Реферат Халықаралық анатомиялық номенклатура. Анатомиялық терминдер Орындаған : Кенжебек Ә. О. Курс: 1 курс



бет4/7
Дата06.09.2024
өлшемі36,92 Kb.
#203909
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
stud.kz-104911

Орыс анатомиялық номенклатурасында латын терминдерінің орысша баламалары бола тұра, латынданған түрін жиі беру кездеседі: Diafragma-грудобрюшная переграда-диафрагма; Trachea-дыхательное горло-трахея; Acinus-пузырек-ацинус; Pericardium-околосердечная сумка-перикард.

Анатомия терминдерінің ең алғашқы латын тіліндегі тізімі 1887 жылы Германияда шетелдің көрнекті ғалымдарының қатысуымен құрастырылды. Бұл тізім Германия анатомиялық қоғамының 1895 жылы Базельде өткен конгресінде бекітілді. Тізім Базель анатомиялық номенклатурасы (B.N.A.-Basler Nomina Anatomica) деген атпен жарияланды. Алайда бұл номенклатура анатомдар арасында баяу таралды, ал Англия мен Францияда тіптен қолданылмады десе де болады.

Көптеген анатомдарға, B.N.A-ны түзетіп, толықтыру қажет екені аян болды. Сондықтан, Германия анатомиялық қоғамының 1935 жылы Иенде өткен съезі, анатомиялық терминдердің жаңа тізімін қабылдады. Бұл тізім, ғылыми әдебиетке-Иен анатомиялық номенклатурасы (I.N.A.-Ienar Nomina Anatomica) деген атпен енді.

1955 жылғы Париждегі когресс халықаралық анатомия номенклатурасы комитетінің (I.N.A.С) ұсынуымен, Париж анатомиялық номенклатурасы (Р.N.A.) деп аталған анатомия терминдерінің жаңа тізімі бекітілді. Егер бұрынғы В.N.A. тізімінде 5600 анатомиялық терминдер болса, Париж номенклатурасы 200-ден аса жаңа терминдер енгізді де, Базель номенклатурасына кірген 4286 терминдерді қалдырды.

Анатомиялық терминдерді жетілдіру жұмыстары одан әрі жалғаса берді. Анатомдардың 1965 жылы Висбаденде өткен VІІІ Халықаралық Конгресі, анатомиялық терминдерге мыңнан аса өзгертулер мен толықтырулар енгізді. Ол конгрес оған қоса, Р.N.A.-ға сәйкес келетін әр ұлттың анатомиялық номенклатураларын жасау ұсынылды.

Голландиялық хирург және анатом Готфирд Бидлооның 1685 жылы латын тілінде шыққан «Адам денесінің анатомиясы» атты кітабын белгісіз бір оқымысты орыс тіліне аударған. Бұл еңбекті «Белгісіз ғылыми ерлік» деген мақалада Н.А. Оборин мен А.Н. Оборин, орыс анатомиялық терминологиясының негізін салды деп атап көрсетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет