3-ші кезең: Экономиканың қарқынды дамуы, салық реформалары, өзіндік технологиялық жетістіктер.
Жапонияның сыртқы экономикалық қатынастырының дамуына төменгі факторлар әсер етті:
— Ғылыми-техникалық өзгерістерді (жетістіктерді) кеңінен пайдалану;
— Өндірістің орталықтануы мен шоғырлануын мемлекет тарапынан реттеу;
— Батыс Еуропа мен АҚШ-қа қарағанда капитал көлемінің көбеюі;
— Жапония менеджментінің сырттан келетін импортқа бейімделуі;
— Қорғаныс пен қаруландыруға қаржының аз бөлінуі;
— Ұлттық кірісті мемелекет саясатымен қайта қарау;
Осының арқасында Жапония аз уақыт ішінде Оңтүстік Шығыс Азия, Австралия және Жаңа Зеландияның нарық жүйелерін басып алды.
Жапония экономикасы 50-ші жылдары-ақ ғажап түрде дами бастады. Оның негізгі мәні мынада:
— Шетел, соның ішінде америка көлігін жоғары, тиімді пайдалана білу;
— Негізгі капиталды жаппай жаңарту;
— аграрлық реформа есебінен ішкі нарықты ұлғайту;
— шетелдік ғылыми-техникалық жетістіктерді молынан пайдалану.
Сонымен қатар, Жапон сарапшылары мынадай ерекшеліктерді де атап көрсетуде:
— жоғары сапалы жұмыс күші, 1947 жылдың өзінде-ақ, Жапонияда 9 жылдық ақысыз міндетті білім беру енгізілген. Кадрлар даярлау мен қайта даярлау жүйесі құрылған;
— әкімшілік пен жеке тұлға арасында үйлесілімділік таба білген жалдамалы еңбектің дәстүрлі қалыптасқан жүйесі;
— капитал жинаудың жолы;
— жеке ғылыми- техникалық базаны дамытуға ұмтылыс/4/.
Соңғы кездері бұл фактор мыналармен толықтырылды:
— шикізат ресурстарының тапшылығы, Жапония шет елден қажетті ресурстардың 99 пайызын алады. Оның 100 пайызы — боксит, мата, табиғи каучук, 99,7 пайызы мұнай, 99,5 пайызы темір рудасы, ал бұл өз кезегінде өндіріс құрылымын әрдайым жаңартып отыруға, энергия мен ресурстарды ұқыпты пайдалану технологиясын енгізуге, шикізат пен отынның альтернативті көздерін іздеуге итермелейді;
— Жапонияда Конститутция негізінде соғысқа қарсы 3 қағыда қалыптасқан. Олар: ядролық қару-жарақты қолданбау, өндірмеу, енгізбеу. Нәтижесінде әскери шығындар жалпы ішкі өнімнің 1 пайызын ғана құрайды.
Осылайша 1955-1965 жылдары Жапония алдыңғы қатарлы дамыған капиталистік державалар ішінде 2-ші орынды иеленді.
Жапон тауарларының бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын басты факторлар:
— өнім сапасын бақылаудың айрықша жүйесі;
— еңбек өнімділігінің өсімі;
— еңбек ету саласында түсінбеушіліктің болмауынан жұмыс уақытын жоғалту;
— жан басына шаққандағы табыс көлемінің өте жоғарылығы.Қазіргі экономика дамуының негізгі заңдылықтары мелекеттің экономикалық өмірге тікелей араласуын біртіндеп қысқартты. Жапония өзінің экономикасына ымырашылдықпен қарауға 60-шы жылдары кірісіп, бүгінгі күнге дейін жалғастыруда. Сол кезеңнен бастап капиталдар іске қосылып, инвестиция тартылды және кәсіпорындар жапай жекешелендіріле бастады. Жапония үкіметі қаржыны тұрақтандыру саясатын жүргізіуде бір сәттік тұрақтандыру идеясына қарсы болды. Бұл идея өндірістің құлдарауына әкеліп соғатынын ескеріп, «аралық тұрақтылық» концепциясына жүгінді. Аталған концепция инфляцияны біртіндеп ауыздықтау арқылы ақша эмиссиясының қарқынын қолдап, өнеркәсіп жұмыстарының нәтижелі болуына жағдай жасады/5/. Негізгі мәнінің өзі мынаған саяды: мемлекеттің қолдауынсыз (қаржылай, сақтандыру, ұйымдастыру-әкімшілік) өндірістің құлдырауын, өнеркәсіпті қалпына келтіру мүмкін емес. Инфляциялық экономика өндірісті тұрақтандыру қабілетіне ие, бірақ белгілі бір мөлшерде ғана. Инфляцця — шаруашылық белсенділікті қолдап, қалпына келгенше қолданылады да, инфляцияның әлсіреген кезінде өркендейді. Осыдан мынадай қорытынды шығаруымызға болады: ақшалай несие беру саясатын жүргізгенде: инфляцияны түгелдей жоюды мақсат етпей, тек шектеп, яғни оның өсуіне жол бермеу қажет. Бір жағынан, инфляцияны шектеу мақсатында тек макро-экономикалық ғана емес (қаржылай несие-ақша, фискальдық), сондай-ақ микро-экономика саясатын белсенді қолдап, өндірісті тұрақтандыру ұсынысын өсіріп, инфляцияның құрылымдық жүйесін әлсірету қажет. Қазақстанда өнеркәсіп өндірісін қаржылай тұрақтандыру есепке алынбаған. Инфляция деңгейін төмендетуге тек «монетарлық» әдіспен қол жеткізді. Ал микро-экономика саясаты жөнінде кейінгі кездері ғана айтылды. Жапондардың тәжірибесі көрсетіп отырғандай, дағдарыс жағдайында (қалыпты жағдайда да) мемлекет барлық өндіріс саласын бір мезгілде қолдай алмайды. Сондықтан инфляцияға ұрынбау мүмкін емес. Мемлекет қолдау көрсету үшін сұрыптау арқылы өндірістің барлық сферасында тиімділік қалыптастыратын, құрылымдық өзгерістерді міндетіне алатын – дамуғабет бұрған салаларды таңдауы қажет/6/. Жапон үкіметі сұрыптау кезеңінде өнеркәсіп салаларын топтастырып, деңгейіне қарай төрт бөлікке бөліп, орташа деңгейге -көмір өңдіру, қара металлургия, ауыл шаруашылығы тыңайтқыштарын өндіру, электр қуаты, ал жоғары деңгейге — темір рудасын өңдеу, мұнай өндеу, асбест пен бояғыштар өндірісі, теңіз транспорты, аралық деңгейге — өнеркәсіптің басқа салалары, қарама-қарсы деңгейіне — жібек өндіру, жиһаз, косметика өңдірісін жатқызды/7/. Осындай сұрыптау негізінде көмір мен қара металл өңдірмесе өнеркәсіпті қалыпқа келтіру мүмкін емес. Ал тыңайтқышсыз ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға, азық-түлікті көбейтуге болмайды. Электр қуаты ауыл шаруашылығының барлық саласына қажет. Тоқыма бұйымдары экспорттық тауарлардың негізгі бөлігін құрайды. Токио университетінің профессоры Хироми Арисаваның өндірісті реттеуге арналған концептуалдық ойы Леонтьевтің салааралық балансты зерттеу және Карл Маркстің ұдайы өндірістік кестесі негізінде жасалды. Бұл, пікірдің мазмұны жекеленген өндірістің өзара байланысымен қорытындыланады, бірінің дамуына бірі әсер етеді. Ал идеяның өзі қарапайым ғана. Бір жағынан алып қарасақ, өндірістің дамуын ұстап тұрған «тар жол» көмірдің жетіспеушілігі. Екінші жағынан, көмір өндірісін кеңейту металдың жоқтығынан тоқтап қалды. Осылайша, тұйық шеңбер пайда болды. Одан шығу үшін ұйымдастыру, қаржыландыру сипатындағы шаралар қабылданды. Алғашқы кезекте азық-түлік, киім, транспорт, тұрғын үймен қамтамасыз ету қажет болатын. Сондықтан, Үкімет шет елден 80 мың тонна мазут пен көмір алды. Осы отынның бәрі болат қайнатуға бағытталды. Алынған металл көмір өндіруге жіберіліп, ал көмірді қара металл өндіруге пайдаланды. Бұл схема айтылған салалар бойынша жургізілді деуге болмас, арнаулы кәсіпорындардың бөліп алуына сүйеніп жасалды. Өндіріс орындарында қатаң әкімшілік бақылау жүргізіліп, өн-діріс қуатын бөліп пайдалану, шикізат пен материалдарды, сондай-ақ, тұтыну үшін арнаулы заңды база құрылып, мемлекеттің жекелеген кәсіпорындарға өкілдік етуіне жол ашты. Бұл саясат нәтижелі болды: 1947 жылы көмір өндіру 29,3 миллион тоннаға (97,7 пайызға — белгіленген межеден жоғары) жетіп, соңынан басқа салалар да еңсесін көтере бастады. «Бір-біріне байланысты өнеркәсіптік кесте» механизмі — өндірісті дамтып, қаржыландырудың жаңа инвестициялық кешенді шарасы пайда болды. Өндірістің құлдырауын болдырмау, өндірісті дамытуға жағдай жасау үшін Жапонияда бұл салаға байланысты өзіндік саяси шаралар қолданды. Олар бюджеттен жеңілдікпен несие алынып, мемлекеттің несие институттарында капитал айналысының жетпейтін тұстарын толықтырып, жеке коммерциялық институттарда несие жүйесі үкіметтің 1947 жылғы арнаулы инструкциясына сәйкес жүргізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |