Бронхтардың обструкция синдромы - Обструкциясиндромы деп бронхоспазм нәтижесінде бронхтардың өткізгіштігінің бұзылуынан пайда болған организмнің патологиялық жағдайын атайды. Бұл синдромның клиникалық белгілерінің негізінде бронхтардың өткізгіштігінің бұзылуы, соның нәтижесінде нашарлаған әр келкі вентиляция және өкпенің қалдықты көлемінің ұлғаюы жатады. Нақты бронхобструкция синдромына ұсақ бронхтардың өткізгіштігінің өзгеруі жатады. Бұндай жағдай бронхтардың шырыш қабатының қабынуы мен ісінуінен, дағдыды шырыш қабатының ісінуімен бірге жүретін бронхспазмнан, көбінесе бронхтарды сырттан қысып тарылатын диффузды перибронхиалды фиброздан пайда болады. Созылмалы обструктивті аурулардың негізгі клиникалық белгілері болып келесі симптомдар есептелінеді: 1)Қою және тұтқыр қақырығы бар жөтел 2)қатты ентігу 3)өкпелік жүрек синдромының пайда болуы 4)ақырында тыныс алу мен жүрек жетіспеушілігінің дамуы Бұл аурудың ең жиі кездесетін этиологиялық факторы ол темекі тарту. Созылмалы обструктивті бронхитпен ауырған науқастарда цианоз бен жүрек қызметінің жетіспеушілігі жиі анықталады. Обструктивтік синдромның осындай варианты кезінде терминалды бронхиолалардың шырыш қабатының қабынып,ісінуінің нәтижесінде пайда болған альвеолалар гипожелдеткіші, оттегінің парциалды қысымының төмендеуі, көмір қышқылының парциалды қысымының жоғарылауы гипоксемия мен гиперкапния, кейін альвеоларлық капиллярлардың тарылуы және кіші қан айналым шеңберіндегі шипертензия пайда болады. Бұдан әрі өкпелік жүрек пайда болады, оны қалпына келе алмайтын перифериялық ісінуге әкеліп соғады. Өкпенәң созылмалы обструктивті синдромының келесі бір себебі ол обструктивтік эмфизема, бұл кезде көгеру айқын анықталмайды. Бұл ауруда да бронхиалды обструкция байқалады, бірақ та негізінен альвеолалардың созылымды қасиеттері жойылғандықтан, бронхиолалардың қабырғалалары бір-біріне жақындайды, ол әсіресе дем шығарған кезінде жақсы анықталады.