Реферат Халықаралық анатомиялық номенклатура. Анатомиялық терминдер Орындаған : Кенжебек Ә. О. Курс: 1 курс



бет5/7
Дата06.09.2024
өлшемі36,92 Kb.
#203909
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
stud.kz-104911

КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық Ғылыми Кеңесі 31/1, 1959 жылғы қаулысында Р.N.A. терминдеріне сәйкес тек орыс анатомиялық номенклатурасы қолданылсын деп атпты. Алғаш рет Р.N.A. терминдеріне сәйкес келетін орыс анатомиялық терминдерінің ресми тізімін Д.А. Жданов пен профессор Ю.Н. Копаев жасады (Халықаралық анатомиялық номенклатура, М., «Медицина», 1970).

Бұл басылымда Токиодағы (1975ж.) анатомдардың Халықаралық конгресінде енгізілген өзгертулер ескеріліп, Халықаралық анатомиялық номенклатураның ресми латын мәтіні берілді.

Орыс анатомиялық номенклатурасын жасаудың негізгі қағидалары «Халықаралық анатомиялық номенклатура» деген кітаптардың (1980, 1986) алғы сөздерінде баяндалған.

Халықаралық анатомияның номенклатура мүмкіндігінше ресми латын терминдеріне жақын болуы керек. Алайда сөздің шығу тегін (этимологиясын) сақтау әрекеті үстем болмауы керек. Сондықтан терминдерді сөзбе-сөз аударып, анатомиялық құрылымдардың мәнін бұрмалауға жол беруге болмайды.

Эпонимикалық терминдер, яғни ғалымдардың есімдерімен аталған анатомиялық құрылымдар аттары, клиникалық терминдердің негізі ретінде қалыптасып кеткен жағдайда ғана орыс анатомиялық номенклатурасында синонимдер етінде сақталады (мысалы, «Гаймор қуысы»-«Гайморит», «Евстахий түтігі»)-«евстахит» және т.б.).

Шет тілден алынған, халықаралық ресми терминдерге сәйкес келетін және медицинада кеңінен пайдаланатын кірме сөздердің де (медиалді, латералді, миокард, ганглии және т.б.) қолданылуына жол берілуі керек.

Шет тілдік терминдердің орыс тілінде қолданылатын қанағаттанарлық және қолайлы эквиваленттері жоқ болса, олардың орысша транскрипциясы пайдаланылуы керек (мысалы, гипокамп, таламус, гипоталамус т.б.). Сонымен қатар, егер шет тіл терминдері медицинада кеңінен таралған болса, олардың орыс тіліндегітранскрипциясын қолданған дұрыс.

И.Р. Лазовскис (1989) «Медициналық терминдердің құрамы мен саны ғылым мен техниканың дамуына тікелей бағынышты. Әрбір жаңалық жаңа терминдерді қажет етеді. Медициналық терминдер саны без жүз жыл ішінде (1380-1880) екі есе өссе, ал соңғы жүз жылдықта (1980 жылға дейін) оның саны тағы да екі есе өсті және үстіміздегі жүз жылдықтың соңына дейін терминдер әлі де екі есе өсе түсетінін мөлшерлеп айтуға болады»,-деп жазды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет