Журналистика (французша - journal, немісше - journalіstіk, ағылшынша - journalіst) – 1) баспасөз, радио, теледидар, кино, интернет сияқты ақпарат құралдары арқылы елдегі және әлемдегі жаңалықтар мен оқиғалар, саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани және табиғи құбылыстар жөнінде жұртшылыққа мағлұмат беріп, қоғамдық пікір қалыптастыратын әдеби-шығармашылық қызмет түрі;
2) белгілі бір халықтың нақты бір кезеңде шыққан газет-журналдарының жүйесі, оларда жарияланған материалдар жиынтығы;
3) баспасөз тарихын, теориясы мен практикасын зерттейтін ғылым саласы.
Журналистика терминінің өзі алғаш рет Францияда пайда болған. Ал Ресейде бұл термин әуелгі кезде журналдар жиынтығы деген мағынаны білдірсе, 19 ғасырдың ортасынан бастап барлық мерзімді басылымдарға қатысты қолданыла бастады. Қазақ тіліне журналистика термині орыс тілі арқылы еніп, 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап белсенді қолданысқа ие болды (қ. Қазақ журналистикасы.). 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында фотография мен кинематографияның пайда болуына байланысты фото және киножурналистика дүниеге келді (қ. Фотография, Деректі кино). 20 ғасырдың 20-жылдарынан бастап радиотехника жетістіктеріне байланысты радиожурналистика (қ. Радиохабар), 40-жылдарынан бастап тележурналистика қарқынды дами бастады (қ. Тележурналистика). 20 ғасырдың 90-жылдары ақпарат тарату көлемі мен шапшаңдығы жөнінен журналистиканың басқа салаларынан әлдеқайда басым түсетін бүкіләлемдік байланыс торабы – Интернет жүйесі пайда болды (қ. Интернет).
Әдеби-шығармашылық қызмет түрі ретінде журналистика саяси, салалық, тақырыптық т.б. басылымдар, радио және телебағдарламалар арқылы қоғамдағы көкейкесті мәселелерді қозғап, алуан түрлі аудиторияны әлеуметтік, саяси және арнаулы мағлұматтармен қамтамасыз етеді. Қоғам дамуының заңдылықтары, әлеуметтік, экономика және рухани мәселелер жөнінде мағлұмат беріп, жұртшылықтың қоғамдық пікірін қалыптастырады. Журналистикаға берілетін анықтамалар мен тұжырымдар барлық уақытта біркелкі болған емес. Кейбір тұжырымдар журналистика қоғамдық ой-пікір мен дүниетанымды қалыптастыратын, сол уақыттағы нақтылы оқиғаларды барлық жағынан қамти отырып, ондағы ағымдар мен процестерге, сондай-ақ құбылыстарға түсінік бере алатын әлеуметтік-бағыттаушылық мәнге ие болуы қажет дегенге тоқталса, кейбір тұжырымдар журналистика тек қана боямасыз ақпарат жеткізуші құрал, сондықтан тыңдаушы не оқырманның ой-пікірді өзі қорытуына, дүниетанымдық таңдау жасауына мүмкіндік қалдыруы тиіс деп санайды. Тіпті қазіргі заманғы ақпарат құралдарының қайсыбірі өз өнімдерінің ішкі мазмұны мен идеясына, ал кейбіреуі жалаң хабарды неғұрлым шұғыл да шапшаң таратуға баса назар аударып жүр. Осыған байланысты журналистиканы қалыптасқан жалпыадамзаттық ортақ құндылықтармен қатар әрбір елдің өзіндік ішкі бағыттары арқылы дамитын пластикалы ақпарат тарату түрі ретінде қарастыруға болады. Адамдарға ықпал ету мақсатында ақпарат жинақтау және оны тарату іс-әрекеттерінің белгілері ежелгі дәуірлерде-ақ байқалған.
Журналистің материалдық жауапкершілігі қалай анықталады (БАҚ-тың аппаратурасы мен мүлкіне зиян келтірген жағдайда)?
Жұмысшының кінәсінен жұмыс берушіге (мүлкіне) зиян келтірілсе, ол үшін жұмысшы материалдық жауапкершілікке тартылады. Жоғарыда аталған заңның 91-бабында сондай материалдық жауапкершіліктің толық тізімі келтірілген:
Жұмысшы оған тапсырылып берген мүлік пен басқа да құндылықтар үшін материалдық жауапкершілікті толық өз мойнына алатыны жөнінде шартқа қол қойғанда;
Еңбек заңдарына сәйкес жұмысшы қызмет міндеттерін атқару барысында жұмыс берушіге зиян келтіргені үшін толық материалды жауапты;
Жұмысшы арақ ішіп немесе есірткіге, я болмаса, токсикоманиялық түрде мас болып зиян тигізсе;
Жұмысшыға қызмет бабымен пайдалануға берілген материалдардың, жартылай фабрикаттардың, өнімдердің, сондай-ақ құралдардың, өлшеу приборларының, арнайы киімдер мен басқа да заттардың жетіспеуі немесе әдейілеп жоғалтып жіберуі, болмаса оларды дайындап жатқанда әдейі бүлдіруі, зиян тигізгенде;
Коммерциялық құпияны ашып қойғанда;
Қылмыстық жазалауға жататын іс-әрекеттің кесірінен келтірген зиян;
Бірақ ең бастысы – толық немесе жартылай жауапкершілік жұмысшының кінәсіне қарап анықталады.