Реферат Группа дш-94 Орындаған Ергеш Арман Шымкент 2021 Оқушылар ұжымын қалыптастыру және нығайту жолдары



бет1/3
Дата06.01.2022
өлшемі31,82 Kb.
#109760
түріРеферат
  1   2   3
Байланысты:
2 ку реф теор - арма


Международный гуманитано-технический университет

Реферат

Группа ДШ-94

Орындаған Ергеш Арман

Шымкент 2021

Оқушылар ұжымын қалыптастыру және нығайту жолдары
XX ғасырдық бас кезеңінде балалардың және жасөспірімдердің скауттық ұйымдары пайда болды. Бұл ұйымдардық негізгі идеяларын жасаған ағылшын полковнигі Р.Баден-Поуэлл (1857-1941жж). Оның идеялары 1847 жылы шыққан "Инструкция для скаутов" атты кітаптатолық жарияланған.

Скаутизм - мектептен тыс тәрбие жүйесі, скауттық ұйымдардың негізгі әрекеті. Оның мақсаты - жас жеткіншектерді буржуазиялық қоғамның идеяларына берілгендік рухына тәрбиелеу.

1921 жылы мұндай ұйымдар Германия, Ұлыбритания, Италия, Франция, т.б. елдерде өркендей бастады. 1972 жылы скауттар ұйымы 106 елде жұмыс істеді. Ресейде скауттардың отряды алғашңы рет 1909 жылы Пущино селосында ұйымдастырылды. 1914 жылы II Николайдың жарлығы бойынша "Русский скаут" қогамы құрылды. Негізгі мақсаты - жастарды ұлы державалық шовинизм және монархиялық құрылысқа берілгендік рухына тәрбиелеу.

1917 жылы Ресейде 50 мың скауттар болды. 1918-20 жылдары комсомолдардық I, II және IV съездерінің шешімдері бойынша скауттық топтар таратылып, олардың орнына жаңа балалар ұйымдары құрылды.

1920-30 жылдарда бұрынғы КСРО-да және кейбір басқа мемлекеттерде жасөспірімдер мен балалар ұйымдарының өсуі, скауттың ұйымдарының ықпалы төмендеуіне әсер етті. Өйткені бұл ұйымның Заңы, анты, ұраны буржуазиялық моральды бойнелеп келді. Скаут мүшелерінен өз басшыларына, ата-аналарға, мемлекетке бағынуды талап етті. Осыған байланысты кои жылдар бойы КСРО-ғы жастар ұйымдары мен скауттар үііымдары арасында қарама-қайшылықтар орын алып келді. 1990 жылдан бастап Бүкілодақтың пионер слетінің шешіміне сөйкес балалардың қоғамдық қозғалысының дамуына елеулі жаңа өзгерістер болды. В.И. Ленин атындағы Бүкілодақтық пионор ұйымының балалар қозғалысының жалғыз және бірыңғай пысаны, демек, орталық басқару органы болу уәкілдігі тоқтатылды.

Осыған орай, балалар мен жасөспірімдер ұйымдары, бірлестіктері саяси-экономикалық, білім және тәрбие жүйесінде өздерінің орнын тауып, жастардың мүддесіне және тілегіне сәйкес балалар мен жасөспірімдер қозғалысын дамытуға нақты үлес қосулары қажет.

Ол үшін барлық мемлекеттік мекемелер, қоғамдық және басқа ұйымдар балалар мен жасөспірімдер қозғалысының дамуына барынша жәрдемдесіп, көмек көрсетеді.

XX ғасырдық 90-шы жылдарының бас кезінде скаутизм қайтатуды. 1990-91 жылы бұрынғы КСРО-да 70-тен астам скауттар отрядтары жұмыс істеді. Скауттар қозғалысының тартымдылығы, жақтаушыларының,

Н.К.Крупская 1926 жылы "Көркемдікке тәрбиелеудің міндеттері туралы" атты еңбегінде: "Қазіргі тәрбие ісінің көлемді міндеттерінің бірі - балаларды ұжым болып жұмыс істеуге және ұжым болып өмір сүруге үйрету", -деп атап көрсетті.

Жеке тұлға және ұжым мәселелерімен философтар, әлеуметтанушылар, әлеуметтік психологтар, педагогтар айналысуда. Бұл аталған мәселенің педагогикалық ғылым мен практиканың шеңберінен әлдеқашан шығып кеткендігінің дәлелі. Ұжымның педагогикалық теориясын дамытуға П. П. Блонский, Л.С.Выготский, Н.К.Крупская, П.Н.Лепешинский, В.И.Сорока-Росинский, С.Т.Шацкий және т.б өз үлестерін қосты. Н.К.Крупская, А.С.Макаренко балаларды ұжымда тәрбиелеу теориясы мен тәжірибесінің негізін жасай отырып, жасөспірімдерді жастайынан бірлесіп ынтымақта өмір сүруге, еңбек етуге үйрету керек деп ой түйеді. Н.К.Крупская 1926 жылы "Көркемдікке тәрбиелеудің міндеттері туралы" атты еңбегінде: "Қазіргі тәрбие ісінің көлемді міндеттерінің бірі - балаларды ұжым болып жұмыс істеуге және ұжым болып өмір сүруге үйрету", -деп атап көрсетті. Ұжымда тәрбиелеу принципін кеңірек және сенімді түрде іске асыру ұлы педагог А.С.Макаренконың еңбектері мен тәжірибелерінде орын алған. Ол бұл принциптің методологиялық мөнін түсініп, тәжірибеде балаға ұжымның әсер ету күшін дәлелдеді. А.С.Макаренко ұжымның нақтылы әдісін зерттеді және ол әдістерді қолданудық шарттарын анықтады, ұжымның даму заңдылықтарын және құрылысының ерекшеліктерін ашты. Қазіргі қоғам жағдайында балалар ұжымы жеке тұлғаны әлеуметтеңдіру-дің маңызды факторы. Оқушы үшін ұжым қоғамның моделі, әлеуметтік орта, оның өмір әрекетіңде, пікірлесуде жеке тұлғаның қарым-қатынасында тәжірибесі кеңейіп әлеуметтік рөлдерді менгереді, орнықты, жеке тұлғаның өзін-өзі басқаруы, өзін-өзі іске асыруы,оны қорғаумен сүйемелдеу қамтамасыз етіледі.

Оқушылар ұжымы деп мақсатты, әлеуметтік маңызды іс-әрекет негізіндегі оқушылар бірлестігін ұйымдастыру формасын түсінуге болады.

Оқушылардың іс-әрекеті оқу және оқудан тыс уақыттағы іс-әрекет. Балалар ұжымының үлкендер ұжымына карағандағы ерекшеліктері:

- қоғамдық құндылық пен жеке тұлғаның маңызды мақсатына бағытталған

бірлескен іс-әрекеті;

- ұжым мүшелерінің еркін қарым-катынас жасауы;

- ұжым мүшелерінің бір-бірімен өзара жауапкершілігі және тәуелділігі;

- өзін-өзі сайлау органдарының болуы.

Зерттеушілер балалар ұжымдарының басқада ерекшеліктеріне тоқталған, олардың қатарында тапсырмаларды және рөлдерді бөлудегі тең кұқықгык,

өзі басқару органдарынын болуы, ұйымшылдық, адамгершілік психологиялық ықыластық, тәртіп т.б. Балалар ұжымы — өте сезімтал аспап, ол тек педагог тұлғасын басшылығымен ғана дамиды (В.А.Сухомлинский). Сондықтан мұғалім ұжымның даму заңдылктарын, оның даму сатыларын, оқушылардың жеке мүмкіншіліктерін және ұжымда орнықты сезінуін білуі кажет.

Ұжымда тәрбиелеу принципін кеңірек және сенімді түрде іске асыру ұлы педагог А.С.Макаренконың еңбектері мен тәжірибелерінде орын алған. Ол бұл принциптің методологиялық мөнін түсініп, тәжірибеде балаға ұжымның әсер ету күшін дәлелдеді.

А.С.Макаренко ұжымның нақтылы әдісін зерттеді және ол әдістерді қолданудық шарттарын анықтады, ұжымның даму заңдылықтарын және құрылысының ерекшеліктерін ашты. А.С. Макаренко балалар ұжымының технологиясының негізгі қағидаларын «Ұстаздық дастанда» келтірген. Онын пікірінше ұжымдағы ұжым мүшелерінің ілгері жылжуы еркін адамдар ұжымының болмыс формасы. Ұжым қоғамның бөлігі болғандыктан ілгері жылжығанда ғана дамиды. Қозғалыссыз ұжым әлеуметтік тұрғыдан дағдарысқа ұшырайды. ¥жым дамуының негізгі зандылығы — перспективалык бағыттарының болуы оның мәні ұжымының дамуы тек перспектива (мақсат.іс) болса және жаңа перспективалар байқалғанда ғана мүмкін. Балалардың алдында перспективалар тек педагогпен ғана қатынаспайды, олар өздері қызықты, әлеуметтік маңызды істерді іздейді. А.С. Макаренко перспективалык бағыттарды үш топқа бөледі: жақын, орта, алыс перспектива. Перспективаларды-ертеңгі қуанышты субъекті жүзеге асыру күш-жігерді талап етеді, сонымен қатар мақсатка жету қуанышына бөліп, ұжым мен оның мүшелерінің қанағат сезімін тудырады. Ұжымның іс-әрекеті арқылы бірте-бірте дәстүр қалыптасады. Олар ұжымда қалыптасқан, оның стилін, құндылық бағыты, мақсатылығы көрсететін салт-сана, тәртіп, мінез-кұлық ережелері. Бірлескен іс-әрекеті барысында ұжым мүшелерінің мұғалім, ұжым, белсенділер ыкпалында тікелей емес, жанама түрде, оның

оқушыға жүйелі әсері тәрбие механизмі арқылы болуы мүмкін. Балалар ұжымында тәрбие міндеттерін шешуде қатынастар жүйесін басқару ұжымның дамуының келесі заңы — параллельді ықпалдар заңы.

Оқушылар ұжымында (ер балалар мен қыздар арасында, белсенділер, микротоптар, лидерлер т.б.) өте күрделі қатынастар кездеседі. Бұл қатынастарды 2 негізгі топтарға жіктеуге болады: жауапкершілікті тәуелділік (іскерлік, ресми) және эмоциональды-психологиялық – тұлға аралық (достық, үнату, жаратпау т.с.с). Ғылыми зерттеу еңбектері көрсеткеңдей жеке тұлға мен ұжымның арасындағы қатынастардың үш моделы қалыптасады:

1. Жеке тұлға ұжымға тәуелді;

2. Жеке тұлға және ұжым оптимальды қатынасты болуы (И.П.Подласый).

3. Жеке тұлға ұжымды өзіне бағындыруы.

Жеке тұлғаның және ұжымның әртүрлі қатынасы бұл модельдермен шектелмейді. Бұл жағдайда мұғалім жеке тұлғаның даралығын,өзін-өзі көрсете білу қабілетін қалыптастыру үшін балалар арасындағы қатынасты күрделі зерттеп, ұжым мен әр-бір жеке тұлғаның ара қатьшасын, білуі кажет.

Ұжым даму зандылықтарына сәйкес әртүрлі кезендерден өтеді (А.С. Макаренко) олар ұжымға қойылатын талаптармен сипатталады. Әрине, осы кезеңдердің арасын нақты уақытша бөлімдерге бөлуге болады, өйткені олардың арасында ешқандай шекара жоқ, солай бола тұрса да ұжымды дамытудың негізгі үш кезенінің барлығын педагогтардың дұрыс меңгеруі олардың өздеріне оқушы ұжымын қальштастыру бойынша істелетін жұмыстарды сауатты ұйымдастыруға көмектеседі.


Оқушы ұжымын дамытудың бірінші сатысы әдеттегідей оқушылардың нашар ұйымдастырылуымен сипатталады, балалар бұл сатыда алғашқы ұжымдарға формальды түрде топтастырылады. Сынып белсенділері болмайды, соған байланысты мұғалім сыныпқа тиісті талаптарды өзі қояды. Бұл мектепке немесе сыныпқа қайтадан келген балалар жинақгалған «құрама сынып» оқушылары ұжымының басты ерекшеліктері. Көп жағдайда мұғалім бірге көп жылдар бойы бірге оқып келе жатқан окушылар ұжымымен

жұмыс істейді, бірақ сынып тәртібі нашар, көшбасшылар формальды түрде сайланады, бірақ мұның ұжымдық қарым-қатынасқа ешқандай ықпалы болмайды, яғни жалпы нашар ұйымдастырушылық орын алады.

Бұл кезенде мұғалім сабақта және сабақтан тыс уақыттарда оқушыларды әртүрлі бірігіп атқарылатын іс-әрекеттерге араластыру арқылы бір-бірін (оқушы мен мұғалім) жақсы танысуға күш салуы тиіс. Сонымен қатар, ұжымның қалыптасуы кезеңінде сынып белсеңцілері сайлауға, қайта сайлауға дайындалады. Берілетін тапсырмалар кездейсоқтық сипатта болуы мүмкін, сонымен бірге балалардың да мүдделері де ескерілуі керек.

Ұжымды дамытудың екінші кезеңінде талаптарды тек мұғалім ғана емес белсенді топ мүшелері де (параллель) қоя алады. Сабақта және сабақтан тыс іс-әрекеттердің түрлері көбейіп, күрделене түседі. Белсенді топ мүшелері тапсырмаларды оқушылардың мүдделерін ғана емес, ұжым қажеттіліктерін ескере отырып береді. Әрбір оқушы бұл кезенде өзін ұжым мүшесі ретінде санап өз әрекеттері-нің қоғамдық маңыздылығын түсінуі тиіс. Сонымен бірге оқушылар алға қойылған мақсатты білуі және түсінуі тиіс және сол мақсатқа жетудегі әрбір оқушының рөлі мен қосатын үлесін де білуі керек. Оқушы ұжымының дамуьшың үшінші кезеңінде тек мұғалім мен белсенділер мүшелеріне ғана талаптар қойылмайды, сонымен қатар ұжымның әрбір мүшесіне де белгілі бір талап қойылады. Бұл саты қоғамдық пікірлердің ескерілуімен, оқушылардың өз-өзіні басқаруының жоғарғы деңгейде болуымен, балалардың ұжым жұмыстарымен айналысумен сипатталады. Дәл осындай ұжым оқушыларды ұжымшылдыкқа тәрбиелеу құралы болып табылады. Бұл жерде әрбір оқушының тұлға ретінде дамуына барлық жағдайлар жасалады. Ұжымның барлық даму сатыларыңда мұғалімнің алдында үнемі тәрбиелеу міндеттері тұрады. Оның ішіндегі ең маңыздысы: педагогикалық жетекшілік пен оқушылардың өз-өзін басқаруын дамытуды қалай бірге алып жүруге болады? Ұжым дамуының бастапқы деңгейінен жоғарғы деңгейге көтерілуі көп жағдайларда мұғалімнің дұрыс позициясына байланысты. Сонымен қатар сынып жетекшісінің оқушыларға ұжым дамуының жақын, орта және алыс (А.С. Макаренко) деп аталатын үш көрінісін түсіндіру үшін үлкен жұмыстар жүргізуі қажет. Оқушылар міндетті түрде алыс көрініс қоғам мүшелерінің жеке жоспарларымен байланысты екендігін терең түсінулері тиіс. А.С.Макаренконың дәлелдеуінше ұжым адамдардың жай ғана жиынтығы немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуді алға міндет етіп қойған, қоғамға пайда тигізуге тырысушылар тобы.

Балаларда ұжымда біріктірудің негізгі көзі - ортаң мақсаттың және оны іске асыруға бағытталған біріккен іс-әрекеттің болуы. Ұжымдық іс-әрекетте әрбір оқушының іс-әрекеті басқалармен тығыз байланыста болады. Мұндай жағдайда ұжымшылдық сезімі туады. Бұл қарым-қатынас басқаның ісіне енжарлық туғызбай, керісінше бір-біріне көмектесуі, өз жолдасының ісіне қуану, ренжу, мақтану, намыстану сияқты әр түрлі қатынастар жүйесін туғызады. Адамның кеңіл-күйінің тәрбиелік мәні арта түседі. А.С.Макаренконың ойынша нағыз шын ұжым, мейлі ересектер, мейлі балалар ұжымдары болсын қоғамның бір мүшесі болып есептеледі. Осыған байланысты қоғамның бастапқы бір үясы болып саналатын оқушылар ұжымы басқа ұжымдармен байланыста болуы тиіс, оның алдында қоғам мен ел алдындағыдай міндеттер тұрады.

А.С.Макаренко атап көрсеткен ұжымды сипаттайтын міндеттер бүгінгі таңда да өз мәнін жойған жоқ. Ол міндеттер:

• ұжым алдындағы айқын мақсат;

• ұжым мүшелерінің қоғамдық мақсатқа бағытталған іс-әрекет жасауы;

• ұжым мүшелерінің бірлігі және әрқайсысының өзіндік пікірі болуы;

• өз арасында міндеттер белгілеуі;

• белгіленген міндеттерді орындауы;

• қатаң тәртіптің болуы;

• өз мүшелері үшін ұжымның жауапкершілігі, өзара көмек, өзара бақылау, жолдастық сезім, қайырымдылық қарым-қатынастың болуы.

В. А.Сухомлинский балалар ұжымын дамыту теориясына айтарлықтай үлес қосты. Оның терең ойлары бірсыпыра ғылыми еңбектерінде "Коллективтің құдіретті күші", т.б. баяндалды. В.А.Сухомлинскийдің пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымдағы негізгі тәрбие құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым-қатынас ұжымдық қатынастың даму процесі, В.А.Сухомлинскийдің қарым-қатынас жайындағы идеясы жаңашыл мұғалімдердің идеяларымен ұштасып жатыр. Қорыта айтқанда, ұжым - тәрбиенің маңызды құралы. Ұжымдағы жеке тұлға теориясын құрудың негізі А.С.Макаренко еңбектерінде жатыр. Ол ұжымда жеке тұлғаны тәрбиелеудің басты белгілерін нақты тұжырымдап берді: ұжым-басқа ұжыммен органикалық байланыста болатын қоғамның бір бөлігі; қоғамдық маңызы бар мақсаттың болуы; ұжым мүшелерінің қызметін ұйымдастыру; ұжым мүшелері арасындағы өзара жауапкершілікті қарым-қатынас орнату; өзін-өзі басқару органдарының болуы. Мектептің балалар ұжымы бастапқы ұжымдардан(сыныптардан) тұрады. Осы алғашқы ұжымда-ақ балалар жалпы мақсатын жүзеге асыруға бірігіп қатыса отырып бір-бірімен жақын араласа бастайды. Онда балалардың мүмкіндіктеріне, қызығушылықтарына, қабілеттеріне, құрбыларына деген қарым-қатынастарына қарай әрқайсысының белсендіруге жағдайжасалады. Сонымен бірге бұл ұжым өзінің тар мағынадағы мүдделерімен ғана шектеліп қалмай болашақ жоспарларын күрделендіріп, мүдделерін кеңейтуі тиіс. Бұл тек осы алғашқы ұжымдарды қоғаммен байланыстыратындай ұжымаралық байланыс жасау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Ұжым проблемасын зерттеушілер қазір оны зерделеудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін жасауда. Л.И.Новикова әрбір баланың тұлғалық қасиеттерін жан-жақты дамыту құралы ретінде балалар ұжымын басқарудың барынша тиімді жолдарын зерттеуде. Т.Е.Конникова ұсынған ғылыми бағыт ұжымның басты қызметін оқушының адамгершіліік дамуымен байланыстырады. Р.С.Немов, А.Г.Кирпичник өз жұмыстарында балалар ұжымының қызметін жүйелі бағалауға үлкен мән берді. Қазіргі қоғам жағдайында балалар ұжымы жеке тұлғаны әлеуметтендірудің маңызды факторы. Оқушы үшін ұжым қоғамның моделі, әлеуметтік орта, оның өмір әрекетінде, пікірлесуде жеке тұлғаның қарым-қатынасында тәжірибесі кеңейіп әлеуметтік рөлдерді меңгереді, орнықты, жеке тұлғаның өзін-өзі басқаруы, өзін-өзі іске асыруы, оны қорғаумен сүйемелдеу қамтамасыз етіледі. Оқушылар ұжымы үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму кезеңдерін А.С.Макаренко балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс-әрекетінің мазмұнына, тәртібіне, балалардың арақатынасы тәуелділігіне байланысты ажыратты. Бірінші кезеңде



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет