Реферат мидың екі сигналдық жүйесі


- тапсырма Тақырыбы: Жоғары жүйке әрекетінің негізгі топтары



бет3/5
Дата02.12.2022
өлшемі77,27 Kb.
#160956
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Мидың екі сигналдық жүйесі
Мұғалім тұлғасы және оның психологиясы, микроэкономикаа сессияя (2)
1- тапсырма
Тақырыбы: Жоғары жүйке әрекетінің негізгі топтары.
Орындаған: Дандибаева БО
Қабылдаған: Отарова Назгуль Илиясовна
Мамандық: Дефектология логопедия
Курс: 1
2.
Жоспар:
I. Кіріспе
Қозу мен тежелудің күші
II. Негізгі бөлім.
1. Гипократ адамның темпераментін 4 топқа бөлген.
2. И.П.Павлов жануарларда жоғары жүйке әрекетінің 4 тобын ажыратуы.
3. 1-ші және 2-ші сигнал жүйелері мен олардың дамуы
4. Жоғары жүйке әрекетінің топтарының балаларда қалыптасуы
5. Н.Н.Красногорский балалардың ми қыртысындағы қозуы мен тежелуін 4 топқа бөлуі.
III. Қорытынды.
Әр адамның жүйке жүйесінің тұқым қуалаған жеке қасиеттері мен өмірден алған тәжірибесін, сыртқы ортадан алған мағлұматын, мінез-құлықтарын жүйке әрекетінің топтары деп жинақтайды.
И.П.Павлов жануарлардың жоғары жүйке әрекетінің топтарын ми қыртысындағы қозу мен тежелудің негізгі 3 қасиетіне байланысты 4 топқа бөледі. Ол қасиеттер: қозу мен тежелудің күші, теңдігі, алмасуы.
Қозу мен тежелудің күші деп ми қыртысындағы олардың өту дәрежесін айтады. Қозу мен тежелудің теңдігі деп олардың бір-біріне қатынасын айтады. Қозу мен тежелудің алмасуы деп олардың бір-біріне алмасу жылдамдығын айтады. Олардың алмасуы ширақ немесе баяу болуы мүмкін.
Қозу мен тежелудің осы қасиеттеріне қарай И.П.Павлов жануарларда жоғары жүйке әрекетінің 4 тобын ажыратады:
1. Күшті, ұстамсыз, қозуы тежелуден басым топ.

2. Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы жылдам топ.


3. Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы баяу топ.


4. Әлсіз топ. Ми қыртысының нерв клеткаларының қызмет қабілеті төмен, қозуы нашар дамыған, тежелуі басым.


Гиппократ денедегі 4 түрлі сұйықтықтың өзара қатынасына байланысты адамның темпераментін 4 топқа бөлген. Олар холерик (грек. холе- сары өт), сангвиник (сангвине - қан), флегматик (флегма – кілегей, шырын), меланхолик (мелайне холе – қара өт).
И.П.Павлов өзінің ашқан жоғары жүйке әрекеттерінің 4 тобын дәрігер грек ғалымы Гиппократтың айтқан 4 темпераментіне сәйкес деп есептеген:
1. Күшті, ұстамсыз, қозуы тежелуден басым топ – холерик.

2. Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы жылдам топ – сангвиник.


3. Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы баяу топ – флегматик.


4. Әлсіз топ – меланхолик.


Аталған 4 топтың аралас түрлері жиі кездеседі.


1-ші және 2-ші сигнал жүйелері мен олардың дамуы. Адам баласының ми қыртысының жануарлардың ми қыртысынан айырмашылығы бар. Жануарлар мен адамдар үшін нақтылы әсерді және көз, құлақ т.б. организмнің сезгіш рецепторлары арқылы келетін сыртқы ортаның көріністерін талдау мен талқылау екеуінде де бар ортақ қасиет. И.П. Павлов сыртқы ортаның табиғи әсерін «сигналдар» деп атады. Сол сигналдарды қабылдайтын мүшелер жүйесін 1-ші сигнал жүйесі деп атады. Ал сол сигналдардың сөзбен белгісін «сигналдың сигналы» деп атады. «»Сигналдың сигналын қабылдауға қатысатын мүшелер жүйесін және сөйлеуге, сөзге байланысты ойлау қабілеттерін 2-ші сигнал жүйесі деп атады. 2-ші сигнал жүйесі адамдарға ғана тән.
1-ші сигнал жүйесі жаңа туған нәрестеде бірнеше күннен кейін қалыптасады. 7-10 күндері алғашқы шартты рефлекстері қалыптаса бастайды. Ал 2-ші сигнал жүйесінің даму белгілері 6 айдан пайда бола бастайды.
И.П.Павлов сигнал жүйесіне байланысты адамдардың жоғары жүйке әрекетін 3 топқа бөлді:
1. Көркем суретті топқа жататын адамдарда 1-ші сигнал жүйесі 2-ші сигнал жүйесінен басым.
2. Ойлы немесе саналы топтағы адамдардың 2-ші сигнал жүйесі 1-ші сигнал жүйесінен басым.
3. Орташа немесе аралас топтағы адамдарда екі сигнал жүйесі де бірдей шамада дамыған.
Екі сиганл жүйесінің арасындағы мәліметтердің берілуі бойынша И.П.Павлов адамдардың 4 тобын ажыратты:
1. Мәлімет 1-ші сигнал жүйеден 2-ге, 2-ші сигнал жүйесінен 1-ге жеңіл өтеді.
2. Мәлімет 1-ші сигнал жүйеден 2-ге, 2-ші сигнал жүйесінен 1-ге қиын өтеді.
3. 1-ші сигнал жүйеден 2-ге мәлімет бөгеліп өтеді.
4. 2-ші сигнал жүйеден 1-ге мәлімет бөгеліп өтеді.
Жоғары жүйке әрекетінің топтарының балаларда қалыптасуы. Баланың мінез құлқының қалыптасуына екі сигнал жүйесінің даму дәрежесі, жоғары жүйке әрекетінің топтары әсер етеді.
Баланың темпераменті мен мінез-құлықтарының қалыптасуы екі түрлі әсерге байланысты:
1. Ата-анасынан тұқым қуалап ауысатын қозу мен тежелудің ми қыртысындағы генотиптік қасиеті.
2. Сыртқы ортаның әсерінен (үйдегі тәрбиесі, дос-жолдастарының ықпалы, әлеуметтік қоғам орындарының ықпалы) болатын фентоиптік қасиеттер.
Н.Н.Красногорский балалардың ми қыртысындағы қозуы мен тежелуін зерттей келе, олардың жоғары жүйке әрекетін 4 топқа бөлді:
1. Қозуы мен тежелуі күшті, тең, алмасуы жылдам топтың шартты рефлекстері тез пайда болып оңай тежеледі, пайда болған рефлекстері ұзақ, жақсы сақталады. Бұл топтағы балалардың тілі жатық, сөз қоры мол, мінезі ұстамды.
2. Қозуы мен тежелуі күшті, тең, алмасуы баяу топтың шартты рефлекстері бірнеше рет қайталағанда пайда болады, бірақ пайда болған рефлекстері ұзақ, жақсы сақталады. Бұл топтағы балалар ерте бірақ баяу сөйлейді. Мінезі - өте шыдамды.
3. Күшті қозғыш ұстамсыз топтағы балалардың шартты рефлекстері өте жылдам пайда болғанымен тез жойылып отырады. Мінезі - ұстамсыз, шыдамсыз.
4. Әлсіз топтағы балалардың шартты рефлекстері ұзақ көп қайталағаннан кейін өте баяу туады. Ондай балалар жаңа жағдайға ұзақ бейімделеді. Мінезі жасқаншақтау, тез шаршағыш келеді.
Қорытынды.
1-ші және 2-ші сигнал жүйелері мен олардың дамуы. Адам баласының ми қыртысының жануарлардың ми қыртысынан айырмашылығы бар. Жануарлар мен адамдар үшін нақтылы әсерді және көз, құлақ т.б. организмнің сезгіш рецепторлары арқылы келетін сыртқы ортаның көріністерін талдау мен талқылау екеуінде де бар ортақ қасиет. И.П. Павлов сыртқы ортаның табиғи әсерін «сигналдар» деп атады. Сол сигналдарды қабылдайтын мүшелер жүйесін 1-ші сигнал жүйесі деп атады. Ал сол сигналдардың сөзбен белгісін «сигналдың сигналы» деп атады. «»Сигналдың сигналын қабылдауға қатысатын мүшелер жүйесін және сөйлеуге, сөзге байланысты ойлау қабілеттерін 2-ші сигнал жүйесі деп атады. 2-ші сигнал жүйесі адамдарға ғана тән.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет