыту жөнінде сөз қозғалды. Әсіресе ауылдық жерлердегі волейболды дамытуға өз үлестерін қосуға шақырып, талқыға түсті. Жарыс тартысты өтіп спартакиада көңілімізден шықты. Ауыл тұрғындары риза болды. Волейболдан спартакиада алдағы жылдарда да жалғасын табатын болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет