Қазақстанның орта ғасырдағы қалалары.
Архелогиялық зерттеулерде ерте орта ғасырға қарағанда орта ғасырдың дамыған кезінде отырықшылық мәдениет өркендеп, қалалар саны көбейген.
Егер бұрын Оңтүстік қазақстанда 30 қаланың орны белгілі болса, ал кейнгі кезде зерттеулер бойынша, олардың саны 37 қалаға жеткен. Жазба деректерде алғашқы кезенде 6 қала ғана аталса, соңғы кезде 33-ке жетті.
Ұлы Жібек жолы.
«Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») — Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтан басталды.
1-ші ғасырдағы Жібек жолы, Қытайдан Жерорта теңізіне дейін.
Осынау тарихи жолдың жібек саудасына байланысты “Жібек жолы” атанғаны түсінікті. Ал “Ұлы” сөзінің оған қосылуы жолдың кең-байтақ Шығыс өлкелері мен Батыс өлкелерін байланыстырып жатуынан. Сондықтан да бұл жол “Ұлы Жібек жолы” болып тарихқа енді.
Қытай жазба деректеріндегі хабарларда б.з.б. II-I ғасырларда Үйсін мемлекетінің Қытай өкіметімен қарым-қатынастары жайлы мәліметтер бар. Сол байланыс кезінде олардың араларында жасалған саудада қымбат бағалы жібектің жүргендігі сөзсіз. Сол қытай деректері бойынша, VI ғасырда Батыс Түрік қағанының және оның нөкелерінің жібек шапан кигендері белгілі. Бұл- VI ғасырда жібектің бүкіл Еуразияға әйгілі болған кезеңі.
Жібек жолының басы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтан басталды. Ол Ұлы Қытай қорғанының батыс шетінен өтіп, Іле өзенімен Ыстықкөлге жетеді. Жол осы арада батысқа және солтүстік-батысқа қарай шығу үшін оңтүстік, солтүстік бағыттарға тармақталады. Оңтүстік бағыт Ферғана, Самарқан, Иран, Ирак, Сирия елдері мен Жерорта теңізіне шыққан. Ал солтүстік бағыт Оңтүстік Қазақстанда Испиджаб қаласына келіп және екі тармаққа бөлінген. Біреуі Орта Азияға қарай, екіншісі Түркістан арқылы Сырдарияның төменгі ағысымен батыс Қазақстанға шығып, Еуропаға қарай өткен.
Алайда бұл көрсетілген бағыттар үнемі тұрақты болды деп айтуға болмайды. Ол халықаралық саяси жағдайға байланысты өзгеріп отырған. Бірақ мүлде өзгеріп, басқа арнаға түспеген. Жағдайға байланысты бұрынғы жолдар қайта жанданып отырған.
Достарыңызбен бөлісу: |