3. АДАЛДЫҚ ЖӘНЕ ҚАСАҚАНА ІСТЕМЕУШІЛІК 3.1. Журналист адалдық пен қасақанашылдық емес қағидаттарын ұстанады, кез-келген сырттан жасалатын қысымды жоққа шығарады. 3.2. Журналист кәсіби міндеттерін орындау барысында ақпарат алудың заңды тәсілдерін қолданады, ақпарат көзіне қысым көрсетпейді.
4. СЕНІМДІЛІК ЖӘНЕ ОБЪЕКТИВТІЛІК 4.1. Журналист объективтілік, қасақана емес қадам жасау қағидаттарын ұстанады. 4.2. Журналист белгілі бір мәселелер бойынша пікірлердің толық ауқымын қаперге алады және өзі сенімділігіне көз жеткізген ақпаратты ғана жариялайды. 4.3. Сенімділік, толықтық және объективтілік мақсатында журналист ақпараттарды түрлі көздерден алу үшін барынша күш-жігер жұмсайды. 4.4. Журналист өзінің қызметінде деректерді, пікірлерді, бағамдарды, болжамдарды, нұсқаларды және жорамалдарды жеке көзқарасы тұрғысынан нақты айыра біледі.