Реферат. Антибиотиктер. ОрындағАН: Мейрбек Сабина тобы: 217-б мамандық: Жалпы медицина



бет1/3
Дата08.02.2022
өлшемі63,5 Kb.
#117691
түріРеферат
  1   2   3
Байланысты:
СРО 3.



СРО №3
РЕФЕРАТ.
Антибиотиктер.


ОРЫНДАҒАН: Мейрбек Сабина
ТОБЫ: 217-Б
МАМАНДЫҚ: Жалпы медицина.
ҚАБЫЛДАҒАН: Турсынова А.Т.


АЛМАТЫ, 2021

ЖОСПАР:

  1. Кіріспе.

Антибиотиктер.




  1. Негізгі бөлім.

  1. Антибиотиктердің жіктелуі.

  2. Антибиотиктердің әсер етуі.

  3. Антибиотиктермен тиімді емдеу негіздері

  4. Антибиотиктерге қойылатын талаптар.



  1. Қорытынды.

  2. Пайдаланған әдебиеттер.


Кіріспе.
Антибиотиктер (гр. autі — қарсы және гр. bіos — тіршілік) — микроорганизмдердің өсуін, көбеюін тежейтін немесе тоқтататын микробтар, өсімдіктер мен жануарлар жасушасынан алынатын органикалық зат; микроорганизмдермен жоғары өсімдіктермен және жануарлармен микроорганизмдерді және ісік жасушаларының дамуын басатын және жоятын заттар. Антибиотиктер төменгі молекуларлы қосылыс оның құрамына көміртегі-оттегі және сутегінен басқа азот (1 немесе 2 аммин тобы түрінде) және 1 немесе 2 карбоксильді топтар енеді.
Антибиотиктер микробтар мен кейбір қатерлі ісікке әсер етіп, олардың дамуын тежейді немесе жойып жібереді. Антибиотиктердің пайда болуы микробтар дүниесінде кездесетін бір-біріне қарама-қарсылық әрекетіне негізделген. Антибиотиктер туралы ғылымның негізін қалап, алғаш көгерткіш саңырауқұлақтан пенициллин алған (1929) ағылшын ғалымы А.Флеминг болды. Антибиотиктердің бірнеше жүздеген түрі бар, бірақ олардың бәрі бірдей медицинада қолданыла бермейді. Антибиотиктер шығу тегі, хим. құрамы, микробтарға әсер ету механизмі т.б. қасиеттері бойынша жіктеледі. Антибиотиктерді ретсіз қолданудың әртүрлі салдары болуы мүмкін. Мыс., денеге бөртпе шығып, қышыма пайда болады, кейде естен тануға әкеп соғады. Сондықтан оларды тек қана дәрігердің айтуы бойынша қолдану қажет. Антибиотиктер медицинадан басқа а.ш-нда, тамақ өнеркәсібінде және микробиологиялық өндірісте пайдаланылады. Антибиотиктер зен саңырауқұлаңынан,актиномиоцидтік, кейбір бактериялардан алынады. Жіктелуі: синтетикалық және табиғи. Әсері: бактериостатикалық, бактериоциттік. Әсер ету механизмі: Бактерия жасуша синтезін бұзу, цитоплазмалық мембрана өткізгіштігін бұзу, жасушаішілік синтезін бұзу, РНҚ синтезін бұзу.

Негізгі бөлім.
Антибиотиктердің жіктелуі (классификация)
I – Шығу тегі бойынша:
•Адамдар мен жануарлар жасушаларынан алынған (лизоцим, экмолин, эритрин, лейкин т.б.)
•Микробтардан алынған (бактериялардан) – полимиксиндер, грамицидин С., продигиозан, субтилин т.б.
•Саңырауқұлақтардан – пенициллин, стрептомицин, тетрациклин, олеандомицин т.б.
•Жоғарғы сатыдаға өсімдіктерден – аллицин, рафанин, иманин, алилчеп, фитонцидтер т.б.
•Синтетикалық (левомицетин, синтомицин), жартылай синтетикалық (ампициллин, оксациллин)
II – Химиялық құрамы бойынша:
•β-лактамдылар (пенициллиндер, цефалоспориндер).
•Аминоглюкозидтер (стрептомицин, канамицин, неомицин, гентамицин, амикацин, тобрамицин ж.б.).
•Тетрациклин қатары (хлортетрациклин, морфоциклин, окситетрациклин, диоксициклин, вибромицин т.б.).
•Макролидтар (эритромицин, олеандомицин).
•Полипептидті антибиотиктер (грамицидин, полимиксин).
•Анзамицин - күрделі химиялық құрамнан тұрады (рифампицин т.б.).
•Полиенділер (нистатин, леворин, амфотерицин В т.б.).

Бактериоцидтік - бактериялардың вегетативтік түрлерін толық жояды (цефалоспорин, аминоглюкозидтер).


●Бактериостатикалық – микроорганизмдердің өсіп-өнуін тежейді (тетрациклин т.б.).
●Бактериолиттік – жасуша қабырғасын бұзып, ерітіп жібереді (пенициллин, цефалоспорин, циклосерин).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет