Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті
Реферат
Механикалық ұлпалар
Орындаған:Қансейтова А
Тобы:1507-29
Шымкент 2021
1)Арқаулық ұлпа дегеніміз
Өсімдіктердің денесіне таяныш, мықтылық, беріктік және серпімділік қасиет беретін жасушалар тобын арқаулық ұлпалар деп атаймыз. Арқаулық ұлпалар бірігіп, өсімдіктің барлық мүшелерін сынудан немесе жыртылудан сақтайтын ең жоғарғы беріктікті қамтамасыз етеді.
2)Арқаулық ұлпаға тән белгілері
Арқаулық ұлпалар қабықшалары қалың, жиі (бірақ барлық уақытта емес) сүректенетін жасушалардан тұрады. Көп жағдайда бұлар өлі жасушалар. Өстік мүшелерде бұлар негізінен прозенхималық, ал жапырақтар мен жемістерде паренхималық жасушалар болып келеді. Жасушаларының формасына, олардың қабықшаларының химиялық құрамына және қалыңдау ерекшеліктеріне қарай арқаулық ұлпаларды екі топқа бөледі: колленхима; склеринхима.
3)Колленхима, склеренхима жасушаларының құрылыстық айырмасы:Колленхиманың склеренхима жасушаларынан құрылыстық айырмасы колленхима паренхималық клеткалардан тұрса, склеренхима клетка қабықшалары бірдей болып қалыңдайтын прозенхималық клеткалардан тұрады.
4) Колленхиманың қандай түрлері: Егер жасушаның қабықшасының қалыңдауы, оның бұрышынан басталса, ондай колленхиманы бұрыштық деп атайды. Егер жасушаның екі қарама-қарсы жатқан қабықшалары қалыңдап, қалған екеуі жұқа күйінде қалып отырса, ондай колленхиманы пластинка тәрізді деп атайды
5)Колленхима неге жас өсімдіктер мүшелеріне тән?
Колленхиманың қабықшалары созылуға қабілетті, өйткені олардың жұқа бөліктері (участкілері) болады, сондықтанда колленхима жас өсіп келе жатқан мүшелердің тірегі болып табылады. Колленхима қос жарнақты өсімдіктерге тән. Коленхима өсімдіктердің өстік мүшелерінде тоз (феллоген) камбиінің түзілуіне және жарақаттанған жерде жарақат феллеогенінің түзілуіне қатысады.
6) Склеренхима жасушаларының негізгі белгілері:
Склеренхима өсімдіктер мүшесіне ерекше мықтылық беретін ұлпа. Олар жасуша қабықшалары бірдей болып қалыңдайтын прозенхималық жасушалардан тұрады. Тек жас жасушалары ғана тірі болады. Жасы ұлғая келе бұл жасушалардың ішіндегі заттары өледі. Бұл құрлықта өсетін өсімдіктердің вегетативтік мүшелеріндегі ең кең таралған арқаулық ұлпа. Жасуша қабықшаларының химиялық құрамы бойынша склеренхиманың екі түрі болады: талшықтар және склереидтер. Талшықтардың өзі пайда болуына қарай екі түрі болады: біріншісі тін талшықтары, олар алғашқы түзуші ұлпа прокамбий мен перициклден және алғашқы қабықпен түтікше-талшық жиынтығының негізгі ұлпаларынан пайда болады. Екіншісі сүректік талшықтар, олар соңғы қабық пен соңғы сүректің құрамындағы соңғы түзуіші ұлпа камбийден пайда болады. Тін талшықтарының жасуша қабықшалары целлюлозадан тұрады, немесе аздап қана сүректенеді, сүректік талшықтардың (либриформ) жасушасының қабықшалары барлық уақытта толық сүректелген болады .
Тін талшықтарының мықтылығы, созылғыштығы, ұзындығы, сүректенбеуі сияқты қасиеттері тоқыма өнеркәсібінде жоғары бағаланады.
7)Склереида жасушалары қандай жерлерде кездеседі?
Склереидтер жасуша қабықшалары бірдей қалыңдап сүректелген өлі паренхималық жасушалар. Олардың қабықшалары қатты сүректенеді, кейде оларға әк, кремнезем және кутин сіңеді. Склереидтердің ішінде кең тарағаны тасты жасушалары. Олар әдетте грек жаңғағының сыртқы қабығында, шиенің, шабдалының және басқа сүректенген жемістерде кездеседі. Ал жапырақтарда тасты жасушаларға қарағанда тірек жасушалар кездеседі.
Глоссарий:
Колленхима – шөптесін өсімдіктерге тән тірі механикалық ұлпа.
Склеренхима –өсімдіктердің сүректенген бөліктеріне тән өлі механикалық ұлпа. Либриформ – сүрек талшығы.
Склереида – топ болып орналасып, жемістердің сүйекшелеріне
Достарыңызбен бөлісу: |