Иықтан бір қолмен лақтырғанда дайындық қимылдарымен аяқпен жұмыс істеу сипатына қарай кеудеден екі қолмен лақтыру түріне ұқсас.
Бастан бір қолмен лақтырғанда орындауда доп қолдың бірінің саусақтарын ұстап тұрады. Бұл жағдайда допты екінші қолмен ұстауға болады. Басқа қимылдар бастан екі қолмен лақтырғанмен бірдей.
Секіріп лақтыру – қазіргі заманға баскетболдан маңызды және тәсілдік жағынан ең ауыр түрі. Мұны секіруді лақтырумен үйлестіру керек. Лақтыруда бастапқы қалыпты қабылдаудың екі амалы бар.
Ойыншы допты жоғарыдан лақтыру үшін бірден оны бастапқы қалыпқа әкеледі, сосын итеріле секіріп ең жоғары нүктеге допты нысанаға қарай жібереді.
Ойыншы допты қағып алып бірден жоғары қарай секіреді де қолды сілтеп допты бастапқы қалыпта әкеледі. Сосын лақтыруды орындайды.
Мұны мынадай жаттығулар арқылы орындауға болады:
Биікке секіріп қолмен лақтыру жасағандай қимылдар орындау.
Дәл осыны тек қолына допты ұстап жасау.
Допты алаңға ұрып жіберіп алға бір қадам жасап алып оны ұстап алып аяғын бүгіп бастапқы қалыпқа келу
Жақын қашықтықтан лақтыру, секіру арқылы жасалады. Бір қолмен лақтыру кең таралған. Оны орындау үшін жүгіріп келудің соңғы қадаммен бірге доп қағып алынады да екінші қадам жасапитеріле секіреді. Жоғары ұшып бара жатып секіруші аяқпен алға – жоғары қарай қозғалыс жасайды да, сосын тіреуіш аяққа қарай түсіреді. Секірген сәтте допты қолмен шығара көтеріп ең жоғарғы нүктеде лақтыруды орындайды. Қозғала жүгіріп доп лақтырудан мынандай жаттығулар арқылы орындауға болады.
Жаттықтырушы допты қолын алға созып ұстап, ойын лақтыру сызығында тұрады. Айналысушы қалқанға жүгіріпкеліп бір қадам жасап допты жаттықтырушының қолын сүріп, сосын тағы бір қадам жасап лақтыруды орындайды.
Дәл осы кезде жаттығушы айналысушы допқа ие болар сәтінде оны жай ғана вертикаль күйде лақтырады. Бұл допты қолданалмай қағып алу үшін жасалынады.
Дәл осы,лақтыру қарсы келе жатқан серіктің әперуі арқылы жасалады.
Баскетболшы қолданыстың мынадай түрлерін қолданады , кәдімгі жүріс, жүгіру , қосалқа қадамдап айналулар мен бұрылулар. Әрбір амал допты әперу және басқа қолданыстар үшін қолайлы жағдай туғызу мақсатында лайықты жағайларға қолдануы. Көбінесе қозғалыс жылдамдылығын шапшаң ауыстыру бір қолданыстан екіншісіне күрт ауысулар қолданылады сондықтанда шұғылданушылар үнемі жағдай талап ететін қандайда болса тәсілдерді орындауға дайын болатындай күйде болулары керек.
Жүгіруді жетілдіре отырып баскеболшы алдымен де артымен де бағытты, жылдамдықты өзгерте отырып , сонымен бірге шапшаң жүгіре алуы керек екендігін есте сақтау қажет, осы мақсатта төмендегідей жаттығуларды үнемі қолданған жөн.
Түзү сызық бойымен аяқты өкшеден ұшына қарай сырғанай отырып жүгіру, және оны жұмсақ еркін болуына үнемі бойлап отыру .
Бір орында тұрып жүгіруден қашықтыққа жүгіруге ауысу.
10-15 метр кедергіден жүгіріп өту
Алдағы жүгірушінің ізімен жүгіру.
Секірулер барлық қолданыстарды орындауда қолданылады, олар бір немесе екі аяқпен жерден итерілу арқылы бір орында немесе қозғала жүріп жасалуы мүмкін секіруді жетілдіре отырып биіктігін арттыру керек , тіреусіз жағдайдағы қимыл үйлесімділігін жақсарту керек, ал бұл қандайда болмасын қолданысты орындауға мүмкіндік береді, бұл үшін төмендегідей жаттығуларды жасату қажет.
Бір орыннан жоғары – алға, артқа, жанына секірулер, дәл осыны 900 және 1800 бұрыла отырып жасау;
Тереңге секіруді қарқанды түде жоғары қарай секірумен ауыстыру
Жоғары қарай секіріп түсу;
Жүгіріп келіп бір аяқпен итеріле секіру;
Бұрылулар – орнында тұрып және қозғалыста жасау.
Бірінші және екінші жағдайда да дененің салмағы түгелдей бір аяққа түсіріледі де, бұрылу сол жаққа қарай жасалады. Бұрылудың екі амалы бар: алға немесе артқа. Алға қарай бұрылғанда, баскетболшы бетін бұрып тұрған жаққа қарайауысады, ал артқа қарай бұрылса ол арқасын берген жаққа ауысу. Бұрылуларды үйрету және жетілдіру үшін мынадай жаттығуларды қолдануға болады.
Баскетболшы тұрысымен тұрып өз бетінше алға және артқа қарай бұрылыстар жасау.
Шеңбер бойынша біріншісі – екіншісіне қарай жүгіреді де, оның дәл алдына келіп күрт бұрылады.
Қабырғаға ұрылған допты қағып алып, артқа бұрылып допты бекітілген белгіге дейін алып жүру.
Ойында кеүдеден екі қолмен және бір қолмен әперу кеңінен таралған. Ойын ішінде кездесетін екі қолмен әперу қолданысы жиі пайдаланады, оның артықшылығы бастапқы қалыпта доп қарсыластан қауіпсіз жерге екі қолмен ұсталып тұрады, екіншіден әперудің бұл түрі нақтыда сенімді оны бір орында тұрыпта қозғалыста да орындай беруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |