Реферат: Жүрек қан тамыр жүйесінің аурулары бар егде жастағы және қарт науқастарды күту және бақылау



бет1/5
Дата13.12.2022
өлшемі213,28 Kb.
#162606
түріРеферат
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Тыныс алу м шелеріні аурулары бар егде жаста ы ж не арт нау ас


Қ. Жубанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті


Реферат: Жүрек қан тамыр жүйесінің аурулары бар егде жастағы және қарт науқастарды күту және бақылау

Дайынған: Мақаш Ерасыл Фис-201
Тексерген: Жумабаева А.


Ақтөбе 2022
Тыныс алу мүшелерінің аурулары бар егде жастағы және қарт науқастарды күту және бақылау
Егде жас және қарт науқастардағы тыныс алу мүшелері ауруларының клиникалық ағымының ерекшелігі қартайған организмдегі кері даму үрдістеріне байланысты.

  • өкпе паренхимасының иілгіштігі төмендейді, оның атрофиясы дамиды.

  • альвеола көлемінің ұлғаюы нәтижесінен өкпенің тыныс беткейі 40-50%-ға төмендейді.

  • өзгерген тамырлар (өкпе капиллярлары тығыздалады, «сынғыш» келеді) өкпе тінін толық қоректендіруді қамтамасыз етпейді, газ алмасу қиындайды.

  • мембраналардың тығыздалуы альеолярлы ауа мен капиллярлы қан арасындағы газ алмасуды қиындатады.

  • альвеолярлы вентиляция біркелкі болмайды.

  • кірпікшелі эпителийдің белсенділігінің және шырышты қабаттардағы рецепторлардың сезімталдылығының төмендеуі салдарынан, эпителий торшасының біртіндеп атрофиялануынан бронхтардың өзіндік тазару механизмі бұзылады.

  • жөтел рефлексі төмендейді.

  • кеуде қуысы және арқа бұлшық еттерінің дистрофиялық өзгеруі, кеуде қуысының бөшке тәрізді өзгеруі, склерозды өзгерістер қабырғаладың қозғал-ғыштығын төмендетеді, кеуде қуысының экскурсиясы көлемін шектейді.

  • тыныс алу орталығының көмір қышқыл газына және гипоксияға сезімталдылығы күшейеді.

Егде жас және қарт науқастарды оксигенотерапиямен емдеуде өте сақ болу керек. Қарт жаста шамадан тыс белсенді оксигенотерапия жүргізу теріс нәтиже беру мүмкін – басының айналуы, жүрек айну, тұншығу, Чейн – Стокс тынысы. Одан басқа тыныс алу орталығының гиперкапниялық тежелу салдарынан коматозды жағдайға ұшырауы да мүмкін. Пневмониямен сырқаттанған науқастарды бақылау кезінде дене қызуының қауіпті төмендеу кезеңі науқас үшін өте қауіпті екенін естен шығармау керек, себебі бұл кезеңде жедел жүрек жеткіліксіздігінің пайда болуы мүмкін. Аурудың бұл кезеңі гериатриялық жастағы науқастар үшін күрделі, себебі оларда жүрек жеткіліксіздігі коллапстың классикалық түрінде емес ЖИА-ның өршуі түрінде, инсульттің дамуы, бүйрек жеткіліксіздігі дәрежесінің күшеюі түрінде көрінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет