Жанұя қажеттілігін және жанұя функциясын басқалардан бөліп алып, оны үлкейтіп, жалпылау қажет. Г. Навайтистің пікірі бойынша жанұя қажеттілігін мынадай негізгі топтарға бөлуге болады.
Отбасының материалдық жағдайын құру мен қолдау қажет.
Отбасында ерлі-зайыптының бір-бірімен сөйлесу, ақылдасу, араласу қажеттілігі.
Осыдан келіп жанұя әсерінің негізгі сферасы белгіленеді: тұрмыс, балалар, интим және сөйлесу. Жанұяда қанағаттандыратын қажеттіліктер отбасынан тыс жерлерде іске аса алады, бірак та отбасы олардың бәрін біріктіріп комплексті түрде қанағаттандыра алады. Сондықтан әлеуметтік дамудың бастапқы қайнар көзі отбасы болып табылады. Осыдан келіп әлеуметтік дамуда отбасының сан түрлі қызметтері қалыптасады. Отбасы функциясының көптүрлілігі оны әр авторлар әр түрлі негізде айтады, бірак та олардың функцияларының жиынтығы ұқсас. Мысалы: И.В.Гребенников отбасы функциясын тиімді, тәрбиелі, коммуникативті қызмет пен демалысты ұйымдастыру функциясын жатқызады. Отбасының негізгі функцияларының осы күнге дейін нақты аталған бірдей тізімі жоқ екенін атап кетуіміз керек. Әлеуметтік ғылымдар өзінің модельдерін ұсынады.
- туу және бала тәрбиелеу функциясы
- ата-аналардың рухани қалыптасу функциясы
- эмоциялық қолдау және психологиялық қорғау
- нақты бір әлеуметтік статусқа жету
- өзін-өзі көрсете білу
Отбасылық рөлдер түсінігі әлеуметтік құрылым болып табылады. Социологиялық психологтар осыған сүйеніп өз зерттеулерін жасай алады. Социалдық рөл социологиялық жүйенің басты функцияларының бірі ретінде түсіндіріледі. Отбасындағы рөлдік құрылымның пайда болу процесі отбасының әлеуметтік және психологиялық жалпылық болып қатысуының негізін көрсетеді, ерлі-зайыптылардың бір-біріне өзара үйренгенін, отбасылық өмірдің стилінің пайда болғанын көрсетеді. Ата-аналар баланың қоғамдық ортасы болып табылады. Ата-аналарының тұлғасы кез-келген адам өмірінде маңызды рөл ойнайды. Мысалы, өмірлік тәжірибеден алып қарасақ қиын сәттерде біздің аиа-аналарымзбен , әсіресе анамызбен сөйлесуіміз кездейсоқ жағдай емес. Сондай-ақ бала мен ата-ана арасында бейімдейтін сөздер -бұл басқа эмоциялық байланыстардан күшті ерекше сезімдер.