Реферат қазақ хандығының қоғамдық-саяси дамуы Тексерген: аға оқытушы Амрина М. С



бет1/2
Дата25.12.2021
өлшемі93,5 Kb.
#104857
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
Алимжанова Аружан ПСК 20-1


Қарағанды техникалық университеті


«Қазақстан тарихы» кафедрасы


РЕФЕРАТ

Қазақ хандығының қоғамдық-саяси дамуы


Тексерген: аға оқытушы Амрина М.С.

Орындаған: Алимжанова Аружан

Тобы: ПСК 20-1
Қарағанды 2021

Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім

а) Қазақ хандығының саяси және қоғамдық құрылысы

б) Қазақ хандығының шаруашылығы мен мәдениеті.
ІІІ Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

ХVІІ ғ.аяғында Қазақстан аймағында бірнеше феодалдық мемлекеттер, яғни хандықтар құрылды. олардың әрқайсысы сұлтандардың, жеке ірі феодалдардың иеліктеріне бөлінді. Қазақ хандықтарының күрделі мемлкеттік аппараты болған емес. Басқару мақсатында феодалдық қатынастарға бейімделген патриархалдық институттар немесе бұрыннан қалыптасқан ру-тайпалық тәртіп сақталып отырды. Жалпы бұл кезде қазақ қауымы уш жүзге бөлінді. Үш жүздің халқы Қазақ хандығына бағынды. Үш жүзді билеген қазақ ханы "Ұлы хан" болды. Жүздерді кіші хандар, ұлыстарды сұлтандар, ру-тайпаларды билер, ру басылары, ал ауылдарды ауыл ағалары басқарды.

Қазақ хандары мұрагерлік жолмен сайланды. Хан өлсе орнына үлкен ұлы отырды. Ер жеткен баласы болмаған жағдайда аға-інілері, немесе олардың балалары сайланды. Бірақ хан мұрагерлерінің таққа отыруы сұлтандар мен ру-тайпа басшыларының құрылтайында, яғни "хан көтеру" деп аталатын сайлаудан өтуге тиісті болды. Жиында хан болуға лайықты адамды ақ киізге отырғызып, үш рет хан көтеріп, "хан атасы" болған беделді адамның батасын алғаннан кейін, ресми заңды хан тағына отырған.

Сыртынан қарағанда хан шексіз билік жүргізді. Хан мемлекет басқарушысы, карулы күштердің басшысы және жоғарғы төре саналды. Ол сұлтандарға тәуелсіз, әрбір сұлтан оған тәуелдікте болды. Сұлтандар мен билер ханға жүгінді. Ханның жанында ірі сұлтандар, тайпа көсемдері, билер, батырлар, шешен-жыраулардың кеңесі құрылды. Олар маңызды саяси, әскери және азаматтық мәселелерді ақылдасып шешті.

Қазақ хандықтарында әскери ұйым күрделі емес еді. Тұрақты әскер болған жоқ. Оған әрбір азамат-жауынгер өз атымен, қару-жарағымен келуге тиіс болды. Жеке әскер шоғырларын сұлтандар, билер және батырлар басқарды. Оның шығынын халық көтерді.

Хандар кезеңіндегі қазақ қоғамы бір-біріне қарама-қарсы негізгі әлеуметтік топтан - ақсүйектер мен қара сүйектерден тұрды. Олардың экономикалық жағынан ғана емес, саяси және құқықтық белгілері жағынан да айырмашылығы болды. Сұлтандар деп аталатын Шыңғыс ұрпақтары мен Мұхаммед пайғамбар жолын ұстаушылардың ұрпақтары деп саналатын қожалар ғана аксүйектерге жататын еді. Қоғамның қалған топтары мен жіктерінің бәрі қарасүйек деп саналды. Қоғамның текті-топтық белгілері бойынша бөлінуі мен осы белгілерімен құқықтарын айыру арқылы біріктіру принціпі дәйекті түрде сақталды.

Қазақ феодалдық таптық қоғамда адамдардың мүліктік жағдайына қарай бай-кедей деп болу орын алды. Қоғамның материалдық байлықты өндірушілер халықтың көпшілігін құраған қазақ шаруалары еді. Шаруалардың экономикалық жағдайы бірдей болған жоқ, сондықтан бай-феодалға тәуелділік дәрежесі де әр түрлі болды. Олардың біраз бөлігі экономикалық жағынан азды-көпті қамтамасыз етілген жай шаруа еді. Халықтың көпшілік бөлігін кедей шаруалар құрады. Кедейлердің біразы көшпелі өмір құруға мүмкіндіктері болмағандықтан, отырықшы тұрмысқа ауысты. Олар жатақтар деп аталды. Ішінара құлдар да кездесті. Олар жат жұртпен қиян-кескі соғыста қолға түскен тұтқындар есебінен ұсталды.

Феодалдық қанау көптеген салық салуды әдетке енгізді. Олардың негізгілері: малшылардан - зекет, соғым, сыбаға, сыйлық, егіншілер мен қолөнершілерден - ұшыр, тағар, баж және хараж алынды. Бұған қосымша шаруалар үстем таптың пайдасына жұмыс істеуге және борышын еңбекпен өтеуге тиісті болды. Осындай әлеуметтік теңсіздіктің салдарынан шаруалардың көбі, әсіресе, ең кедей бөліктсрі феодалдарға кіріптар болып, бай туыстарының "көмегіне" сүйенуге мәжбүрлікке түсті.

Қазақтың хандық мемлекетінің қажетіне керекті шығындар халықтан жиналатын феодалдық салықтардан басқа, соғыстан түсетін олжадан, сот алымынан және "ықтиярлы" қайырымдылық қорынан құралып отырды. Әрине, негізгі ауыртпалық еңбекші бұқараның мойнына түсті.

ХУІ-ХУІІ ғасырлардағы қазақтардың қоғамдық қатынасын зерттеушілердің көпшілігі оны патриархалдық қарым-қатынас деп санайды. Әсіресе, ол көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы аймақтарында басым болған. Ал, экономикалық жағынан неғұрлым дамыған Қазақстанның Оңтүстік аудандарында феодалдық қарым-қатынастардың көбірек қанат жайғандығы атап көрсетіледі. Іс жүзінде қазақ қоғамы мен қазақ мемлекеттігі екі әлеуметтік-экономикалық құрылысқа негізделді. Моңғол үстемдігі кезінде қала мәдениеті кері кетіп, егіншіліктің құлдырауы, көшпелі мал шаруашылығының артуы патриархалдық қоғамдық қатынастарға қарай ойысуына әсерін тигізді.

Қазақтың далалық аудандарында жерді пайдаланудың қоғамдық түрі үстемдік етті. Жайылымдарды пайдалану құқына көшпелі рулар мен қауымдардың барлық мүшелері не деп саналды. Бірақ соның өзінде ру-тайпа ақсүйектері мен қатардағы көшпенділердің арасында жерді, жайылымды пайдалануға іс жүзінде тепе-тең құқығы болмады. Ақсүйек феодалдардың қоныстарға иелік ету, өзінің отарлары мен жылқы үйірлері және өз жақын-жұрағаттары үшін жақсы жайылымдарды, аңшылық құратын жақсы өңірлерді пайдаланатын артықшылығы болды. Жалпы алғанда, мал жеке адамның және отбасының меншігіне тиді. Өз малдарын өсірумен жоғарғы ақсүйектер тобы да, тайпалар мен рулардың көсемдері де және рудың қатардағы мүшелері де шұғылданды. Мал көшпелілер байлығының, олардың тұрмыстық жағдайының басты өлшемі болып саналды. Малдың басым көпшілігі байлардың қолында жинақталды, олар мыңғыраған малды бағатын жайылымдарға іс жүзінде өздерінің билеп-төстеу құқығын жүргізді.

Қазақ жерлерінің жоғарғы басқарушысы хандар болатын. Олар тек Шыңғыс хан ұрпақтарынан шыққан, өздерінің сұлтандарымен бірігіп билік жүргізді. Демек, көшпелі халық бұқарасына малдарын жайып бағуға берілетін жерлер билеуші әулеттің меншігі болып саналды, олардың бұған

құқы заңмен бекітілді жәнс салт-дәстүр, әдет-ғұрыппен қуатталды. Феодалдық шартты жер иеленушілік, жерге меншіктің тұрақты түрлері, әсіресе Қазақстанның оңтүстік аудандарында, Сыр бойындағы қалалар аймағында қалыптасты. Олардың сойырғал (хандардың туыстарына немесе

көшпелі шонжарлар өкілдеріне сыйға берілген жерлер), ықта (хандардың туысқандары мен жақындарына тарту етілген жерлерден өз пайдасына салық жинау құқығының берілуі), милық (әскери қызметі үшін сыйға алған жерлердің уақыт өте келе ірі феодалдық таза жер иелігіне айналуы), бақып (ислам діни иеліктеріне қарасты жерлер) сияқты және басқа түрлері кеңінен орын алды. Ханнан тархандық құқық алып, сыйлық жерді иеленушілер онда тұратын егіншілерден, қолөнершілерден, саудагерлерден өз пайдасына салықтар жинады.

Қазақ қоғамын әлеуметтік-таптық топтарға бөлу негізіне әл-ауқаттылық жағдайынан гөрі, әлеуметтік шығу тегі алынды. Жоғары аристократтық топ-ақсүйектерге Шыңғыс әулеттері: хандар, сұлтандар, оғландар немесе төрелер, билер, бектер сондай-ақ, қожалар жатты. Шыңғыс әулеттері қазақ рулары мен тайпаларының ешқайсысына жатпайтын, олар қоғамның басқарушы тобын құрады. Ал бүкіл өзге халық әл-ауқаттылық жағдайына қарамастан төменгі топқа-қара сүйекке жатқызылды. Қарапайым халық қатарына - шаруалар, малшылар, егіншілер мен қолөнершілер, жатақтар мен қала халықтары, ұсақ саудагерлер мен ауыл адамдары, т.б. кірді. Соғыс кездерінде өзінің жауынгерлік ерліктерімен даңққа бөленген қатардағы сарбаздар әлеуметтік баспалдағымен жоғары жылжып, батырлар тобынан орын алды. Батырлар қазақ қоғамының әлеуметтік тәртібінде маңызды рол атқарды. Олардың едәуір бөлігі өзінің шыққан тегі және мүлік жағдайымен ауқатты әскери-көшпелі ақсүйектер қатарына жатты.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет