Реферат. Дайындаған: Алимарданова А. Б қабылдаған: Майжанова Г. Т топ: 121м/і.І-топ



бет2/7
Дата07.02.2022
өлшемі27,6 Kb.
#85017
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
к.б.СӨЖ.5

Клиникалық белгілері. Өкпе қабы қуысында сұйықтығы бар науқастардын ең негізгі шағымдарына ентігу жатады, науқас кеуде клеткасының ауырған жағына ауыр салмақ түскендей сезім сезеді. Науқасты жалпы қарап көріп тексергенде, оның кеуде тұлғасының жоғарғы бөлігін көтеріп мәжбүр қалде отырғаны өзіне назар аударт-қызады. Ауру адам сұйықтың жиналған жағына қарай жатады. Егерде сүйықтық өкпе қабы қуысында үлкен көлемде жиналса, онда дамыған тыныс алу қызметінің жетіспеушілігінің нәтижесінде тері жабындыларының және көзге көрінетін шырыш қабықтарының көгеруі анықталады. Егер ол медиостеналдық бөлігінде орналасып қалталанса, ол ауруларда дисфагия (тамақты жұту және өңеш арқылы өтудің бұзылуы), беттің, мойынның ісінуі, дауыстың қырылдауы анықталуы мүмкін. Бұл кезде мойынның көк тамырлары білеуленіп тұрады. Өкпе қабында сұйықтық жиналған жақта дем алуға байланысты қимыл көлемі шектеледі. Жүдеу, бұлшық еттері нашар дамыған науқастарда қабырға аралықтары тегістеліп, тіпті түгел бұлтиып шығып тұрады. Мұндай науқастың қабырға аралықтары кеңейген. Науқастарды қарап тексерген кезде : ауру жақ өсіңкі және тыныс алғанда қалыңқы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет