Реферат «Журналистика және журналистік құқық статусы»


ЖЕКЕ ӨМІРДІ, АР-НАМЫСТЫ ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК ҚАСИЕТТЕРДІ ҚҰРМЕТТЕУ



бет5/5
Дата07.02.2022
өлшемі51,5 Kb.
#83323
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Журналистика және журналистік құқық статусы

6. ЖЕКЕ ӨМІРДІ, АР-НАМЫСТЫ ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК ҚАСИЕТТЕРДІ ҚҰРМЕТТЕУ
6.1. Журналист жеке өмірді, адамдық ар-намыс пен іскерлік қасиетті құрметтеу қағидатын басшылыққа алады. 6.2. Журналист азамат пен заңды тұлғаның заңнамалық тұрғыда қарастырылған жағдайлардан басқа кездерде қандай да бір ақпаратты ұсынудан бас тарту құқын мойындайды. 6.3. Журналист айрықша кінәсіздік қағидатын ұстанады.
7. БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
7.1. Журналист зияткерлік меншікті, оның ішінде өз әріптестерінің кәсіби қызметінен туындайтын зияткерлік меншік құқын құрметтейді. 7.2. Журналист әріптестерінің құқығын құрметтейді және адал бәсекелестік заңнамаларын ұстанады. 7.3. Журналистер кәсіби парызын орындау кезінде зардап шеккен өзінің әріптестеріне жәрдем көрсетеді.
8. ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
8.1. Журналист зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қатері, тіл тигізу, материалдық немесе моральдық зардап жағдайында Қазақстан заңнамасында қарастырылған тәртіп бойынша сот және басқа да барлық қорғану кепілдіктерін пайдаланады. 8.2. Журналист Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын мойындайды және оны бұзғаны үшін жауапкершілікті сезінеді. Дегенмен, Кодекс журналисті заңды және жеке тұлғалар тарапынан сот тәртібімен қудалауға негіз болмайды. 8.3. Журналистің Кодекс ережелерін бұзуы моральдық жазғыруға ұшырайды. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Аталған Кодекс журналистердің - Қазақстан азаматтарына және қатысы бар. Журналистің Кодекске қарым-қатынасы - ар-ұятына байланысты. Кодексті ұстануға немесе бұзуға мәжбүрлеуге жол берілмейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет