Реферат Группа дш-94 Орындаған Ергеш Арман Шымкент 2021 Оқушылар ұжымын қалыптастыру және нығайту жолдары


- белсенді топтың және үжым іс-әрекетінің дамуымен сипатталады, қоғамдың өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауда қоғамдың пікір



бет3/3
Дата06.01.2022
өлшемі31,82 Kb.
#109760
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
2 ку реф теор - арма

 - белсенді топтың және үжым іс-әрекетінің дамуымен сипатталады, қоғамдың өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауда қоғамдың пікір пайдаланылады. Бұл саты ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым өмірінде, оқушылар арасында жалпы істі бірлесіп орындаудың арқасында ұжымдың, гуманистік қатынастар дамып, ұжымда тілектестік, бір-біріне ілтипатты болу, жолдастарының қуанышына, мұқтаждығына үн қатуға дайын түру, мінез-құлық нормасын сақтау, нормаға бағыну сияқты қасиеттер пайда болады. Ұжым қоғамдың пікірмен сипатталады. Қоғамдың пікір -бұл ұжым мүшелерінің талаптарды, пікірлерді бағалаудағы бірлігі. Бұл бірлікті ұжым одан әрі дамытып, кейбір ұғымдар және құбылыстар жайындағы пікірлерді немесе теріске шығарады. Демек, ұжымдың талқылау, бағалау жариялылық, әрекеттілігі — қоғамдың пікірдің негізгі ерекшелігі. [1. 177 б] Ұжым үнемі өзгеріп отырады, себебі оны құрайтын адамдар ауысады. Бірақ ұжымның даму процесі кездейсоқ емес, оған педаготар жетекшілік етеді. Ұжымға жетекшілік етудің нәтижелігі, оның даму заңдылығын қандай мөлшерде зерттегеніне, тәрбие жағдайының қаншалықты дұрыс анықталғанына, педагогтың әсер ету тәсілдеріне байланысты.

Мұндай әсердің маңызды шарты - үздіксіз болып келетін, ұжымға әсер ететін тәрбиелік шаралардың бір жүйеге бірігуі. Ал мұндай интеграцияға келесі жолдар арқылы қол жеткізуге болады:



  • Ұжымға болар педагогикалық әсерлерді бірлікті (комплексті) пайдалану;

  • Күнделікті өмірде ұжым мүшелерінің бір-біріне үнемі және жан-жақты көмегі;

  • Ұжым өміріне және оның жеке мүшелеріне жағымды әсер ететін жағдамлар тудыру;

  • Оқушылардың өзін-өзі басқару ісін кеңейту;

  • Ұжыммен жұмыс істейтін барлық ұйымдардың талпыныстарын біріктіру.

Мектеп ұжымын басқарудың педагогикалық тәжірибесінде келесі маңызды ережелерді сақтау керек:

  • Педагогикалық жетекшілікті оқушының өз қызығушылығына, ынтасына,тәуелсіздігіне орайластыру, дербес қарапайым талпынысымен саналы байланыстыру;

  • Ұжым - динамикалық жүйе болғандықтан, ол үнемі өзгеріп, дамып отырады және кемелденеді. Сол үшін педагогикалық жетекшілер қарым-қатынас және әсер ету жобаларын жиі өзгертіп отыруы міндетті.

  • Сынып жетекшісі ұжым тәрбиесіңде мұғалімдер тобына, сынып ұйымына сүйеніп, отбасыларымен үнемі байланыста бола отырып, жогары жетістіктерді көздеуі лазым.

  • Формализм - тәрбиенің қас жауы;

  • Жетекшіліктің жақсы көрсеткіші — сынып өміріндегі маңызды мәселелерге ортақ ұжымдық пікірдің болуы;

  • Ұжым мүшелерінің өз міндеттерін орындауын дұрыс қадағалау тәрбиені дамыту;

  • Тәрбиені ұжымдағы қарым-қатынас құрылымының көп деңгейлігін ескере жүргізу:

  • Бірлескен іс-әрекет қатынастарын дамыту, жекеше қарым-қатынас жасау;

  • Әлеуметтік мәні бар ұжым іс-әрекетіне байланысты қатыннас жасау;

  • Ұжым мүшелерінің атқарып жүрген рөлдері мен олардың шын мәніндегі мүмкіндіктерін дұрыс пайдалану;

  • Ұжымдағы қатынастың етіп жатқан жағдайына белсене араласу;

  • Уақытша ұжымдар құру, нашар оқушыларды жоғары мүмкіндіктерге жеткізе алатын ұжымға ауыстыру;

  • Ұжымдағы оқушыларды жаңаша қатынасқа кірістіретін ұжымдық іс-әрекет түрлерімен олардың қалпын өзгертуді әр кез естен шығармау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет