Реферат-2 Тақырыбы : Диэлектриктік шығындардың табиғаты Орындаған: Бекберген Ә. Б тексерген: Дюсенбаев Т. С



бет4/10
Дата11.05.2022
өлшемі243,66 Kb.
#142269
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
реферат Б.А

Сұйық диэлектрикті шығындар


Қалыпты жағдайда сұйық диэлектриктердің газдарға қарағанда электр беріктігі бірнеше есе жоғарырақ кернеуге өтеді. Кірмелер болғандықтан, бұл заттардың тесіп өту теориясын қалыптастыру қиын. Сұйықтарды электрлік тесіп өту теориясы тек кірмелерден тазартылған сұйықтарға ғана байланысты. Сол электр өрісінің кернеулігінің өте үлкен мәндерінде электродтардан электрондар ыршып (жұлынып) шығуы мүмкін және зарядталған бөлшектердің келіп соғуынан, газдардағы сияқты сұйықтың молекуласы ыдырайды. Бірақ газға қарағанда сұйықтардың электрлік беріктігінің жоғарылығы электрондардың еркін жолының қысқаруымен анықталады. Газ қосқыштары бар сұйықтарды тесіп өтуі, сұйықтың бір жерінің қатты қызуымен түсіндіріледі. Өйткені газдың көбіршіктері сұйыққа қарағанда, өте жеңіл ионданады да, қосымша энергия туғызады. Осы энергияның арқасында екі электродтардың арасында газ каналы пайда болады.
Сұйық диэлектриктің электрлік беріктігін азайтатынын, оның құрамындағы ылғалдылығы мен температурасы осыларға қосылып электр беріктігін азайтатын және өрістің түрін өзгертетін қатты түрлі ластар, кірлер (күйе, шаң, күлдер, талшықтар, т.б.) Сұйық диэлектриктерді осы кірмелерден тазартса, электр беріктігі жоғарылайды.
Сұйық диэлектриктерде тесілудің келесі түрлері болуы мүмкін:

  1. соқпа иондалу нәтижесіндегі электрлік тесілу;

  2. Диэлектрлік шығындардың лезде жоғарылауы кезіндегі және қоспалардың ең көп жиналған жерлеріндегі сұйықтықты қыздыру кезіндегі жылулық тесілу;

  3. Сұйықтықтың газды қосылулары, диэлектрлік шығындардың өсуі нәтижелеріндегі иондандырылған тесілу. Сұйық диэлектрдің кер-неулігін (𝐸т) төмендететін ең маңызды себепші ылғал және де өрісті заттар мен ауаның қоспалары болып табылады.

Майдың диэлектрлік беріктігі - бұл оқшаулау майы зақымдалмай немесе кедергісіз төтеп бере алатын максималды кернеуді білдіретін инженерлік термин. Сандық жағынан ол тесілген кернеудің қатынасына және электродтар арасындағы қашықтыққа тең. Диэлектрлік беріктік оқшаулағыш майлардың негізгі сипаттамасы болып табылады және жаңа майларды күштік трансформаторларда қолдануға сенімділігі мен жарамдылығына сынаудың негізгі өлшемдерінің бірі болып табылады.
Трансформатор майларының пайдалану сипаттамаларының төмендеуі трансформатордың істен шығуы мен іркілуіне себеп болады. Сондықтан майлар трансформатордың өзегі мен қатты оқшаулауға зиян келтірмес бұрын бақыланады, сүзіледі және тазартылады. Трансформаторды қорғау үшін қажет майдың электрлік беріктігінің параметрлерін анықтау маңызды. Көрсеткіштер арнайы жабдықта жоғары кернеулі майға әсер ету арқылы есептеледі және ықтимал электр тесуімен өлшенеді.

6-сурет. Тесілу кернеулігінің майдағы су құрамына тәуелділігі


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет