Реферат. Антибиотиктер. ОрындағАН: Мейрбек Сабина тобы: 217-б мамандық: Жалпы медицина


Антибиотиктермен тиімді емдеу негіздері



бет3/3
Дата08.02.2022
өлшемі63,5 Kb.
#117691
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
СРО 3.
сроп 5, Ми жұлын және нервтері, Бастауыш мектептегі тәрбие саласынан нормативті құжаттарды талдау, отслойка плаценты, Қазақ тілі, 277909.pptx, 4 тоқсан отчет, Ортагасыр
Антибиотиктермен тиімді емдеу негіздері

Антибиотиктермен тиімді және қауіпсіз емдеу жолдары бактерияларға қарсы емнің негізгі принциптерімен құрастырылған көптеген факторлардың есебімен негізделуі керек.

  • Бактерияларға қарсы заттарды қолдануға көрсеткіштердің болуы.



  • Бактерияға қарсы тиімді ем жүргізудің кедергілерінің себептерін табу.

  • Жұқпалы ауруды қоздыратын микроорганизмдідәл анықтау, сол микробтардың препараттарға сезімталдылықтарын анықтау.

  • Инфекциялық процесті (эмпириялық емдеу) немесе патогенді микроорганизмнің түрін (бағытталған емдеу) жоюға бағытталған емдеудің оптимальді схемасын таңдау.

  • Науқас ауруының ерекшеліктерін және препараттардың клиникалық фармакологиясын есекеріп бактерияларға қарсы препараттарды таңдау.

  • Бактерияларға қарсы заттардың реттік үйлесімділігінің болуы.

  • Емдік препаратты енгізудің қолайлы әдісін табу.

  • Антибиотиктің адекваттық мөлшерін анықтау.

  • Емдеу кезіндегі адекватық бақылаудың жүзеге асырылуы.

  • Антибиотиктермен емдеудің оптимальді ұзақтығын анықтау.

  • Микробтардың резистентті штаммдарының таралуын бақылау және тексеру.

  • Дисбактериоздың алдын алу.

  • Қанның құрамы мен организмнің басқа да жүйелерінің жағдайын бақылап отыру.


Қорытынды.
Антибиотиктер ятрогенді аурулардың дамуында алдыңғы орын алады. Олардың шығу тегі әр түрлі, көп жағдайда аллергиялық, иммунологиялық, токсикалық және т.б. әсері болады. Сондықтан 6000 – нан астам антибиотиктердің ішінде жүз шақтысы ғана клиникалық практикада қолданыс тауып отыр.

Химиялық құрамына байланысты антибиотиктердің жанама әсерлері де әр түрлі. Бұл терілік, гематологиялық көріністер, бүйректің, бауырдың, асқазан – ішек жолдарының және т.б. зақымдануларына себепкер болуы мүмкін.

Антибиотиктерді ретсіз пайдалану аурудың қоздырғыштарын ғана өлтіріп қоймай қалыпты микрофлораның өкілдерін де қырып жіберіп, нәтижесінде дисбактериозға соқтыруы мүмкін.

Қазіргі уақытта клиницистердің қолдануында антибиотиктер мөлшері жеткілікті, сондықтан жанама әсерлерден сақтану үшін емдік препаратты дұрыс таңдаған жөн.

Асқынудың алдын алу - науқастың белгілі препаратқа қарсы көрсеткіш болса - қолданбауға, бауыр, бүйрек т.б. қызметінің жағдайын бақылауға негізделген.

Антибиотиктерге резистенттіліктің негізгі екі типін ажыратады:

1. Табиғи төзімділік – микроорганизмнің антибиотиктерге сезімталдығының жоқтығы генетикалық қамтамасыз етілген (мысалы вирустардың антибиотиктерге, грам теріс бактериялардың бензилпенициллинге , анаэробты бактериялардың 1 ұрпақтағы цефалоспориндерге тұрақтылығы).

2. Жүре пайда болған резистенттілік бактериялық жасушада болатын мутация нәтижесінде геномдағы өзгерістерге негізделген. Біріншілік төзімділік микроб дақылының кейбір варианттарында антибиотикпен емдеуге дейін байқалады(мысалы кейбір певмококк штамдарының немесе алтынды стафилококктың бензилпенициллинге тұрақтылығы). Екіншілік тұрақтылық микроб антибиотикпен жанасқаннан кейін пайда болып, ары қарай дамып күшейе түседі.

Антибиотик бактерияның өсуін басады, егер ол:

  • бактерия жасушасына енсе;

  • тіршілікте маңызды қызметті атқаратын жасушаішілік құрлыммен қарым – қатынасқа түссе;

  • функциясын барынша басса бактерия антибиотикке төзімді болады.(жоғарыдағы жағдайлардың тек біреуі ғана орындалмаса да). Бұған келесі биохимиялық механизмдер жауап береді:


Пайдаланған мәліметтер:

  • https://kk.wikipedia.org/

  • Google.kz

  • https://referattar.kazaksha.info/


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет