Реферат: Жүрек қан тамыр жүйесінің аурулары бар егде жастағы және қарт науқастарды күту және бақылау


Кәржілік артериясынан тамыр соғуды аныктау



бет5/5
Дата13.12.2022
өлшемі213,28 Kb.
#162606
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Тыныс алу м шелеріні аурулары бар егде жаста ы ж не арт нау ас

Кәржілік артериясынан тамыр соғуды аныктау


Мақсаты: тамыр соғудың негізгі қасиеттерін анықтау, жүрек – қан тамырлары жүйесінің жағдайын бағалау.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың жағдайын бақылау.
Тамыр соғуын зерттейтін жерлер: кәржілік, шынтақ, ұйқы, самай, тізе асты, сан, аяқтың сыртқы артериялары.
Тамыр соғу параметрлері: ырғағы, жиілігі, толысуы, кернеу күші, көлемі.
Дайындаңыз: сағатты (секундомерді), қағазды, қызыл түсті қаламсапты, қызу парағын.


Іс – әрекет алгоритмі:



  1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз, тамыр соғуын анықтайтын жерді табыңыз.

  2. Науқасқа ынғайлы қалыпты, отыру немесе жату босансыған жайлы қалыпты, сабырлы жағдайды беріңіз.

  3. Қолыңызды гигиеналық денгейде тазартыңыз.

  4. Бір мезгілде өз қолыныздың саусақтарымен науқастың білезігінен қамтып алып (кәржілік білезік буыны аймағын) былай ұстаңыз, 2, 3, 4 саусақтардың жұмсақ жастықшасы білектің алақан (ішкі) бетінде кәржілік артериясының проекциясында болуы керек (үлкен саусақтың негізінде), 1 саусақты білектің сыртқы бет жағына орналастырыңыз. Кәржілік артериясы кәржілік сүйегінің біз тәрізді өсіндісі мен кәржілік бұлшық етінің сіңірі арасынан пальпациялынады.

  5. Кәржілік күре тамыр аймағын ұстаңыз. Оны сәл кәріжілік сүйегіне қарай қысыңыз, тамыр соғатын жерді анықтаңыз, қаннын тамырлар бойымен қозғалуына байланысты иілмелі соғу толқының сезесіз.

  6. Науқастың оң және сол қолы күре тамыры қабырғасының кезеңді тербелісін салыстырыңыз. Тамыр соғу сәйкестігін анықтаңыз. Сәйкестілік – бұл екі қолдағы тамыр соққысы толысу бойынша тура келеді (егерде тамыр соғу сәйкестігі болса, онда бір қол бойынша сипаттама беріледі).

  7. Тамыр соғу реттілігін анықтаңыз.

  8. Тамыр соғу жиілігін анықтаңыз.

Оттегі жастықшасынан ылғалдатылған оттегін беру





Мақсаты: ұлпалардағы оттегін жоғарлату.
Қолдану көрсетілімдері: әр түрлі тыныс алудың бұзылуы, тұншығу, газбен улану, өкпе – ісігі, жедел және созылмалы тыныс алу жетіспеушілігі.
Дайындаңыз: оттегі жастықшасын, мундштукті, 4 қабаттан жиналған дәке салфеткасын, 70% спирт ерітіндісін, 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісін, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысты, суды, оттегі бар баллонды, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет