Реферат Халықаралық анатомиялық номенклатура. Анатомиялық терминдер Орындаған : Кенжебек Ә. О. Курс: 1 курс


Ⅰ Халықаралық анатомиялық номенклатура



бет2/7
Дата06.09.2024
өлшемі36,92 Kb.
#203909
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
stud.kz-104911

Ⅰ Халықаралық анатомиялық номенклатура

Медицина ғылымының негізгі бір саласы-адам анатомиясы –медицинаның іргесін қалайтыны белгілі. Болашақ дәрігерлердің адам денесінің құрылымы туралы білім алуы «медицина әліппесін»-анатомиялық терминдерді игеруден басталады.

Тілді, әсіресе латын және орыс тілдерін игеру қиындықтарын өз басынан өткізген осы жолдардың авторы, студент кездердің өзінде-ақ анатомиялық терминдердің үш тілдегі сөздігін құрастыра жүрген-ді. Осы көпжылдық жұмыстың нәтижесі ретінде «Анатомия терминдерінің қазақша-орысша-латынша сөздігі» - деп аталатын екі бөлімдік кітап (І бөлім, Алматы, 1963, ІІ бөлім, Алматы, 1966) оқу құралы ретінде жарық көрген-ді. Кейіннен бұл сөздіктер белгілі толықтырудан кейін, 1994 жылы (Алматы, «Демеу») бір кітап болып баспадан шықты.

Алғашқы сөздіктер жарық көргеннен бері 40 жылдай уақыт өтті, ол қазір библиографиялық сирек кездесетін кітаптар қатарынан орын алған. Сол уақыттан бері, автордың өзі қатынасқан анатомдардың Бүкілодақтық съездерінде –(Ташкент, 1974; Минск, 1980; Винница, 1986) және Халықаралық Конгрестерінде (Ленинград, 1970; Токио, 1975; Мехико, 1980; Сингапур, 1995) ғылымның осы саладағы жетістіктері ескеріле отырып, көптеген анатомиялық терминдер қайта қаралып, толықтырылды. Қазақстан Республикасының Деснаулық сақтау министрлігінің мақұлдауымен қазақ тіліндегі тұңғыш оқу құралы екі кітап болып жарық көрді (Адам анатомиясы, І-бөлім, 1994; ІІ-бөлім, 1995.)

Әр тілдерге сәйкес анатомиялық терминдерді бір-бірімен салыстыра отырып, қазақша лайықты балама сөз табу жұмысында белгілі қиындықтар кездесті. Дегенмен, мұндай қиындықтар анатомияның барлық терминдерінен тән нәрсе емес екен. Мәселен, сүйектер мен асқазан-ішек құрылымдарына балама атаулар іздегенде, қазақ тілінің көп жағдайларда бай екені анықталды.

Мысалы: «Гребень» (латынша-crista) деген терминді қазақ тіліне бірнеше сөздермен аударуға болады: қыр, арқа, жота, жал; «Вырезка» (incisura)-тілік, кетік, ойынды, ойық; «Край» (limbus)-жиек, шет, ернеу; «Канатик» (funiculus)-арқан, жіп, шылбыр; «Связка» (Ligamentum)-жалғама, байлам; «Губчатый» (spongiosus)-кеуекті, кемікті деп аударылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет