Ғылыми көзқарас – ғылым мен практикалық байланыс көмегімен іске асырылады. Өлшеусіз ғылыми болжамдарды және ғылымның дамуына сәйкестікті тексеру мүмкін емес.
Өлшеу - басқару немесе бақылау объектілері жөнінде сандық ақпаратты алуды қамтамасыз етеді, онсыз барлық техникалық процесстермен берілген ережелер көшірмесін алу мүмкін емес, тиімді басқару объектісін және бұйымның жоғарғы сапасын қамтамасыз ету мүмкін емес. Бұның бәрін өлшеудің техникалық аспектісі құрастырады.
Әр түрлі жерде, әрбір уақытта әр түрлі өлшеу аспаптарымен өткізілген өлшеулердің нәтижелерін салыстыруға мүмкіндік алу үшін өлшеулердің бірлігі болуы қажет. Өлшемдердің нәтижелері заңды болып алынған бірліктермен көрсетілсе, ал өлшемдердің қателіктері берілген ықтималықпен анықталса, мұны - өлшем бірлігі деп түсінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |