Метрология зат, нәрсе ретінде – объектілердің қасиеттері жөнінде және жүріп жатқан процесстердің берілген дәлдікте және сенімді түрде сандық ақпаратын алу болып табылады.
Метрологияның құралы – бұл өлшеу құралдарының және метрологиялық стандарттардың жиынтығы, оларды тиімді қолдануды қамтамасыз етеді.
Бірде - бір ғылым өлшеусіз болмайды, сондықтан да метрология барлық ғылымдармен тығыз байланысты. Метрологияның негізгі ұғымы - өлшем. ҚР СТ 2.1 бойынша өлшем – бұл физикалық шаманың мәндерін тәжірибе жолымен арнайы техникалық құралдар көмегімен табу. Өлшеудің мәнділігі үш аспектіде (құбылыс, көзқарас) көрсетіледі: философиялық, ғылыми және техникалық.
Өлшеу – бұл деректерді шартты белгілеу әдіс тұрғысында көрсететін, әр түрлі таным әдістер көмегімен алынған, яғни таным процесінің соңғы кезеңін, алынған ақпаратты тіркеумен байланысы.
Достарыңызбен бөлісу: |